«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»



жүктеу 26.61 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі26.61 Kb.
: fileadmin -> user upload -> files -> Almaty obl
files -> Бұдан әрі-Басқарма өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рұқсат беру функцияларын жүргізу тәртібі
files -> Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности по устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов Астана 2010
Almaty obl -> Арнайы рейд «Жарты жыл желім иіскедім, одан қатты қасірет шектім»
files -> Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
files -> Балалар үйін бітірушілерге арналған білім гранты
Almaty obl -> «Огни Алатау» 24 мая 2008 года №58
Almaty obl -> «Огни Алатау» №72 (16001) 26. 06. 08г. Объединить усилия
Almaty obl -> А. Үшкемпірова, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы. Жанашыр азаматтарға құрмет Үстіміздегі жылдың маусым айында Алматы қаласында білім жүйесіне қолдау көрсетіп жүрген азаматтарды салтанатты
Almaty obl -> Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»

Облыстық «Жетісу» газеті №61, 31.05.2008 жыл


Алматы облысының балалардың құқықтарын

қорғау департаментінің директоры Г.Ермекбаева
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі-балалардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғау. Мұның дәлелі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы өмір сүруді, оның ішінде балалардың өмірін жақсартуға бағытталған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауы болып табылады.

Мемлекетте ересек адамдар балалардың жайлы да жақсы өмір сүруіне бағытталған барлық жұмыстарды атқаруда.

Қазақстан Республикасында көп жылдар қатарында бала құқығын қорғауда әлеуметтік жағына көңіл бөлінсе, бүгінгі таңда құқықтық қорғауға ауысып жатыр.

Бүгінде облыс бойынша барлық балалар саны – 509 828, мектеп жасына дейінгілері- 187 245, мектеп жасындағылар – 298109, 18 жасқа дейінгілері – 20747, дамуындағы мүмкіндігі шектеулілері – 3727, интернаттық мекемелер – 24, ондағы балалар саны - 5252, балалар үйі – 5, балалар саны – 675, коррекциялық мектеп интернаттары –1, балалар саны – 126, жанұялық типтегі балалар үйі – 6, балалар саны-35.

Балаларға қатысты мемлекеттік саясат елімізде экономикалық және саяси реформалау жағдайында іске асырылуда, болып жатқан оң өзгерістерге сәйкес балалардың қоғамдағы жағдайын жақсарту жөнінде барабар шаралар қабылданып отыр.

Осыған қарамастан әлеуметтік отбасы институты рөлінің құлдырау проблемасы сақталып отыр, теріс өмір салтын ұстанатын ата-аналардың саны өсуде.

Мұндай жағдайдың себептері баланың жеке басының адамгершілік-рухани қалыптасуында отбасы рөлінің, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуде ата-аналар жауапкершілігінің төмендеуі, материалдық және тұрғын үй-жай қиындықтары, әсіресе жас отбасыларында, мектеп, отбасы және қоғамның өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі, отбасы құндылығы мен отбасы тәрбиесін насихаттаудың осалдығы болып табылады.

Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, балаларды пайдаланудың түрлі нысандары, балалардың қараусыздығы мен оларды қадағалаусыздық маңызды әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметтеріне сәйкес, облыста есепте тұрғандар – 1463 жасөспірім, 1044 – сәтсіз жанұя тіркелген, соның - 55 ата-аналық құқығынан айрылғандар.

Тағы басқа балалар арасындағы осал тұс мүмкіндігі шектеулі балалар, мысалы; 10-15 жыл бұрын есту аппараты, коляскалары, дәрі-дәрмек жеткіліксіз болса, қазір үкімет тарапынан барлық жағдайы жасалынып жатыр, бірақ олар қоғамнан алыстап отыр.

Тағы басқадай осындай шешімін таппай отырған проблемаларды мүдделі ведомстволардың бірлесуімен оң нәтижесін берері сөзсіз.

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаныңда Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыс көлемінде көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап өтетін болсақ: Үштөбе, «Айналайын» балалар үйінде, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау бейімдеу және оңалту орталығында, ҮЕҰ – мен, ата-аналар комитетімен бірлесіп, балаларға арналған әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта бала игілігіне қаржылай көмектесуші мекемелер де аз емес, аталмыш күнге орай Алматы, Талдықорған қалаларының Қазақтелеком АҚ Үштөбе балалар үйіне, Еңбекшіқазақ ауданындағы Есеновтер жанұялық үлгідегі отбасына демеушілік көмек көрсетуде.



Ал, болашақтағы департаменттің іс-шаралар жоспарындағы аса маңыздыларының бірі 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік «Қазақстан балалары» бағдарламасының жобасы облыс әкімдігінің қарауына ұсынылған болатын.

“Бала-адамның гүлi, өмiрдiң нұры” демекші, мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды және балаларды қоғамдағы толыққанды тіршілік әрекетіне даярлау басымдығы қағидаттарын негізге алады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет