Ағасын ардақтаған азамат



жүктеу 53.33 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі53.33 Kb.
: irbis64r 01 -> Kraeved
Kraeved -> Тоқырауды тудырған толқу
Kraeved -> Шәйір атындағы шаһардың тойы
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Балажан ақын
Kraeved -> Алаштың арда туған Әлімханы Халқымызда «Жақсы адам – қазына»
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Қасым поэзиясындағы балладалар
Kraeved -> Қарқаралы арқадағы Гүлстан Облысымыздың атаулары
Kraeved -> Зобалаң жылдарында Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Ағасын ардақтаған азамат

Қазағының мақтанышына айналған ұлағатты ғалым, іскер басшы әрі жазушы Евней Арыстанұлы өмірден ерте кетті. Тіршілігінде жоғары қызметтегі шенеуніктерден көп қысым көрді. Оның ғылыми еңбектері мен әдеби шығармалары халқымен ол көз жұмғаннан кейін ғана табысты. Міне, осы бір істі қолға алып, Евекеңдей асыл азаматтың мол мұрасын жарыққа шығаруда және оның есімін халық зердесінде мәңгі қалдыруда айтарлықтай еңбек сіңірген азаматтың бірі — Хамзабай Бөкетов. Бүгінде 75 жасқа келіп отырған Хамзакеңді Бөкетовтанудың негізін салушы десек те артықемес.

Е.Бөкетов мұражайының ашылуының басықасында болып, ол жайында тарихи жәдігерлерді реттеуде және қолжазбаларын іріктеуде білдей бір ұжымның жұмысын атқарды. Соның арқасында бұл мұражай Қарағанды қаласының бірегей мәдени-тарихи орны болып отыр. Евнейдей үлкен азаматтың өміржолы мен шығармашылық еңбегін бүгінгі жас ұрпаққа насихаттап отырған да осы мұражай қызметкерлері.

Хамзакең де бүгінгі мерейтойына ел қадірлеп, құрметтейтіндей еңбекпен келіп отыр. Малшының отбасында дүниеге келген оның балалық шағы қиындықпен өтті. Жегінші сынышы бітіргеннен кейін бұғанасы қатпай жатып еңбекке араласты. Өйткені Евекең Алматыға оқуға аттанғандықтан, отбасын асырау өзіне жүкгелді. Ағасы да институтты ойдағыдай аяқтап шықты. Аспирантураны да сәтгі бітірді. Бір-біріне баскөз больш өскен ағайындылар жастайынан қамқор болып өсуге төрбиеленді. Сол үрдістің нәтижесі болар, Хамзакең Алматыға келіп, құрылыс техникумына түседі. Оны 1957 жылы бітіргеннен кейін Қарағандыға жолдамамен келіп, “Казстрой-электромонтаж” тресінің Қарағанды шаруашылық есептегі учаскесіне прораб болып орналасады. Осында шамалы уақыттан кеіпн учаске бастығына жоғарылатылады.

Хамзакеңнің еңбекқорлығы жөне ұйымдастырушылық қабілегінен болар, бұдан кейінгі өмір жолы осындай өрлеу, өсу жағдайында өтті. Жаңа ғана үйымдасгырылған Қарағанды қалалық электр желілері басқармасьшың бас инженерлніне, 1962 жылы газ шаруашылығы басқармасының бастығы қызметіне тағайындалады. Бұл өз мамандығы болмаса да, қала әкімшілегілігі қоярда қоймай жүктеген міндет болатын. Өзіне бейтаныс шаруашылықтың қырсырын тез арада үйренуге тура келді. Газды тұрақты жеткізіп тұру ісін жолға қойды. Басқарманың жұмысын да жандандырды. Соның нәтижесінде болар, ұжым алғашқы сыйақыны алып үлгерді.

Еңбекқорлық, тәртіптілік, ұйымдастырушылық қабілет Хамзакеңнің бойында бала жасынан қалыптасқан. Оны қаланың бір ауданына атқару комитетінің төрағалығына да ұсынды. Бірақ орта білімі кедергі болады. Міне, осындай лауазымды қызыметтер Хамзакеңнің бүкіл еңбек жольшың қай кезеңінде де кездесіп тұрды. 1971 жылы облыстық жөндеу құрылыс тресіне бастық етіп ауыстырады. Бұл кезеңде қалада құрылыс қарқынды жүргізілш жатқан болатын. Әрі өздеріне де жүктелер міндет азаймаса, кеміген жоқ. Кейбір қиындықтарға қарамастан трест екі жыл ішінде өндірістік тапсырмаларын тұрақты орындайтын ұжым қатарына қосылды, бірнеше рет министрлікгің ауышалы қызыл туьш жеңіп алады. Бүкіл ұжымның еңбегін үйымдастырып, алдыңғы қатарлы құрылыс ұйымы деңгейіне жеткізген Х.Бөкетовке осындай тыңғылықты өрі іскерлік басшылығы үпгін сала-ның еңбек сіңірген қызметкері атагы беріледі.

Зейнеткерлікке шығар алдында Қарағанды облысгық атқару комитетіне күрделі құрылыс басқармасының бастығы қызметін атқарды. Күрделі құрылысты дамытуда және жылдық жошарларды артығымен орындауға сыбағалы үлес қосқандығы үшін Хамзакеңе республикалық деңгейдегі дербес зейнетақы беріледі.

1992 жылы 19 шілде ҚарМУ-дің ректоры Ж.Ақылбаевтың бастамасымен Е.Бөкетовтің мемориалдық мұражайы ашылады. Осы мұражайды басқаруды Хамзакеңе жүктейді. Бұл ұсынысқа бірден келісе кетеді. Өйткені ағасының есмін мәңгілікке қалдыру оның көптен арманы еді. Сол уақыттан бастап осы мұражайдың жұмысын ұйымдастырумен айналысып келеді. Өткен он жыл ішінде бұл мүражай мәдени-эстетикалық орталыққа айналды. Оған келген еліміздің бетке ұстар азаматтары мен зиялы қауымы қалдырған жылы лебіздерде шек жоқ. Бүгінге дейін Евекеңнің көптеген әдеби мұраларын жарыққа шығаруға баскөз болды. Ағасы туралы естеліктердің басын құрап, қазақ және орыс тілдерінде кітап егіп шығарды.

Хамзабай Арыстанүлының жалпы еңбек өтілі 60 жылды құрайды. Ол төрт медальмен және бірнеше грамоталармен марапатталған. Құдай қосқан қосағы Бикен апамызбен үш бала тәрбиелеп өсірді. Балаларының бөрі де жоғары білімді. Атасы мен апасына күн аралатып келіп тұратын немерелеріне көіггі көрген ақсақалдың айтар әңгімесі мен шертер сыры аз емес. Өмірде өнегелі ғүмыры мен ғибратты еңбегімен танылган Хамзакең ағасын ардақтап келе жатқан жан.



Айнагүл ЫСҚАҚОВА,

Е.Бөкетов атындағы мемориалдық мүражайдың





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет