Адам аитв-ын төмендегідей жағдайда жұқтырады



жүктеу 31.92 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі31.92 Kb.
: statja
statja -> Адам иммун тапшылығының вирусы (аитв) және жүктілік
statja -> Состоявшийся с 15 по 17 мая в Шуне /курортный городок на берегу Мертвого моря в Иордании/ пятый Всемирный экономический форум по Ближнему Востоку отчетливо приобрел в этом году политический крен
statja -> Гвинейские путчисты объявили о захвате власти 23 декабря 2008 года, через несколько часов после того, как стало известно о кончине в результате тяжелой болезни президента страны Лансаны Конте
statja -> Кузнецова C
statja -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
statja -> 23 мая 1949 года председатель Парламентского Совета Конрад Аденауэр в Бонне провозгласил Конституцию фрг. Этот день считается днем образования фрг
statja -> Президент Дмитрий Медведев и федеральный канцлер фрг ангела Меркель выразили негодование в связи с убийством правозащитницы Натальи Эстемировой
АИТВ/ЖИТС-тен сақтан!
Отыз жылдың ішінде ауруға шалдыққандар саны 30,5 миллионнан асып кетті. Жылына 500 мыңнан астам адам көз жұмады. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы әлемде 40-50 миллионнан астам адам осы дерттен зардап шегеді. Көптеген әлеуметтік, экономикалық,медициналық проблемаларға орай АИТВ/ЖИТС-эпидемиясы тек ядролық апатпен салыстыруға болады. Сондықтан бұл індетке қарсы күресу жұмыстарын кешіктірілуі өте қатерлі екені баршамызға белгілі.

ВИЧ/АИТВ-Адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ-сы хайуандардың,жәндіктердің ағзасындағы клеткаларда өмір сүре алмайды,өмір сүруі, көбеюуі үшін тек қана адам ағзасындағы клеткалар(жасушалар) қажет,сондықтан оны тарататын да,жұқтыратын да адам. АИТВ-сы қан,шаукет(сперма),қынап сұйықтықтарында және ана сүтінде өте қауіпті көлемде болады.

Ағзадан бөлінетін басқада сұйықтықтарда мысалы: түкірікте, көз жасында, терде, кіші дәретте де бар, бірақ адамға залалы тимейтін ауруды жұқтыра алмайтын өте аз мөлшерде болады. АИТВ-ы ағзаға еніп аурудың таралуы үшін қауіпті көлемде вирусы бар сұйықтық қанға немесе шырышты(слизистое) қабатқа түсуі қажет.

Адам АИТВ-ын төмендегідей жағдайда жұқтырады:



  1. АИТВмен ауыратын донордың қанын құйғанда, немесе одан жасалған препараттарды қолданғанда.

  2. Нашақорлар бір-біріне жалғыз ине шприц арқылы көк тамырға есірткі енгізгенде.

  3. Әсемдік салондарында зарарсыздырылмаған құралдар мен денеге таңба (татуировка), құлақ,мұрын тескенде (присинг),қасқа татуаж жасатқанда жұғады.

  4. АИТБ-сын жұқтырған жүкті анадан құрсақтағы балаға,босанғанда босану жолдары арқылы өткенде нәресте анасының қанын және қынаптың бөлінділері жұтып қоюы мүмкін. Бұл жағдайда АИТВ-сы ауыздың шырышты қабаты, өңеш, асқазан арқылы жұғады.

  5. Зарарсыздырылмаған медициналық құралдар мен ота жасағанда, тіс дәрігері тіске манипуляция жасағанда әр түрлі ауруларға қарсы вакцина еккенде, жен.консультацияда медициналық маниплуяция жасағанда жұғады.

  6. Жыныстық қатынас арқылы қорғанмыз (мүшеқапсыз) кездейсоқ немесе онша таныс емес адамдардан жұғады. Лесбианкалар мен гомосексуалистердің арасындағы жыныстық қатынас арқылы жұғады.

АИТВ/ЖИТС-ауруының ерекшелігі ұзақ уақыттық жасырын кезеңі.

Жұқтырған күннен бастап ағзада вируске қарсы антиденелер өсе бастайды.

Антиденелер белгілі бір мөлшерге жеткенше 1 айдан 6 ай уақыт керек. Осы аралықты «Терезе кезеңі» деп аталады. Қандағы антиденлер белгілі мөлшерге жеткенде зертханада(лабороторияда) ИФТ(иммунно-ферментті талдау) арқылы АИТВ-ы жұқпасына шалдыққанын білуге болады. Егерде адам зертханалық тексеруден өтпесе, АИТВ-ын жұқтырғанын білмей жүре береді. Сыртынан қаралғанда ауру екені білінбейді. Кейбір адамдарда науқастардың ешбір белгілері білінбейді. Кейбір адамдарда науқастардың ешбір белгілері білінбей 3-10 жылдан астам уақыт өтуі мүмкін. Сондықтан адамдар (анонимно) құпия әлде ерікті түрде қанын тексерткені жөн.

Алғашқы клиникалық белгілері

АИТВ-дың өзіне тән белгісі (симптомы) жоқ. АИТВ-ы ағзаға түскесін адамның иммундық (қорғаныс) жүйенің жасушаларын біртіндеп жоя бастайды. Иммундық жүйе әлсірегесін адам ағзасы ең нашар инфекцияларға күресуге дәрменсіз болады. Адамда мына инфекциялар:



  1. Микробтар

  2. Боктериялар

  3. Тұмау вирусы

  4. Снирохиттер

  5. Құрт таяқшалары

  6. Рак жасушалары

өршігеді де мынындай белгілер (синдром) біртіндеп біліне бастайды:

  1. Жиі-жиі суықтап ауруы,жөтелуі

  2. Себепсіз іштің өтуі (айлап)

  3. Салмағын жоғалтуы (жүдеуі)

  4. Дененің қызуы, бірде көтеріліп, бірде түсіп айға,жылға созылуы.

  5. тершеңдік, әлсіздік

  6. қолтық, шап бездерінің ісінуі

  7. Теріде әртүрлі бөртпелер,іріңді жаралар пайда болуы

Осы белгілері бірнеше жылға созылуы мүмкін. Адамның иммундық жүйесі әлсірегесін бірнеше ауруларға төтеп бере алмайды да өлімге әкеледі.

АИТВ-дың алдын алу жолдары

Бұл аурудың алдын алу әрбір адамның міндеті. Жоғарыда аурудың жұғу жолдарын сынап өттік, со ақпаратты қолдана отырып сіз өзіңізді аурудан сақтайсыз.

Сән салондарында денеге (таңба) пирсинг (мұрынды,құлақты) тестіргенде, қасқа татуаж жасатқанда, тіс дәрігеріне барғанда зарарсыздырылмаған немесе бірреттік (одноразовые) құралдарын қолдануын талап етіңіз!

Емқанада әртүрлі аурулар қарсы вакцина еккенде, жен.консультацияда медициналық маниуляция жасатқанда қолданатын құралдың таза екеніне көз жеткізіңіз! Немесе бірреттік құралдарды қолдануын талап етңіз!

Ішімдіктен, нашадан, әз-әзелден аулақ болсаңыз аурудан сақтана аласыз!

Қазақта « Сақтансаң сақтаймын»деген сөз барын ұмытпаңыз!



Жанаөзен қаласындағы филиалдың сенім пунктің меңгерушісі Э.Ақгушаков.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет