ҚАДырова шарипа әДілханқызы



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі0.58 Mb.
түріАвтореферат
  1   2   3

УДК 616.98:579.841.93]:616-085 Қолжазба құқығында



ҚАДыРОВА ШАРИПА ӘДіЛХАНқызы

Кадмий және қорғасынның деңгейі жоғарылаған аймақтағы

жедел бруцеллездің клиникалық көріністерінің ерекшеліктері

және емдеу тәсілдерін жетілдіру

14.00.10 – жұқпалы аурулар

Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы


Алматы, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті және

Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығында

орындалған


Ғылыми жетекшісі : медицина ғылымдарының докторы

Г.М. Құрманова


Ғылыми кеңесшісі: медицина ғылымдарының докторы,

профессор К.Б.Құрманова


Ресми оппоненттері: медицина ғылымдарының докторы,

профессор академик М.С.Сыздыков,
медицина ғылымдарының кандидаты,

доцент К.А.Өмешева.


Жетекші ұйым: Семей мемлекеттік медицина университеті


Қорғау 2010 жылдың «29» қазан сағат «16 00» С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 050002, Алматы, Төле би көшесі, 94.

Диссертациямен С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050012, Алматы, Бөгенбай батыр көшесі, 151.


Автореферат 2010 жылдың «____ » ____таратылды.
Диссертациялық кеңесінің

ғалым хатшысы м.ғ.д. Дүйсенова А.К.


Тақырыптың өзектілігі

Бруцеллез көптеген ауыл шаруашылығы дамыған елдердің денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі болып табылады. ДДСҰ мәліметі бойынша жылына бруцеллезбен ауыру шамамен 1млн жағдайда тіркеледі екен. Соңғы кезде бруцеллезбен науқастану Туркияда, Израилде, Латын Америкада, Шығыста және Францияда өсуде [Pappas G., 2006, Mantur B.G., 2006, Trujillo Z., 1994].

Бруцеллезбен күресуде жетістіктерге Болгария, Югославия аурудың сирек жағдайларымен тіркелген жеке аймақтар жетуде. Сонымен қатар, Европада, Жапония ауыл-шаруашылық жануарларында осы ауруды толық жоюға тәжірибелік тұрғыдан қол жеткізуде. Бруцеллезді жоюда жедел мәселе болып, Закавказия, Орталық Азия, Оңтүстік Повольже қалып отыр. Дағыстан Республикасы бруцеллез ауруы бойынша Ресей Федерациясында аса қолайсыз аймақтардың бірі болып есептеледі. Бұл өңірдегі бруцеллез таралымы жалпы Ресей аймағындағы көрсеткіштен 10 есе артық [Pappas G., 2006].

Қазақстан Республикасында эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бруцеллезге адамдардың денсаулық сақтау мамандарының шалдығуы белгілі, бұл өте ауыр жағдай ретінде бағалануда. Алматы қаласының клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының деректері бойынша 2001-2005 жыл аралығында бруцеллезбен науқастанғандар саны 759 адамға жеткен. Олардың ішінде жедел және жеделдеу бруцеллезбен ауырғандарының саны 259 адам (34,1%) [Абдыкулова А.Б., 2007]. Жедел және созылмалы түрлерімен шалдыққандардың ара қатынасы 1:2, ал бұл көрсеткіш өткен жылдары 1:11-1:19 тең болатын [Закарян С.Б., 2005]. Қазақстан Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығының деректеріне орай 3596 жағдайда алғаш анықталған бруцеллезбен ауырған адамдар тіркелген (100000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш -23,71). Ауру деңгейіне орай өте қатерлі жағдайлар Оңтүстік Қазақстанда, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан аймақтарында көрініс берген.

Соңғы жылдары бруцеллез ауруы қала тұрғындары арасында да кең таралуда, бұл адамдардың инфекция көздерімен тығыз байланысқа түсуінен эпизоотиялық ошақтар көзі ауылдық жерден қалаға ауысуын байқатады. Мұндайдағы алиментарлық жолмен жұқтыру, шикі не толық қайнатылып өңделмеген өнімдерді (сүт, ірімшік, айран және т.б.) пайдаланудан болып отыр [Курманова К.Б., Дүйсенова А.К., 2002].

Бруцеллезбен аурушаңдық 15-39 жас аралығында көптеп кездесіп отыр [Trujillo Z., 1994].

Қазіргі таңда қоздырғыштардың биологиялық қасиеттерінің ауысуынан, сондай-ақ макро, микроағзалардың тіршілік ортасының әлеуметтік-экологиялық және экономикалық шарттарының ықпалынан көптеген инфекциялық аурулардың клиникалық-эпидемиологиялық бітістері де өзгеріске келуі байқалуда. Бұл өзгерістер әсіресе бруцеллезге тән келеді, себебі бұл инфекция жағдайындағы эпидемиологиялық үрдіс эпизоотиялық үрдістер көрінісіне тәуелді [Курманова К.Б., Дүйсенова А.К., 2002, Амиреев С.А., 1989].

Тұрғындардың денсаулық жағдайы қоршаған ортаның жағдайына байланысты, ал биосубстраттардың құрамында ауыр металл тұздарының болуы (тырнақ, қан, шаштар, несеп) көп мөлшерде атмосфералық ауадан, судан және тағам өнімдері арқылы организмге енгенін байқатады [Fertig S., 1989, Аканов А.А., 1992, Грановский Э.И., 1992].

Ауыр металдар политропты улы зат болып есептеледі. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, ауыр металдар адам организміне біртіндеп жиналып, ағзаларға және иммундық жүйеге кері әсерін тигізеді. Өндірістік қалалардың шекарасында экологиялық таза емес жерлерде тұратын халықты зерттегенде, ағзасында ауыр металдар көп мөлшерде жиналғандығы анықталған [Капитонова Т.М., 1998, Сидоров Н.Ф., 1995].

Қорғасын қоршаған ортаның ең қолайсыз факторы болып саналады, иммундық жүйеге әсер етеп, иммунопатологиялық синдромдар дамуына байланысты бірден-бір себебі болады [Капитонова Т.М., 1998, Сидоров Н.Ф., 1995, Ефимова А.А., 1996, Koller L.D., 1973]. Қорғасынның әсерінен бүйрек қызметінің бұзылу белгілері байқалады [Капитонова Т.М., 1998, Батырханов М.С., 2009]. Қан жасау жүйесі ауруларының ішінде иммунды жүйенің бұзылысымен сипатталатын аурудың қатарына әртүрлі генезді анемияны жатқызуға болады.

Кадмийдің де ағзаға әсер етуі сынапқа ұқсас, бірақ ол организмде ұзағырақ сақталуының нәтижесінде организмнен кальцийді шығарып алып, ферменттер құрамына цинкті орналастырады. Кадмий темірдің сіңірілуіне әсер етіп, темір тапшылықты анемияның дамуына себеп болады және гемопоэзді бұзып, иммундық жүйенің қызметіне кері әсер етеді [Капитонова Т.М., 1998, Сидоров Н.Ф., 1995]. Ауыр металл тұздарымен (қорғасын мен кадмийдің) тұрақты уланудың иммундық жүйеге әсері туралы зерттеулер көп, бірақ олардың инфекциялық аурулардың ағымына патологиялық әсері бұрын толық зерттелмеген.

Жедел бруцеллезде кез келген кері әсер организмнің иммундық жауабының созылмалы түрге өту үрдісінің жоғарылауы мен этиотропты емдеудің тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Бруцеллез кезінде бактерияға қарсы емнің әсерін жоғарылату мақсатында интерферон, тимиялық факторлар, интерлейкин-2 препараттары қолданылады. Бірақ жедел бруцеллезде интерферон индукторының иммундық бұзылысын реттеу және созылмалы түрінің алдын алу мәселесі зерттелмеген. Бактериалық сұйық интерферон индукторының құрамына кіретін бруцеллездік аллерген созылмалы бруцеллездің жеңіл түрлерінде науқастарды емдеуге ойдағыдай қолданылған, бірақ жедел бруцеллезді емдеу кезінде әлі де қолданылмаған. Қазақстан Республикасында дайындалып емдік дәрі ретінде пайдалануға рұқсат етілген интерферон индукторын қолдану жедел бруцеллезбен науқастанған адамды емдеу диссертациялық зерттеудің тағы бір мақсаты болып табылады.


Зерттеудің мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында (Кентау қаласы мысалында) жедел бруцеллез ағымының ерекшеліктерін және созылмалы түрге әкелетін факторларды анықтау және отандық препарат - бактериалық сұйық интерферон индукторының тиімділігін зерттеу негізінде бруцеллездің емін жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері:

1. Ауыз суда, тағамда кадмий және қорғасынның деңгейі шектеулі мөлшерден жоғарылаған аймақтағы жедел бруцеллездің клиникалық ағымына тигізетін әсерін анықтау.

2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы нақты жағдайында қолданылған жедел бруцеллезді әртүрлі әдістермен этиотропты емдеудің тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізу.

3. Ауыр металл тұздарымен (кадмий және қорғасын) тұрақты улануға шалдыққан жедел бруцеллезбен ауырған науқастарда бактериалық сұйық интерферон индукторын қолданудың тиімділігін бағалау.


Зерттеудің ғылыми жаңалықтары және тәжірибелік құндылығы

Алғаш рет репрезентативті материалда көрсетілді:

ауыр металл тұздарымен (кадмий, қорғасын) тұрақты улану жедел бруцеллездің клиникалық ағымын өзгертетіндігі, ал ағымын анықтағанда жиі жеделдеу басталып және айқын гепатомегалияның, жедел сатылы өзгерістердің сирек кездесуі, бірақ айқын полилимфоаденопатия және буындық синдромның жиі орын алатындығы дәлелденді.

Отандық препарат - бактериалық сұйық интерферон индукторын ауыр металл тұздарымен тұрақты улану салдарынан дамыған преморбидтік фонындағы жедел бруцеллезбен науқастардың кешенді емінде қолдану арқылы емнің тиімділігін жоғарылатып, аурудың созылмалы үрдіске өту жиілігін төмендетуге болатындығы анықталды.


Қорғауға ұсынылған диссертацияның негізгі қағидалары

Жедел бруцеллездің созылмалы түрге жиі ауысуының бір себебі адекватты емес этиотропты емді қолдану (препараттарды, мөлшерін, емдеу ұзақтығын таңдауда) болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының нақты клиникалық тәжірибесінде жедел бруцеллездің әртүрлі емдеу схемасының тиімділігін салыстырмалы талдау жүргізгенде, екіншілік созылмалы бруцеллездің дамуының ең төмен көрсеткіштері фторхинолондарды (ципрофлоксацин және пефлоксацин) адекватты мөлшерде қолданғанда (59,2%), доксициклинді (86,2%), стрептомицинді (84,6%) және гентамицинді (96,3%) болатыны байқалды.

Ауыз суда, тағамда кадмий және қорғасынның деңгейі шектеулі мөлшерден жоғарылаған аймақтағы жедел бруцеллездің клиникалық көрінісі фонды патология әсері нәтижесінде (кадмий және қорғасынмен тұрақты улану) өзгеретіні анықталды, бұл созылмалы түрге өтудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді (Қазақстанның басқа аймақтарынан жоғары), ал жұғу жолы жедел бруцеллездің ағымына айтарлықтай әсер етпегендігі (бақылау аймағымен салыстырғанда) дәлелденді.

Бактериалық сұйық интерферон индукторын жедел бруцеллезбен науқастарды этиотропты терапияның адекватты схемасымен бірге кешенді емдеу – науқастардың 91,7% тікелей клиникалық тиімділікке қол жеткізген, ал ауыр металл тұздарымен тұрақты улануы белгілі, преморбидтік фонындағы науқастардың 70% инфекциялық үрдістің созылмалы түрге өтуінің алдын алынғандығы анықталды.


Зерттеудің тәжірибелік құндылығы

Зерттеу нәтижелері ауыр металл тұздарымен тұрақты уланудың жедел бруцеллездің ағымын өзгертетіндігін көрсетіп және бұл патологиямен ауырған науқастарды өз уақытында тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Бактериалық сұйық интерферон индукторының дәлелденген тиімділігі жедел бруцеллезбен ауырған науқастардың кешенді емінде берілген отандық өндірістегі препаратты преморбидтік фоны бар, жедел бруцеллездің модификацияланған ағымындағы науқастарда ауыз су және тағамда кадмий және қорғасынның деңгейі шектеулі мөлшерден едәуір жоғарылаған аймақтарда қолдануды негіздейді.


Зерттеу нәтижелерінің ресми жариялануы

Диссертацияның негізгі қағидалары баяндалды және талқыланды:

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция "Сейтен тағылымы" (Көкшетау, 2007);

XII Халықаралық медицинадағы реабилитация мен иммунологиялық реабилитация бойынша конгресс (Таиланд, Паттай, 5-7 декабрь 2007); Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция "Шоқан тағылымы-14" (Көкшетау, 24-26 сәуір, 2009),

Х.Жұматов атындағы ГжЭҒО проблемалық комиссияда (қыркүйек, 2010).

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проблемалық комиссияда (қыркүйек, 2010).


Ғылыми - зерттеу жұмыстарының жоспарларымен байланысы

Диссертация ҚР ДСМ Гигиена және эпидемиология ҒЗИ «Әлеуметтік маңызды инфекциялардың әр алуан клиникалық түрлерінде лабораториялық диагностиканың, иммунологиялық бұзылыстардың заңдылықтары және оны түзетудің салыстырмалы тиімділігі» ғылыми зерттеу-жұмысының фрагменті № ГР 0100РК00657, шифр 06-Н (2003-2005).



Жариялаулар: Диссертация тақырыбы бойынша 10 мақала жарық көрді, оның ішінде 5 ғылыми мақала ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті бекіткен басылымдарда жарық көрді.
Автордың жеке үлесі

Автор зерттеудің негізгі бөлімін өзі орындады, әдебиеттерге шолу, оған талдау жүргізу, клиникалық лабораториялық зерттеулерге емделудің динамикасында және катамнезінде талдау жүргізді, бруцеллезге тән АБЛ-ды анықтау әдісін және өзі анықтауды, статистикалық өңдеу және оны қорытындылауды жүргізді. Бірлескен авторлардың қатысуы шығарылған жұмыстарда бейнеленді.


Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 116 компьютермен терілген бетте мазмұндалған, 63 кесте, 15 суретпен ресімделген. Жұмыс кіріспеден, әдебиеттерге шолудан, негізгі бөлім, материалдар мен әдістерден, өзіндік зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, тұжырымнан, тәжірибелік ұсыныстар мен әдебиеттер тізімінен құралған. Әдебиеттер саны 198, оның 85 шет ел әдебиеті.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу материалдары мен тәсілдері

Ғылыми-зерттеу диссертациялық жұмыс Х.Жұматов атындағы ГжЭҒЗО және Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚЖАА) базасында 2006-2008 жылдар аралығында жүргізілді.

Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 2006-2008 жылдар аралығында (жедел және жеделдеу бруцеллезбен) ем қабылдаған науқастар саны 280 адамды құрады. Олардың ішінде жедел бруцеллезбен 262 науқас, жеделдеу бруцеллезбен 18 науқас ем қабылдаған. Жедел бруцеллез ағымына байланысты орташа ауыр ағымы 60%, ауыр ағымы 40% кездесті.

Эпидемиологиялық анамнезі бойынша барлық науқастар екі топқа бөлінді. Жедел бруцеллезбен ауырған науқастардың көпшілігі стационарға көктемгі−жазғы мезгілдерде, яғни мамыр, маусым, шілде, тамыз айларында түскен.

БСИИ –мен 60 науқасқа ем жүргізілді, бруцеллездің орташа ауыр ағымы мен 49 науқас және ауыр ағымымен 11 науқас қамтылды. Олардың ішінде, ерлер - 37 (61,67%), әйелдер– 23 (38,33%), орта жасы 40,9813,15 жас.

Бақылау тобына 56 науқас жедел бруцеллездің орташа ауыр және ауыр ағымымен алынды. Жасы, жынысы бойынша науқастар ұқсас болды.

Науқастар стандарттық этиопатогенетикалық - ем антибактериалдық, қабынуға қарсы, симптоматикалық ем қабылдады. Этиотропты терапия кезінде фторхинолондар тобындағы препараттар ципрофлоксацин немесе пефлоксацин немесе доксициклин немесе доксициклин + рифампицинмен ұсынылған дозада жүргізілді.

Негізгі топ этиопатогенетикалық еммен бірге БСИИ қабылдады.

БСИИ 1 мөлшерде (107 интерферон - индукциялаушы бірлік) бұлшық етке күнара тағайындалды, курсы – 7 күн.

БСИИ-мен кешенді емдеудің әсерін бағалау мақсатында біз айқын клиникалық белгілеріне емдеу схемасына байланысты салыстырмалы талдау жүргіздік. Негізгі симптомдарға қызба, тершеңдік, полинейромиалгия, қалтырау, полиартралгия, бастың ауыруы, лимфоаденопатия, гепатомегалия жатады. Әрбір симптомның айқындылығын балл бойынша бағаладық: 0 балл – симптомдардың болмауы, 1 балл – әлсіз айқындалған белгі, 2 балл– жәй айқындалған белгі, 3 балл – жоғары айқындалған белгі. Әр науқасқа арналған жеке карта құрастырылып, ол картада науқастың айқын клиникалық белгілерін стационарда ем қабылдаған барлық кезеңі күндер бойынша бағаланып отырды. Қорыта келгенде әр симптом жиналған баллға байланысты бағаланады.

Емделгеннен кейін науқастарға катамнестикалық бақылау 3, 6 айда, 1 жылда жүргізілді.

Бруцеллездің клиникалық диагностикасы жедел/жеделдеу бруцеллезді анықтаудың стандарттық анықтамасына негізделді, ҚР ДСМ 15 желтоқсан 2006 жылғы №623 бұйрығына сәйкес. Эпидемиологиялық анамнезді жинақтау арқылы инфекцияны жұқтыру мүмкін жолдары анықталды.

Клиникалық диагноз бақылауда болған жедел бруцеллезбен ауырған науқастарда Райт (АР) және Хаддлсон (ХР) реакцияларындағы арнайы антиденелерді, пассивті гемагглютинация реакциясы (ПГАР), бруцеллезге тән АБЛ-ды анықтау (ГжЭҒО) арқылы, Brucella гемодақылын (Кентау қалалық СЭБ) бөліп алу арқылы дәлелденді. Бруцеллезге тән антиген байланыстыратын лимфоцитті (АБЛ) Б.В. Каральник және П.Н. Дерябиннің модификациясы бойынша тәжірибелік және бақылау сынамалары арасындағы айырмашылықты тікелей емес розетка құраушы тәсілімен анықтайды [1992, 2001].

Кентау қаласының санитарлық – гигиеналық сипаттамасын анықтау үшін лабораториялық зерттеу жүргізгенде руда қалдықтары орналасқан орындарда, суда, топырақта, тұрғындардың қан сарысуында, шашта ауыр металдардың, оның ішінде қорғасын, кадмий, сынап, мыстың деңгейі шектеулі мөлшерден артық көрсеткішті көрсетті. Кешенді санитарлық–гигиеналық зерттеу нәтижелері бойынша кадмий және қорғасынмен тұрақты уланудың клиникалық көріністері Е.К.Куандыков пен И.С.Молдалиевтің зерттеу жұмыстарында анықталды. Кентау қаласында ішетін суда қорғасынның концентрациясы ШМ 5-12 есе, кадмий 2,1 есе жоғары болды [Куандыков Е.К., 2008, Карымбаев К.К., 2006, Баешов А.Б., 2002, Молдалиев И.С.,1996].


Зерттеудің нәтижелері.

Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 2006-2008 жылдар аралығында бруцеллезбен ем қабылдаған науқастар саны 280 адамды құрады. Жедел бруцеллез ағымына байланысты орташа ауыр ағымы 60%, ауыр ағымы 40% кездесті.

Алиментарлы жол арқылы жұқтырғандар саны 61,43 ± 2,9%, ал жанасу жолы арқылы жұқтырғандар саны 38,57 ± 2,9% құрады. Негізгі жұғу жолы- алиментарлық. Қала тұрғындарының арасында жедел бруцеллезге шалдығу жиі байқалады, бұл термиялық толық өңделмеген ет, сүт және осылардан дайындалатын өнімдерді пайдалануға байланысты.

Барлық науқастар стационарға поликлиникадағы бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен келген. Науқастар стационарға кеш түскен, негізінен ауру басталғаннан 15-25 күн өткеннен соң түскендер 48,93%, ал 26-35 күннен соң түскендер 35,71% құрады. Стационарға кеш түсуінің себебі дәрігерлер арасында бруцеллезге деген күмәндану болмағандығы, себебі бруцеллезбен тек ауыл тұрғындары ғана ауырады деген дәстүрлі ұғым бар. Кеш диагноз қоюдың себептерінің бірі дәрігерлер эпидемиологиялық анамнезін толық сұрастырмауы, жедел бруцеллездің клиникасын толық білмеуі, қызба синдромы бар науқастарды тексеру тәртібін білмеуі.

Эпидемиологиялық анамнез 47,14% науқастарда ешбір анықталмаған, ал 18,21% толық жиналмаған. Науқастарда жедел бруцеллездің типтік клиникасы болуына қарамастан 50% жағдайда жұқпалы емес аурулар диагноздары қойылған (1-кесте).


1-кесте. Бруцеллезбен ауырған науқастардың алғашқы қойылған диагноздарының жиілігі







%




абс

М

±

m

ЖРВИ

32

11,43

±

1,9

Пневмония

12

4,29

±

1,2

Созылмалы пиелонефит

30

10,71

±

1,8

Нейроцикуляторлы дистония

24

8,57

±

1,7

Тонзиллит

31

11,07

±

1,9

Ревматизм

10

3,57

±

1,1

Барлығы

139

49,64

±

3,0

Райт және Хаддлсон реакциялары күдікті және теріс нәтижелі болған барлық науқастарға бруцеллезге тән АБЛ- ді анықтау және ПГАР жүргізілді. Ол 66-науқасты құрайды (2-кесте).

АБЛ әдісі бруцеллезбен науқастардың 86,36% оң, 10,61% күдікті, ал қалған 3,03% теріс нәтиже көрсетті.

Бірқатар науқастарда гемодақыл бөліне тұрса да, Райт және Хаддлсон реакциялары теріс нәтижелер берді.

Аурудың клиникалық мәліметтеріне, бактериологиялық зерттеулердің, серологиялық тесттердің, АБЛ-ды анықтаудың нәтижелеріне талдау жасап, иммундық жауаптың бірінші антиген арнайы кезеңін тіркелуін салыстырғанда, оның біршама артықшылығы анықталды: жоғары арнайылық, жоғары сезімталдық, коюлудың қарапайымдылығы, нәтижесін тіркеудің жылдамдығы (1-2 күнде). Жедел және жеделдеу бруцеллездің ағымында серологиялық теріс нәтижесінің жиілігін ескере отырып, АБЛ-ды анықтау тәсілінің диагностикалық маңызының жоғары екені анықталды.

Қанды гемодақылға тексергенде 190 науқастан (67,86%) B. melitensis анықталды. Біз зерттеген науқастарда себінді нәтижесінің оң болу пайызының жоғары болуына қарағанда, жедел бруцеллезбен ауыратын науқастардың саны анықталып және ауруханаға жатқандардан басым екендігін көрсетіп отыр. Е.С.Белозёровтың (1985) мәліметтері бойынша гемодақыл 12,5–28,7% жедел бруцеллезбен, жеделдеу бруцеллезбен 12,3–20,7% науқастарда кездесті.




2-кесте. Науқастардың диагностикалық тестілерінің нәтижелері.

Диагностика

лық тест


Нәтижелер

абс

%

М

±

m

Райт реакциясы


теріс

42

15,00

±

2,1

1/50

17

6,07

±

1,4

1/100

7

2,50

±

0,9

1/200

131

46,79

±

3,0

1/400

77

27,50

±

2,7

1/800

6

2,14

±

0,9

1/1600

0

0,0

±

0,0

Барлық оң мәнді

214

76,43

±

6,5

Барлық теріс мәнді және күдікті

66

23,57

±

4,5

Хаддлсон

реакция



теріс

42

15,00

±

2,1

күдікті

11

3,93

±

1,2

әлсіз оң

13

4,64

±

1,3

оң

120

42,86

±

3,0

бірден оң

94

33,57

±

2,8

Барлық оң мәнді

214

76,43

±

5,8

Барлық теріс мәнді және күдікті

66

23,57

±

4,6

АБЛ

оң

57

86,36

±

4,2

күдікті

7

10,61

±

3,8

теріс

2

3,03

±

2,1

Гемодақыл

оң

190

67,86

±

2,8

теріс

90

32,14

±

2,8




оң

20

66,67

±

8,6

ПГАР

күдікті

6

13,33

±

6,2




теріс

4

20,00

±

7,3

Гиперэндемиялық аймақтардағы науқастардың суперинфекциялануы да келесі себеп болуы мүмкін [Курманова К.Б., Дүйсенова А.К., 2002].

Жедел бруцеллездің талдау қорытындысы бойынша: 2006 жылы жедел бруцеллезбен ауырған 107 науқас анықталған, жедел бруцеллезбен ауырғаннан кейін бір жыл ішінде ауруының қайта өршуі 31 науқаста, 2-3 жыл ішінде қайта өршуі 66 науқаста, сауығу 10 науқаста кездесті. Жедел және жеделдеу бруцеллездің созылмалы түрге өтуі (90%), А.К.Дүйсенованың (2003) деректеріндегіден – 40-37% анағұрлым жоғары болды.

Жедел бруцеллездің кеш диагноз қойылуы және кеш ауруханаға түсуі, әсері аз дәрілерді жеткіліксіз мөлшерде және емдік курсын толық қабылдамауына байланысты болып отыр.

Сондықтан біз жедел бруцеллездің ағымына және қабылдаған этиотропты еміне байланысты талдадық. 2006 жылы ауруханаға жатқызылған науқастарға келесі ем тағайындалған: канамицин 0,5×2 рет, стрептомицин 0,5×2 рет, доксициклин 0,1×2 рет, гентамицин 0,8×2 рет күніне.

2007 жылы жедел бруцеллезбен ауырған науқастарға пефлоксацин 400 мг күніне 2 рет, 20-30 күн қабылдады (стационарда болған күндерінде), ципрофлоксацин 500 мг күніне 2 рет, доксициклин 0,1х2 рет 20-30 күн қабылдаған. Ауруханадан шығарда барлық науқастарға емді жалғастыруды, оның ішінде бактерияға қарсы дәрілерді 20-30 күн тағайындады, (емнің жалпы ұзақтығы 6 апта – 42 күн), ал емханалық дәрігерлер емді толық қабылдау қажет екендігін ескертіп, бақылады.

Барлық антибактериалды препараттарды қабылдағанда клиникалық тиімділіктің деңгейі дерлік бірдей болды (1-сурет). Бірақ, екіншілік созылмалы бруцеллездің қалыптасуының деңгейі ерекшеленді (3-кесте). Аминогликозидтерді және доксициклинді қабылдағанда жағымсыз әсерлері жиі кездесті ( жүрек айнуы, құсу, бастың қатты ауыруы).

2007жылы тиімді фторхинолондарды және доксициклин және доксициклин+рифампицинмен ретке келтірілген емін ендіру нәтижесінде жедел бруцеллездің созылмалы түрге өтуі 90,65%- дан 60,42%-ға төмендеді.

2007 жылы жедел бруцеллезбен 96 науқас ауырған, бір жыл ішінде қайта өршуі 24 науқаста, 2-3 жыл ішінде қайта өршуі 34 науқаста, сауығу 38 науқаста анықталды.


1сурет. Әртүрлі емдеу схемасымен этиотропты емдегендегі клиникалық көріністерінің динамикасы.

3-кесте. Этиотропты ем қабылдауына байланысты жедел бруцеллездің қорытындысы.



 

Фторхинолон

Доксициклин

Стрептомицин

Гентамицин

Созылмалы түрге өтуі

59,20%

86,20%

84,60%

96,30%

Жағымсыз әсерлерінің жиілігі

4,08%

53,23%

40,91%

35,71%

Препараттың ыстырылуы

-

53,23%

40,91%

35,71%


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет