Агроөнеркәсіп кешенін реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуыдың негізгі бағыттары



Дата18.04.2016
өлшемі183.22 Kb.
УДК.332

UDC.332


АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН реформалау мен нарықтық

қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуыдың негізгі бағыттары
AGRO INDUSTRY COMPLEX OF INDUSTRY I MARKET 
TO RELATIONS DEVELOPMENT ON PORE MOVE, BASICDIRECTION

Дюсегалиевa Б.М., Ондасинова А.А

Diusegalyeva B.M., Ondasinova A.A

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет, Атырау, Қазақстан



Kh.Dosmukhamedov atyrau state university, Atyrau, Kazakhstan

arai@mail.ru
Түйін

Бұл мақалада агроөнеркәсіп кешенін реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамудың негізгі бағыттары, аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және ауыл шаруашылығы өндірісінің жекешелендіру ерекшеліктері көрсетілген. Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды тереңдету және кеңейту қажеттілігі туып отыр. Сондықтан да қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында өндірушіге өз еңбегімен жасаған өндіріс қорын қайтару керек пе, әлде қайтармау керек пе деген әңгіме төңірегіндегі пікірталасты жүргізудің ешқандай қисыны жоқ екендігі дәлелдеуді керек етпейді. Бұл -нарыққа апаратын, дағдарысты жойып, экономиканы көтеретін ең қысқа жол. Оның үстіне өндіруші бұған дейін болған құбылысқа қарама-қарсы жағдайды иеленіп, құрал-жабдықтарды меншігіне айналдыра оты­рып, мемлекетті экономикаға қызмет етуге мәжбүр етеді.Сондықтан да мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жоғарыда көрсетілген себептері агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық жаңғырудың ең басты негізі болып табылады. Тұжырымдық бағдарлама мемлекеттен алу және жекешелендірудің теориялық және әдістемелік бағыттарын анықтай келе агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі салаларының, кәсіпорыпдары мен ұйымдарының ерекшеліктерін еске ала отырып, мемлекеттік ауыл шару-ашылығы кәсіпорындарының мүлкін мемлекеттен алу және жекешелендіру жөніндегі Президенттің тиісті жарлықтары мен Қазақстап Республика сының бірқатар заңдарына сүйенеді.
Abstract

Basic direction what develop on pore I market to the relations move complex of agro industry reformation in it the article, agrarian reform duties and production rural of economy I expansion of deepening features privatizing appeared. Kazakhstan was agro, when took from main directions development complex of industry basis, on organizational and technological maintenance. But, them, that to carry out, economic and social legal the states it is necessary. therefore and nowaday time true importance economic independence and real products safety arrives at, agro business develops and market relation masters fully for economic reform deepening and extends necessity gives birth sits. Nowaday market economy therefore and passes the state producer labour a creator production resource returns whether is needed, no force returns whether necessary talks conversation vinicity dispute leads an opportunity no not ground necessary do. To It to the market economy destroying taken, crisis, same short line, that lifts. To the top Her to the phenomenon, in that there was a producer to it, state cross owning, to property twirling means-equipment a fire, to the economy to serve compels the state. And therefore main basis market updating foregoing reasons privatizing state personal in complex of industry agro is. a conclusion program the state coulisse and special theoretical and methodical direction exposes comes agro industry complex different industry, trade place and organization feature remembers sits, state agriculture enterprise property state coulisse and special direction president touch decree and Kazakhstan republic row law lean.
Кілттік сөздер: Агроөнеркәсіп кешені, экономика, ресурс, реформа, станциялар, сфера.

Key words: Agro industry complex, economy, resource, reform, stations, situation.
Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды тереңдету және кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайтын қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлсрдің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Дей тұрғанмен, агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін проблемалар ерекше белгі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи жәнс әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуы мен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашы­лық өндірісініц төмен рентабельділігін, ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігіп және басқа факторларды айтуға болады.

Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:

- нарықтық қатыпастарды дамытуға ынталандыратын заң және нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;

-баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру;

-агроөнеркосіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінең пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;

- халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;

- ауыл шаруашылық және жер ресурстарын бөлу, жер реформасын жүзеге асыру, жер кадастрын енгізу;

- шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін құру жолымен агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу; Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысты тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;

- ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен тех­ника жетістіктерін өндіріске енгізу:

- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

- азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік ресурсын қалыптастыру;

- табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған орта-ның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық-түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветери-нарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;

- жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқару;

- агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құқықтық тұрғыдан қорғау.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда Республика агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттен алу және жекешелендіру, ондағы меншікті тікелей тауар өндірушілерге, яғни шаруаларға беру проблемасы ерекше маңызды болып табылады.

„Меншік" категориясы - қоғамдық ғылымдағы ең күрделілердің бірі. Экономистер мен заңгерлер, философтар мен социологтар оның мазмұнын анықтауда үнемі пікірталас жүргізіп келеді. Бұл жөнінде де тұтас ілім мен жүйелер қалыптасты. Бірақ, барлық уақытта да және әр түрлі елдерде де меншікті ғылыми түсінуден басқа оны жай қарапайым тұрмыстық көзқараста қабылдау да қалыптасқан. Бұл проблема төңірегіндегі негізгі тұжырымдарға шолу жасау ғылыми ойды дамыту жай түсініктен бастап ең күрделі философиялық-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық көзқарас пен ілімге дейін барғанын дәлелдейді.

Ежелгі Римнің өзінде заңгерлер меншікті затты пайдалану және шамадан тыс пайдалану құқығы ретінде анықтаған. Олар жеке меншіктің шексіз билік, адамның меншік объектісі - затты өз қалауы бойынша иеленуінің құқығы ретіндегі классикалық үлгісін қалыптастырған. Құл да тірі зат ретінде құл иеленушінің шексіз билік жүргізетін объектісі болып қарастырылған. Алайда, нақты өмірде меншік объектісіне шексіз билік жүргізу үнемі шектеуге кезігіп отырған.

Мысалы, затты шектен тыс пайдалану сол заттың, яғни меншік объектісінің жоғалуына әкеліп соққан. Құлды-жұмысқа жегілетін малды дұрыс күтпеу олардың өлуіне. себепші болған. Құлдар тек қана өздерінің билеушілерін жек көріп қана қойған жоқ, сонымен бірге еңбек құралдары мен заттарын да ұнатпай, оларды істен шығарды және көзін жоюға тырысты. Міне, осылай затты шектен тыс пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау меншіктің жоғалуына алып келді. Әсіресе, жерді дұрыс пайдаланбаудың ақыры жақсылыққа әкеліп соқпады, жер мұндай жағдайда өзінің құнарлылығын жоғалтып, көпке дейін, тіпті өмір-бақи байлық көзі болудан қалды.

Өмір өзі тұрақты көрсетіп отырғанындай, біреулердің затты иеленуге ұмтылуы басқа адамдардың да осындай ұмтылысына кезігіп отырғап. Сондықтан да жеке меншікке құқықты жүзеге асыру осы басқа адамдардың келісімімен байланысты болған. Міне, осылай меншік же­ке бір адамның затқа деген жай қатынасы емес, мүлікті иелену, пайдалану және билеу мәселелеріне байланысты қоғамдық қатынас ретінде әрқашанда көрінуі тиіс.

Меншік ұғымы адамды немесе адамдар қауымын меншік иесі ретінде бекітетін бастапқы негізбен анықталады және онымен әрқашан байланыста болады. Орта ғасырларда мұндай негіз соғыс, зорлап тартып алу, тіпті ұрлап алу болып табылды. Алайда, азаматтық қауымдастықтың қалыптасуымен және дамуымен адам­дар бұл проблемаларды шешудің ақылға қонымды жолдарын тезірек іздестіруді ойластырды.

XVII ғасырда ағылшындық ғалым Д. Локк бір адамның өмір сүруінде, оның табиғи теңдігінде, өз өмір сұруін сақтауының табиғи заңын бірдей пайдалануында меншіктің табиғи құқықтық негізі бар деген идеяны дамытты. Бұдан көріп отырғанымыздай, Д. Локк адамды жеке меншік субъектісі ретінде қарастыратын негізге байланысты ойларын ашық айтып отыр [1].

А. Смит пен Д. Рикардо табиғи, бостандықтағы жеке меншік туралы Локктің идеясын қолдай отырып, осындай меншікке экономикалық негіздеу берді [2]. Жеке меншіктің мәңгілігін және қоғамдық меншіктің ақылға сыйымсыз екендігін Гегель өзінің „Құқ философиясы" еңбегінде дәлелдеді. Гегель ілімі бойынша меншік өзінің мәні жағынан тек қана бостандықтағы, толық жеке меншік болып табылады [3].

Осы бір өткенге аз ғана көз жүгірту қогамдық, оның ішінде әміршіл-әкімшіл экономика билік құрған кезеңдегі мемлекеттік идеология ретінде бой көрсеткен қоғамдық қатынастардағы мемлекеттік меншікті дәріптеу теориясы қате көзқарас екенін дәлелдейді.

Сондықтан да қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында өндірушіге өз еңбегімен жасаған өндіріс қорын қайтару керек пе, әлде қайтармау керек пе деген әңгіме төңірегіндегі пікірталасты жүргізудің ешқандай қисыны жоқ екендігі дәлелдеуді керек етпейді. Бұл -нарыққа апаратын, дағдарысты жойып, экономиканы көтеретін ең қысқа жол. Оның үстіне өндіруші бұған дейін болған құбылысқа қарама-қарсы жағдайды иеленіп, құрал-жабдықтарды меншігіне айналдыра оты­рып, мемлекетті экономикаға қызмет етуге мәжбүр етеді.

Сондықтан да мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жоғарыда көрсетілген себептері агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық жаңғырудың ең басты негізі болып табылады. Тұжырымдық бағдарлама мемлекеттен алу және жекешелендірудің теориялық және әдістемелік бағыттарын анықтай келе агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі салаларының, кәсіпорыпдары мен ұйымдарының ерекшеліктерін еске ала отырып, мемлекеттік ауыл шару-ашылығы кәсіпорындарының мүлкін мемлекеттен алу және жекешелендіру жөніндегі Президенттің тиісті жарлықтары мен Қазақстап Республика сының бірқатар заңдарына сүйенеді. Нақты жекешелендіру төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындарды шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға, олардың ассоциацияларына және басқа шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес тәсілдеріне көшіру;

- акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін құру;



- меншіктің тұлғаландырылған тәсіліндегі ұжымдық кәсіпорындарға көшіру;

- мемлекеттік мүлікті конкурс бойынша немесе аукционда сату.

Тұрақты өзін-өзі ақтамайтын кәсіпорындарды жекешелендіру осы шаруашылықтың еңбек ұжымы құратын шаруашылық серіктестіктеріне немесе акционерлік қоғамдарға олардың мүлкін тегін беру немесе ұжым бұл мүлікті алудан бас тартқан жағдайда аукцион немесе конкурс арқылы сату жолымен жургізіледі.

Біртұтас және технологиялық ажырамас өндірісі бар құс фабрикалары, мал шаруашылығы кешендері, жылы-жай комбинаттары және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары басым жағдайда. акционерлік қоғамдарға және корпорацияларға айналдырылады.

Нан өнімдері, ет, сүт, тамақ, жеміс-көкөніс қалбырлау өнеркәсібі жүйесіндегі және материалдық-техникалық жабдықтау, жөндеу, машина жасау, агросервистік қызмет көрсету, транспорт және ауыл шаруашылық өнімдерін тарату саласындағы кәсіпорындарды және құрылыс пен су шаруашылығы кешендерін мемлекеттен алу және жекешелендіру көпшілік жағдайда акционерлендіру жолымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тауар өндірушілердің мүдделері барынша толығырақ қорғалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтаумен тікелей байланысты салаларда, сондай-ақ қызмет көрсететін сфераларда акциялардың ең кем дегенде жартысы олардың қызметін пайдаланатын және өңдеуге өндірістік өнімдерін әкелетін кәсіпорындарға, шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына өткізілуі тиіс.

Ұсақ және орта дайындау, өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарының мүлкі жекешелендірілгенде, оларды селолық өндірушілердің қатысуымен жабық акционерлік қоғамға айналдырған жағдайда мемлекетке акциялардың бақылау пакеті қалдырылмайды. Республи­ка немесе облыс рыногінде ерекше орын алатын кәсіпорындар, сондай-ақ ірі және маңызды кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекет қатысуымен ашық акционерлік қоғамдарға айналдырылуы керек. Мемлекеттің спирт, ли­кер-арақ және темекі өнімдерін өндіретін салаға монопо-лиясын сақтау маңыздылығы есепке алына отырып, сондай-ақ шикізатты, материалдар мен құрал-жаб-дықтарды сырттан сатып алу үшін валюталық қорды тиімді пайдалану қажеттілігіне байланысты өнеркәсіптің бұл саласындағы кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде олар акциялардың 51 %-і мемлекет меншігінде сақталынатын ашық акционерлік қоғамға айналдырылады. Жекешелендіруге жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар:

- мал дәрігерлік қызмет;

- өсімдік карантинасы;

- мемлекеттік тұқым инспекциясы;

- өсімдіктердің сорттарын сынау жөніндегі комиссиялар, сорт сынау станциялары және мемсортучаскелері;

- химияландыру және өсімдіктерді қорғау станциялары;

- өнім сапасы жөніндегі инспекциялар;

- мемлекеттік ауыл шаруашылығын бақылау;

- жоғары және орта оқу орындарының оқу шаруашылықтары;

мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибелік және тәжірибе-эксперименттік шаруашылықтары;

- мемлекеттік асыл тұқымды және жылқы зауыттары;

- мемлекеттік асылдандыру шаруашылықтары;

- дәрілік өсімдіктер кеңшарлары;

- су шаруашылығы және суландыру жүйелері мен құрылыстары объектілері;

- әлеуметтік инфрақұрылым объектілері (білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері);

- мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының балансында тұрған өндірістік инфрақұрылым объектілері (көпірлер, плотиналар, жолдар, су құбырлары, суландыру жүйелері, жылу және электр жүйелері, канализациялық жүйелер, байланыс құралдары және т.б.).

Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешен өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және жеке меншік базасында жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда I сфера (ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығару) басым жағдайда мемлекеттік меншікке негізделеді; II сфера (ауыл шаруашылығы өндірісі) жеке; III сфера (ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өңдеу) жеке және мемлекеттік меншікке негізделеді.

Ауыл шаруашылығы өнімі рыногін мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалық, қаржылық, несиелік және са-лықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.

Баға саясатының негізгі бағыты еркін тағайындауға көшу болып табылады. Рыноктің қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын таңдауда толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті және өзара тиімді контрактіге отырады. Онда келісімді бағадан басқа салықтық, несиелік жеңілдіктер мен материалдық техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, өндірістік және өндірістік емес объектілерді қаржыландыру жөнінде әр түрлі ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін. Алайда, еркін баға агроөнеркәсіп кешенінің I және III сфераларындағы кәсіпорындарды демонополизациялаған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістің құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып құтылу мүмкін емес.

Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанға дейін процентсіз нссиелерді пайдалана алатындығында жатыр.

Мемлекеттік реттеусіз монополизм жағдайында өнеркәсіп және ауыл шаруашылық арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өндіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист - кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғары шегін (немесе рента-бельділік деңгейінің шегін) белгілеу қажет.

Қаржылық саясаты селода көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңінде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекетік бағаны қамтамасыз етуге, аграрлық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық банкілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген селолық аудандар, экологиялық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға, шаруашылық айналымынан шығып қалған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағышталуы тиіс.

Тауар өндірушілерді бюджет есебінен кең көлемде қаржыландыру нарықтық экономика толық орнатылғанда ғана мүмкін болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік қаржылық қолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығындағы жаңа немесе ерекше қиын өндірістерді ұйымдастыруға бағытталады.

Экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты ауыл шаруашылығындағы өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:

- ауыл шаруашылығын несиелендіретіп банкілер қызметін ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;

- меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанға дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде процентсіз қаржы, сондай-ак, несие-лендірілетін объектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға бірдей жол ашуды қамтамасыз ету;

- несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;

- коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;

- ауыл шаруашылығына несие беретін банкілерге бағалы қағаздар шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айпалымы үшін ерекше қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне қажетті қаржылық ресурстарды арзандатуымен қатар тез жинақтауды жеделдетеді);

- несиелік қаржының төмендетілуі мен қарыздың қайтарылмауынан туындаған шығындарды жабу үшін ауыл шаруашылық несиесін ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық сая­саты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық са­лу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.

Жерге біртұтас салық енгізілгеннен кейін, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатындықтан, ауыл шаруашылық кәсіпорындары табысқа салық төлеуден босатылды. Бұл аграрлық өндірістің нәтиже беретін көрсеткіштеріне тіпті салық салудан босатылуға алып келді. Нәтижесінде салық көмегімен бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың көлемін, жеке тұтынуға және қорлануға бағытталатын пайданы мемлекеттік реттеу мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты салық салудың негізгі объ-ектісі ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін — пайда, ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс белгіленді.

Жалпы алғанда, салықтар мен аударулар кәсіпорынның жалпы табысының 20-25%-інен аспауы керек. өйткені, жалпы табыстың 25%-інен 50%-іне дейін салыққа алынуы тек қана өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-тен астам салық салу өндірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.6.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі — жалпы табысқа салық салу қолданылуы керек. Одан әрі ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның иегізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.

Инвестициялық саясат агроөнеркәсіп кешеніндегі көпукладты экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік сферадағы объектілер құрылысын са­лу, сондай-ақ селолық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басқа барлық шараларына инвестиция бөлу қайтарылу негізінде жүргізілуі тиіс.

Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасында инвести-циялық саясаттың басым бағыттары мыналар болып табылады:

- конверсия нәтижесінде босап қалған бұрынғы кәсіпорындарды қайта бағдарлау мен жаңа құрылыстар салу есебінен өзін экономикалық жағынан ақтайтын ауыл шаруашылық және азық-түлік машиналарын жасайтын өзіндік база жасау;

- түпкілікті техникалық қайта жарақтану және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жабдықтау;

- алдыңғы қатарлы технологияға және өндіріс құралдары рыногіндегі коньюнктураның өзгерістеріне тез бейімделетін аз сериялы өндіріспен айналысатын орташа және ұсақ кәсіпорындарды дамыту.

Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға паритетінің сақталмауы жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық- кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.

Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу сферасында мемлекеттің қатысуымен тікелей селолық елді мекендерде өңдеу (кіші және орта қуаттылықтағы) жөніндегі кәсіпорындар салынатын болады.

Тұжырымдық бағдарламада сондай-ақ әлеуметтік да­му және Республика агроөнеркәсіп кешенін мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар қарастырылған.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дағдарыстан шығу және нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде дамытудың негізгі бағыттары бойынша қосымша мынаны атап өтуге болады: Батыстың көмегіне сүйену керек әрі ондай көмекті кері қайтаруға болмайды, Бірақ, бұл гуманитарлық көмек немесе мейірімділік актісі ретінде қабылданбауы керек. өйткені, мұндай мүсіркеушілік -біз үшін басы артық дүние. Жаңа технологиялар, тұтыну тауарларын алу үшін несиелер (ақылға сыйымды мөлшерде), капиталды сырттан әкелу және бәсекелестіктің басқа тәсілдерінің қажеттілігі пісіп жетілгендігін мойындауымыз керек.

Ашық экономика, шетелдік капиталдың, жаңа тауарлар мен жаңа жұмыс орындарының келуі әрқашан да кез келген елде пайдалы болды. Томағатуйықтық әрқашан да зиян, бірақ біздің экономиканың, оның ішінде агро-өнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайдағы жай-күйі үшін кейбір қазіргі радикалдардың асыра сілтеушілігі сиқты тіптен қауіпті. Қазіргі тынымсыз және қиын уақытта тек салмақты экономикалық шешім мен ұзақ мерзімді саяси тұғырнама ғана табысқа жеткізеді. Біз бұл жерде экономиканың аграрлық секторында, ең алдымен тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінде шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдерін бағалау және таңдау жолдарын іздестіруге тұспа-тұс келеміз.


Әдебиеттер

  1. Теоретические основы критики меркантилизма. Дж. Локк // Всемирная история экономической мысли: В 6 томах / Гл. ред. В. Н. Черковец. — М.: Мысль, 1987. — Т. I. От зарождения экономической мысли до первых теоретических систем политической жизни. — С. 414-418. — 606 с. — 20 000 экз. — ISBN 5-244-00038-1.

  2. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. / Вступит. статья и комментарий В. С. Афанасьева. — М.: Издательство социально-экономической литературы, 1962. — 684 с.

  3. Гегель. «Энциклопедия философских наук» (Enzyklopädie der philosophischen Wissenschaften) (1817; с дополнениями переиздавалась в 1827 и 1830), Философия права (1821)


Reference

  1. Teoreticheskie osnovy kritiki merkantilizma. Dzh. Lokk // Vsemirnaja istorija jekonomicheskoj mysli: V 6 tomah / Gl. red. V. N. Cherkovec. — M.: Mysl', 1987. — T. I. Ot zarozhdenija jekonomicheskoj mysli do pervyh teoreticheskih sistem politicheskoj zhizni. — S. 414-418. — 606 s. — 20 000 jekz. — ISBN 5-244-00038-1.

  2. Smit A. Issledovanie o prirode i prichinah bogatstva narodov. / Vstupit. stat'ja i kommentarij V. S. Afanas'eva. — M.: Izdatel'stvo social'no-jekonomicheskoj literatury, 1962. — 684 s.

  3. Gegel'. «Jenciklopedija filosofskih nauk» (Enzyklopädie der philosophischen Wissenschaften) (1817; s dopolnenijami pereizdavalas' v 1827 i 1830), Filosofija prava (1821)

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет