Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар



жүктеу 153.12 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі153.12 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » №

қаулысымен бекітілген


Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар


1. Жалпы ережелер
1. Осы Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі – Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленді.

2. Осы Сертификаттық талаптар Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына (бұдан әрі - ӘҚҚ қызметі) және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметіне (бұдан әрі – РТЖБП қызметі) қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы Сертификаттық талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:



1) аэронавигациялық қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпарат беруге байланысты кешенді қызмет көрсету;

2) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;



3) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету – бақыланатын әуе кеңістігіндегі ұшуларға көрсетілетін диспетчерлік қызмет көрсету;

4) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету - әуеайлақтық қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсету;

5) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
6) әуе қозғалысын ұйымдастыру - әуе кемелерінің қауіпсіз, әрі тиімді ұшуын қамтамсыз етуге бағытталған және әуе кеңістігін ұйымдастыру, әуе қозғалысының ағыстары мен қызмет көрсетуін ұйымдастыру бойынша функцияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

7) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бол;

8) әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – ұшуды қауіпсіз және тиімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты ұсыну және кеңес беру қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады;

9) қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету – ұшып келетін немесе ұшып шығатын әуе кемелерін бақылап олардың ұшуларына диспетчерлік қызмет көрсету;



10) қауіпсіздікті басқару – ұшу қауіпсіздігі сипаттамаларының қолайлы деңгейлеріне жету мақсатында әуе қозғалысын ұйымдастыру саласымен қауымдастырылған тәуекелдерін жүйелі түрде басқару;

11) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі - ҰҚБЖ) – ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелік тәсілдеме, оның ішінде қажетті ұйымдастыру құрылымы, жауапкершілік баспалдақтары, жетекші қағидаттар мен рәсімдер;

2. Аэронавигациялық ұйымды басқару
4. Аэронавигациялық ұйымның аэронавигациялық ұйымның жалпы мақсаттары мен міндеттерін қамтитын, бес жылға арналған бекітілген даму жоспары, сондай-ақ оларға қол жеткізу стратегиясы бар.

5. Аэронавигациялық ұйым ӘҚҚ бұзуға байланысты күтпеген жағдайлар кезінде іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ әуе кеңістігінде жауапты болатын тиісті қосымша қызмет көрсетуге ұсыну әзірлейді және жариялайды.

6. Аэронавигациялық ұйым өз күшімен немесе өзге де ұйымдармен жасалған шарттардың негізінде мына аэронавигациялық қызмет көрсетуді немесе жұмыстарды орындауды қамтамасыз етеді:

1) әуе қозғалысына қызмет көрсету (ӘҚҚ);

2) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану (РТЖБП);

3) аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету;

4) авариялық хабар беру;

5) метеорологиялық ақпаратты алу және беру;

6) ӘҚҚ персоналының медициналық куәландырудан өту;

7) ӘҚҚ персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын авиациялық ағылшын тілін білудің жұмыс деігейін қолдау;

8) ӘҚҚ органының және (немесе) РТЖБП қызметі персоналының біліктілігін арттыру;

9) ӘҚҚ қызметінің жаттығу дайындығын ұйымдастыру және өткізу;

10) ұшу қауіпсіздігін басқару;

11) техникалық құралдар мен персоналды күзету және қорғау.

7. Аэронавигациялық ұйым жаттығып даярлау, қайта даярлау және персоналдың біліктілігін арттыру үшін ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБП қызметін ұйымдастыру және жедел басқару үшін жабдықталған өзінің немесе шарт негізіндегі базасы болуға тиіс.

3. Аэронавигациялық ұйымның ұйымдастыру құрылымы
8. Аэронавигациялық ұйым аэронавигациялық қызмет көрсету түріне байланысты ұйымдастыру құрылымын белгілейді, ұйымдастыру ұүрылымына кіретін құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің штат кестесін әзірлейді және бекітеді.

9. Ұйымдастыру құрылымы:

1) тағайындалған тұлғалардың, атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға, техникалық құралдар мен персоналды күзету және қорғауға, адам ресурстарын басқаруға жауапты басшылардың құқықтарын, мәндеттерін және жауапкершілігін;

2) ұйымның түрлі бөліктерінің бағынушылығын және есеп беруге міндеттілігін айқындайды;

3) Аэронавигациялық ұйым іске асыратын барлық мәселелер жиынтығын қамтитын қызметкерлер мен басшылардың мәндеттері мен қызметтері қамтылған құрылымдық бөлімшелер туралы қағиданы әзірлейді және бекітеді.



4. Аэронавигациялық ұйымның қаржылық және экономикалық жағдайы
10) Аэронавигациялық ұйым:

1) өзінің қаржылық міндеттемелерін орындайды, тұрақты немесе өзгермелі пайдалану шығыстарын және негізгі құралдарды дамытуға кететін шығыстарды өтейді;

2) бухгалтерлік есеп жүйесін қолданады;

3) әрдайым тәуелсіз қаржы аудитінен өтеді.



5. Аэронавигациялық ұйымның басшы қызметкерлері
11. Аэронавигациялық ұйым штатта мыналарға жауапты басқарушы персоналының лауазымдарын көздейді:

1) Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің 16 мамыр 2011 жылының № 279 бұйрығына сәйкес ӘКҚ-гінің және ұйымдастырудың көрсету қағидаларын сақтау;



2) РТЖБП қағидаларын ӘКҚ азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 жарлығына талаптарына сәйкес сақтау;

3) аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету («брифинг» түрі бойынша ұшу алдындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетуге қарай);

4) ӘҚҚ органының және (немесе) РТЖБП қызметінің қызметі үшін жедел бақылауды қамтамасыз ету;

5) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) техникалық құралдар мен персоналды күзету және қорғау.

6. Аэронавигациялық ұйымның құжаттама жүйесі
12. Аэронавигациялық ұйымының Қазақстан Республикасының ӘКҚ және көрсетілетін аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері заңнамасына сәйкес бекітілген және әзірленген:

1) лауазымдық нұсқаулықтары;

2) ӘКҚ жүзеге асыратын диспетчерлерінің жұмыс технологиялары;

3) Қазақстан Республикасының ӘКҚ және авиация қызметі жөніндегі заңнамасымен қарастырылған өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтары;

4) авиациялық оқиғалары мен жағдайлар жөніндегі апаттық хабар беру сұлбасы;

5) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс құралдарын пайдалану құжаттамасы бар.

13. Аэронавигациялық ұйым көрсетілетін аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері бойынша Сертификаттық талаптардың 12-тармағына көрсетілген құжаттаманың бар болуын қамтамасыз етеді және маңыздылығын қолдайды.

14. ӘҚҚ персоналы және РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық персоналымен көрсетілетін аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері бойынша азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарымен қамтамасыз етіледі.

15. Аэронавигациялық ұйым бұл мақсат үшін әзірленген рәсімге сәйкес ӘҚҚ персоналы мен РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық өкілдеріне ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы жеткізеді.



7. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру
16. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органы жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы №279 бұйрығымен бакітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – ӘҚҰ жөніндегі нұсқаулық) сәйкес ұсынылатын ӘҚҚ түріне байланысты жүзеге асырылады.

17. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органының басшылық құрамы:

1) ӘҚҚ органының диспетчерлік, нұсқаушылық және басшылық құрамын ұйымдастыруды, даярлауды, қайта даярлауды, қолдауды және кәсіби деңгейін арттыруды, дербес жұмысқа рұқсат беруді;

2) ӘҚҚ органының жұмысын жоспарлауды, ӘҚҚ персоналының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын жоспарлауды және есептеуді;

3) ӘҚҚ органының ауысымдарын құрастыруды;

4) әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды, қызметтік құжаттаманы және іс қағаздарын жүргізуді;

5) ӘҚҚ органының нұсқамаларын және ауысымын талдауды;

6) ӘҚҚ орнының және (немесе) РТЖБП қызметінің ауысым қызметін жүйелік бақылауды және талдауды;

7) әуе қозғалысына қызмет көрсету қауіпсіздігін ұйымдастыруды және жағдайын талдауды;



8) объективтік бақылау құралдарының материалдарын талдауды;

9) авиациялық жағдайлар мен оқыс оқиғалады ескеру бойынша алдын алу іс-шараларын қамтитын техникалық оқуды қамтамасыз етеді.

18) Авиациялық персонал берілетін ӘҚҚ органының персоналы Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 13 маусым № 362 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сай болу керек.

19. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органы ӘҚҚ қажеттілігінен шыға отырып, мынадай диспетчерлік қызмет көрсету түрлерін ұйымдастыру арқылы әуе қозғалысын басқаруды (ATC) қамтамасыз етеді:

1) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;

2) қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету;

3) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету.

20. Диспетчерлік қызмет көрсету түрлері «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Заңы 22-тармағының талаптарына сай және Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сай келеді.

21. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органы ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (FIS) аясында әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру (ATIS дауыстық) қызметін, немесе деректерді беру желісі бойынша әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру (D - ATIS) қызметін, немесе VOLMET радиохабар таратуды ұйымдастырады, ал қызметтің деректері ӘҚҚ қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген талаптарына сай.
8. Радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану
22. Аэронавигациялық ұйымның РТЖБП қызметі жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасына» (бұдан әрі – ҰРТҚ қағидасы) сәйкес жүзеге асырылады.

23. Аэронавигациялық ұйымның РТЖБП қызметі:

1) РТЖБП қызметінің персоналын және басшылық құрамын ұйымдастыруды және даярлауды, қайта даярлауды, қолдауды және кәсіби деңгейін арттыруды, дербес жұмысқа рұқсат беруді;

2) РТЖБП қызметінің жұмысын жоспарлау;

3) РТЖБП қызметінің ауысымдарын құрастыруды;

4) құжаттаманы және іс қағаздарын жүргізуді;

5) РТЖБП қызметінің қызметін жүйелік бақылауды және талдауды;

6) ҰРТҚ және байланыс жабдығының істен шығуын ескерту бойынша алдын алу ісшаралары;

7) РТЖБП-ны талаптандыратын құжаттарға өзгерістер енгізу.

24. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандарды даярлау ережелеріне сәйкес РТЖБП қызметінің персоналы Қазақстан Республикасының үкіметінің 2011 жылына 13 мамыр № 512 қаулысымен бекітілген дайындықтан өтуі тиіс .

25. РТЖБП қызметі мынадай ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді: авиациялық әуе электр байланысы, авиациялық жер үсті электр байланысы, навигацияның радиотехникалық құралдары, бақылау жүйелері, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандыру құралдары, радиолокациялық ақпаратты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымдық тұлғалардың келіссөздерін жабдығы.

26. Авиациялық электр байланысты пайдалануды және жұмыс сұлбасын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігін 2011 жылдың 9 шілде № 349 бұйрығына сәйкес болуы тиіс.

27. Авиациялық әуе электр байланысы:

1) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді, жақындау кезіндегі диспетчерлік қызмет көрсетуді (әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы);

2) аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді (әуе трассаларындағы және жергілікті әуе жолдарындағы авиациялық әуе электр байланысы);

3) авиациялық жұмыстарды орындауды;

4) авариялық радиобайланысты қамтамасыз етеді.

28. Авиациялық жер үсті электр байланысы:

1) ӘҚҚ органдарының өзара іс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған электр байланысты;

2) әуежайішілік электр байланысын;

3) авиациялық тіркелген электр байланысы желісін қамтамасыз етеді.

29. Әуе кемесінің навигациясын қамтамасыз ету үшін навигацияның мынадай радиотехникалық құралдары қолданылуы мүмкін:

1) жетекті радиостанция NDB (КРС);

2) азимуттық ұзақ-өлшемді радиошамшырақтары VOR/DME (РМА/РМА);

3) жабдық бойынша қондыру жүйесі ILS (АҚЖ);

4) функционалды толықтырудың жер үсті жүйесі GBAS (ЖҚҚЖ).

30. Бақылауды қамтамасыз ету үшін мынадай жүйелер қолданылуы мүмкін:

1) бір жақты шолу радиолокаторы;

2) екі жақты шолу радиолокаторы;

3) бір жақты-екі жақты радиолокациялық кешен;

4) радиохабарландыру тәртібінде автоматтық тәуелді бақылау жабдығы

ADS-B

31. Әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін мынадай құралдар қолданылуы мүмкін:



1) әуе қозғалысын басқару автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ);

2) әуе қозғалысын басқару автоматтандыру құралдарының кешені (ӘҚБ АҚК);

3) әуе қозғалысын басқару автоматтандырылған жұмыс орны (ӘҚБ АЖО);

32. РТЖБП қызметі Қазақстан республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына» сәйкес осы Сертификаттық талаптардың 28-32-тармақтарында көрсетілген ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануды ұйымдастырады.



33. Аэронавигациялық ұйымның РТЖБП қызметі жұмысты ұйымдастыруды ҰРТҚ құралдарын жер үсті және ұшу кезінде тексеру бағдарламалары мен әдістемелері ережелер талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
9. Метеорологиялық ақпаратты алу және беру
34. ӘҚҚ органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына» сәйкес және ӘҚҰ жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес метеорологиялық ақпаратты алады және әуе кемесінің бортына береді.
10. Ұшу қауіпсіздігін басқару
35. Аэронавигациялық ұйым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен бакітілген «Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа» сәйкес көрсетілетін аэронавигациялық қызмет көрсетудің барлық түрлері жайында ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізеді.

11. Техникалық құралдар мен персоналды күзету және қорғау
36. Аэронавигациялық ұйым өз күшімен немесе өзге да ұйымдармен жасалған шарттар негізінде заңсыз араласудан сақтау үшін техникалық құралдар мен персоналды күзету мен қорғауды қамтамасыз етеді.

_______________________________________







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет