Адамгершілік туралы «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.»



Дата21.11.2019
өлшемі212.03 Kb.

Адамгершілік туралы
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.»

(Абай)


***

«Бір адал адамды ұрып-соғып жатқанда, барлық адал адамдардың жаны қоса ышқынып, аяққа тапталған адамдық асыл қасиеттің азабын бірге шегіп, ашынулары керек.»

***


«Өтірік пен жалғандық – өмірдің адамды қорлауының ең бір кең тараған оңбаған түрі.»

(Л.Н.Андреев)

***


«Өзімізді-өзіміз тежеп ұстай білуге жарты өмірімізді жұмсайды екенбіз».

***


«Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.»
Қабуснамадан

***
«Тұлпардан тұлпар туады,


Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.»
Майқы би
***

«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Азға-азды қоса берсең аз-аздан,
Ол аз кейін көп болады орасан.»


Грек мақалы

***


«Бәрінен көшті адам - өзіне- өзі сенетін адам»

Луций Сенека

***

«Өзіңді – өзің тану даналықтың бір інші белгісі»



Карл Маркс

***


«Ерекше іс істесен, ел таңырқайды».

Қ.Айнабеков

***

«Сен істі сүйсең,іс саған бас иеді».



Халық мақалы

***


«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет».

М.Горький

***

«Өмірге қуаныш –бұл денсаулықтың белгісі ғана емес, аурудан сауығудың тиімді жолы.»



Халық даналығы

***
«Қарапайымдылық- моральдық сұлулықтың басты шарты»

Л.М. Толстой.

***


«Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын...»

Абай.


***

Өз жанына көп үнілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді.

К.Гельвеций

***


«Ең басты дәрі- дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен балта.»

Василиий Поленов

***

«Қызыры білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет.»



Чарльз Дарвин

***


«Қарапайымдылық – жасыл алқап,

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.»

Ахмет Йгүнеки

***


Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Ж. Баласағұни

***


Ізгі мінез, түзу құлық болғанда,

Пайда түгел екі бірдей жалғанда.

Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші,

Үшеуімен ел көгерер (түсінші!)

***

Биязыны халық сүйіп, ұғады,



Ісі түзу кісі төрге шығады.

Ж. Баласағұни

« Қуыс кеуде болғаннан артық қорқынышта, қорлықта жоқ.

Қорқақтық – ездік, аяшақтық, көнбістік – құлдықтың ең жаман түрі.»

Бауыржан Момышұлы

***


« Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.»

Людвиг Фейербах

***

Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды.



Ахмед Югнеки

***


« Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамдар салихалы, сыпайы сөзімен сәнді»

Әлішер Науаи

***

« Ойы таза адамның жаны таза»
Бернардино Сиенский

***
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.»

(Абай)


***

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек »

(Абай)


***

«Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талмай талап ізденеді,

Осыдан кеп шығады адамшылық.»

(Абай)
Ақыл-ой турлы


Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.


(Абай)

***


Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

(Төле би)

***


Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.


(Бұқар жырау)

***


Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
(Т.Фуллер.)

***


Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.

А.П.Чехов

***


Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

А.С. Макаренко

***


«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»

***
«Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.»


Абай

***
«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,


Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.»»


Төле би

***
Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.


Әлішер Науай
***
«Баланың тәртіпсіздігі үшін әкені аяусыз жазалау керек.»
Феликс Дзержинский

***


«Нәтижелі тәрбиенің сыры мұғалімге болған құрметте.»

Р.Эмерсон
***
«Перзенттер аналарды бриллианттан да артық безейді.»


Самуэль Батлер

***

«Ақыл - жан қуаты.»

(Абай)

***

«Пайда менен залалды - ақыл айырады.»

(Абай)

***
«Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойға жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырда қуалар.»

(Абай)

«Ақыл, сезім болмаса,



Тіршіліктің несі сән.»

(Абай)


***

«Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,

Көбінің сырты - бүтін, іші - түтін.»

(Абай)


***

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.»

(Абай)


***

«Ақылсыз би болмас,

Сәулесіз үй болмас.»

(Абай)


***

«Ақыл бітпес дәулетке,

Дәулет бітпес келбетке.»

(Абай)


***
«Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға»

(Абай)

***

«Зерек ақыл - суық мұз.

Ақыл-ой туралы

Күн артынан күн туар,

Бір күн дамыл еткізбес.

Ой артынан ой қуар,

Желге мінсең жеткізбе»

(Абай)


***

«Ақыл - тапқыр ой, түбі – жүрек».

(Абай)

***

«Бала еш нәрсеге қызықпаса, еш нәрсені үйрене алмайды.»

***
«Тәрбиеші болу үшін,тәрбиеленген болуың керек.


(С.А.Макаренко)
***
«Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.»


(М.Горкий)
***

«Мектеп ақылыңа,ақыл қосады
мұғалім келешектің,жолын сызады.»


***
«Бала-дүниеге әкелгендікі емес,тәрбиелегендікі.»
Халық мақалы
***
«Ақылы қысқаның тілі ұзын.»
Аристофан
***


«Қалай болса солай сөйлейтін адам, қалай болса солай ойлайтын адам»
***
«Ешбір ата-ана өз перзентіне мінез-құлқынан артық мұра қалдырмайды».
(Мың бір хадис)


***

«Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын Қайтарар жауабың да қысқа болсын.»
(Ж.Баласағұн)
***
Өзі білмей, білгеннің тілін алған ғалым,
Өзі білмей білгеннің тілін алмаған, өзіне залым.
(З.М.Бабыр).


***

Балаға берілген дұрыс тәрбие-бұл бақытты кәрілік,
қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз


жасымыз.
(С.А.Макаренко)


***

Баланы тәрбиелеуге күші жетпеген адам ғана оның үстінен арыз етеді.
***
«Ойланып бас қадамыңды, түсіп кетпе шұңқырға,

Онда, қалқам, ой түгіл, денең көнбес ырқыңа»

(Рудаки)

***


«Сабақ өзі оқылмайды,

Белбеу өзі буылмайды. Үйлер өзі салынбайды,

Кітап өзі жазылмайды.

Шарбақ өзі тоқылмайды.

Тұқым өзі себілмейді,

Көйлек өзі жуылмайды,

Барлық істің батыры- біз,

Құдық өзі қазылмайды,

Арба өзі жегілмейді.»

***

«Не ақылы, не күш қайраты жоқ адам ғана нағыз сорлы»

(Бенцел- Штернау)

Мінез-құлық туралы
. «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық. Мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі.»

***

«Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.»



***

«Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.»



***

«Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны.»



***

«Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл.»



***

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық.»



***

«Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.»



***

«Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.»



***

«Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді. Жинақылықтың түбі - кеніш. Уайым - қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу - антұрғандық.»



***

«Бірлік малға сатылса - антұрғандықтың басы осы».



***

«Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз».

***

«Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды -

Әдеті надан адамның».



***

«Кекшіл болма - көпшіл бол.»



***

«Дұшпаныңа әділ бол.»



***

«Асығыс түбі - өкініш.»



***

«Түзде - мырзаң, үйде – сырдаң».



***

«Момыннан жаман қорқақ жоқ.»



***

«Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді.»



***

«Өзінде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.»

***

«Күндестік шырық бұзады».



***

«Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.»



***

«Қулық пен құбылудан жалығудың өзі – жақсылық»



***

«Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар- құдай қарғағандар.»



***

«Өсек тасып құмардан шығатындар болады.»



***

«Құмарлық - нәпсі құлы.»



***

«Қулық та - бір дерт.»



***

«Ішсем, жесем, ұйықтасам - тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен - жан құмары.»



***

«Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады.»



***

«Көрсеқызар, күнде асық - дуаналық.»



***

«Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.»



***

«Жеңсікқойлық - тез тозар.»



***

«Ынсапсыз істің ақ-қарасына қарамайды.»



***

«Өсекші - ел тыныш болса азады.»



***

«Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.»



***

«Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.»



***

«Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу.»



***

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы беріктік, екінші - ғибратлану, тұщынып, ынтамен ұғу, үшінші бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші - ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек»



***

«Мінез құлық әр кім өз кейпін көрсететін айна.»

(И.Гете)
Ар-намыс, ұят туралы
«Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?

Жаның таза болмаса, тіл тазасы не керек?»

(Қазақ халқының даналығы)

***


«Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады»

(Абай Құнанбаев)

***

«Адамды ұзаққа созылған дене әрекетсіздігіндей ештеңе де соншалық титықтатып, бүлдірмейді»



(Аристотель)

***


«Әділ болсаң – араға - ақ, аққа – жақ,

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!»

(Ж.Баласағұни)

***


«Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны»

(Абай Құнанбаев)

***

«Еріншекке – есік те асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк көрінер.»



(Махмұд Қашғарие)

***


«Еріншектің ерні жібімес, жалқаудың ісі маңдымас.Еріншекке бүгіннен ертең оңай.Еріншек түске дейін ұйықтамайды, кешке дейін есінейді.»

«Нысап пен ұят әділеттен шығады»

(Абай)

***

«Әділеттілік, арлылық пен махаббат - қабірден әрі өткендегі үш жолдасың осылар.»

(Абай)

***

«Арсыз болмай - атақ жоқ.

Ар-намыс,ұят туралы
Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын».

(Абай)


***

«Арыңды сатып тапқан мал - харам.»

(Абай)

***

«Пайда ойлама - ар ойла».

(Абай)

***

«Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар.»

(Абай)

«Ұят ар сақтайды,



Арлыны ел мақтайды.»

(Халық мақалы)

«Малым жанымның садақасы,

Жаным арымның садақасы.»

(Халық мақалы)

«Ар намысыңның пәктігі

Жан дүниеңнің шаттығы.»

(М.Әлімбаев)


Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар,

Намысы жоқ жігіттің намыспенен несі бар?

(Халық нақылы)

Ғылым-білім, өнер туралы
«Ғылыми тәжірибе теориядан алыстаған сайын Нобель сыйлығына жақындай түседі.»

(Фредрик Жолио-Кюри)

***


«Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.»


Ж.Баласағұн.

***
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.»


Сенека.

***
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»


Альберт Эйнштейн

***


«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»
К.Д.Ушинский
«Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз.


Барар жерге тез жетемiз.»

***


.“ Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл”-

***
«Білім көп өмір аз,


Керегіңді тасқа жаз»
********** ***
«Халық үшін наннан соң ең маңыздысы-мектеп»
У.Дантон
«Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.»

(Абай)


***

«Ғылым - алланың бір сипаты.»

(Абай)

***

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.»

(Абай)


***

«Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

(Абай)


***

«Көкірегі - сезімді, көңілі - ойлыға бәрі анық.»

(Абай)

***
«Білім және атамұраны жақсы тәрбие менен безеу керек»
Абу Насыр Фарабий

Устаз туралы
«Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер».
***
«Ұстаз – анаңдай ұлы.»
***
«Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе».
***
«Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.»
***
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.


***
.«Маған жақсы мұғалім бәріненде артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»
(Ы. Алтынсарин)
***
«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»
***


.«Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққаннан кейін оннан да көбірек оқу керек»
(Д.И.Писарев)
***
«.Білімнен жақсырақ қазына болмас,
Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас»
( А.Рудакий)
***
«Мектеп құшағында білімге талпын,
Ертең азамат – деп ардақтар халқың.»
***
«Сен оқытқан әріптер,
Дүние сырын дәріптер.»



Денсаулық туралы
«Денсаулық — байлықтан қымбат»

Джон Рей


***

«… адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, л егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек»

Әл-Фараби

***

«Бас аман болса, бөрік табылады»

Қорқыт
«Жігіттің дені сау болса — сол дәулет

***

Құтып


***

«Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді»

Сайф Сараи

***

«Тәннің ләззаты — саулығында,

Жанның ләззаты — білімінде»

Фалес


***

«Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі»

Томас Карлейль

***

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты»

Артур Шопенгауэр

***

«Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді»

Томас Фуллер

***
«Көп жасау — деннің саулығы, бақытты болу — адамның өз қолындағы ісі»

А.М.Кирхенштейн



***

«Серегек әрі жайдарман көңіл күй ең жақсы шипалы дәрі»

(Х.Бостерм)

***

Достық туралы
«Әлемде адамдар достасулары керек. Олардың бірін-бірі сүюге мәжбүрлей алмаспыз, бірақ мен адамдар арасындағы өшпенділіктердің көзін жойғым келеді».

(Айзек Азимов)

***


«Өзіңе қарай дос таңда,

Күшіңе қарай жүк көтер.»

Жүсіп Баласағұн

***


«Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.»

(Абай)


***

«Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.»

(Абай)

***

«Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай?»

(Абай)

***

«Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату,

Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.»

(Абай)


***

«Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең - істің бәрі бос.»

(Абай)


***

«Жас күнде кімді көрсең - бәрі.»

(Абай)

***

«Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.»

(Абай)

***

«Жау қожандап бұртиып,

Дос құбылып әуре етер»

(Абай)


***

«Жауға - мылтық, досқа - ынтық.»

(Абай)

***

«Досқа - жаз, жауға - аяз.»

(Абай)

***

«Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады»

(Цицерон)
Еңбек туралы
«Жақсы мен жаман туралы»

***

« Баланың мал табары болады, мал шашары болады.

Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын.»

(Абай)


***

«Өзің үшін еңбек қылсаң - өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң - алланың сүйген құлының бірі боласың.»

(Абай)

***

«Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.»

(Абай)

***

«Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбек қылсаң қара жер де құр тастамайды.»

(Абай)

***

«Қолдан келмес іске ұмтыл - азат басың болсын құл.

Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін.»

(Абай)


***

«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.»

(Абай)


***

«Адамзатқа тірлік - дәулет.»

(Абай)

***

«Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл.»

(Абай)

***

«Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, бала-шағаңның қамын ойла - өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы».

(Абай)

***

«Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.»

(Д.И.Менделеев)
Махаббат туралы
«Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.

Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.

Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол.»

(Абай)


***

«Махаббат - өмір көркі.»

(Абай)

***

«Махаббатсыз дүние бос -Хайуанға оны қосыңдар.»(Абай)

«Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.»

(Абай)


***

«Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көзбен көр де, ішпен біл.»

(Абай)


***

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен.

(Абай)

***

«Махаббат кетті, дос кетті -

Жете алмайсың, тоқтайсың.»

(Абай)


***

Сүйсінбесең - сүйме.



(Абай)

***
«Махаббат құдіреті жер жүзіндегі кіллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі»

(Ж.Сталь)

***

«Адамның жақсысы адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

(Абай)
Тіл туралы
«Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.»

(Жүсіпбек Аймауытұлы)

***

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.»

(Мұхтар Әуезов)

***

«Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .»
(Жүсіпбек Аймауытұлы)


***
«Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.»
(Қадыр Мырза Әлі)
***
«…Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…»
(Мұқағали Мақатаев)
***
«Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!»
(Ғабиден Мұстафин)
***
«Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады».


(Ғабит Мүсірепов)

«.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген

адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.»
(Мұхтар Әуезов)
***
«.Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…»
(Жүсіпбек Аймауытов)
***
«Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.»
(Халел Досмұхамедұлы)
***


«.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.»
(Ғабит Мүсірепов)
***


«Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары

мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек»

(Мұхтар Әуезов)

***
«.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.


(Мұхтар Әуезов)

***
«Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да


өткен қасірет.»
(Жалау Мыңбаев)
***
«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
(С. Аманжолов)
***
“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
(Мұхтар Әуезов)
***
«Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл».
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
***
«Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.»
(Тоқсары)
***
«Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.


Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын

бәйтерегі.»

(Жүсіпбек Аймауытұлы)

***

«Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі – сөз»


Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.»
(К.Г.Паустовский.

Ақиқат – адалдықтың бастауы.

Нақыл сөз
Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,

үлгісімен қуантады түбінде.

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. 



«Арыңды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта»

Нақыл сөз

Сүйіспеншілік – жүректе.

Халық даналығы

Отан – отбасынан басталады.

Мақал

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі

Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.

Мақал

Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің.

Халық нақылы



Алтын алма, алғыс ал,

Алғыс деген - ел сыйы.

Мақал

«Жақсылық – жан азығы»

Мақал

«Жақсылықтан жақсылық туады»

Мақал

Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды.

Мақал

«Отан – оттан да ыстық»

Мақал

«Табиғат - әсемдік айнасы»

Нақыл сөз

«Жаны саудың - тәні сау»

Халық нақылы

«Ешкімге де, ешнәрсеге де қылдай қиянат жасама!»

Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.  Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырып деп ...»

Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.

«Татулық - табылмас бақыт»

Нақыл сөз

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет