«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы



жүктеу 83.38 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі83.38 Kb.
: upload -> iblock
iblock -> Вторая жизнь А320
iblock -> Методическая разработка что нужно знать о насилии над женщиной: мифы и факты с древних времен до наших дней ноябрь 2015 г
iblock -> Прогноз на матч Израиль Уэльс (28 марта 2015 года, 20: 00)
iblock -> Арсенал и Эвертон. Арсенал


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

_____ шілдедегі № ________ бұйрығымен бекітілген




«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы



  1. Жалпы ережелер

1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасы операторға тапсырылған сәттен бастап:

– қаржы агентігінің болмаған жағдайда 70 (жетпіс) календарлық күні;

– қаржы агентігінің қатысуымен жағдайда 80 (сексен) жұмыс күні.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін берілетін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидия қаражатын аударуға төлем шоты.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) операторға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуі үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін өтінім (бұдан әрі - субсидиялау үшін өтінім);

банк операцияларын жүзеге асыру құқығына арналған қаржы институты/төлем агенті лицензиясының көшірмесі;

қаржы институты растаған қызметті алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;

қызметті алушының кредитті/лизингті мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы, кредиттік/лизингтік шартта көрсетілген қарыз алушының шотынан үзінді-көшірме, кредитті мақсатты пайдалану актісі, лизинг нысанасын қабылдау-беру актісі) немесе қызметті алушының кредиторлық берешектерді мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы, шот-фактура, тауарлық-көліктік жүкқұжат/орындалған жұмыстар актісі, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептемелерді салыстырып тексеру актісі);



қызметті алушының қаржылық сауықтыру жоспары.

қаржы институты растаған пайыздық мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің бағанын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінің бағанын қамтитын қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру шартының жобасы, жаңартылған өтеу кестесінің жобасы, оның ішінде электронды түзетілетін форматтағы жобасы.

Қаржылық сауықтыру агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызмет түрлерінің басымдылығына сәйкес жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды операторға тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылдану күні мен уақыты көрсетілген, оператордың кеңсесінде тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы пошталық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын пошта ұйымының белгісі растайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, оператордың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36 мекенжайы бойынша беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің шағымында:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні корсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органга шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

12. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) операторға жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінішті өкілі арқылы немесе поштамен жібере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:

көрсетілетін қызметті берушінің www.mgov.kz,

оператордың www.kam.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде

сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға өтінім

20___ ж «____» ______________.

Кімге: ___________________________________________________________________

(оператордың атауы)

Кімнен: ____________________________________________________________________

(қаржы институтының атауы, почталық заңды мекенжайы, байланыс телефондары, ЖСН, банктік деректемелері)






Қарыз алушы туралы мәліметтер

1.

Атауы




2.

Толық почталық (заңды) мекенжайы




3.

Байланыс телефондары




4.

БСН/ЖСН




5.

Банктік деректемелері




6.

Қарыз алушының өтінімі түскен күні




7.

Субсидиялау сомасы




8.

Өтеу кестесі(-лері)інің көшірмесі




9.

Қаржы институты мен қарыз алушы тарапынан ұсынылатын іс-шаралар және заттай және қаржылай мәнде қаржылық сауықтырудан күтілетін әсер көрсетілген қаржылық сауықтыру жоспары





Осымен:

1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан және Қақстан Республикасы Ұлтық қорынан мемлекеттік қолдау көрсетілмейтіні;

2) қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсіміндегі немесе сауықтыру рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату, оңалту немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны расталады.
Қаржы институтының бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы ____________

М.О.


Өтінімді беру күні 20___ж. «__»_______________

Өтінімді қабылдау күні 20___ж. «__»_______________



029382




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет