Адвокаттың қадағалау шағымы ішінара қанағаттандырылды



жүктеу 55.8 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі55.8 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Адвокаттың қадағалау шағымы ішінара

қанағаттандырылды

( үзінді)

Екібастұз қалалық сотының үкімімен Б. мемлекеттік қызмет атқа-руға уәкiлеттi адам, яғни Екібастұз қаласы Әділет басқармасының бас маманы қорқытып алу жолымен 12 000 теңге мөлшерінде пара алған деген айып тағылып, сотталған.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысымен Б-ға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Адвокат Ж. қадағалау шағымында сот үкімін заңсыз және негізсіз, себебі, үкімдегі тұжырымдар істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейді деп көрсеткен. Бұл ретте Б-ның әрекеттері қор-қытып алу жолымен пара алу белгісі бойынша негізсіз сараланған, өйткені сот мұндай саралау белгісімен айып тағу үшін негіз болатын мән-жайларды белгілемеген. Керісінше, Б-мен арыз беруші Д-ның әрекеттері Б-ның тарапынан қауіптің төнбегендігіне куә болады. Мұны олардың арасындағы әңгіменің стенограммасына жасалған талдау анықтайды. Б. тек жеке басының мәселелеріне байланысты Д-дан қарызға ақша сұраған. Бұл ретте оларды қайтарып беру кепілдігі ретінде өзінің жеке және жүргізуші куәліктерін ұсынған. Бұдан басқа серіктестікті тіркеу бойынша құжаттардың белгіленген мерзімде берілуіне байланысты, Б. Д-ны пара беруге мәжбүрлейтін жағдайға душар етпеген.

Д-ның көрсетулеріне сәйкес, жеке куәлік үшін сыйақы туралы әңгіме бол-ған, тиісінше Б-ның әрекеттерінде ҚК 311-бабының 4-бөлігінің "а" тармақшасында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері жоқ және азаматтарды құжаттандыру Б-ның қызметтік міндеттеріне кірмеуі себебінен мәселе тек алаяқтық туралы бола алады. Мұнан басқа, қорғаушы іс бойынша жіберілген іс жүргізу бұзушылықтарына нұсқайды. Сот жаза көлемі мен түрін анықтау кезінде тиісті шамада жеңілдететін мән-жайларды ескермеген. Баяндал-ғанның негізінде сот актілерін жоюды және Б -ның әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты сот іс жүргізуін тоқтатуды сұраған.

Соттың Б-ның мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам бола отырып жеке басымен пара алуына кінәлілігі туралы тұжырымы негізді және заңды болып табылған.

Бұл тұжырымдар куәгерлер Д., Ы., М-ның көрсетулерімен, оқиға болған жерді қарау және заттай дәлелдерді алу, тексеру, ақша қаражаттарын өңдеу мен ұсыну, бейне және дыбыс жазбаны ұсыну, Б-мен Д-ның арасында болған әңгімелерді тыңдау мен стенограммалау хаттамаларымен, сарапшы қорытындыларымен және сотта зерттелген өзге де іс материалдарымен расталған.

Сонымен бірге, алқаның пікірі бойынша сот мәжілісінде зерттелген дәлелдемелермен Б-ның осы қылмысты қорқытып алу жолымен істегендігі туралы сот тұжырымы расталмаған, бұл Б-ның әрекетін көрсетілген белгі бойынша негізсіз саралауға әкелген.

ҚІЖК 19-бабы 4-тармақшасына сәйкес, айыптау үкiмiн болжамдарға негіздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердің жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" қаулысына сәйкес, лауазымды адамның пара берушінің заңды мүддесіне залал келтір-етін әрекеттер істелетінін айтып қорқыту арқылы пара талап етуі немесе соң-ғыны өзінің құқықтық мүдделеріне тиетін зиянды зардаптарды болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүрлеу жағдайына жеткізу параны қорқытып алу болып табылады.

Мәселен, куәгер Д-ның алдын ала және сот тергеулері кезінде берген көрсетулерінен ол Б-ға жеке куәлігінің жоқтығы туралы хабарлағанда, ол бәрін 15 000 теңгеге істеп беретіндігін айтқаны, яғни "ЭК" ЖШС бойынша құжаттарды жеке куәліксіз жедел тіркеп беретін болғаны анықталды. Бұл ретте, Б. Д-ға ЖШС-ның барлық құжаттары 28.06.2006 жылы дайын болатындығын айтқан. Б. ақшаны алып, алдап кетеді, яғни ЖШС бойынша құжаттарды бермейді деп қорыққандықтан Д. өзімен бірге үнтаспа алып барған.

28.06.2006 жылы ішінде көші-қон полициясы орналасқан ТТБ ғимаратында Б. біреуге оның төлқұжатын беріп, оның жеке куәлігінің бір айдан кейін дайындалатындығын және оның құны 13 000 теңге болатындығын айтқан. Содан кейін Б. Павлодар қаласына бару үшін Д-дан қайтадан 20 000 теңге немесе 10 000 теңге сұраған. Б. кепілдікке өзінің ұялы телефонын немесе қызметтік құжатын қалдыратындығын айтқан. Б-ның Д-ға ұялы телефонын немесе қызметтік құжатын кепілдік ретінде беруі Д-ның "ЭК" ЖШС-ға қатысты құжаттар пакетін алуына кепіл болатындығын түсіндір-ген, бірақ ол мұндай мәмілеге келіспеген. Осыған байланысты Д. Б-ның әрекеттерінің заңсыздығы мен арамзалық қылығынан күдіктеніп құқық қорғау органдарына жүгінуге шешім қабылдаған.

Б. Д-дан Павлодар қаласына баруы үшін қарызға 20 000 теңге немесе ең болмағанда 15 000 теңге сұрағандығын және кепілдік ретінде өзінің құжаттарын ұсынғандығын теріске шығармаған.

Іс материалдарын зерттеу, соның ішінде болған әңгімелердің стенограммасын талдау Б-ның Д-ға оның заңды мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелетінін айтып қорқыту әрекетін жасап ешқандай талаптар қоймағандығын және оны өзінің құқықтық мүдделеріне тиетін зиянды зардаптарды болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болу жағдайына жеткізбегені анықталған.

Б-ның әрекеттері қарыз алу сипатында Д-дан заңсыз сыйақы алуға бағытталған болса да, бұл жағдайды қорқытып алу жолымен пара алу деп санауға болмайды.

Сотталған Б. алдын ала тергеу барысында ішінара өз кінәсін мойындап өзінің әрекеттерінде алаяқтықтың белгілерінің бар екендігін көрсеткен. Бұл ретте, ол Д-ның заңгерлік сауатсыздығын пайдаланып 12 000 теңге мөлшерінде ақша алу мақсатында ол құратын серіктестік жарғысын жасау үшін жаңылыстырдым деп түсіндірген.

Бұл жағдай 08.08.2006 жылы Б. мен Д-ның арасындағы әңгімелер үнжазбасымен расталады, онда Д. олардың арасында ертеректе болған әңгімеге, Б. жарғы жасап бере алатын заңгерлер туралы айтуына сілтеме жасаған.

Куәгер Д. алдын ала тергеу, сот барысында қойылған не себептен өзіңмен Б. арасындағы әңгімені үнтаспаға түсіріп алдың деген сұраққа Б. ақшаны алып алдап кете ме, ЖШС бойынша құжаттарды бермей қоя ма деп қорыққандықтан деп түсіндірген.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заң-ының 4-бабына сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.

Бұдан басқа, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу күшіндегі заңдарға сәйкес жүзеге асады, және тұлғаның оны құруға ынтасы болуы қажет.

Сот мәжілісінде зерттелген қызметтік міндеттеріне сәйкес Б-ға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін келіп түскен құжаттардың күшіндегі заңдарға сәйкестігін тексеру, заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру, насихаттау жүргізу және күшіндегі заңдарды түсіндіру, заңды тұлғалардың біртұтас мемлекеттік тізілімін жүргізу, мұрағаттық материалдарды сақтау бойынша бақылау, істер номенклатураларына сәйкес іс жүргізу, Павлодар облысы бойынша статистика басқармасы үшін мәлімет жіберу және құқықтық нормативтік актілерді тіркеу бойынша маманның міндеттерін уақытша орындау жүктелген.

Істің нақты мән-жайларын назарға ала отырып, алқа сотталғанның әрекеттерінде қорқытып алушылықтың сараланған белгілері жоқ деген тұжырым-ға келген, себебі, Б-ның Д-ны осындай жағдайларға әкелгендігі туралы деректер анықталмаған, яғни ол Д-ны өзінің құқықтық мүдделеріне тиетін зиянды зардаптарды болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр ету жағдайына және оның заңды мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелетінін айтып қорқыту әрекетін жасап ешқандай талаптар қоймаған.

Көрсетілгендердің негізінде алқа, қорғаушы Ж-ның Б-ның қорқытып алу жолымен пара алғандығына кінәлі екендігін негізсіз деп санау туралы тұжырымы назарға алуды қажет етеді деп, ҚК 311-бабы 4-бөлігінің "а" тармақшасы бойынша сараланған әрекеттерін ҚК 311-бабының 1-бөлігіне, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның, өзіне материалдық пайда түсіру мақсатында пара алу деп қайтадан саралаған.

Б-ның әрекеттерін саралаудың өзгеруіне байланысты, алқа оның жазасын ҚК 52-бабына сәйкес тағайындау қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы ҚІЖК 467-бабы 6-бөлігінің 2-тармақшасын басшылыққа алып, Б-ға қатысты Екібастұз қалалық сотының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы үкімі мен Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 6 нау-рыздағы қаулысын өзгертті.

Б-ның әрекеттері ҚК 311-бабының 4-бөлігінің "а" тармақшасынан ҚК 311-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан айыру, мүлкін тәркілеу, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.



Сот актілерінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды.

Адвокат Ж-ның қадағалау шағымы ішінара қанағаттандырылды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет