Қабірді зиярат ету үшін басқа елді мекенге сапарға шығуға рұқсат етіледі ме?



Дата03.05.2016
өлшемі92.85 Kb.
Қабірді зиярат ету үшін басқа елді мекенге сапарға шығуға рұқсат етіледі ме?
Бұл бөлімді оқу барысында шариғат өз елді мекеніңнің зиратын зиярат ету мен басқа бір елді мекенге ондағы қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығудың арасында айырмашылық орнатқанын білдіретін маңызды жайтты ұғып алу қажет.

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шықса болады – әл-Харам Мешітіне, менің мешітіме1 және Илия2 мешітіне» (хадис сенімді (сахих); Муслим 1397).

Сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1189; Муслим 1397; Абу Дауд 2033; Насаи 699; Ибн Мәжжаһ 1409; т.б.).

Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарларды үш мешіттен: осы менің мешітімнен, әл-Харам Мешітінен және әл-Ақса мешітінен – басқа мешіттерге қарай жекпеңдер», - деп айтқанын баяндаған (хадис сенімді (сахих); Бухари 1197; Муслим 828; Тирмизи 326; Ахмад 45, 51).

Бұл хадистерде өз елді мекеніңнен басқа бір елді мекенге ғибадат жасау үшін, мейлі мешітке болсын, мейлі қандай да басқа бір жерге сапарға шығуға тыйым салынғандығына айқын нұсқау бар. Ал егер біреу: «Мен пәлен елге шариғи білім алуға барғым келеді. Ал білім талап ету ғибадат болып табылады, бірақ осы сөздерге сәйкес мен осы білімдерді талап етуге сапарға шығалмайтын болып тұрмын ғой», - деп айтса, оған жауап былай болмақ: бұл рұқсат етіледі, өйткені сен бұл елге білім талап ету үшін баруды қалап тұрсаң да, ал ол ғибадат болса да, бірақ дәл осы ел саған ел ретінде керек емес, сен бұл елге дәл сонда ғалымдар немесе саған қажет болған университет бар болғандықтан сапарға шықпақсың. Ал егер ғалым басқа бір елге қоныс аударса немесе осы сияқты университет басқа бір елде ашылса, онда сен өз бағытыңды оңай ауыстыра саласың да, әлгі бірінші елге барудың орнына екінші елге барасың. Ал осы хадисте тыйым салынған нәрсе - басқа елді мекенге дәл сол елді мекенде белгілі бір мешіт бар болуы және адам дәл сонда намаз немесе басқа да ғибадатты орындағысы келуі себепті сапарға шығу. Мұндайды істеуге рұқсат жоқ, өйткені сіздің елді мекеніңіздегі мешіт басқа елді мекендегі мешіттен еш кем емес, өйткені жоғарыда аталған үш мешіттен өзге мешіттердің барлығының мәртебелері де, дәрежелері де өзара тең.

Дәл [Түркістанда немесе басқа «аталар мен әулиелер» жерленген қабірлерде] жасалған ғибадат-құлшылық сауабы бойынша басқа жерлерде жасалған құлшылықтан жоғары деген пікір [Түркістанды және басқа да қабірлерді] зиярат етіп барушыларды сол жерге сапарға шығуға итермелейді. Олар [Түркістандағы басқа да «киелі» жерлердегі] қабір-кесенелер, ғимараттар мен құдықтар, ағаштар мен топырақ қасиетті, демек ол жерде намаз орындау да жақсырақ деп санайды. Осы [Түркістанға] және сол сияқты басқа да «киелі» жерлерге зиярат етушілер сол жерлер ондағы жерленген «әулие-әруақтардың» болуы [немесе көне замандардан бері сақталып тұрғандығы] себепті қасиетті деген сенімге ие.

Ал сауда-саттық, ағайын-туысты зиярат ету т.с.с. мақсаттар үшін сапарға шығуға келер болсақ, мұның барлығында проблема жоқ, өйткені мұнда діни сылтау жоқ болып тұр. Адам белгілі қалаға өз ағайын-туыстарына осы қала қасиетті болғандығы себепті емес, дәл сол қалада оның туысқандары өмір сүретіндігі себепті сапар жасайды, әрі егер олар басқа қалада тұрғанда еді, ол сол басқа қалаға барар еді. Мұндай жіктеудің жалпы түсіндірмесін «Мәжму’ әл-Фатауада» 2/186 табуға болады.

[Түркістанға және басқа да қабірлерге] сапар жасауды жақтайтындар былай деп жауап айтады: «Бұл хадисте қабірлер, кесенелер және қасиетті жерлер туралы емес, дәл мешіттер туралы сөз болуда».



Жауап:

1. Абу Басра әл-Ғифаридің3 ол бірде Абу Хурайраны кездестіргендігі және одан: «Сен қайдан келе жатырсың?» - деп сұрағандығы туралы хадисі жеткізіледі. Абу Хурайра: «Тур4 тауынан келе жатырмын. Мен ол жаққа сол жерде намаз орындау үшін бардым», - деп жауап берді. Сонда Абу Басра: «Егер мен сені сен сапарға шығудан бұрын көріп үлгергенімде, сені ол жерге жібермес едім, өйткені мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», - дегенін естігенмін», - деп айтты (хадис сенімді (сахих); Насаи 1429; Малик «Муатта» 1/108; Тайялиси 1348; Ахмад 23848; имам Тирмизи хадисті сенімді (сахих) деді № 491; сондай-ақ шейх әл-Әлбани де «Ахкам уль-Жанаизде» 287-бет оны сахих деді).

2) Каз’а былай деп баяндайтын: «Бірде мен тур тауына баруға жиналдым да, бұл туралы Ибн ‘Умардан кеңес сұрадым, ол маған: «Сен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», - дегенін естімеп пе едің? Мұны таста да, ол жерге барма», - деп жауап берді» (хадис сенімді (сахих); әл-Азракий «Ахбар Макка» 304-бет; Хайсами «әл-Мужма’» 4/4 және әт-Табарани «әл-Кәбир» 13283).

Сахабалардан жеткен осы екі хабарды оқып шыққан кезде, ғибадат жасау үшін сапарға шығу тек мешіттермен шектелмейтіні түсінікті болады, өйткені Тур тауы мешіт болып табылмайды. Соған қарамастан, сахабалар осы тауға онда Аллаһқа ғибадат жасау үшін баруға тыйым салатын.

Егер олар: «Бұл хадистерде мешіттер және қасиетті таулар мен жерлер туралы айтылуда, алайда оларда қабірлер мен кесенелерді зиярат етуге тыйым жоқ», - деп айтса, біз бұған былай деп жауап береміз:

Жауап:

1. Шейх уль-ислам былай деген: «Исламның алғашқы ғасырларында қабірлердің басында мешіттер немесе кесенелер салынбайтын. Алғаш рет мұндай нәрсе Бану Буэйх5 мемлекетінде, шығыста және батыста араларында құдайсыз кәпірлер көпшілік болған каррамилер6 сектасы пайда болған кезде пайда болды. Олардың мақсаты Ислам дінін ауыстыру еді». Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 27/167, 384.

Сондай-ақ ол былай деді: «Қабірлер мен олардың басындағы кесенелерге сапарға шығудың артықшылығы туралы хадистерді ойдан тоқып шығарғандардың алғашқылары рафидилерден және сол сияқтылардан болған бидғатшылар болап табылады». Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 27/191.

Сондай-ақ ол былай деді: «Сахабалардың заманында адамдар оған қарай жолға шығатын немесе оның алдына барып Аллаһқа жалбарыну үшін немесе одан игілік-береке мен шапағат тілеу үшін бағыт алатын қабір жоқ еді. Бұдан қалса, егер сахабалар қандай да бір жерлерде төбесіне ғимараттар салынған пайғамбарлардың қабірлерін көрсе, олар осы ғимараттардың біреуін де қалдырмай, оларды жермен бірдей етіп тегістейтін. Бұл осы ғимараттардың адамдарды бүлікке салуы мүмкін болуы себепті. Тіпті Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін де олар оның бөлмесінің ішіне жасырды да, адамдарды одан алыстатты». Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 27/271.

2. Сондай-ақ осы хадистердегі тыйым тек мешіттерді ғана емес, бірақ молалар мен кесенелерді де қамтитынының бір дәлелі – бұл жәхилиет кезінің , көпқұдайшыл-құрайштықтардың әдет-ғұрпы болғаны да .

Ханафи мазхабының имамдарының бірі болған имам әд-Дахляуи былай деген: «Жәхилиет кезінде адамдар өздері «қасиетті» деп санайтын орындарға баруға ұмтылған, оларды зиярат еткен, олардан игілік тілеген және осы жерлерде қаншама бидғаттар мен күнәлар жасаған, бұл мәлім болғанындай. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырылған ғибадат заңдастырылмаған ғибадатпен араласып кетпеуі үшін, сондай-ақ осы Аллаһтан басқа өзгеге құлшылық етуге алып келетін себепке айналмауы үшін, осы күнәның есігін жапты. Әрі кімнің болсын қабірі немесе қандай болсын салиқалы адам құлшылық жасаған орын, сондай-ақ Тур тауы – осы жерлердің барлығы оларға ғибадат жасау үшін баруға тыйым салынғандығында бірдей екендігі ақиқат болып табылады». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/192.

Дәл сондықтан да осы имам Маликтің және оның ізбасарларының, сондай-ақ кейбір ханафилердің7, шафиғилердің және ханбалилердің пікірі.

Ханафи мазхабының имамдарының бірі болған имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деген: «Ал қабір орындарына сапарға шығып, осы орайда жол ауыртпалықтарын тарту және осымен ұлы күнә істеу туралы айтар болсақ, онда ғалымдардың басым бөлігі былай деген: «Пайғамбарлар мен салиқалы адамдардың (әулиелердің) қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығу дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Мұндайды сахабалар да, олардың ізбасарлары да істемеген. Сондай-ақ мұндайды әлемдердің Раббысының Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған, әрі мұсылмандардың имамдарынан ешкім мұны абзал деп айтпаған. Сондықтан да кім осы сапарлар Аллаһқа мойынсұну және игі амал болып табылады деген сенімге ие болса, сол мұсылмандардың бірауызды пікіріне қайшы келеді. Ал кім осы сенімге ие бола тұра осы қабірлерге сапарға шықса, сол мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған (харам) нәрсе істейді». Қз.: «Зиярат уль-қубур» 18-22 беттер.

Бұл ханафи имамының сөздері [Түркістан, Бекет Ата] сияқты жерлерге сапар жасап бару күнә және тыйым салынған амал болады дегенді білдіреді.

3. Егер үш мешіттен басқа қандай да нақты бір мешітке ғибадат жасау үшін сапарға шығу тыйым салынған болса, онда қабірлерге сапарға шығу тіпті тыйым салынған. Бұл қабірлердің ғибадат жасауда мешіттерден еш артықшығы жоқ болғандығы себепті, бұдан қалса мешіттердің олардан артықшылықтары


бар.
7-Бөлім. Қарсылас жақтың күмәндары және оларға жауап
Ал қарсылас пікірдің жақтаушыларында олар өз пікірлерін қолдау үшін келтіретін бірнеше күмәндар бар.

1. Сахль ибн Ханиф Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өз үйінде дәрет алып, кейін әл-Қуба мешітіне келіп, онда намаз орындаса, сол кіші қажылық (умра) жасағанның сауабына тең сауап алады» (хадис сенімді (сахих); Насаи 2/37; Ибн Мәжжаһ 1/453; Ахмад 3/487 және басқалар).

Осы хадисті келтіре отырып, олар оны әл-Қуба мешітіне, онда намаз орындау үшін, арнайы сапарға шығуға рұқсат етілетіндігіне дәлел ретінде пайдаланады. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

Жауап:

1. Бұл хадиске түсіндірме жасап, кейбір ғалымдар былай деген: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «...кім өзінің үйінде дәрет алып» деген сөздері, сондай-ақ оның «...кейін әл-Қуба мешітіне келіп» деген сөздері бұл мешітке сапарға шығу заңдастырылмағандығына нұсқайды. Ал заңдастырылғаны – оған дәрет алған күйінде шығып, барғанша дәреті бұзылмайтындай қашықтықта жақын тұратын адамның баруы ». Қз.: «Иқтида сырат әл-мустақим» 2/805.

2. Олардың хадисті осылай түсінуі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде үш мешіттен өзге жерге жолға шығуға тыйым салып, ал басқа жерде осыған үндеп, өзіне-өзі қайшы келді дегенге алып келеді.

Сондай-ақ қарама-қайшы пікірдің жақтаушылары Абу Са’ид әл-Худридің жоғарыда келтірілген хадисінің бір риуаятына жабысып алған. Бұл риуаятта: «Ғибадат жасағысы келгенге әл-Харам Мешітінен өзге қандай да бір мешітке барудың қажеті жоқ», - деп айтылған.



Олардың осы риуаяттан шығаратын қорытындысы: “«Қажеті жоқ» деген тіркес тыйымға нұсқамайды, ол тек кұпталмайтындыққа нұсқайды”.

Жауап:

Бұл риуаяттың иснадында Шахр ибн Хаушаб деген әлсіз риуаятшы бар. Сондай-ақ оның иснадында есте сақтауында әлсіздік болған ‘Абдуль-Хамид әл-Бахрам бар. Осының өзі осы риуаятты назарға алмау үшін жетіп асады. Бірақ осыған Шахр осы хадисті Абу Са’идтан риуаят еткені әрі осынысымен осы хадисті Абу Са’идтан өзгеше риуаят етушілерге қарсы шыққандығы да қосылады.



2. Қарсылас тарап өздерінің пікірін қолдау үшін келтіретін дәйекке Ибн ‘Умар баяндайтын хадис те жатады. Ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Қуба мешітін жаяу және мініс көлігінде зиярат еткендігін баяндаған. Кейбір жеткізушілер бұған қосып: «Және онда екі ракағат намаз орындайтын», - деген (хадис сенімді (сахих); Бухари 1194; Муслим 1399).

Олардың қорытындысы: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қуба мешітіне мініс көлігінде барған, демек ол оған сапар жасаған».

Жауап:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған сапар жасамаған, өйткені ол Мәдинаның шетінде болатын. Сондықтан да оған сапарға шығу үмметіміздің имамдарының бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

2. Тіпті егер біз осы тұжырыммен келіссек те, осы хадиске сүйеніп, қабірлер мен мешіттер арасында ұқсастық бойынша теңеу (қияс) жасау дұрыс болмайды. Өйткені мешіт – бұл қабір емес, кесене емес, мола емес.

3. Қабірлерге табынушы сопылар сондай-ақ өз пікірлерін қорғау үшін бірде-бір танымал хадис жинақтарында келтірілмейтін көптеген өтірік, ойдан тоқылған хадистерді келтіреді. Осындай хадистердің бірі мына хадис: «Сендерді қиындықтар қоршаса, көмек үшін қабір иелеріне барыңдар».

Шейх уль-ислам былай деген: «Бұл хадис мухаддис ғалымдардың бірауызды пікіріне сәйкес - өтірік және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағылған ойдан шығарылған нәрсе. Бірде-бір мухаддис осы хадисті өзінің жинақтарында келтірмейді әрі ол олардың біреуінде де жоқ». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 891-892 беттер.

Осы хадиске қатысты тура сол бағалауды ханафи мазхабының ғалымдары да берген. Қз.: «Рух уль-Ма’ани» 6/127-128; сондай-ақ «Жәлә уль-‘Айнайн» 500-бет.
Қолданылған дерек көз: Руслан Абу Ибраһим Татарстанидің «Оживление языческих обрядов в Булгаре» кітабы. www.toislam.ws сайтының кітапханасы (төртбұрышты жақшаларға алынған сөздер аудармашыдан).

Кітап қазақ тіліне: www.abuhanifa.kz сайты әкімшілігінің басшылығымен аударылған және қазақ тілді оқырманға бейімдеп өңделген.



1 Мәдинадағы Пайғамбар Мешіті.

2 Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті.

3 «Фатх уль-Мәжидте» бұл хадис Басра ибн Аби Басра әл-Ғифаридің сөздерінен келтіріледі, ал бұл қателік болып табылады, бұл туралы имам Ибн Абдуль-Барр «әт-Тамхидте» 23/38 және «әл-Исти’абта» 2/39 айтқанындай.

4 Аллаһ Тағала Мусамен сөйлескен қасиетті тау.

5 Бағдадта.

6 Пәлсапашы-парсылардың ізбасарлары. Олардың ең көп бөлігі рафидилердің арасында болатын (Қз.: «әл-Бидая уән-Нихая» 11/66).

7 Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/543.

Каталог: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет