Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Дүйсенов Марат Сыздықұлы: Ақбұлақ ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және



жүктеу 120.03 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі120.03 Kb.
: uploaded -> ua.sko.kz -> docs -> KAZ -> Dokladi
Dokladi -> Қайрат селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Dokladi -> Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Dokladi -> Уәлиханов ауданының әкімі С. Ш. Тұралиновтың
Dokladi -> Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы: Ақтүйесай селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және
Dokladi -> Бидайық ауылдық округінің әкімі – Сақым Темірбай Рақымжанұлы: Бидайық ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және
Dokladi -> Қарасу ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі - Дүйсенов Марат Сыздықұлы:

Ақбұлақ ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы

Құрметті жерлестер!
Өткен 2011 жыл мемлекет өмірінде саяси оқиғаларға толы, оның бірі - біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 20 – жылдығы, Парламент және мәслихатқа депутаттарды сайлаумен әйгілі болды, ең басты жеңіс ол бүкіл Қазақстандықтар еліміздің және Президентіміздің экономикалық, қоғамдық – саясаттық және халықтың әлқуатын өркендеу курсын қолдап, өз таңдауларын жасады. Осындай атаулы жылда еліміздің диқаншылары 30 млн тонна бидайды өсіріп, жинады. Соның ішінде біздің облыс бойынша бидай 8,8 млн тоннаны құрайды, ол еліміз бойынша ең үздік көрсеткіш. Аталған үлкен жұмыста біздің ауданның диқаншыларының еңбектері мол, атап өткенде аудан бойынша 385,7 тонна болса, Ақбұлақ округі бойынша 60,0 мың тонна астық алынды.

Әдеттегідей жыл сайын өтетін барлық деңгейдегі әкімдерінің халық алдындағы есебі басталды. Осындай есептер ауылдардың маңызды мәселелерін шешуге, шешімге келуге және ең бастысы жұмысымыздың нәтижелері іс жүзіндегі халықтың тұтынушылығының сәйкес келуіне жақсы мүмкіндік туғызады. Есептік 2011 жылы, ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Президент Жолдауындағы міндеттерді шешуінде шоғырланды, олар: округтің экономикалық потенциалын жетілдіру, әлеуметтік сфераны дамыту, халық өмірінің сапасын жақсарту. Түсіндіру жұмыстары әкім аппаратының негізі болып қала береді. Сходтар, жиналыстар, кездесулер, әңгімелер, дөңгелек үстелдер, қабырға басылымдары, халықтық қыдырулар, қоғамдық кеңестер – осының бәрі адамдардың жанына, түсінігіне жағымды әсер етудің толық емес тізімі.

Округте 1313 адам өмір сүреді. Жыл бойынша 20 бала дүниеге келді, соның ішінде Ақбұлақ ауылында 10 нәресте, 17 жас отбасы құрылды. Экономикалық белсенді тұрғындар 804 адамды құрайды, ЖШС, ШҚ – да тұрақты жұмыс орындарында, әлеуметтік қызмет ету саласында, жеке кәсіпкерлікте 424 адам жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылық құрылымдардың жұмысы жылдан жылға өзгеріп, жақсарып келе жатыр. «АФ Кзылту – Нан» ЖШС- де заманға сай техника бар, осының арқасында егістік жұмыстары дер кезінде және сапалы орындалуда.

Біздің фермерлерді атап өткім келеді: Сагандыков Ұйымшыл, Булатов Тілеуберген – өз істерінде олар шапшаң, жұмыстарының нәтижелері әрдайым үздік. Жұмысты ұйымдастыруда көпшілікке үлгі көрсете алады.

Ауылдастар, ауыл шаруашылық жылды жақсы аяқтап, қыс мезгіліне ойдағыдай кірді. Ауылшаруашылық қалыптастырулар өз бағдарламалары бойынша мемлекетпен есеп айырысты, жұмысшыларға төлем ақыларын және дивиденттерін төледі. Халық жеткілікті мөлшерде отын мен жем азықты дайындай алды.

Мектептерде, медициналық пунктерінде, клубтарда жақсы температуралық тәртіп сақталады. Әрине, осының барлығы мемлекеттің қолдаудың көрінісі. Тауар өндірушілердің еңбектерін мемлекет
электроэнергияның және минералды тыңайтқыштар арзандауының дотациясы арқылы өтейді. Төлемдер 35,200 млн теңгені құрды. Диқаншылардың жақсы жұмыстарының арқасында мал ұстауға жақсы мүмкіндік бар. Шөптің таннасы 4,5-5 мың теңге, фураж – 7-9 мың теңге, сәйкесінше осындай жағымды көрсеткіштер үй шаруашылығын дамытуға тұрақтылықты тұрғызады, бүгінде өз бетінше жұмыс істейтін адамдар деп белгіленген тұрғындардың бөлігі мал шаруашылығымен белсенді айналысады. Әрбір ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 1400 бас ІҚМ саналады, ҰММ 2240 бас. 1 жыл ішінде ауыл тұрғындарынан 35 000 000 млн. теңгені құрайтын мал еті сатылды, жылқы малы 760 бас.

Әсіресе өз отбасыларына жақсы, берекелі өмірге жету жолдарын іздеп табатын адамдарды атап өтсек, малды көбейтіп, сонымен қатар көше алаңын кеңейтетін – олар қазір шағын фермалар деп атауға болады, олар өз ұрпақтарына жайлы келешек ұйымдастыра алды деп айтсақ, қателеспейміз. Исаев Д, Мельник В, Султанбеков Р, Еримичой А, Исбулатов К, Булатов А. Осындай бетке ұстар, үлгі отбасылар округте 47 шамасындай, олардың ішінде 5 отбасы фермерлік шаруашылықтарды құрып жатыр. Осы мақсатпен «Жұмыспен қамту- 2020» атты бағдарламасының аясында әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы мал шаруашылығын дамыту мақсатымен ауыл өміріне сәйкес елеулі несие алуда.

Мал шаруашылықты дамытуды қолдап, көмектесу ретінде ветеринарлық – алдын алу жұмыстарына бюджеттен 1270 мың теңге бөлініп, жұмсалды. Осындай мақсатқа талпынуының алғысымен ІҚМ жұқпалы бруцеллез ауруын 3 есе кемітті. Бірақ Молодая Гвардия селосында аталған мәселе көбірек кездеседі.

Алдағы уақытта ветеринарлық қызметпен бірлесіп, аталған мал ауруын оқшаулап шектеу бойынша күрделі жұмыс істеу қажет.

Әрине, ірі қара малды сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыс та үлкен көмек. Малдың барлығы құжаттандырылып, есепке алынуы тиіс. Округ бойынша 1490 ІҚМ сәйкестендірілді. .

Бізге малдың санын көбейтіп, дамыту бағытында үлкен жұмыс атқару керек. Биылғы жылы округте 125 сиыр ұрықтандырылды, соған орай бюджеттен ұрықтандырушыға 67500 мың теңге төленді. Біз үшін ол мүлдем жеткіліксіз, алдағы уақытта осылай бола берсе, табынның дамып, мал санын көбейте алмаймыз. Бүгінгі күнде округте 3 жасанды түрде ұрықтандыратын мамандар бар, соның ішінде Аймурзаева Бану, ол биыл бағдарлама бойынша жасанды түрде ұрықтандырушының кәсіби оқуына барып оқып келді. Жасанды ұрықтандыруға арналған жабдықтаулар бар. Бірақ халық әлі күнге дейін малды жасанды түрде ұрықтандыруға сенімсіз қарайды.

Жалпы округ бойынша малды өсіруге ыңғайлы шарттар ұйымдастырылды, малды- табында, жайлауда бағады. Жазда малды бағуға арналған сиационарлы үйшіктер салынған, мал бағу өте қызықты жұмыс түріне айналды.

Экономиканы модернизациялау, макроэкономикалық тұрақтылықпен бірге бүгінгі күннің маңызды мәселесі – қазақстандықтардың әлеуметтік, хал-ахуалы.

Азқамтылған тұрғындардың өмірін жақсарту мақсатымен, округте «Жұмыспен қамту -2020» атты бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2011 жылы округ бойынша 103 адам жұмысқа орналастырылды немесе бағдарламаның тапсырысы бойынша 111 адам, соның ішінде тұрақты жұмыс орнына 37 адам, ол жалпы жұмысқа орналасудың 93 % құрайды. Ағымдағы жылы 14 жұмыссыз адамдар еңбек рыногында талап етілетін мамандықтар бойынша кәсіби қайта даярлық оқуларына барды, олар:


  1. Аймурзаева Бану

  2. Чубатенко Галина

  3. Максутова Майгуль

  4. Сыздыкова Асемгуль

  5. Шорников Анатолий

  6. Махметова Гулмира

  7. Сейсенбай Ақылжан

  8. Сибанов Жұматай

  9. Ксебаев Танат

  10. Степченко Людмила

  1. Баймошканов Қуаныш

  2. Бейсенов Берик

  3. Беказинова Анаргуль

  4. Коспанова Жанаргуль



Ақбұлақ ауылының 2 тұрғыны Тұрғымбекова Г, Исаева А 100 мың теңге несиені өз істерін ашу үшін алды. Осының нәтижесінде ауылымызда тағы бір дүкен және шаштараз ашылды. Округ селоларында жеке меншік кәсіпкерлікпен айналысу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Өз бетінше айналысатын халық саны кеңейді. Олар жеке негізде салық төлеу арқылы 38 адам. Соның ішінде тауарларды сату 8 дүкенде іске асырылады. Дүкендерде керекті күнделікті барлық заттар мен тағам өнімдерді сатып алуға болады. Азық-түлік тауарлардың бағасының өспеуіне байланысты үнемі мониторинг жүргізіледі.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 3 ауылдасымыз мал шаруашылығымен айналысу үшін несие алды. Несиенің жалпы саны ауыл түсінігі мен өлшемі бойынша маңызды. Осындай үлгілі адамдар көбіне халыққы өз бизнесін ашуға әсер етеді деп ойлаймын. Іс жүзінде кімге болса да мүмкіндіктер шексіз.

Аса зор көңіл аз қамтылған тұрғындардың әлеуметтік қолдануда шоғырланды, олардың саны 17,4 % азайды, бүгінгі күні олар 33 адамды құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек 102 аз қамтылған азаматтарға көрсетілді, (27 отбасы) жалпы сомма 1.638500 теңге. Ана мен баланы көмектесіп, қолдауға көп көңіл бөледі. 2011 жылы 18 жасқа дейіңгі балалары бар, аз қамтылған 44 отбасы (110 бала) 1.149600 мың теңге алды.

Қосымша әлеуметтік көмек қарт адамдар мен жалғызбасты тұрғындарға көрсетіледі. Қазіргі кезде осындай көмек түрі 17 зейнеткерге көрсетіледі, оларға 4 әлеуметтік қызметкер үйлеріне барып үй шаруасында көмектеседі. Демеушілік ретінде өз назарларын ауылшаруашылық қалыптастырулардың басшылары, бюджеттік ұйымдар аударады. ЖШС АФ «Кзылту Нан» 27 зейнеткерге, аз қамтылған отбасыларына 1,5 тоннадан шөп әкелінді. Жалпы жыл ішінде көмек 678400 мың теңгеге көрсетілді.

Ауылдық округ аймағында 2 орта мектеп пен 1 негізгі мектеп бар, онда 217 оқушы оқиды. Мектеп ішінде шағын орталықтар жұмыс істейді, онда 25 бала тәрбиеленеді. «Мектепке жол», «20 қайырымды іс» акциясы аясында

Аз қамтылған отбасының 46 балаларына әкімдік ұжымымен, мұғалімдермен, жеке меншік кәсіпкерлерімен 107,970 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Округте денсаулық бағдарламасына көп көңіл аударылады. Тегін ыстық тамақ аз қамтылған және көп балалы отбасыларына ұйымдастырылған. 60 оқушы тегін тамақтанады немесе жалпы оқушылар санынан 24%. Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесінде жоғары оқу орнына 1, колледжге 4 адам түсті. әрине, нәтижелер бар. Бірақ мектеп әкімшілігіне ойлану керек, жақсы еңбек шарттары мен өте білімді ұжымы бола тұрып, жоғары және сапалы біліммен оқушыларды қамтамасыз ету қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халықтың рухани дамуында мәдениет рөлі зор екенің белгіледі және келешекте оны әрі қарай дамытуымыз керек. Округте 11 ұлттың өкілдері өмір сүреді, бізді тарихтың бірлестігі, барлық этностарға ортақ құндылықтар, үлкендерге, отбасыларына сый - құрмет, қонақжайлылық біріктіреді.

Уағыздау туралы бостандықтың жүйесін заңды түрде сақтай отырып, Ақбұлақ және Молодая Гвардия селосында намазхана ашылды. Өте қызықты және есте қаларлық Айт, Ораза, Мәуліт мейрамдары өтті. Өте есте қаларлық, жанды жандыртатын және қызықты Троица, Иван Купала, Яблочный Спас мейрамдары өтті. Аталған іс-шараларды «Сударушка» славян мәдени орталығының жетекшісі Виниченко Г.Н. ұйымдастырды. Бос уақытты қызықты өткізу үшін «Шапағат» және «Сударушка» этномәдени орталықтарының қосатын үлесі мол. Наурыз халықтық қыдырулар күні көп қызықты іс-шаралар өтті. Халық тек қана қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысып қоймай, округте тұратын басқа да ұлт өкілдері туралы танып білді. Ағымдағы жылы облыстық конкурсттерде «Шапағат» пен «Сударушка» орталықтары жеке-жеке сыйлы орындарға ие болды. Оның бірі «Салт—Дәстүр 2011 » фестивалінде 2011 жылы «Шапағат» орталығы облыс әкімі С.С. Біләловтың ат-жарыс ойындарын өткізген үшін дипломымен марапатталды. «Шаңырақ» конкурсына қатысқаны үшін аудандық мәдениет бөлімінің алғыс хатына ие болды. «Сударушка» орталығы 2011 жылдың қараша айында облыстық «Салт-Дәстүр 2011» фестивалінде, орталыққа салт-дәстүр инновацияларын еңгізген жұмыстары үшін облыс әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды және «Шаңырақ» конкурсына белсеңді қатысқаны үшін аудан әкімінің және мәдениет бөлімінің алғыс хаттарымен бағаланды. Бос уақытты қызықты өткізудің орталығы клуб болып есептеледі. Онда ауыл мен округтің мәдени өмірі дамиды, бізде барлық іс шараларда қатысатын дарынды адамдар көп. Клубтың ішінде жарық, жайлы, жылы, ең бастысы қызықты және демалу үшін барлық шарттар бар. Теннис, дойбы, домино, нарды ойнауға болады. Аэробикадан және іс тігу үйірмелеріне, «Забава» қуыршақтар театріне қатысуға болады. 2011 жыл ішінде селолық клубта 362 іс- шара өтті, оларға 10,860 адам қатысты. Олар тематикалық мемлекеттік мерекелер, халықтық қыдырулар, мерейтой иелерін құттықтау, әскерге аттандыру тағы басқа. Өте жиі жастарға арналған демалыс кештері өтіп жатады. Оқырмандар саны өткен жылмен салыстырғанда 50 адамға өсті, қазіргі күнде 500 адамды құрайды. Жалпы, округте халық арасында ақпараттық мәдениетке қызыға

қарайтын тенденция байқалады, оған 2011-2012 жылдары баспасөз басылымдарына жазылуы күә болып тұр. 445-тен астам газет пен журналдарға жазылды, ал округ бойынша 340 үй отбасы саналады.

Денсаулықты сақтау бағдарламасы дамуының іске асуы және әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау - міне, осы күнделікті өмірімізде, денсаулық саласындағы мемлекеттік саясатта маңызды болу керек – деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында атап өтті.

Спортқа, салауатты өмірге қатынастыру өмір қалпы болып келеді. Отбасы жұптары, үлкен жастағы адамдар, балалар, жасөспірімдер, жастар өз денсаулықтарына ынтаны көбірек бөледі. Стадион, спорт зал, корт, қазіргі кезде селолық клуб та бос уақытты өткізу орталығына айналды. Біздің ауылдастарымызға Азиадаға арналған хоккеистер көрсеткен ойындары ұнады, кортымыздың қонақтары ауданнан келген спортсмендердің командасы болды, бірақ жас спортсмендеріміз өздерін көрсете алды. Қыс мезгілінде оқушылар бос уақыттарын көбінесе кортта өткізуі керек, сонда ғана жақсы нәтижелер көрінеді. Спорт залда воллейбол мен баскетболдан, ал клубта аэробика мен теннистан секциялар өтіп жатады. Спорттық іс-шаралар жазда жиі өтіп жатады, оларға көрші селоларының спортсмендері келіп, бірлесіп ойнайды. Салауатты өмір салтын дене шынықтыру мұғалімдері, спорт ардагерлері Утебаев Б, Булатов Т, Капизов Ж және округіміздің учаскелік инспекторы Жукенов Ғалиаскар насихаттайды.

Округ селоларын абаттандыру және санитарлы тазалаудың үш айлығының аясында белгілі жұмыс өтті. Сәуір айында округтің барлық селоларында жиындар жасалып, олар бойынша іс-шаралар дайындалып, бекітілді. Әкімшілік мамандары, мұғалімдер, қоғам белсенділері көшелер бойынша бекітілді. Ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарды іске асыру үшін әрбір үйлерге барды, әңгіме жүргізу барысында осындай жұмыстардың маңыздылығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығының қарсаңыңда екені айтылып кетті. Барлығы 334 отбасыға түсіндірмеі жұмыс өткізілді. Ауыл тұрғындарымыз абаттандыру жұмыстары бойынша өткізілген жұмыстарда белсенді қатысты. 3000 метрден аса қоршауларды жөндеп, ауыстырды, соның ішінде 2000 метр сырланды. Сәйкесінше, аймақтардың архитектуралы көрінісін де өзгерді. Сонымен ең жақсы үйлерді атап өтсем: Булатова Н, Демиденко В.В, Акишева З, Цема Н.Н, Абилькаримов К.К, Бегалин Ж, Жетписова З. Өзінің сыртқы көрінісімен Еримичой А.А. үй алаңы қуантады. Булатовтар отбасының көше алаңы бәріне үлгіге тұрарлық. Үлкен махаббат пен шеберлігінің нәтижесінде жасалған, әсіресе жазғытұрымда өзінің алуан түрлі түстерімен таң қалдырады.

Округте көңді шығару үшін 6 топ құрылды. Жаз мерзімінде 4000 тонна көң шығарылды. Булатов Т, Абилькаримов К, Шайзадинов Б, Карашулаков С, Нурсалямов Е. жұмыстарын атап өткім келеді. Көңді шығарудың 1 рейсі 1500-2000 теңге. 4060 м2 қоқымды клуб, стадион аймағынан шығарды. Саябақ алаңдары да ретке келтірілді, Ұлы Отан сағысы кезінде қаза тапқандарға арналған обелискке жөндеу жасалды. Ауылдың орталығында, саябақта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған сквер өз орнын тапты. 450 ағаш отырғызылып, 200 м2 гүлзарлар орнатылды.

Көшенің жолдарына 5 км қашықтыққа созылған шұңқырлы жөндеу жүргізілді. 2 бұзылған үйдің құрылыс коқымы шығарылды.

Аймақтардың сыртқы көрінісі айтарлықтай қуантады, ол үшін мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер көп ат салысты. Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің қоршауы ауыстырылды. Мектептің бақшасын ретке келтіріп, територияны архитектуралы жағынан жақсы жөндеді, нәтижесінде жақсы өнім алды. Тамызда өткен педагогикалық конференцияда аталған мектеп үздік мектептерінің бірі болып, аудан мектептерінің арасында екінші орынға ие болды.

Мағжан Жұмабаев атындағы мектепке аудан әкімінен түскен сынды ескертулерге түсінікпен қарағанын атап өту керек. Мектептің педагогикалық ұжымы мен «АФ Кзылту - Нан» ЖШС –ің көмегімен үлкен көлемде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу жүйесін, едендерді жөндеу бойынша жұмыстары жүргізілді.

Осындай жұмыстар Қарашілік пен Ақбұлақ ауылдарында өтті. Ақбұлақ ауылындағы мектептің аймағында шағын орталыққа арналған балалар алаңын жабдықтады. Алаңда жаз бойы балалар күлкісі ғана естілді. Дүкендердің аумақтары да жақсы көрініске ие. Бірақ, Молодая Гвардия мен Қарашілік ауылдарында құрылыс қоқымды шығару бойынша көп жұмыс күтіп тұр, сонымен қатар, қоршауларды жөндеу немесе ауыстыру жұмыстары бар.

Бюджеттің табысты бөлігінің орындалуы - әкімшілік жұмысындағы маңызды бөлімі. Көлік бойынша салық 810 мың теңге, жердің салығы - 76 мың теңге, мүлік салығы – 38 мың теңге, бірлік талондар – 71 мың теңгені құрды. Әкім аппаратының бюджет баптары бойынша салық жинау 100% орындалды.

Есеп беру кездесулер барысында өзекті сұрақтар көтерілді. Олар бойынша іс-шаралар жасалды, жауаптылар мен орындалу мерзімі анықталды. Олардың іске асатыны туралы ақпарат жиналыстырды, жиындарда және аудандық газеттерден таныс болды.

Қарашілік селосының ата-аналарынан түскен үндеуге сәйкес шағын орталықтың жұмысы толық күндік қатысуымен болды. Ақбұлақ ауылының жастарынан клубқа арналған әуендік аппаратураны сұрады, осыған орай аудандық бюджеттен 360 мың теңге аталған мақсатқа бөлінді.

Молодая Гвардия селосының тұрғындары мектеп ішіндегі шағын орталыққа жиһаз бен керек-жарақтарды сатып алуға қолғабыс сұрады. Ең біріншіден кейбір жиһаздар мен керек-жарақтар Чехов интернатынан берілді. Келешекте шағын орталыққа керек заттар аудандық білім бөлімімен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар ата-аналар жылу жүйесін жөндеу туралы сұрақты қозғады. Баяндамада айтылып кеткендей, мектептің педагогикалық ұжымы мен «АФ Кзылту - Нан» ЖШС –ің көмегімен үлкен көлемде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу жүйесін, едендерді жөндеу бойынша көбінесе жұмыстар жүргізілді.

Молодая Гвардия селосының тұрғындарымен көңді шығару бойынша сұрақ айтылды. Кейбір бөлімшелермен жұмыс ұйымдастырылды. Осы жылдың көктемінде аталған жұмыс ойдағыдай болады деп ойлаймыз.

Ақбұлак ауылының ата-аналарының атынан мектепке су әкеліп отыру туралы айтылған. Әрине, осы сұрақтың шешімі көкейкесті көрінеді. Бүгінгі күні ол келісім шарт бойынша жүргізіледі. Суды ақылы қызмет ретінде мектепке әкелуге болады. Төлемдер ауданның білім бөлімі арқылы төленеді. Ақбұлак ауылының тұрғындарымен «Кішкенекөл – Ақбұлак» грейдерінің жөнделуі туралы сұрады. Күзде «Нефрит – Кзылту» ЖШС 7 км қашықтыққа созылған шұңқырлы жөндеуді жүргізді, аталған ЖШС-мен жазғы уақытта жұмыс жалғасады деген ауызша келісім бар.

Еліміздің Президенті, үкімет, жергілікті ұйымдар 2011 жылға қойған міндеттер негізінде орындалдалғанын белгілеп өткім келеді. Алда бізді «2020 бағдарламасынан» шыққан одан әрі күрделі мәселелер күтеді.

Ауылдық округі әкімі аппаратының алдында халыққа одан әрі сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қажет. Осы жұмыс елімізде әкімшілік реформаның іске асуының негізінде өтеді. Ағымдағы уақытта шешілмеген мәселелер бар. Ауылдық округі әкімі аппаратымен халық арасында салауатты өмір сүру салты жеткіліксіз насихатталады, Қоғамдық кеңесті, белсенді тұрғындарды қатыстыра отырып, абаттандыру бойынша да одан әрі күрделі жұмыс жасауымыз қажет. 2011 жылдың қорытындысы ол біздің бірегей жұмыстың, әрбір адамның, қатарлы қызметкерден бастап басшыға дейіңгі еңбегінің нәтижесі. Жұмыстың нәтижесімен біз ауылдарда алда күткен жұмыстарға жақсы негіз қаладық.

Ауылымыздың дамуының қарқын күшейтіп, жүйелі және кәсіби еңбек ету керек. Өмірімізді жақсарту – біздің қолымызда. Тек қана еріңбей еңбек ету!







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет