Қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салынғандығы туралы. 1-Бөлім. Кіріспе



жүктеу 216.61 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі216.61 Kb.
: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)
Қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салынғандығы туралы.
1-Бөлім. Кіріспе
Осы тарауда көпқұдайшылықты таратудың тағы бір сатысы туралы да сөз қозғалады. Бұл саты, алғаш қарағанда, мүлде айыпсыз болып көрінеді. Ол, одан алдынғы басқалары сияқты, өте жақсы бүкпеленген, әрі осыны істейтін адамдардың іс-әрекеттеріне, сондай-ақ олардың «Бұда не жамандық бар?» деген үнемі қайталайтын өтірік сұрағына ешқандай қатысы болмаған имам Абу Ханифаның мазхабының пердесімен жабылған.

Бұл тарауда біз бір ғана Аллаһқа ешкімді және еш нәрсені серік қоспастан, ықыласты түрде құлшылық ететін, Аллаһтың разылығына ұмтылатын, Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін адам туралы сөз етеміз. Ол намазды орындайды, дұға етеді, Аллаһты көп-көп зікір етеді, Құран оқиды, Жалғыз Аллаһқа арнап құрбан шалады. Ол Аллаһтың Дидарына ұмтылады, Аллаһтың сыйынан үміт етеді, Оған риясыз ықыласты түрде ғибадат жасап, Оның алдында дінін тазартады...

Бірақ! Осы нәрселерді ол қабір орындарында да, кесене-мазарлардың қастарында да істей береді.

Мен құрметті оқырманды бұл адамның осы қабірлерге және ондағы «әулиелерге» құлшылық жасамайтындығына, ол осы жерлерде ғибадат жасау сауабы бойынша артығырақ деп санамайтындығына назар бұруын сұраймын. Ол осы орындарды қасиетті және кұт-берекелі деп санамайды, ол өз амалдарының сауабын әруақтарға бағыштамайды... ол әшейін, жаздың шуақты күндерінде басқалармен қосылып [Түркістан, Бекет Ата сияқты] қабір орындарына барады. Оны бұған көбірек серуеңдеп және демалып қайтуға деген ұмтылыс тартады. Ол сол жерлерге тек қызық көру үшін және осы танымал кесенелерді тамашалап қайту үшін ғана бара жатқан болуы да мүмкін. Ол көптеген адамдардың шоғырлануынан пайда көріп, оларға бір нәрселерді сату үшін баратын жай саудагер де болуы мүмкін. Ол осы жерге келген кезінде басқа мұсылмандар сияқты намаз уақыты кірген кезде оны орындайды, сондай-ақ Құран оқиды, ғибадаттың басқа да жоғарыда аталған түрлерін орындайды, әрі осы орайда ешқандай бұрмаланған сенімдерге ие емес.

Ал енді осының барлығы туралы дініміз не дейтінін көрейікші.
2-Бөлім. Қабір орындарында Аллаһқа құлшылық етудің тыйым салынғандығы туралы қасиетті мәтіндер
1. Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Зираттар мен моншалардан өзге барлық жер ғибадат жасайтын орын болып табылады» (хадис сенімді (сахих); Ахмад 3/83; Абу Дауд 492; Тирмизи 317; Ибн Мәжжаһ 745 т.б.; шейх әл-Әлбани, Муқбиль т.б. хадисті сахих (сенімді) деген. Қз.: «әл-Ируа» 1/320 және «әс-Сахих "әл-Муснад"» № 380).

Осы хадистен біз намазды және т.б. ғибадаттарды қабірлер мен моншалардан басқа жердің барлық бөліктерінде орындай аламыз деген қорытынды шығарамыз.

2. Ибн ‘Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Намазды өз үйлеріңде де орындаңдар, үйлеріңді қабірлерге айналдырмаңдар» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1187; Муслим 777; Ахмад 4511, 4653, 4065; Абу Дауд 1448; Ибн Мәжжаһ 1377).

Бұл хадис егер адам үйінде нәпіл-сүннет намаздарын орындауды тоқтатса, оның үйі зиратқа ұқсап қалатындығы туралы куәлік етеді, өйткені қабір орындарында намаз орындалмайды.

3. Жундуб ибн Самура Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің өліміне бес күн қалғанда былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, сендерге дейінгілер пайғамбарлары мен салиқалы адамдарының жерленген орындарын ғибадат орындарына айналдыратын, ал сендер бұлай істемеңдер, ақиқатында, мен мұны сендерге харам етемін» (хадис сенімді (сахих); Муслим 532).

Бұл хадистен бірден бірнеше қорытынды жасауға болады:

1. Пайғамбарлар мен салиқалы адамдар жерленген орындарда ғибадат жасау бізге дейін өмір сүрген қауымдардың амалдарынан болған. Мұның мәні бұл амалдың Исламға ешқандай қатысы жоқ екендігінде.

2. Бұл хадисте пайғамбарлардың ғана емес, сондай-ақ салиқалы адамдардың жерленген орындарында да ғибадат-құлшылық жасауға болмайтындығына дәлел бар.

3. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл туралы қайтыс болуына бес күн қалған кезде айтқан еді, ал бұл осы мәселенің маңыздылығына және қауіпті екендігіне нұсқайды. Не үшін өзінің қайтыс болуының қарсаңында ауырған кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл осы туралы айтты? Өйткені Аллаһқа қабірлерде, кесене-мазарлардың алдында және адамдар жерленген орындарында құлшылық ету салиқалы адамдардың өздеріне құлшылық етуге алып келетін қауіпті құбылыс болып табылады, ал соңғысы көпқұдайшылықтың нағыз өзі болып табылады. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл сол көпқұдайшылықтан сақтандырып ескерту үшін жіберілген еді ғой!

4. Көпқұдайшылыққа алып баратын барлық жолдарды жабу шариғаттың маңызды мақсаты болып табылады. Дәл осы себепті де Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлім алды ауруына қарамастан осы ескерту сөздерін айтқан болатын.

5. Бұл хадисте «...ал сендер бұлай істемеңдер...» деген сөздерде қамтылған, қабірлердің жанында ғибадат жасауға деген айқын тыйым бар, осыдан соң бұл тыйым, ешкім оны тек құпталмайтын амал деп есептемеуі үшін, «Ақиқатында, мен мұны сендерге харам етемін» деген сөздермен қайта бекітіледі. Ал, ендеше, осыдан кейін қалайша: «Біз [Түркістанға да, Бекет Атаға да] бара береміз және сол жерлерде Аллаһқа құлшылық жасаймыз», - деп айтуға болады?! Бұл – сол адамның: «Сенің тыйымдарың, уа, пайғамбар, бізді мүлде қызықтырмайды, өйткені біздің осы сапарларда қызығушылығымыз бар», - деп айтқанымен тең болады.

6. Бұл хадистен Аллаһқа қабір орындарында құлшылық етуге тыйым салынатыны бір мағыналы түрде түсініледі, тіпті біреу-міреу «осыда ешбір жаман нәрсе» көрмесе де.

4. Ибн Мас’уд Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, ең жаман адамдардың бір тобы солардың өмір сүретін кезінде Қиямет басталатын, сондай-ақ қабірлерді ғибадат орындарына айналдырытын адамдар болып табылады» (хадис жақсы (хасан); Ахмад 4143; Ибн Хиббан 6847; Ибн Хузайма 789 т.б.).

Бұл хадисте қабір орындарында Аллаһқа құлшылық жасайтын адамдар ең жаман адамдардан деп аталған. Сондай-ақ олар солардың өмір сүретін кезінде Қиямет басталатын адамдармен теңестірілген. Ал Қиямет күні келгенде жер бетінде кәпірлердің ең жамандары өмір сүретіні белгілі ғой.

5. ‘Аиша былай баяндайтын: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болуының алдындағы ауруымен ауырған кезінде, оның әйелдерінің кейбіреулері оның алдында олар Эфиопияда көрген "Мәриям" деп аталатын шіркеуді тілге алды. Умм Сәләма және Умм Хабиба бір кездері Эфиопияда болған еді. Мұны естіп, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, олардың арасында салиқалы кісілерден біреу-міреу қайтыс болса, олар оның қабірінің үстіне мешіт1 салатын, ал содан соң оның ішіне соның бейнелерін орналастыртын. Ақиқатында, олар Қиямет күні Аллаһтың алдындағы ең жаман жаратылыстар»2 (хадис сенімді (сахих); Бухари 427; Муслим 528).

Бұл хадистен келесі қорытындыларды шығаруға болады:

1. Салиқалы адамдардың қабірлерінің басына мешіттер соғуға тыйым салынған. Ал кім осы тыйымға қарсы шықса және бәрібір қабір орындарына мешіт салса, сол Қиямет күні Аллаһтың алдындағы ең жаман адам болады.

2. Тірі жандарды бейнелеу (сомдау) және оларды мешіттерге кіргізу, ең үлкен күнәлардың қатарына жатады3.

3. Қабір орындарында құлшылық жасауға деген тыйым пайғамбарлардың қабірлеріне ғана емес, дәрежесі бойынша пайғамбарлардан төмен болғандардың барлығына қатысты.

6. ‘Аиша былай баяндайтын: «Аллаһтың Елшісінде (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлім алдындағы қиналу сәті басталған кезде, ол өз бетіне жамылғы жаба бастады. Ал одан тұншыға бастаған кезде, оны алып лақтыратын. Әрі осы күйінде болған кезінде ол былай деген еді: «Яһудилер мен христандар пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырғандары үшін Аллаһтың лағынетінде». Осынысымен ол осы амалдан сақтандырған болатын. Ал оның осы сөздері болмағанда, оның қабірі ашық қалдырылатын еді. Бірақ (сахабалар) адамдар оның үстінде ғибадат жасай бастайды деп қорықты» (хадис сенімді (сахих); Бухари 435; Муслим 531).

Хафиз Ибн Хәжжар былай деген: «Бұл хадисте христиандардың аталуы кейбір ғалымдарда түсінудегі қиындықтар туғызды. Бұл яһудилерде пайғамбарлардың болғандығы, ал христиандарға келер болсақ, Иса мен біздің Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арасында пайғамбарлар болмауы, ал Исаның қабірі жоқ болғандығы себепті еді. Бұған келесідей етіп жауап беруге болады: не оларда елшілерден басқа да, мысалы, Исаның немесе (тағы бір пікірде) Мәриямның хауарилері (апостолдары) сияқты пайғамбарлар болған4 немесе «пайғамбарлар» деген сөз ауыспалы мағынада айтылған, әрі онымен пайғамбарлар мен олардың басты ілесушілері меңзелген. Соңғы пікірді Жундубтың хадисінде келтірілетін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері нығайтады: «Өздерінің пайғамбарлары мен салиқалы адамдарының жерленген орындарын ғибадат орындарына айналдыратын». Сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) христиандар туралы сөз еткенде: «...олардың арасындағы салиқалы кісілерден біреу-міреу қайтыс болса...», - деп айтқан, ал яһудилер туралы: «...өздерінің пайғамбарларының қабірлерін...», - деген. Сондай-ақ христиандардың яһудилер ұлықтайтын пайғамбарлардың қабірлерінің көбін ұлықтайтындығымен де жауап беруге болады». Қз.: «Фатх уль-Бари» 435-бет. Әрі осы үшінші пікір ең дұрысы.

Хадистен алынатын қорытындылар:

1. Қабір орындарында Аллаһқа құлшылық ете бастаған адам Аллаһтың лағынетіне лайық.

2. Өлім алдындағы қиналу сәтінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл осы нәрседен сақтандырды, өйткені ол адамдар оның қабірінің қасында Аллаһқа құлшылық жасауынан немесе оның үстіне мешіт салуынан қорықты. Ендеше, осы мәселенің қаншалықты маңызды екендігіне назар аударыңыздар. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір орындарында Аллаһқа құлшылық етуге тыйым салынғандығын бұған дейін де оларға бірнеше рет түсіндірген, ал кейіннен қайтыс болуынан бес күн бұрын сахабаларына қайталай беретін, кейін мұны айтуды өлім аузында қиналып жатқанда да тоқтатпаған болатын.

Хафиз Ибн Хәжжар былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы ауруынан айықпайтынын білген сияқты болды және бұрын өмір сүргендер осылай істейтіндей оның қабірін де ұлықтай бастайды деп қорықты. Сондықтан да ол яһудилер мен христиандардарды лағынеттеді де, оларға осы нәрседе ілесетіндерге сөгіс айтылатындығына нұсқады». Қз.: «Тахзир ус-Сажид» 18-бет.

3. Сахабалар осының қауіптілігін түсініп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін ашық, адам оған қол жеткізе алатындай етіп қалдырмады да, оны Айшаның үйінде жерледі. Сөйтіп олар адамдарға оның қабіріне барар жолды жапты.

Аллаһпен ант етемін, сахабалар қандай амал жасағанын және дінді қалай түсінгені мен сопылар және рафидилер жасап жатқан нәрселердің және олар дінді қалай түсінуінің арасындағы айырмашылықты көрмеу үшін соқыр болу керек! Аллаһ біздің діни қайраткерлерімізге өз жүректерінде Аллаһтың алдында қорқу сезімін табуға және істеп жатқан нәрселерін тоқтатуға көмектессін!

7. Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндайтын: «Уа, Аллаһ! Менің қабірімді құлшылық жасалатын пұтқа айналдырма. Пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырған халықтарды Аллаһ лағынеттеді» (хадис жақсы (хасан); Ахмад 2/246; Ибн Са’д «Табақатта» 2/241-242; әл-Хумайди 1025 т.б.).

Ал ‘Ата ибн Ясардан жеткен осындай бір хадисте: «...халыққа Аллаһтың ызасы күшейді», - деп айтылады (хабардың иснады мықты; Мәлик «Муаттада» 1/172).

Бұл хадисте қабірді пұтқа айналдыру, қабірдің өзіне құлшылық жасайтындарды айтпағанның өзінде, адамдар оның қасында Аллаһқа құлшылылық етудің өзімен-ақ іске асатынына нұсқау бар.


3-Бөлім. Не үшін Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір орындарында Аллаһқа құлшылық жасауға тыйым салды?
Құрметті оқырман Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселедегі алғаш қарағандағы таң қаларлық қаталдығына және Аллаһ Тағаланың қорқытуларының дәрежесіне назар аударған болар. Ал неліктен адам Аллаһқа ғана құлшылық етуіне, Оның алдында дінде ықыласты болуына қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны лағынеттеді, оны ең жаман адамдардың бірі деді, содан соң оны Қиямет күні Аллаһтың алдындағы ең жаман жаратылыс деп атады, Аллаһтың оған қатысты ашу-ызасы күшейді деді?

Бұл Аллаһ Тағаланың шариғаты тіпті алыс болашақта көпқұдайшылыққа апаратын кез келген жолдарды барынша жабатындығынан.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Ал жалпы айтар болсақ, кім құдайшылықтың не екенін, оның себептері қандай, қандай жолдар оған алып баратынын түсінсе, әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бұйрықтарымен және тыйымдарымен нені меңзегенін түсінсе, сол осы қаталдықтың, лағынеттеулер мен тыйымдардың барлығы қабір орындары жай ғана лас орындар5 болғандығынан айтылмағанын, бірақ осының себебі көпқұдайшылықтың лас екендігін бірмағыналы түрде айтады… Мұның барлығы бірқұдайшылықтың шеңберіне көпқұдайшылық еніп, оны жаулап алмауы үшін, оның шекараларын қорғау мақсатында (айтылған)». Қз.: «Иғасат уль-Ләхафан» 1/296-297.

Шейх Суләйман ибн ‘Абдилләһ былай деген: «Сондай-ақ осы қаталдықты көпқұдайшылықтан қорқумен түсіндіріп бергендің қатарында: имам әш-Шафи’и, Абу Бакр әл-Асрам, Абу Мухаммад әл-Мақдиси, шейх уль-ислам Ибн Таймия т.б., әрі бұл – күмәнсіз, ақиқат». Қз.: «Тайсир уль-‘Азиз иль-Хамид» 329-бет.

Әрі осы бөлімнің соңында оқырманның назарын тағы да бір маңызды жайтқа бұрғымыз келеді. Бұл қорқытулар мен тыйымдар бірқұдайшыл болып табылатын және «қабірлердің алдында ғибадат жасау Аллаһқа сүйіктірек», немесе «осы қабірлер құт-берекелі», немесе «осы қайтыс болған адамдар естиді» деген қандай да бұрыс сенімдері жоқ адамға қатысты. Бұл қабірлерді ұлықтауды, немесе осы «әулие» оның Аллаһ Алдындағы дәнекері болып табылатындығы туралы сенімдер сияқты көпқұдайшылықтың айқын көрініс табуларын айтпағанның өзінде.

Мұның барлығы жай қабірлердің алдында Аллаһқа құлшылық етіп қана қоймай, адамдарды осы орындарды зиярат етуге шақыратындарды, осы сапарларларды ұйымдастыратындарды, осы орындарды сақтап қалу үшін қам жейтіндерді, адамдарға осы кесірлі амалдың мән-мағынасын түсіндіруге талпыныс жасап жатқандарға қысым көрсететіндерді айтпағанның өзінде. Ендеше, осыны бүкіл өмірінің мәні деп санап, көпқұдайшылықты орнату жолында уақытын, күші мен қуатын, қаржы мен құралдарын сарп етіп жүрген адамдарды қандай азаптар күтуде екен?!


4-Бөлім. «Қабір орындарын ғибадат орындарына айналдыру» деген не?

Қабір орындарын ғибадат орындарына (масажид) айналдыру өзіне үш мағынаны қамтыған:

1. Осы жерлерде Аллаһқа иілу (сәжде немесе намаз орындау).

2. Осы жерлерде құлшылық-ғибадаттың басқа түрлерін жасау (Аллаһты зікір ету, Құран оқу, құрбан шалу т.с.с.).

3. Осы жерлерде ғибадат үйлері болып табылатын мешіттер құру.

Осы үш мағынаның барлығы қандай да бір ғибадаттарды қабірдің үстінде тұрып немесе отырып, немесе қабірге қарай бұрылып, немесе қабірдің жанында орындайтындарға қатысты.

Бұл жіктеуге дәлел осы тараудың келесі тарауларында шашыраңқы түрде келеді.
5-Бөлім. Қабірдің үстіне қандай да бір нәрсе - мейлі мешіт, мейлі басқа құрылыс болсын - құруға тыйым салынғандығы туралы.
1. Қабірді биіктету деңгейі
Шафи’и мазхабынан басқа, барлық үш мазхабтың ғалымдары қабірдің үстіне өзінен шыққан топырақтан басқа топырақты үю құпталмайтындығы туралы айтқан.

Ал ханафи мазхабының ғалымдарына келер болсақ, олар мұның жай кұпталмайтындығы ғана емес, сонымен қоса тыйым салынғандығы (харам екендігі) жөнінде айтқан. Қз.: «Радд уль-Мухтар» 2/236.

Әрі ханафи ғалымдарының бұл мәселедегі пікірі ең дұрыс пікір болып табылады. Басқаша айтқанда, қабір қазылып, оған мәйіт қойылған соң, қабірге тек сол қабірді қазу кезінде шыққан топырақ ғана тасталады да, оған жат топырақ қосылмайды. Осы орайда қабірдің жер бетінен көтерілетін биіктігі шамамен 20-25 см (шибр6) болады. Жерден биіктеу төбешік қабірдің ішіндегі мәйіт қойылатын текшеден (ләхәд) шыққан топырақты қабірдің үстіне үюден пайда болады.7

Ал қабірді бір қарыстан жоғарылау біктетуге тыйым салынғандығына дәлелдерге келсек, олар келесідей:

1. Жәбир ибн ‘Абдиллаһ былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір үстіне құрылыс құруға, сондай-ақ одан шыққан топыраққа басқа топырақты қосуға, сондай-ақ қабірді гипспен қаптауға тыйым салды» (хадис сенімді (сахих); Муслим 970; Насаи 2154; Абу Дауд 3226; Байхақи 6735).

2. Сумама ибн Шуффай’ былай деп баяндаған: «Бірде, біз Фудайль ибн ‘Убайдпен бірге Родостағы румдықтардың жерінде болдық. Біз сол жерде болған кезімізде сахабаларымыздың біреуі қайтыс болды. Сонда Фудайль ибн ‘Убайд қабірді жермен бірдей етіп тегістеуді бұйырды да: «Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді жермен бірдей тегістеуді бұйыратынын естідім», - деді (хадис сенімді (сахих); Муслим 968; Абу Дауд 3219; Насаи 2029; Ахмад 1/18).

3. Абу әл-Хайяж әл-Асади ‘Али ибн Аби Талиб оған былай деп айтқанын баяндаған: «Саған өзіме Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) берген тапсырма сияқты тапсырманы орындауға жіберейін бе? Ол мені бірде-бір бейне қалдырмастан, оларды өшіріп тастау үшін және бірде-бір биік қабір қалдырмай оларды тегістеп тастау үшін жіберген болатын» (хадис сенімді (сахих); Муслим 969; Абу Дауд 3218; Тирмизи 1049; Насаи 2030; Ахмад 1/96, 124).8

Имам әш-Шаукани былай деген: «Бұл хадисте қабірді өте биік көтеру Сүннет еместігіне нұсқау бар. Осы орайда қабірде кім жерленгені: құрметті адам ба, құрметтілер қатарынан болмаған адам ба – мұның айырмашылығы жоқ. Бұл хадистің айқын мәтіні сондай-ақ қабірдің деңгейін рұқсат етілген деңгейден биік көтеру тыйым салынғандығына да нұсқайды». Қз.: «Нәйл уль-Әутар» 4/131.

Ал кейбір бірбеткей қабірге табынушыларға келер болсақ, олар: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Алиді осы тапсырмамен кәпірлердің елдеріне, ол мұсылмандардың емес, кәпірлердің қабірлерін тегістеп тастау үшін жіберді», - деп пайымдайды. Бұл пайым өтірік және негізсіз. Осы хадистің имам Ахмад жеткізетін басқа бір риуаяты Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны Мәдинаның төңірегіне жібергеніне нұсқайды.

4. Му’ауия былай деген: «Қабірлерді тегістеу – Сүннет. Ал оларды биіктетуге келер болсақ, мұны яһудилер мен христиандар істейді, ендеше, оларға ұқсамаңдар!» (хафиз әл-Хайсами: «Оның жеткізушілері – сахих жинақтың жеткізушілері», - деп айтқан. Қз.: «Мәжма’ уз-Зауаид» 3/60); әт-Табарани «әл-Кәбирде» 19/352 (823).

5. Сондай-ақ ‘Усман ибн ‘Аффаннан «ол қабірлерді жерден бір қарыс биіктікке дейін тегістеуді бұйырды» деген жеткізіледі. Ибн Аби Шәйба 3/222; Ибн Хазм «әл-Мухалләда» 5/133.

Ал оған бір қабір көрсетіліп, ол оның қызы - Умм ‘Амрдың қабірі деп айтылғанда, ол қабірді жермен бірдей етіп тегістеуді бұйырды. Ибн Аби Шәйба 4/138.

6. ‘Амр ибн Шарахбиль былай дейтін: «Менің қабірімді биіктетпеңдер, ақиқатында, мен мухажирлердің мұны сөгетінін көргенмін» (сахих хабар, оны шейх әл-Әлбани «Тахзир ус-Сажидте» растаған, 131-бет; Ибн Са'д «Табакатта» 6/108).

Жоғарыда келтірілген хадистердің және хабарлардың барлығынан егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не оның сахабалары биік қабір көрсе, немесе ондай қабір бар екенін білсе, оны жерден бір қарыс биіктікке дейін тегістейтіні түсінікті болады. Ал егер осы қабірлер алыста орналасқан болса, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды жермен бірдей тегістеу үшін өзінің кейбір сахабаларын жіберетін.

Ендеше, [Түркістанға, Бекет Атаға т.с.с. жерлерге] сапар ұйымдастырушыларға Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына бағынуға, бұдан қалса осыда өз мазхабына ілесуге не кедергі жасайды? Және оларды осы қабір орындарын қорғаштауға және дұрыс емес кейіпте қалдыруға не мәжбүр етеді?! Олар осынысында қабірлердің басына құрылыс салудың негізін салушылар болып табылатын рафидилердің жолымен кетті. Дәл солар адамдарды қабір орындарына, қабір-кесенелерге қуып алып келіп, Аллаһтың үйлері болған мешіттерді босатып, мұсылмандардың арасына осы жаман салтты енгізді. Дәл солар хижраның 549 жылы Каирда Хусайнның кесенесін құрды. Рафидилерге осы жаман салтта түрлі сопы тариқаттарының өкілдері ілесті де, осыны мұсылмандар арасында қатты таратты.

Ал қабірлерді артық биіктетуге тыйым салудың себебіне келер болсақ, қабірлерді биіктету оларды қадірлеп-қастерлеуге, ал бұл өз кезегінде көпқұдайшылыққа алып келеді. Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала көпқұдайшылықтың есігін жауып және бірқұдайшылықтың негіздерін бекем етіп, осы тыйымды орнатты.


2. Қабірлердің үстілеріне қандай да бір құрылыстарды салу.

1. Жәбир ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірдің үстіне құрылыс құруға тыйым салған…» (хадис сенімді (сахих); Муслим 970; Насаи 2154; Абу Дауд 3226; Байхақи 6735).

Бұл хадис кез келген қабірлердің үстіне кез келген құрылыстарды құруға тыйым салынғандығына нұсқайтын айқын дәлел болып табылады. Бұл хадистің тыйымы қабірдің шетіне құрылыс құратындарға, сондай-ақ қабірдің айналасына, мысалы, бұл күмбездер, мешіттер, мазарлар мен кесенелер тұрғызу барысында қабір не солардың ішінде, не қасында қалатындай қандай да бір құрылыс тұрғызатындарға қатысты. Имам әш-Шаукани «Шарх ус-Судур фи тахрим раф’и ль-қубур» 29-бет.

2. Абу Хурайрадан ол өзінің қабірінің үстіне қандай да бір нәрсе құруға тыйым салған өсиет қалдырғаны жеткізіледі (хабардың иснады сенімді (сахих); ‘Абдурраззақ 3/418; 6129; Ибн Аби Шәйба 4/135; Ибн Са’д 4/338).

3. Имам әл-Бухари өзінің «Сахихында» Ибн ‘Умар Абу Бакр әс-Сыддықтың ұлы ‘Абдур-Рахманның қабірінің үстіндегі шатырды9 көріп: «Оны алып тастаңдар, ақиқатында оған оның амалдары ғана көлеңке болуда», - деп айтқан «му’алләк»10 түріндегі хабарды жеткізеді.

4. Мухаммад ибн Ка’бтан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Осы қабірлердегі құрылыстар – бидғат». Ибн Аби Шәйба 3/218.

Осы хадистер мен хабарлардың барлығынан Исламда қабірге қандай да бір нәрсе: мейлі ол қоршау немесе шатыр, ескерткіш, мәрмәр тастан жасалған плиталар болсын – қоюға тыйым салынғаны түсінікті болады. Тура сол сияқты, қабірдің үстіне кез келген: мейлі олар үлкен, мейлі кіші болсын - ғимараттар салуға да тыйым салынады, әрі бұл тыйым қабірде (хан, әмір т.с.с.) құрметті, не қарапайым адамдар жерленгеніне жіктеместен, барлығына бірдей күшке ие.
3. Қабірлерде құрылған кез келген құрылыстар бұзылу қажет екендігіне ислам ғалымдарының бірауызды келіскен пікірі.

Жоғарыда біз қабірлердің үстілеріне қандай да болсын құрылыстар құруға тыйым салынғандығы туралы айтқан болатынбыз.

Ал осы жерде Ислам ғалымдарының арасында қабірлердің үстілеріндегі кез келген құрылыстар - мейлі олар ежелгі, мейлі заманауи болсын - міндетті және шұғыл түрде түрде бұзылуға тиісті екендігіне келіспеушілік жоқ екендігін айтып кету қажет.

Осы жерде біз қабірлердің үстілеріндегі кез келген құрылыстарды - мейлі олар кесенелер, күмбездер, мазарлар т.с.с. болсын - дереу бұзу қажет екендігі туралы айқын және бір мағыналы түрде айтқан ханафи мазхабы имамдарының сөздерін келтіреміз.

Бұл сөздерді біз [Түркістанда, Бекет Атада т.с.с. жерлерде] жиындар ұйымдастырушылар олар өздерін соған телитін, алайда олардың кесірлі амалдарына еш қатысы жоқ ханафи мазхабы оларды осы қабір орындарында салынған кез келген ежелгі және заманауи - мейлі олар мешіттер немесе кесенелер болсын - құрылыстарды бұзуға міндеттейтінін білуі үшін келтіреміз. Осының барлығы адамдардың сау, дұрыс идеологиясын сақтап қалу үшін, аймақтағы мұсылман халықтарының әрі қарай салауатты дамуы үшін қажет.

Ал егер біреу-міреу Аллаһ Тағаланың мешіттерді бұзуға бұйыруына таң қалса, онда бұл мешіттер Аллаһ Тағала оларды құруға тыйым салған жерлерде салынды ғой. Олар Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнбаушылықтың негізінде құрылды.

Имам әл-Баркауи біз осыдан бұрынғы бөлімде келтірген хадистерді келтірген соң былай деген: «Бұл қасиетті мәтіндерде қабірлердің үстілерінде құрылған барлық нәрселерді - тіпті олар мешіттер болса да – бұзу қажеттілігіне дәлел бар. Өйткені исламның олар жөніндегі үкімі – олардың толық бұзылуы. Қабірдің үстіне құрылған бірде-бір мешітті қалдыруға болмайды, тек оларды толығымен жермен бірдей етіп тегістеуден басқа, өйткені бұл мешіттер Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнбаушылықтың негізінде салынған. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір орындарындағы кез келген құрылдыстарға тыйым салды және олардың үстіне мешіт салатындарды лағынеттеді. Ол сондай-ақ биіктетілген қабірлерді жермен бірдей тегістеуді бұйырды. Осыдан шыға келе, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құруға тыйым салған барлық нәрселерді алып тастауға асығу міндетті болып табылады. Ақиқатында, осы құрылыстарды қабір орындарында құрғандар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) лағынетімен лағынеттелген. Ал Аллаһ Тағала Оның діні мен Оның Елшісінің Сүннетіне көмек және қорғау көрсететіндерді міндетті түрде орнатады». Қз.: «Зиярат уль-Қубур» 49-51 беттер («Дар уль-Ифта» баспасы).

Мұндай сөздерді сондай-ақ ханафи мазхабының басқа да имамдары да айтқан, олардың қатарында: Ахмад ибн Мухаммад әр-Руми (Қз.: «әл-Мажалис уль-Абрар» 128-129 беттер), Мухаммад әл-Музаффари (Қз.: «Мисбах уль-муминин» 16-18 беттер), Субхан Бахш әл-Хинди (Қз.: «Хазинат уль-Асрар» 128-бет.), Ибраһим әс-Сурати (Қз.: «Нафаис уль-Азхар» 159-160 беттер.), Шах Уалиуллаһ әд-Дахляуи (Қз.: «әл-Баләғ уль-Мубин» 16-19 беттер).

Сондай-ақ ханафи мазхабының ұлы имамдарының бірі болған имам Ибн Абиль-‘Изз әл-Ханафи де қабірлердің үстіне мешіттер, кесенелер, мазарлар, күмбездер құруға тыйым салынғандығы және қабірлердің үстіндегі осындай нәрселердің барлығын дереу бұзу қажет екендігі туралы айтқан болатын. Қз.: "Шарх «'Ақида әт-Тахауия"», 21-22 беттер («Дар уль-Баян» баспасы).

Сондай-ақ бұл туралы Бағдад ханафилерінің имамы – имам Махмуд әл-Алюси де (1270 х/ж) айтқан. Қз.: «Рух уль-Ма’ани» 15/237-239.

Сондай-ақ осындай сөздер имам әл-Хужандиде (Қз.: «әл-Мушахадат» 27-бет) және имам әр-Рибатиде (Қз.: «’Ақд уль-алә» 104-105-беттер) бар.

Қабір орындарындағы кез келген құрылыстарды бұзу және алып тастау қажеттілігі туралы ғалымдардың бірауызды пікірін (ижмаъ) сондай-ақ шафи’и мазхабының имамдарының бірі – имам ән-Науауи де келтірген. Қз.: «әл-Мәжму’» 5/266.

Ал имам әш-Шафи’идің өзі былай деген: «Мен Меккенің әмірлері (билеушілері) қабірлердің үстілеріндегі құрылыстарды бұзғанын көргенмін, әрі, сонымен бірге, мен осы әмірлердің іс-әрекетін сөккен бірде-бір ғалымды көрмедім» Қз.: «әл-Умм» 1/464.

Сөзге орай, имам әш-Шафи’идің қабірінің үстіне де кезінде күмбез орнатылған болатын, бірақ кейін ғалымдар оны бұзу туралы пәтуалар шығарды.

Ал егер құрметті оқырман осындай қабірлердің соншалықты көп болуына – тіпті имамдардың қабірлері де олардың үстіне күмбез-кесенелер тұрғызылуынан құтыла алмағанына таң қалса, онда бұл құрылыстарды Ислам ғалымдарымен күресуде еш нәрседен жиіркенбейтін сопылар мен рафидилер құрған ғой. Сопылар әркезде өздерінің қулығымен және зұлымдығымен танымал болған. Олар билеушілер алдында құрметке ие болып, білгендерін істеу үшін олардың алдындағы кез келген кемсіну мен жағымпаздыққа барады. Олар – өздерінің сұм болмысын адамдардан жасыру үшін әркез жүздеріне қолайлы бетперде жабуға дайын арамза, сұм және өтірікші адамдар. Олар адамдардың алдында үнемі өздерін ізгі, қамқоршы, жұмсақ адамдар етіп көрсетеді де, содан соң адамдар олардың сөздері мен сырт бейнесіне алданып, ата-бабаны құрметтеу идеясымен рухтанып, топ-топ болып Түркістан, Бекет Ата сияқты жерлерге барады. Аллаһ оларды опат етсін, олар нендей жаман бет бұрғандар!!!

Егер оқырман осыған күмән келтірсе, онда Маруан ибн Мухаммад әт-Татаридің былай деген сөздерін тыңдасын: «Үш адамға дінде сенуге болмайды: сопы, бидғатшыларға қарсы теріске шығару жазатын бидғатшы, сондай-ақ қиссашы». Қады ‘Ияд «Тартиб уль-Мадарикте», Маруан ибн Мухаммад әт-Татаридің өмірбаяны.

Шейх уль-ислам былай деген: «Пайғамбарлардың, билеушілердің, салиқалы адамдардың немесе кез келген басқа біреулердің қабірлерінде соғылған мешіттер міндетті түрде бұзулуы немесе басқа жолмен болса да алынып тасталуы тиісті. Бұл – мен осыған қатысты танымал ғалымдардың арасында еш қандай келіспеушіліктер білмейтін нәрсе». Қз.: «Иқтида» 159-бет.

Тіпті қабірлерге табынушы сопылардың кейбіреулері де қабірлердің үстілеріне құрылған құрылыстарды бұзу қажеттігі туралы айтқанын білу керек. Сопылардың дьюбандия тарикатының жетекшілерінің бірі Шәбир Ахмад әл-‘Усмани (1369) бұл мәселені қарау барысында келтірілген хадистер қабірлердің үстілеріне құрылған барлық құрылыстар бұзылуы қажет екендігіне нұсқайтынын мойындаған. Қз.: «Фатх уль-Мульхим» 2/506.

Имам Ибн әл-Қайим: «Осыдан шыға келе, қабір үстіне құрылған мешіт бұзылуға тиіс, ал егер мешіт бұрын құрылған болса, ал мәйіт оған кейіннен жерленген болса, онда мешіт бұзылмайды, ал ондағы қабір қазылып, мешіттен алып тасталады. Бұл туралы имам Ахмад т.б. айтқан. Сондықтан Исламда мешіт пен қабір бірікпейді, бірақ олардың екеуінен қайсысы кейін пайда болған болса, сол алынып тасталуға тиіс». Қз.: «Зад уль-Ма’ад» 3/507.

Алайда осы жерде бір маңызды жайтқа назар бұру қажет. Қабір орындарындағы осы құрылыстарды бұзу қатардағы мұсылмандардың міндеті болып табылмайды, бірақ тек осы аймақтың билеушісінің бұйрығы бойынша орындалады. Бұл ешқандай бүліктер мен толқулар орын алмауы үшін, өйткені Ислам кез келген бүліктер мен толқуларға [және анархияға] қарсы.

Сондықтан да имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Адамдар оларға Аллаһпен қатар табынып, пұтқа айналдырған қабір орындарындағы салынған кесенелерді бұзу әмірлерге міндетті болып табылады». Қз.: осыдан алдынғы дереккөз.
Қолданылған дерек көз: Руслан Абу Ибраһим Татарстанидің «Оживление языческих обрядов в Булгаре» кітабы. www.toislam.ws сайтының кітапханасы (төртбұрышты жақшаларға алынған сөздер аудармашыдан).

Кітап қазақ тіліне: www.abuhanifa.kz сайты әкімшілігінің басшылығымен аударылған және қазақ тілді оқырманға бейімдеп өңделген.



1 Діни рәсімдер орындалатын ғибадатхана меңзеліп тұр.

2 Расында да, қабірлердің үсілеріне шіркеулер соғу христиандардың ең танымал салттарының бірі болып табылады. Мұны дәлелдеу үшін мысал ретінде дүние жүзіндегі ең үлкен шіркеуді – Ватикандағы Петр шіркеуін келтіру жеткілікті болады. Ол оның қабірінің үстінде және Көне Римнен қалған қираған орынында құрылған.

3 Бұл сондай-ақ мешіттерге тірі жандардың суреттері мен бейнелеріне толған түрлі «мұсылман» үнқағаздарын таситындарға да қатысты.

4 Бұл пікір қате болып табылады.

5 Имам Ибн әл-Қайим бұл туралы айтуының себебі кейбір ғалымдардың «қабірлер таза орындар болмағандықтан оларда Аллаһқа құлшылық жасауға болмайды» деген пікір білдіргендерінде.


6 Яғни бір қарыс.

7 Бұл - Бухутидің «Кашф әл-Кана’тағы» (2/140) сөздері.

8 [Бұл хадисте «кез келген адам өз қалауы мен тұжырымы бойынша кез келген қабірлерді бұза беруіне болады» дегенге дәлел жоқ. Ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден кім (шариғатта) айыпты деп саналатын нәрсені көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда - жүрегімен, және бұл - иманның ең әлсіз (көрінісі) болады» (Муслим «Сахих», № 49), - деген хадисіне қайтарылады. Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан осы хадиске түсіндірме жасап, былай деді: «Осыған сәйкес, мұсылмандар үш топқа бөлінеді:

  1. Білімге және билікке ие адам айыпталатын істі өз қолымен тоқтата алады. Мұндай адамдардың қатарына адамдарды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын мұсылман мемлекетінің билігі тағайындаған әмірлер және мемлекеттік қызметкерлер жатады. Мұндай адамдар дана және шариғат заңдастырған әдістермен айыпты істерді өзгерте алады.

  2. Білімге ие, бірақ билікке ие емес адам. Ол айыпталатын істі сөзбен, яғни адамдарға шариғаттың харам мен халалға, құпталатын мен айыпталатынға қатысты үкімдерін түсіндіру, оларға дұрыс жолды көрсету, оларға насихат айту, уағыздау арқылы өзгерте алады.

  3. Білімге де, билікке де ие емес, бірақ мұсылман болып табылатын адам айыпты болып саналатын істі жүрегімен айыптап, осындай істерді істеп жатқан адамдардан, олар оған өз ықпалын тигізбеуі үшін, өзін аулақ ұстауы керек». Қз.: “Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары”, құрастырған шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж.

Бұл хадисте осындай амал әмірдің (билеушінің) құзыры екендігіне нұсқау бар. Және бірінші хадисте мұндай амал соның бұйрығымен орындалатындығына дәлел бар, бұған Алидің «...өзіме Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) берген тапсырма» деген сөздері нұсқайтынындай. Ал біздің кезіміздегі кейбір білімсіз мұсылмандар пайда мен зиян мәселесін түгілі, қабірлерді тегістеуге қатысты хадистерді толық зерттеп білместен, өзге адамдардың қабірлерін осы немесе өзге хадистерді өздігінше түсініп, өз тұжырымдарына сүйеніп, қиратып жатқан фактілерге келер болсақ, бұл – шариғатқа сиымсыз амал, өйткені Исламда анархияға орын жоқ. Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі.]

9 Бұл қабірді күн күйдірмеуі үшін, мәйітке көрсетілген құрмет себебімен істелген болатын.

10 Яғни хабардың барлық тізбегін атамай.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет