«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметінің регламенті



жүктеу 109.3 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі109.3 Kb.
: files -> gosuslug
gosuslug -> «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (дсн-код) беру»
gosuslug -> «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты
gosuslug -> «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»
gosuslug -> «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
gosuslug -> «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gosuslug -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген
gosuslug -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
gosuslug -> «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
gosuslug -> Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 29 маусым
gosuslug -> «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»



Жоба
Қарағанды қаласы әкімдігінің

2012 жылғы №___ қаулысымен

бекітілді

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
1.Негізгі ұғымдар
1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы:

1) уәкілетті орган - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды өңірлік деңгейде қамтамасыз ететін, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері.

2) жұмыссыздар - өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір,еңбекке жарамды жастағы адамдар;

3) ҚҚБ - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық - функционалдық бірліктер – мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер.


2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет мекен- жайы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметінің осы регламентіне (бұдан әрі – регламент) 1- қосымшада көрсетілген, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) арқылы көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет - «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне қатысуға тұлғаларға жолдама беру» қызметіне кіретіндер:

1) «Тұлғаларға жастар тәжірибесіне жолдама беру»;

2) «Тұлғаларға қоғамдық жұмыстарға жолдама беру»;

3) «Тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама беру»;

4) «Жұмысқа орналасу үшін жолдама беру»;

5) «Тұлғаларға кәсіби даярлыққа, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдама беру»;

6) «Тұлғаларға кәсіби бағдар саласында тегін қызмет көрсету».

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылған.
5. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8- бабының 1- тармағы 2), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, сондай- ақ оларды толтыру үлгісі туралы толық ақпарат бөлімнің қабырғасындағы стендіге, ресми ақпарат көздеріне және тізілімі осы регламенттің 1 және 3- қосымшаларында көрсетілген интернет ресурстарына және сондай- ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің http:www.enbek.gov.kz. және Қарағанды қаласы әкімдігінің http:www.karaganda-akimat.kz интернет- ресурстарына орналастырылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қағаз тасымалдағыштағы жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетудің белсенді шараларына қатысуға мемлекеттік қызмет алушыға берілетін жолдама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген уәжделген жауап беру болып табылады.

«Тұлғаларға кәсіби бағдар саласында тегін қызмет көрсету» мемлекеттік қызметінің нәтижесі – мемлекеттік қызмет алушыға ол жұмысқа орналасуы мүмкін болатын, кәсіптер мен мамандықтар тізілімі туралы ауызша ақпарат (кеңес) беру болып есептеледі.

8. Мемлекеттік қызмет келесі жеке тұлғаларға көрсетіледі: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) 11- тармақта анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30- минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушы келген күні сол жерде көрсетілетін, мемлекеттік қызметті алушыны қабылдаудың рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

11. Бөлімнің жұмыс кестесі: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00 –ге дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-сағатқа дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсететін кабинет нөмірлері және мамандардың деректемелері бөлімнің стендісінде көрсетілген.


Қабылдау кезек тәртібімен, алдын- ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз іске асырылады.

12. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет бөлімінің тұрғын- жайында көрсетіледі. Күту залында отыруға арналған орындар, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттар орналастырылған ақпараттық стенділер және сондай- ақ өрт қауіпсіздігінің құралдары орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған.

Бөлім тұрғын- жайы санитарлық- эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, күзет дабылымен жабдықталған, тұрғын жайға кіру тәртібі – еркін.

13. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары: тұтынушының құжаттардың мазмұны туралы конфиденциалдық ақпараты

14. ҚҚБ мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатындар:

1) Бөлім бастығы

2) Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы

аталған регламенттің 5 қосымшасына әрбір ҚФБ әрекетінің орындалу мерзімі көрсетілген (функциялары, операциялары, процедуралары) кесте түріндегі жазбасы.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
15.Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) жеке куәлік (төлқұжат);

2) еңбек жолын растайтын құжаттар;

3) әлеуметтік жеке кодтың берілгендігі туралы куәлік;

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

5) кәсіби біліктілігін растайтын құжат (болған жағдайда), ал алғаш рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ тұлғаларға білімі туралы құжат.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар сонымен қоса, шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстануына арналған ықтиярхатты және азаматтығы жоқ тұлғаның ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгі соғылған куәлігін ұсынады.

Оралмандар оралмандар куәлігін ұсынады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін жеңілдіктер көзделмеген.

16. Бөлімде мемлекеттік қызмет алуға өтініш толтырылмайды.

17. Мемлекеттік қызмет алушы бөлімге келген кезде, қажетті құжаттардың барлығын тіркеу жүргізетін бөлім қызметкеріне тапсырады – 10 минуттан артық емес.

18. Мемлекеттік қызмет алушы келген кезде, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне қатысуға жолдама беріледі. – 20 минуттан артық емес.

19. Жолдама мемлекеттік қызметті алушы бөлімге өзі келген кезде беріледі – 15 минуттан артық емес.

20. Мемлекеттік қызмет алушы бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда, бөлім жұмыссызға жолдама беруден бас тартады («Жұмысқа орналасу үшін жолдама беру» және «Тұлғаларға кәсіби бағдар саласында тегін қызмет көрсету» регламенттерін қоспағанда) – 30 минуттан артық емес.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіз жоқ.
4. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар бөлім бастығы, бөлімнің жауапты лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып есептеледі.

Лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімде, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілік жүктеледі.

22. уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органдардың, мекемелердің атаулары, олардың заңды мекен- жайлары, телефон нөмірлері, электронды пошталарының мекен- жайлары осы регламенттің 1- қосымшасында көрсетілген.

23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым осы көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға жауапты жоғарғы уәкілетті органның басшысының атына беріледі, олардың атаулары, жұмыс кестесі, заңды мекен- жайлары, телефондары, электронды пошталарының мекен- жайлары осы регламенттің 3- қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті алушы мекен- жайы мен телефондары осы регламенттің 4- қосымшасында көрсетілген, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына хабарласа алады.

24. Қызмет тиісті түрде көрсетілмеген жағдайда, шағым кабинет нөмірі бөлімнің ақпараттық стендінде көрсетілген бөлім басшысының атына беріледі. Бөлімнің жұмыс кестесі осы регламенттің 9- тармағында көзделген

жұмыс кестесіне сәйкес анықталады, электронды поштаның мекен- жайы осы регламенттің 1- қосымшасында көрсетілген.

25. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңмен белгіленген тәртіпте, сотқа шағымдануға құқылы.

26. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, поштасының мекен- жайы көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы өзі қол қоюы керек.Шағым берген кезде, шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты- жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.

27. Мемлекеттік қызметті алушы жазбаша шағыммен бөлімге келген кезде, жауапты алу күні мен уақыты, өтінішті қарау барысы туралы ақпарат алу үшін хабарласуға болатын лауазымды тұлғалар көрсетілген талон беріледі.

Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады және поштамен жіберіледі.

28. «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекенжайы: 100012, Қарағанды қаласы, Поспелов көшесi, № 16 үй, e-mail: krggorsobes@mail.ru.

«Адамдарға жұмыспен қамтуға

жәрдемдесудің белсенді нысандарына

қатысуға жолдама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Р/с



Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі


Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16

krggorsobes@mail.ru

8-(7212)

30-01-69


56-72-27

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн

Cағат 9-00 бастап 18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін


«Адамдарға жұмыспен қамтуға

жәрдемдесудің белсенді нысандарына

қатысуға жолдама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша


Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мекенжайы мен байланыс деректері



Р/с



Уәкілетті органдардың атауы

Орналасқан мекенжайы

Телефон нөмірі

Электрондық мекенжайы

1

Қарағанды облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы



Қарағанды,

Ержанов


көшесі, 47/3

8-(7212)

43-20-82


Email:

karagandatrud@mail.ru



«Адамдарға жұмыспен қамтуға

жәрдемдесудің белсенді нысандарына

қатысуға жолдама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша


Қарағанды қаласының әкімдігі мекенжайы мен байланыс деректері

р/с




Мемлекеттік мекеменің атауы

Аппараттағы ХҚКО қызметін ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің) атауы


Құрылымдық бөлімше-нің (бөлімнің)телефон

нөмірі


Орналасқан мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты

Әлеуметтік саланы үйлестіру және ішкі саясат бөлімі

8-(7212)

42-08-90


Қарағанды қаласы,

Бейбітшілік бульвары, 39 үй



«Адамдарға жұмыспен қамтуға

жәрдемдесудің белсенді нысандарына

қатысуға жолдама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша


Кесте 1.

ҚҚБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы.


Негізгі үдерістің іс-әрекеті ( барысы,жұмыс ағыны)




Іс-әрекеттің, жұмыс ағының №

1




ҚҚБ атауы

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі




1-әрекеттің атауы (сипаттамалары мен операциялары мен үрдістері).

Құжаттарды қабылдау.

Құжаттарды тіркеу.






Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, шешімдер)

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру




Орындау мерзімі

30 мин




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет