Қабілет Орындағандар: Елемес Нұржанат Нұғыман Ботакөз Толепбергенқызы Аяжан Жоспары



Дата02.05.2020
өлшемі8.15 Kb.

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

“ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ” ФАКУЛЬТЕТІ

“МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ” КАФЕДРАСЫ

Қабілет

Орындағандар: Елемес Нұржанат

Нұғыман Ботакөз

Толепбергенқызы Аяжан



Жоспары:
  • Қабілет дегеніміз не?
  • Қабілет туралы пікірлер
  • Қабілеттің түрлері
  • Ой сергіту жаттығулары

Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.

Адамдардың қабілетінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп түсіндірді. Кейінірек зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның миы болып шыққаннан кейін, бұл болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқым-қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады.

Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды. .

Қабілеттілік туралы ой–пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дәрігері Хуан Уарте есімімен байланысты. Ватиканның қарсылығына қарамастан «Исследование способностей к наукам» (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық Европалық тілдерге аударылды. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан.

Ал Томас Гобб қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттіліктерге қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген.

Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.

ҚАБІЛЕТ

Белгілі бір іс-әрекетке адамның икемділігі мен қабілеттілігін айтады

Жалпы адам баласы еңбек етуге, өмір сүруге, білім алуға қабілетті

Қабілеттің түрлері

• Оқу және творчестволық • Ой өрістік және арнайы • Музыкалық • Сурет салу • Физикалық



Сурет салу қабілеті

Сергіту сәті

Қабілеттің даму сатысы

- НЫШАН

-ТАЛАНТ

-ДАРЫНДЫЛЫҚ

Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

Арман 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді.

Ал Сіз болсаңыз оның медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз.

Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде сіз қалай кеңес берер едіңіз?

Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

Ситуациялық сұрақ

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет