Қадiрлi жерлестер! Халық қаһарманы, қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының «Ең үлкен емтихан – елге есеп беру»



Дата28.04.2016
өлшемі277.51 Kb.
Алға ауданының әкiмi Қ.Қ. Сәрсенғалиевтің «2011 жылғы ауданның әлеуметтiк — экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» аудан халқы алдындағы есебi

Қадiрлi жерлестер!

Халық қаһарманы, қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының «Ең үлкен емтихан – елге есеп беру» дегендей, атқарушы органның еңбегін бағалайтын сол ел болғандықтан, өткен жылда біткен іс, алдағы күннен күтетін нәтижелер туралы дәстүрлі есеп беруге Сіздердің алдарыңызға келіп тұрмын.

Өткен 2011 жыл еліміз үшін үлкенді-кішілі тарихи оқиғаларға толы, ерекше қастерлі жыл болды.

Жылдың басты жаңалығы Қазақстан тарихындағы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде экономикада әлемдегі бірде бір ел қол жеткізе алмаған нәтижелерге жетті» - деп мәлімдеді. Егемен еліміздің мерейтойын экономикадағы, әлеуметтік саладағы, мәдениет пен спорттағы жаңа жетістіктермен қарсы алдық.

2011 жыл Қысқы Азияда ойындарының ашылуымен басталды.

2011 жылғы сәуірде кезектен тыс Президент сайлауы табысты өтті. Ол біздің ұлттық бірлігіміздің зор жеңісі.

Ел экономикасы қарқынды дамып, біз дағдарыстан кейінгі кезеңге батыл қадам бастық. Бұл ретте болашаққа бағытталған бірқатар іргелі бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстанның индустриялық - инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Елімізде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама бойынша кәсіпкерлік секторды сауықтыру және бизнес бастамаларын қолдау, агроөнеркәсіп саласын қаржымен қамтамасыз ету шаралары қабылданды.

Сонымен қатар Белоруссия және Ресей мемлекеттерімен бірге Кеден одағына мүше болып кірдік. Кеден одағы аясында біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін құқықтық базасы жасалды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына ауданда жаңа өндірістерді, тұрғын үйлерді, медицина, мектептер, балабақшаларды, газ, ауыз су, кәріз желілерін пайдалануға беру сияқты бір талай маңызды да ірі іс – шаралар арналып іске қосылды.

Биылғы Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгісі ел экономиканың қуатын еселейтін міндеттер. Халықтың барынша бай қуатты өмір сүруін көздейтін бағыттар:

жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, мемлекеттік қызмет сапасын көтеру, білім беру, денсаулық сақтау, туризм саласы, индустриялды-инновациялық жобалар, ауылшаруашылығы, тұрақтылық пен татулықты нығайту. Әрине бұлардың барлығы да ауданның бүгінгі дамуымен болашағына қосымша серпіліс береді.

Бұл орайда, ауданымызда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында негізгі алғышарттардың барлығы бар. Бүгінге дейін талай шаруа қолға алынып, нәтижелі істер атқырылып келеді.

Дегенмен, бізге жүктелер міндет те, артылар сенім де айрықша. Ең басты міндет – ел болып біріге етек-жеңді түріп, еңбекті еселей беру.

Жолдаудың мәні де, мақсаты да осында.

Құрметті жерлестер!

Экономикамыздың салалары бойынша ауданымызда атқарылған жұмыстарды баяндап өтейін.



Өнеркәсіп

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы 2011 жылы тұрақтылықпен ерекшеленді. Біз экономиканың тұрақты дамуын сақтадық, әлеуметтік мәселелерді шешуді айтарлықтай жақсарттық.

(№1 слайд) Экономиканың өнеркәсіп секторында өнім өндірудің көлемі 4178,3 млн.теңгеге жетіп, нақты көлемінің индексі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 127,5пайызды құрады.

Индустриаландыру картасы шеңберінде 2 жоба енгізілді:



«Неохим» ЖШС-нде жобалық қуаты жылына 10 мың тонна құрылыстық известь өндіру бойынша жұмыстар аяқталып, іске қосылды.

«Аққұс» құс фабрикасының 4 құс қорасы іске қосылып, құс етін өндіру көлемі 150 тоннаға артты.

2012 жылға міндеттер:

- 2012 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін 2011 жылдың көрсеткіштері деңгейінде сақтау;

- жоспарланған нысандардың енгізілуін және өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуаттың игерілуін қамтамасыз ету;

- аудан аумағында орналасқан бәсекеге қабілетті тауарлар өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру.



Ауыл шаруашылығы

Экономиканың басты салаларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады.Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының басты бағыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауылшаруашылық өнімдерін сату және ішкі және сыртқы рынокта оның қайта өңдеу өнімдерінің көлемін арттыру сияқты міндеттерді жүзеге асыру болды.

(№2 слайд) 2011 жылы жалпы өнім көлемі 11703,0 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 125,6 пайыз, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі 3507,6 млн. теңге (132,5%), мал шаруашылығы өнімі 8195,4 млн. теңге (123,3%). Көкөніс 9,8 пайызға, бақша өнімдері 76,3 пайызға артық өндірілді.

Аудан бойынша 64,5 мың га жерге дәнді – дақыл егіліп орта есеппен әр гектардан 5,6 центнер өнім алынды.

Өсімдік шаруашылығы бойынша алдағы уақытта ауданда ауа райы қолайсыздығына байланысты егіс көлемін азайтып, мал шаруашылығын жүйелі түрде дамытқымыз келіп отыр. Жыл қорытындысы бойынша мал шаруашылығында жағымды динамика сақталды:

(№ 3 слайд) Ірі қара мал басы 39,0, қойлар мен ешкілер 88,0, жылқылар 4,4, шошқа 41,5мың бас.

Өткен жылмен салыстырғанда ет – 34,6, жұмыртқа –1,3 пайызға артты.

Қазіргі таңда Қазақстанда ірі – қара мал шаруашылығы саласын, оның ішінде ірі-қара өнімдері сапасының деңгейін арттыруға аса көңіл бөлініп, бірқатар шаралар қолға алынуда.

Ауданымызда осы бағдарламаға байланысты мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны артып келеді.

Атап айтқанда, «Актеп» ЖШС-і бордақылау кешені құрылысына, өз қаражаты есебінен ауылшаруашылық техника мен 1200 бас ірі қара сатып алуға 180,0 млн. теңге инвестиция жұмсады.

Ағымдағы жылы «Қазагрофинанс» АҚ-нан ауылшаруашылық техникалары мен 1500 бас асыл тұқымды (Абердино-ангус) ірі қара сатып алу үшін 1345,5 млн. теңгеге құжаттар тапсырды.

«Реймқұл» шаруа қожалығы 1000 бас ірі қараға арналған 5 бордақылау баз салып, 2012 жылы асыл тұқымды шаруашылық құру жобасын іске асыру мақсатында (репродуктор)«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 243 бас ірі қара («Әулиекөл-114», «Симментал-125», «Герефорд - 2») және Қарабұлақ селолық округінің «Тұлпар», Үшқұдық селолық округінің «Жақсылық», Тоқмансай селолық округінің «Қарабура», Қарағаш селолық округінің «Ақжол» шаруа қожалықтары 19,5 млн.теңгеге 126 бас ірі қара сатып алды.

Елбасының өткен жылғы Жол­дау­ында елімізде етті мал шаруашылығын дамытып, 2016 жылы елдің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етіп, қосымша ет экспортын 60 000 тоннаға көтеру міндеттелді. Бұл міндетті ойдағыдай орындаудың негізгі алғы­шарт­тарының бірі мал өнімдерінің өзіндік құнының 40-45 пайызын құрайтын мал азығының берік жем-шөп қорын жасақтау болып табылады. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар мен фермерлерді ауыл ша­руашылығы егістік жерлермен қам­та­масыз ету үшін республикалық Жер ресурстары агенттігі мен оның аумақтық құрылымдары және жергілікті атқарушы органдар егістік жер­лердің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшей­тіп, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару облыс және аудан әкімдігінің қатаң бақылауға алынып, іс-шаралар жұмыстары атқарылуда. Сон­дықтан, елімізде мал өнімдерінің молшы­лығын жасап, етті экспорттау көлемін арттыру үшін ауданымызда біршама жұмыстар атқарылуда.



(№ 4 слайд) Ақтөбе облысы аумағында өндіріліп жатқан ет көлеміне шаққанда біздің аудан 2010 жылы - 10,9 мың тонна, 2011 жылы –14,7 мың тонна етті құрап, облыстың аудандары арасында ет өндіруден 1 орынға шықты. 2016 жылы Елбасы міндетін орындау мақсатында ет өндіру көлемін арттыруға алғалықтар да ат салысуда.

Ет өңдеп, өндіру бойынша ел экономикасын арттыруға өзіндік үлесін қосып отырған шаруашлықтардың бірі ретінде Алға ауданындағы «Айбек», «Алшағыр» Бестамақ мал шаруашылық кешені «Ақ құс» құс фабрикасын атап өтуге болады.



(№ 5 слайд) «Айбек» ауылдық тұтыну кооперативі өз қаражаты және «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ-нан несие алып, жалпы құны 336,4 млн.теңгеге 420,0 тонна, «Алшағыр» селолық өндірістік кооперативі 47,9 млн.теңгеге 35,5 тонна, Бестамақ мал шаруашылық кешені 1252,6 млн. теңгеге 4538,4 тонна, «Ақ құс» құс фабрикасы 499,2 млн. теңгеге1446,9 тонны ет өндірді.

Мал шаруашылығын асылдандырудағы нақты жұмыстар нәтижесінде аудандағы 9 қолдан ұрықтандыру пункттерінде 839 бас ұрықтандырылды.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 39,9 млн.теңге несие берілді. Оның ішінде шағын несиелендіру ұйымы арқылы 2 шаруа қожалығына 310,0 мың теңге, «Алға» ауылшаруашылық несиелік серіктестігі арқылы көктемгі егіс жұмыстарына 6 жоба – 21,9 млн. теңге. Мал сатып алуға 5 жоба – 17,7 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Алға қаласында 2,6 млн.теңгеге мал қорымы салынып, пайдалануға берілді.

Жоғарыда аталған бірқатар шаралардың орындалуы ауданымыздың экономикасын арттырып, мерейін үстем етуге, қомақты жұмыстарды қолға алған кәсіпкерлеріміздің еңбегін еселеп, толағай табыстарға қол жеткізуіне ықпал етері сөзсіз.

2012 жылға міндеттер:

-ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 12327,9 млн.теңгеге жеткізу;

-Ет пен сүт өнімдерін көбейту;

-жоспарланған нысандардың енгізілуін қамтамасыз ету. («Актеп» ЖШС)

-Шаруа қожалық, жеке кәсіпкерлер үшін ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын лизингке сатып алу шараларын ұйымдастыруға ықпал ету;

Шағын және орта бизнес

Елбасы «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар енгізуге дайын қуатты кәсіпкерлерді көргіміз келеді» деген болатын. Сондықтан да осы саланы дамыту әрқашан басты назарда болып келеді. Шағын және орта бизнес аудан экономикасын дамытудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің басты тетігі болып табылады. Атаулы саланың серпінділігі кәсіпкерліктің даму тенденциясының оң үрдісін сипаттайды.



(№6 слайд) Ауданда 1338 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 268 бірлікке азайып, 83,3 пайызды құрағанымен, атаулы салада жұмыспен қамтылғандар саны және өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 21 адамға көбейіп, 5456 адамды құрады. Өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 8438,4 млн.теңгені немесе 103,7 пайызды, бөлшек сауда көлемі 951,2 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда113,0 пайызға артты.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен басқа да төлемдер1539,5 млн.теңгені құрады немесе 165,5 пайыз.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 10,5 млн теңгеге Ақай селолық округінің «Абылай» шаруа қожалығы, 4,5 млн теңгеге Қарағаш селолық округінің «Құлагер» шаруа қожалығы электр желілері өткізілді.

2011 жылы 5 шағын бизнес нысаны іске қосылды: жол бойындағы көліктік қызмет – 1, 2-монша, 1- ет павилионы, 1 кеңсе қызмет.

Аудан бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік емес қаржылық институттар тарапынан көптеген қаржы-несиелік қолдау шаралары жүргізіліп.

шағын несиелендіру ұйымдарының желісі тарапынан 34 кәсіпкерге 4,3 млн.теңге;

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 8 кәсіпкерге – 22,2 млн.теңге;

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан 2 несие – 11,7 млн.теңгеге;

«БТА» Банкінен 2 жобаға – 80,5 млн.теңге.

Барлығы: 118,7 млн. теңге несие бөлінді.



2012 жылға міндеттер:

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру;

шағын несиелік ұйымдар арқылы кәсіпкерлікті дамыту;

– 2012 жылы шағын және орта бизнес субъектілердің қызмет сапасын арттырып, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар санын 5460 адамға жеткізу.



Инвестиция

(№7 слайд) Ауданнның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 3252,8 млн теңгені құрады немесе өткен жылға қарағанда 70,9 пайыз.

Кәсіпорындар мен тұрғындардың өз қаржаттары 1968,0 млн. теңге, яғни жалпы инвестицияның 60,5 пайызын құрайды.

Бюджет қаражаты 1284,8 млн. теңге (39,4%) оның ішінде:

білім беру саласын қаржыландыру – 191,6 млн. теңге;

денсаулық сақтау аясында салынған инвестиция – 13,0 млн. теңге;

Мәдениет нысандарын дамытуға – 73,0 млн. теңге;

Ауыз су бағдарламасын жүзеге асыруға – 622,8 млн. теңге;

Инфрақұрылымды дамытуға және газдандыруға – 297,9 млн. теңге;

Тұрғын үй құрлысына - 36,3 млн. теңге;

материалдық –техникалық базаны нығайтуға – 50,2 млн. теңге.

Тұрғын үй құрылысына тартылған халық қаржысы 348,8 млн.теңгені құрады.

Кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен бизнесін дамытуға салынған инвестиция көлемі 1619,2 млн.теңге, оның ішінде:

«Актеп» ЖШС – 204,1 млн.теңге;

«KazDinaEnergetics» ЖШС – 153,3 млн.теңге;

«Аққұс» құс фабрикасы» ЖШС – 150,0 млн.теңге;

«СНПС – АқтөбеМұнайГаз» АҚ – 139,9 млн.теңге;

«АкРоссПищепром» ЖШС – 121,5 млн.теңге;

«Реймқұл» ШҚ – 120,0 млн.теңге;

«Парижская коммуна» ЖШС – 45,3 млн.теңге;

«Молочные истории» ЖШС – 33,1 млн.теңге;

«Неохим» ЖШС – 25,0 млн.теңге;

«Абылай» ШҚ – 10,5 млн.теңге;

«Энергия» ШҚ – 17,4;

«Қарабура» ШҚ – 7,5;

«Тұлпар» ШҚ – 5,0 млн.теңге;

«Құлагер» - 4,5 млн.теңге;

«Жақсылық» ШҚ – 4,0 млн.теңге;

«Ақжол» ШҚ – 3,0 млн.теңге;

Бестамақ ауылында дүкен құрылысына – 1,5 млн.теңге

«ПариСаКаз» ЖШС – 0,2 млн.теңге;

«Кілт» ЖШС, «Актоберемпуть», «Батыс Газ Пром ЛТД», «АФ Коквест» ЖШС, «Пилон-МС» ЖШС, «КТП» ЖШС – 573,4 млн.теңге.

2012 жылға міндеттер:

- бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- экономиканың басымды салаларына (тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым) инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Инфрақұрылым

2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында:

2011 жылы Нұрбұлақ, Маржанбұлақ, Қарақұдық ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ тарату құбырларының жобалық-сметалық құжаттамасы 67,0 млн.теңгеге даярланып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.



(№8 слайд) Алға қаласының № 1 тұрғын массивін газдандыру құрылысына – 50,0 млн.теңге бөлініп, игерілді. Құны 39,1 млн.теңге Тоқмансай ауылына жеткізуші және ауылішілік газ тарату құбырларының құрылысы аяқталды. 2011 жылы Қарабұлақ ауылына сыртқы газ жеткізуші құбырларының құрылысына 62,7 млн.теңге бөлініп, игерілді. Тоқмансай станциясын газдандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы даярланып, құны 10,8 млн.теңге құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар облыстық бюджеттен 46,5 млн.теңгеге әлеуметтік 8 нысан газдандырылды. (Тамды орта мектеп, мәдениет үйі, балабақша, Тоқмансай орта мектебі, мәдениет үйі, балабақша, Есет-батыр ауылының мектеп бақша, әкімшілік ғимараты)

(№9 слайд) Ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басты басымдығымыз. «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 4 елді-мекеннің (Есет батыр Көкіұлы, Қарабұлақ, Самбай, Қарақобда ауылдары) су құбырларына республика және облыс бюджеттерінен 550,9 млн. теңге бөлініп, 540,6 млн.теңгесі игерілді. Қарабұлақ ауылындағы су құбыры кешенінің құрылыс жұмыстары толық аяқталып қараша айында, Самбай және Қарақобда ауылдарындағы нысандар - желтоқсан айында іске қосылды. Есет батыр Көкіұлы су құбыры желісі үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында іске қосылатын болады.

Ақай, Болгарка және Сарыхобда ауылдарының сумен жабдықтау жүйесінің жобалық-сметалық құжаттар дайындауға – 24,5 млн.теңге игеріліп, мемлекеттік сараптамасы бекітілді.

Алға қаласының магистральды қысымды су құбырларының 2 – линиясын қайта жаңғыртуға –57,7 млн.теңге, «Кәріз желілерінің арынды коллекторын және биологиялық тазалау ғимараттарын қайта жаңғырту, 2-желі» жобасына 117,2 млн.теңге, жылу беру маусымына дайындық кезеңінде Алға қаласындағы жылу құбырларының жұмыстарына 20,0 млн.теңге игерілді.

(№10слайд) Аудан үшін ең маңызды мәселелердің бірінен саналатын жолдың нашарлығы тұрғындар тарапынан жыл сайын көтерілуде. Оны біз жақсы түсінеміз және мүмкіндігімізше бұл салада жұмыс жасап жатырмыз. Есепті жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етілуіне 17,2 млн.теңге бөлініп, оның 11,2 млн.теңгесі Алға қаласының жолдарына6,0 млн.теңгесі ауылдық елді - мекендерге жұмсалды.

2012 жылға міндеттер:

- Ақай, Болгарка, Сарыхобда ауылдарының сумен;

- Алға қаласының магистральды қысымды су құбырларының 2 – линиясын;

- Үшқұдық, Маржанбұлақ, Қарабұлақ, Нұрбұлақ, Қарақұдық селоларына жеткізуші газ құбырын;

- Үшқұдық селосы көшелерін жарықтандыру;

- Алға қаласы мен Нұрбұлақ ауылындағы жаңа салынған нысандар үшін қосымша электр желілеріне.

- ЖСҚ дайын құжаттарға (газ, су)Үкімет тарапынан қаржының бөлінуіне ықпал жасап, құрылысын бастау.

- аудандық жолдардың күтіміне және ағымдағы жөндеулерге қосымша қаржы қарастырып, Алға қаласындағы «Янка» ЖШС –нен бастап теміржол өткеліне дейінгі аралықтағы жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Көгалдандыру

Өздеріңізге белгілі, қоршаған ортаның жағдайына: санитарлық тазалық, көгалдандыру және қала көшелерін ұстауға үлкен көңіл бөлінуде. Көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 20,7 млн.теңге бөлініп, игерілді. Есепті жылы 54175 түп көшет отырғызылса, оның 39960 түбі механикалық тәсілмен отырғызылды. Сонымен қатар гүлбақтар мен вазонға гүл егуге және газон егуге 3,2 млн.теңге бөлінді.

Ауданның мектеп оқушылары «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» аудандық жастар марафон – эстафетасы аудан бойынша 11 га парк пен сквер, мектеп аймағының 29,9 га, өзен жағасының 20 га, жол жағасы мен екпе ормандары 49,5 га тазартып, жаңа отырғызылған жас көшеттерді күтіп баптады. Сонымен қатар көшелер мен ауылдарды санитарлық тазалау жұмыстары 34 ауылда жүргізіліп, 134 көше тазаланып, 335 тонна қоқыс шығарылды.

№5 Кәсіптік лицей оқушылары ауданымыздың 9 стадионын жөндеп, жеңіл спорттық қондырғыларын Алға қаласының №1, №2 орта мектебінде, № 5 Кәсіптік лицей, Тоқмансай, Қарақұдық, Үшқұдық, Ақай, Қарақобда, Бессараб орта мектептерінде орнатты.

Ауданның елді мекендерінің санитарлық тазалығына 2,2 млн.теңге жұмсалды.

2012 жылға міндеттер:

- Егілген ағаштарды күтіп баптау



- 2000 түп ағаш отырғызу;

- Алға қаласы мен елді мекендердегі саябақтарды абаттандыруды жалғастыру.



Тұрғын үй құрылысы

(№11 слайд) Қазіргі уақыт талабы барлық өңірлерде тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталып отыр. Осы мақсатта жасалған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында ауданда 2011 жылы халықтың өз қаржысынан 348,8 млн.теңге жалпы көлемі 7475,0 шаршы метр 76 жеке үй пайдалануға берілді. Оның ішінде: Алға қаласында құны 178,3 млн.теңге жалпы көлемі 3755,0 шаршы метр 36 тұрғын үй, селолық округтерде құны 170,4 млн.теңге жалпы көлемі 3720,0 ш.м. 40 тұрғын үй іске қосылды. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен бюджет саласындағы қызметкерлерге құны 36,3 млн.теңге жалпы ауданы 640,0 ш.м. 2 қабатты 8 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қосымша инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 2011 жылы 20,7млн.теңге бөлініп, Алға қаласы, Тамды, Қарақұдық ауылдарындағы жалға берілетін 2 пәтерлік тұрғын үйдің сыртқы желілері мен ауласының құрылысына және Алға қаласындағы 2 қабатты 8 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің сыртқы желілеріне жұмсалды.

Тамды ауылының бас жоспарына 5,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.

2012 жылға міндеттер:

- тұрғын үй салу қарқынын сақтау;

- Алға ауданының елді-мекендерінің бас жоспарын іске асыруды жалғастыру;

- жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жүргізу;

- Ауданымызда тұрғын үйлер салынатын аудандарда инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды заңға сәйкес жүргізу.

Халықты әлеуметтік қорғау

Қазақстан алдағы онжылдықта барлық азаматтарының тұрмыс жағдайы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту жөнінде міндет қойып отыр. Есеп беру кезеңінде тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге аса көп көңіл бөлінді. Ауданда тұрғындарды жұмыспен қамту және кедейлік деңгейін төмендету, жұмыссыздарды жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстарға тарту, жаңа мамандық алуға жағдай жасау, шағын несие бөлу, әлеуметтік қолдау көрсету жолдарымен жүйелі жұмыстар жүргізілді.



(№12 слайд) 2010 жылы аудандық жұмыспен қамту бөліміне жұмыс іздеуші ретінде 1128 азамат өтініш берсе, 2011 жылы 736 азаматты құрады. 2010 жылы ресми тіркелген жұмыссыздар саны 73 адам, 2011 жылы 62 адамға дейін кеміп, экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда 0,3 пайызды құрады. Бұл тіркелген жұмыссыздық деңгейінің соңғы жылдары тұрақтылығына қол жеткізіліп, жылдан-жылға жұмыссыздар санының азайып келе жатқандығын көрсетеді.

2011 жылы 521 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 280 орын «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафонға, 118 - «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына байланысты ашылды.

Халықтың бәсекелестігі аз категориясын жұмысқа орналастыру үшін 134 әлеуметтік жұмыс орны ашылып, қоғамдық жұмыспен уақытша 369 адам қамтылды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша: әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан – 116, кәсіптік оқуға қабылданғандар - 138 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жалақыны субсидиялауға 12,9 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. Бүгінгі күні әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 32 ұйыммен шарт жасалды. Колледждерге кәсіптік даярлауға 45 адам, қайта даярлауға 90 адам жіберілді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға 19 адам жіберіліп, өтінім берген 4 адамға 9,0 млн.теңге шағын несие берілді.

Жастар тәжірибесіне оқу орнын бітірген 64 азамат, оның 45-і түрлі бюджеттік, 19-ы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жеке меншік мекемелерге жолданды.

Аз қамтылған 16 отбасына 2,2 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1173 отбасына 18,0 млн.теңге тұрғын-үй жәрдемақысы төленді. Соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, тылда қажырлы еңбек еткен және еңбегі сіңген қайраткерлерге 19,3 млн.теңге көлемінде коммуналдық төлемдер өтелінді. Жергілікті органдардың шешімімен ауданның 1261 азаматына 44,4 млн.теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, сонымен қатар 175 мүгедек 5,0 млн.теңге тұратын көмекші құралдармен және санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.

2012 жылға міндеттер:

- жұмыссыздық деңгейін азайту жұмыстарын жүргізу;

- аз қамтылған отбасылар санын азайту.

- «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру.



Білім беру, дене шынықтыру және спорт

Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік жағдайына байланысты. Ауданның білім беру жүйесінің қарқынды даму жолына түскені қуантады. Жыл сайын ауданның білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынып, мектеп кітапханаларының қоры көбеюде. Ауданның білім беру жүйесінде 35 мектеп (соның ішінде 19 орта, 9 негізгі, 7 бастауыш), 12 мектепке дейінгі мекеме, 1 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт, 1 музыкалық, еңбек нарығын мамандандырылған жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етуге № 5 кәсіптік лицей қызмет көрсетуде, онда 5 мамандық бойынша кадрлар дайындалады. 2010-2011 оқу жылында лицейде 350 оқушы білім алуда. Сонымен қатар ауданымызда 40 мүгедек бала ем алатын «Ақтөбе облыстық оңалту орталығы», 110 бала тәрбиелейтін Тамды ауылындағы көмекші мектеп-интернаты және 317 бала тәрбиелейтін облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернаты жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін 35 мектепте 6510 оқушы білім алуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 25-желтоқсанындағы №1256 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім беру желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативіне сәйкес келмегендіктен, Еркінкүш негізгі мектебі бастауыш мектеп болып қайта құрылды. Аудан әкімінің 2011 жылдың 31 тамызындағы № 331 Қаулысымен Петровка бастауыш мектебі жабылды.

(№13 слайд) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылығымен «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан бойынша балалардың мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының желісі ұлғаюда. Қазіргі таңда ауданда 1325 бала тәрбиеленетін 12 мектепке дейінгі балалар мекемелері жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар мекемелері 215 бала тәрбиеленетін 2 бірлікке көбейді. Мектепке дейінгі шағын орталықтар саны 174 баласы бар 7 бірлікке көбейіп, құрамында 665 баласы бар 20 шағын орталықтар қызмет көрсетуде.

Білім берудегі маңызды мәселелердің бірі – мектеп түлектерін мемлекеттік аттестациялау. 2011 жылы 503 мектеп бітірушінің 321-і ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Орташа балл – 80,1 пайызды құрады. Өткен жылы «Алтын белгі»-ні 4 түлек иеленсе, биылғы жылы 7 мектеп бітіруші иеленіп, 6 түлек үздік аттестатқа ие болды.

Балалардың жазғы демалысына айрықша көңіл бөлініп, биыл жазғы демалыспен 5836 бала қамтылды немесе мектеп жасындағы балалардың 93,2 пайызы. Ауданның барлық мектептерінде жазғы лагерьлер ұйымдастырылды.

Қосымша білім беруде де игі динамика байқалады. 2012 жылдың 1-қаңтарына 1275 бала қамтылған 10 аула клубы, 2377 оқушы тартылған үйірме жұмыс жасайды. Сонымен қатар мектептерде 5 сурет салу студиясында 210 бала оқытылады.



(№14 слайд) Аудан мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 79,4 млн.теңге бөлініп, 5541 оқушы қамтылды, бұл жалпы оқушылар санының 85,1 пайызын құрайды.

Шаралар жоспарына сәйкес барлық мектептерде оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, есепті кезеңге 3 оқушы аудандық ішкі істер бөлімінің тіркеуінде тұр.

2011 жылы білім беру саласын нығайтуға жергілікті бюджеттен 222,0 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде:

Шибаевка орта мектебінің құрылысын аяқтауға 68,9 млн.теңге;

100 орындық Қайыңдысай орта мектебінің құрылысына 52,0 млн.теңге;

білім беру нысандарын өрт дабыл қаққыштарымен жабдықтау мақсатында 16 мектепке 26,3 млн.теңге;

білім беру нысандарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға 41,0 млн.теңге;

2011-2012 оқу жылына білім беру мекемелеріне отын алуға 35,8 млн.теңге қаржы игерілді.

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон – эстафетасына облыстық және аудандық бюджеттен 23,5 млн.теңге бөлініп, барлығы 2140 оқушы қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Жолдауда айтылғандай халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және тұрғындардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту бүгінгі күннің басты талабы. Адамзат баласының жалпы дамуын дене тәрбиесі мен спорттан бөлек алып қарауға болмайды. Бұл сала соңғы кезеңде үлкен әлеуметтік мәнге ие болуда. Ауданда дәстүрлі кәсіпорындар мен мекемелер арасында спартакиада, «Денсаулық фестивалі», «Былғары доп», «Көңілді старттар», мектеп оқушылары арасындағы спартакиадалар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуде.

Бүгінгі таңда дене шынықтыру, спортпен айналысатын адамдар саны 12413 адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 7696 адамға көбейген. Алға қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 9 спорттық секция түрімен 716 бала айналысады. Сонымен қатар Тамды, Бестамақ, Есет батыр Көкіұлы, Тоқмансай ауылдарында 211 оқушы қатысатын балалар мен жасөспірім спорт мектебінің 4 филиалы жұмыс жасайды.

2011 жылы облыс және аудан көлемінде өтетін спорттық іс-шараларға 1,7 млн.теңге бөлініп, игерілді.



2012 жылға міндеттер:

- Қайыңдысай селосында 100 орындық негізгі мектебін іске қосу;

- мектеп жасындағы балаларды оқуға тартуды толық қамту;

- ҰБТ-ң нәтижелерін жақсарту;

- 12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру;

- Маржанбұлақ орта мектебінің базасында ресурстық орталықты эксперимент түрінде енгізу;

- Қосымша білім беру желісін арттыру; (техникалық үйірмелер санын көбейту)

- Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін Назарбаев интеллектуалдық мектеп курстарынан өткізуге қол жеткізу;

- спортпен айналысатындар санын арттыру;

- халықты жүйелі түрдегі дене шынықтыруға тарту;

- спортзалдарды спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету.

- елді мекендерге қарапайым спорттық алаңдар салу.



Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауды дамытуда негізгі мақсат - алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді және азаматтарға медициналық көмек көрсетудің нәтижелі жүйесін жетілдіру жолымен аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту болып табылады.

Ауданда тұрғындарды қабылдайтын 92 және 60 кереуетпен қамтылған орталық аурухана, ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 21 медпункт және 1 фельдшерлік - акушерлік пункт кепілді медициналық көмек көрсетуде.

Аудан бойынша дәрігерлер саны - 72. Орта медициналық қызметкерлер - 278.

Есепті жылы аудан тұрғындарының денсаулығы жақсарғанын байқауға болады. Демографиялық көрсеткіш бойынша туылғандар промильі – 22,7, өлім – 8,9. Табиғи өсім +13,9 промиль. 12 сәби өлімі тіркелді. Ана өлімі тіркелген жоқ. (№15 слайд)

Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және азайту бойынша жұмыстар жүйеленді. Маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі туберкулез ауруы болып табылады. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 104 адам анықталды. 2011 жылы туберкулезбен ауыратын 22 адам есепке алынды (2010 жылы 25).

Елдің орнықты әлеу­мет­тік-демография­лық дамуын Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақ­сартуға 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы енгізілуде.

2011 жылдың 1 сәуірінен аудандық орталық аурухана шаруашылық құқығына көшті. 2012 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік бағдарламаға сәйкес аудандық емхана отбасы денсаулығы орталығы және диагностикалық кеңес беру бөлімі болып бөлінді.

Дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 90,6 мың теңге, орта медицина қызметкерлерінікі 63,5 мың теңгені құрап отыр.

Медицина қызметшілері үшін есепті жылы республикалық бюджеттен 17 млн. 968,2 мың теңге қосымша төлем төленді.

Ауылдық елді–мекендерді медициналық мекемелермен қамту мақсатында Қарақұдық селолық округіндегі Тікқайың ауылында 13,0 млн.теңгеге медициналық пункт іске қосылды.

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға 5,1 млн.теңге бөлініп, игерілді.



2012 жылға міндеттер:

- салауатты өмір салтын қалыптастыруды жалғастыру;

- туберкулезбен ауыру деңгейін азайту;

- сәбилер шетінеуінің көрсеткішін төмендету;

- Нұрбұлақ ауылында медициналық пункт салу;

- 3 денсаулық сақтау ғимаратын күрделі жөндеу (Алға орталық аудандық ауруханасының ғимараты, Тамды, Бесқоспа ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар).

Мәдениет

Алға ауданында 14 бірлік мәдениет үйі мен клуб мекемелері, 15 кітапхана қызмет көрсетуде.

2011 жылы ауданның кітап қорын толықтыруға аудандық орталық кітапхана мен оның елді-мекендердегі бөлімшелеріне жалпы сомасы 1,5 млн.теңге 1736 дана көркем әдебиет алынып, оның 949 данасы селолық округтерге берілді.

Есепті жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан тұрғындарының мәдени рухани дамуын жетілдіру, ұлтымыздың салт дәстүрін жаңғырту мақсатында жоспарлы шаралар өткізді.

Ақпан айының 25 жұлдызында Алға аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен «Ауғанда болған арыстар» атты қайырымдылық концерті болып өтті. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аудан көлемінде жоғарғы деңгейде өткізілді. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Баталы ел арымас», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» «Сүйкімді бүлдіршін» байқаулары өткізілді.

Өздеріңізге белгілі, 2011 жылы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алға қаласының 50 жылдық мерекесі мен еліміздің даңқты перзенті, ақын, термеші Кердері Әбубәкірдің 150 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді. Ақындар айтысына еліміздің өңірлерінен келген 24 ақын қатысып, бас жүлдеге автокөлік тарту етіліп, тойдың жоғарғы деңгейде өткізілгені туралы орталық, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында басылып жарияланды.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 726,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Тілдерді қолдану мен дамытуға 2010 жылы 600 мың теңге қарастырылған болса, 2011 жылы аталған мақсаттарға 638 мың теңге бөлініп, тиісті іс-шаралар атқарылды.

2011 жылы аудандық бюджеттен 66,0 млн теңге бөлініп, орталық демалыс саябағына абаттандыру және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарының пайдалануына берілді.

2012 жылға міндеттер:

- дәстүрлі мәдени, рухани іс-шаралар ұйымдастыру;

- жеке меншікте тұрған мәдениет мекемелерін коммуналдық меншікке қайтару үшін жұмыстар жүргізу;

Бюджет және салық саясаты

Фискалдық саясат аудан экономикасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.



(№16 слайд) 2011 жылдың қортындысы бойынша аудандық бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдер көлемі 900,6 млн. теңгені немесе жоспардың 100,9 пайызын құрады.

Маңызды міндеттердің бірі – қаражаттың игерілуі. 2011 жылы жоспарланған 3628,6 млн. теңгенің 3604,4 млн. теңгесі игеріліп, бюджеттің шығыс бөлігі 99,3 пайызға орындалды.

2011 жылы ауданға бөлінген республикалық, облыстық трансферттер және субвенциялар келесі салалар бойынша бөлінді: білім саласы 1934,0 млн. теңге, әлеуметтік салаға 174,8млн. теңге, жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсетуіне (несие, көтерме ақы) 18,7 млн. теңге, спорт және мәдениет саласына 58,8 млн. теңге, тұрғын үй коммуналдық саласына1095,0 млн. теңге, жол күтіміне 16,8 млн. теңге, ауылшаруашылық саласына 28,5 млн. теңге, мемлекеттік мекемелердің қызметіне 291,5 млн теңге.

2012 жылға міндеттер:

- жыл қорытындысы бойынша бюджеттік қаражатты 100 пайыз игеру;

- бюджетке түсетін салықтардың түсімдерін қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жыл басынан 4 рет отырыс өтті. Алға ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарды іске асыруда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, жер телімдерін беру, мемлекеттік сатып алу және ауданда қаржының тиімді жұмсалу мәселелері қатаң бақылауға алынды.

Барлық мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамаларын бұзу деректері жөнінде хабарлау үшін сенім телефондары қондырылып, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланды. Аудан әкімдігінің бірінші қабатында көрнекті жерде «Сенім жәшігі» қойылды. Бұл сенім жәшіктері азаматтардың өзекті мәселелер тарапынан болатын жемқорлық фактілері мен қиындықтарды шешу мәселелеріне бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінің талаптарын сақтауы бойынша бақылау кітабы ашылды, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі көрнекті жерге орналастырылған. Әр жұмада азаматтардан түскен арыз-шағымдар туралы мәліметтер облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жіберіліп отырады.

Есепті жылы Алға ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Қоғамдық тәртіп

Алға ауданының ішкі істер бөлімімен 2011 жылдың 12 айында аудан аумағында құқықтық ахуалдың жақсаруы, қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және оны ашу, маскүнемдіктің, нашақорлық пен уытқорлықтың, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алудағы профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған негізгі іс-шаралар жүргізілді.



(№17 слайд) 2011 жылдың 12 айында өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 191-ден 239-ға көбейіп, өсуі 25,1 пайызды құрады. Негізінен қылмыстың өсуі аудан бойынша ұрлықтың көп тіркелуінен болып отыр. Қылмыстың ашылуы 78,0 пайызды құрады. Есептік кезеңде тіркелген аса ауыр қылмыстар саны 9-дан 7-ге азайса, ауыр қылмыс саны 20-дан 32-ге өсіп, оның ашылуы 72,2-ден 80,0 пайызға жақсарды.

Қылмыстың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың оң нәтижесі байқалуда.

Қылмыстың жасалуына қарай, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 8-ден 4-ке, бұрын сотты болғандармен жасалғаны 7-ден 3-ке, отбасы жағдайында тіркелгені 3-тен 1-ге азайды. Аудан аумағында қасақана кісі өліміне қатысты 6 қылмыс тіркеліп, ол санаттағы қылмыстық істер сотқа жолданды.

Көші-қон полициясының мәліметіне сәйкес 2011 жылдың 12 айында Алға ауданына тұрақты тұруға келген шетелдіктер 2010 жылғымен салыстырғанда 133-тен 310-ға, уақытша келіп кеткендер саны 2602-ден 2776-ға көбейді. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болуы туралы Ережені бұзған 223 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



2012 жылға міндеттер:

- жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш-арыздарды, хабарламаларды дереу тіркеу, заңды шешім қабылдауды бақылауға алу, қылмысты тіркеуден жасыру фактілеріне жол бермеу шараларын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуге бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру;

- аудан жолдарында жол апатының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар тәрбие және кадр жұмысын жетілдіру, ішкі істер органына қызметке қабылдауда үміткерлерді мұқият тексеруден өткізуді жүзеге асыру, заңдылық пен тәртіпті күшейту, полиция қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін көтеруді қамтамасыз етуге бағытталды;

- қолданыстағы заңдар негізінде аудан аумағындағы орын алуы мүмкін әрбір қоғамдьқ-саяси жағдайдың ушығуына жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, қоғамдьқ тәртіп пен қауіпсіздік нығайту жүктелді.



Қоғамдық – саяси жағдай

Елімізде 2011 жылы жүзеге асырылған көлемді жұмыстардың нәтижелері, жетістіктердің бәрі де Елбасының сындарлы саясатының арқасы.

Ауданда экономиканың дамуымен қатар қоғамдық – саяси жағдай тұрақты және бірқалыпты сипатта болып отыр.

Мемлекеттік органдар тарапынан өткізілетін барлық қоғамдық-саяси шараларға саяси партиялар, соғыс және еңбек ардагерлері, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдіктерімен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

«Қазақстан – 2030» Стратегиялық дамуы, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, түсіндіру және жүзеге асыруда айқынды жұмыстар жүргізілді.

Ауданымызда Елбасы жолдауымен ақпараттандыру-насихаттаумен қамту мақсатында 48 мүшесі бар 12 ақпараттық –насихат топ 25 дөңгелек үстел, лекция, кездесулер ұйымдастырды. Бұл шараларға ауданымыздың 17 мыңнан астам халқы қамтылды.

2011 жылы 20 қоғамдық-саяси, мәдени және жастарға тәрбиелік маңызы бар шаралар өткізілді.

Қоғамдық келісім мен ішкі саяси жағдайды бірқалыпты қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқару органдарының жүргізіп отырған іс-шараларымен халықты жедел және толық ақпараттандыруда республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдармен қатар аудандық «Жұлдыз-Звезда» газеті мен «Аққайнар» кабелді телевизиясының ролі зор.



2012 жылы атқарылатын міндеттер:

1. «Қазақстан -2030» мемлекеттік Стратегиясын, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын аудан тұрғындарына жеткізу, түсіндіру, насихаттау.

2. Ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру, қоғамдық- саяси жағдайларға талдау жасау, аудан басшылығының қызметіне ақпараттық талдауды қамтамасыз ету, ішкі саясат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың арасындағы қызметтерін үйлестіру.

3.Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, діни ұйымдармен бірлескен әрекет арқылы ауданда бірқалыпты ішкі саяси жағдаймен ұлтаралық және қоғамдық келісімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік қысым тудыратын проблемаларды дер кезінде анықтау мен шешу.

4. Жастар саясатын жетілдіру, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу жұмыстарын кеңінен жүргізу, ауылдық жерлерге жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында оларға әлеуметтік жағдай жасау;

Мен сіздерге әр саланың 2012 жылы жоспарланған бірқатар іс-шараларымен қысқаша таныстырып өттім, алда атқарылар істер әлі де жетерлік.



Құрметті жерлестер!

Сөз соңында Сіздердің алдарыңызда 2011 жылы тұрғындармен есеп беру кездесуінде қойылған мәселелердің орындалуы туралы бірер сөз айтуға рұқсат етіңіздер.

Өткен жылы тұрғындармен есепті кездесуде 11 мәселе көтерілген. Қазіргі таңда 4 мәселетолығымен шешілді:

1.Қарақобда селосына су жүйесін жүргізу,

2.Көп қабатты үйлер ауласына ойын алаңдарын орнату (Ә.Молдағұлова көшесі 6 үй , С.Сейфуллин көшесі 28 үй)

3. Тоқмансай селолық округіндегі бюджеттік ғимараттарды газ желісіне қосу.

4. Тоқмансай станциясын газдандыру

5 мәселе шешілу үстінде:

1.Сарықобда – Болгарка елді мекендеріне «Ауыз су» бағдарламасы бойынша ауыз су кешенінің ЖСҚ даярланып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

2. Маржанбұлақ ауылын сумен қамтамасыз ету ЖСҚ-на мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 11,5 млн.теңге қаралып, игерілуде.

3. Қарақұдық ауылының газ жеткізуші құбырлары мен ауылішілік газ желілер құрылысының ЖСҚ дайындауға облыстық бюджеттен 12,8 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда 4,9 млн.теңгесі игерілді.

4.Маржанбұлақ ауылындағы ауылішілік газ жеткізуші құбырлары мен ауылішілік газ тарату желілерінің ЖСҚ-на жергілікті бюджеттен 28,4 млн. теңге қарастырылып, 24,6 млн. теңгесі игерілді. Қазір мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

5. Есет батыр Көкіұлы селосының су құбыры кешені ағымдағы 1 жартыжылдықта іске қосылады.



2 мәселе қарастырылуда:

1.Үшқұдық селосының мәдениет үйін күрделі жөндеу;

2. Есет батыр Көкіұлы селосының мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу;

Құрметтi жерлестер!

Көрiп отырсыздар, ауыз толтырып айтар айшықты жетiстiктерiмiз аз емес. Алайда олардың баршасын келер күнгi мiндеттердiң басы деп қабылдайық. Ауданымыздың ажарын асырып, келбетiн көркейтетiн оңды мәселелер өте көп. Олардың бiрқатары ауданымыздың күнделiктi тыныс-тiрлiгiне қатысты болса, бiрқатары алысқа ұмтылған маңызды мақсаттар. Айналып келгенде, оларды ойдағыдай жүзеге асыру осы жердiң ыстығына күйiп, суығына тоңып, бiте қайнаса жұмыс iстеп жүрген мына сiздер мен бiздердiң қоян-қолтық iс-әрекетiмiзге тiкелей байланысты. Аталарымыз «Тiрлiгi жарасқан жұрттың түтiнi түзу, бiрлiгi жарасқан жұрттың туы түзу», - деген. Ауданымыз – тiрлiгi де, бiрлiгi де жарасқан үлкен аудандардың бірі. Осы отырған баршамыздың ордалы мекеніміз. Сондықтан бөлiп-жаратын еш нәрсе жоқ. Бүгiнi де, болашағы да өз қолымызда. Мiндет те, мүдде де баршамызға ортақ. Олай болса, ауданымыздың жетiстiгi қандай, кемшiлiгi нендей екен деп, жоба-жоспарымыздың бағыты қалай екен деп жанашырлық көрсетiп, болашақта қол ұшын беретіндеріңізге сенім білдіремін!



Уақыттарыңызды бөлiп келгендерiңiзге көптен-көп рахмет!
Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет