АҒылшын тілі сабағында жаңа акпараттық технологияларды тиімді пайдаланып, ОҚушының шығармашылык және интеллектуалдық Қабілетін дамыту



жүктеу 77.92 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі77.92 Kb.
: files -> sites -> 1384418080685817 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
book-catalog -> Ала бойындағы тентектіктің тамырын кесіп тастасаңыз, ешқашан да данагөй шығара алмайсыз Жан Жак Руссо
book-catalog -> Сайыс: «Бұрымды қыз» Өтілетін күні
book-catalog -> Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы
book-catalog -> Математика, информатика және физика пәндерінің әдістемелік бірлестігі отырыстарының тақырыптары 2013-2014 оқу жылы Жыл тақырыбы: «Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалана отырып, ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыру»
book-catalog -> Ғали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясы Тақырыбы: «Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр – көктем! Сынып
book-catalog -> Астана қаласы Білім әкімдігінің
book-catalog -> Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА АКПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП, ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫК ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.

Алтаева Бакытнур Саматовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Кім әлемді орнынан қозғалтқысы келсе алдымен өзін қозғалту керек.

Сократ

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекетімізді өркендету алдағы жоспарларына тоқтала келіп, еліміздегі жастарға орта және жоғарғы білім берудің келесі міндеттерін де атап көрсеткен еді: «ХХІ ғасырда білім беруді дамытпаған елдің болашағы тұйыққа тірелгенмен бірдей. Сондықтан да біз технология мен өндіріске бейім кадрлар даярлауға жетісуіміз керек» деген.

Президент жолдауында мұғалімдердің де кәсіби шеберлігін арттыруға назар аударылып, мұның өзі оқу орындарының қазіргі техникамен жабдықталуына және оқу процесінде жаңа технологияны енгізу мен оқыту әдісін жетілдіру маңыздылығы да атап көрсетілген. Сондықтан да қазіргі уақытта компьютерлік технология негізінде оқыту мен саланы қаржыландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте оқытудың мультимедиялық құралы мен компьютерлік бағдарлама оқытушы-педагогтың сапалы еңбек қаруы болып табылады.

Шет тілін оқыту өте күрделі және тұрақты түрде дамытуды қажет ететін жүйе. Шет тілін оқытуды компьютерлендіру ақпаратқа жақындауға жол ашады және тілді зерттеудің уақытын қысқартуға көмектеседі. Қазіргі кезде мультимедиа өнімдерінің - қажетті ақпаратты жинақтаған интернет беті, электронды оқулықтар, тематикалық мәтіндер мен жаттығулар бар қор жасалған. Көптеген мектептерде шет тілдерін оқу үшін бағдарламамен қамтамасыз етіліп, компьютерлік технологияны пайдаланады. Әрбір мектептерде шет тілін оқыту оқушының келешектегі кәсібіне, шет тілдерін оқып- үйрену тереңдігіне, оқытушының міндеттеріне, шет тілін меңгеру деңгейіне байланысты әртүрлі дәрежеде болады.



Шет тілін оқытудағы мультимедиалық технологияны қолданудың ең басты шарттарының қатарына-аудиториядағы көпті тарту, ауызша сөз жаттығуларын қолдану, туған тілге сүйену, тәжірибелі мақсаттылық, жинақылық, коммуникативті бағыт, сөздік қызметтің барлық түрін салыстырмалы оқу сияқты шет тілін оқытудың тәжірибелік бағдарламалар жатады.





Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған. Бір сөзбен айтқанда, білім беруді жаңарту, ХХІ ғасыр тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі ретінде білім алушыларға жан - жақты білім берудің ауқымды мәселелерінің бірі ретінде саналып келеді.

Оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар ғылым, техника, өндірістің дамуымен қатар қуып жетіп отыра алмайды. Сондықтанда да олар білім алушылар үшін барлық қажетті уақыт талабындағы ғылыми білімдердің деңгейін барлық кезде көрсете алмайды. Осы себептерге байланысты оқыту мен тәрбиелеуде бағдарлама мазмұнын жаңартып, іріктеп отыру қажеттігі туады. Маңызды нәтижелерге жету үшін жаңа үйлесімдегі барлық әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жаңа педагогикалық жүйелер жасау қажет.



В.И. Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе, М.И. Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-әрекетін белсенді етпейінше, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін жұмылдырмайынша оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру мүмкін емес.

Жаңаша жаңғырту әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес қабілеті белсенділігін қалыптастыру, окыту материалдарын өзінше пайдалану аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Жаңаша белсенділігін жандандыру әдістемесі (интерактивтік) оқушыларға өзін-өзі ыңғайлы сезінетін жағдайды қалыптастырып, олардың окуға деген қызығушылығын, шетел тілін өз қажеттілігі үшін практикалық тұрғыдан қолдануға деген ынтасын оятып, тілді оқып үйренуге деген талабын арттырады және де сабактың нәтижесін жоғарылатады. Интерактивтік тәсіл шетел тілі сабағындағы субъект болып табылатын оқушының жеке тұлғасының сезімін, түйсігін шынайы қажеттілігімен сәйкестендіріп, оның тілдік, танымдық, шығармашылық қабілетін оятумен, шетел тілі сабағын тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданылуын көздейді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді.Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрылғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.Жаңа акпараттық технология кұралдарын ағылшын пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді:өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;презентацияларды кұрауды біледі.Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.



Мақсаты: ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу. педагог мамандарды ақпараттық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау. ақпараттық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.


Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.); проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру; жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру. Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау; облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету; облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.



Демек, қазіргі күнде оқу процесіне компьютерді пайдалану өте тиімді екендігі сөзсіз. Ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму айырықша қарқын алған мыңжылдықта жеке тұлғаның білімділігі қоғамда жоғары сатыға көтеретін басты құрал болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер :


  • Компьютеры и Интернет в обучении инностранным языкам Г.И Федорова

  • «Инностранные языки в школе » журналдары -2003 ж, 2005 ж,2006 ж

  • «Шет тілдерін компьютер арқылы оқу»Карамышева Т.В, Санкт-Петербург 2001 ж

  • Обучение инностранным языкам. Теория и практика, Щукин А.Н Москва 2006 ж

Ағылшын сабақтарында компьютерлік технологиясының қолданылуы

  • Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы, №8 (56) 2011

  • « Инновациялық білім және қазіргі қоғам » Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясының материалдары 19-20 ақпан 2009 жыл Семей




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет