Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидалары



жүктеу 288.82 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі288.82 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы «9» сәуірдегі

№ 9-1/320



бұйрығымен бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) субъектілерін қаржалық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

  1. әкімші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Салық салуды оңтайландыру мақсатында әкімші төлем көздерінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген салық агенті болып танылады;

  1. кредиттік және лизингтік міндеттемелер – Қағидалардың шеңберінде қаржы институты алдында кредит/лизинг алуға байланысты туындайтын айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алу және салу мақсатына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындайтын берешекті қайта қаржыландыруға қаржылық сауықтыру шараларын қолдануға болатын қарыз алушының міндеттемелері;

  2. кредиторлық міндеттемелер – айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы және технологиялық жабдықты лизингке алуға, басқа кредиторлар алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға байланысты өзге шаруашылық субъектілері алдында пайда болған қарыз алушының міндеттемелері;

  3. кредиторлар комитеті – әрбір жеке қарыз алушы үшін тиісті салалық қауымдастықтың өкілін қосу мүмкіндігі бар қаржы институттарының кредиторлардың өкілдерінен құрылатын комиссия;

  4. кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау – қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін ұлғайту, төлемдерді өтеудің тәртібі мен кезектілігін өзгерту, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, сондай-ақ өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну;

  5. кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – қарыз алушыларға ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен және бар берешектерін өтеуге жеңілдікті кезеңмен қосымша келісім жасау арқылы жаңа нысаналы кредиттер ұсыну не бұрын берілген кредиттерін алмастыру;

  6. қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен саласында қызметін жүзеге асыратын және кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бар АӨК субъектісі;

  7. қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі – қарыз алушыға қатысты қаржылық сауықтыруды мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім;

  8. қорландыру қаражаты – қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерін кейіннен қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру үшін қаржы институттары ұсынатын қаржы агентінің тартылған қарыз қаражаты;

  9. қаржылық сауықтыру – айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға, сондай-ақ жоғарыда аталған мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешекті қайта қаржыландыруға пайдаланылған қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық міндеттемелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекет тарапынан қолдау арқылы қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру;

  10. қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, АӨК саласындағы кредиттік серіктестіктер, микроқаржылық/микрокредиттік ұйымдар, АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын лизингтік компаниялар;

  11. қаржы агенті – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы;

  12. оператор – АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржы институттарының кредиттері/лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарттың негізінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;

  13. пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау – қарыз алушының кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ретінде қаржы институтына төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау нысаны;

  14. технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олардың қатысуынсыз толық технологиялық циклдің қамтамасыз етілуі мүмкін емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жабдық.



2. Қаржылық сауықтырудың жалпы шарттары


  1. Қарыз алушының айналым қаражатын толтыру, құрылыс және негізгі қаражатты сатып алу, сондай-ақ, технологиялық жабдықты, ауылшаруашылығы техникасын лизингке алу бойынша кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға жатады.

  2. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қарыз алушының валюталық кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бойынша, сондай-ақ шетел валютасына байланысты міндеттемелері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте субсидиялар сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төленеді. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, ол келешек субсидиялар шотына есептеледі, ал теріс бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді.

2014 жылғы 1 қантарға дейін пайда болған кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелер бойынша қаржылық сауықтыру жүзеге асырылады.

  1. Қаржы институттары қарыз алушылар бастамашылық ететін кредит беру/лизинг беру шарттарын өзгертуге байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қарыз алушылардан қаржылық сауықтыруға қатысуға байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

  2. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Республикалық бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттардың пайыздық мөлшерлемесі субсидиялауға жатпайды.

  3. Республикалық бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелерін қаржылық сауықтыруы, оларды бюджеттік қаражаттан тыс қаржы қаражатына ауыстырған жағдайда жүзеге асырылады.

  4. Қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген рәсіміндегі немесе оңалту рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған қарыз алушылар қаржылық сауықтыру рәсімдеріне жіберілмейді. Бұл ретте, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы қабылдаған шешім бойынша қарыз алушылар қайтадан қаржылық сауықтыру рәсіміне қатыса алмайды.

Кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау қаражатын аудару қарыз алушы мен қаржы институты қол қоятын қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру міндеттемелері туралы шарт жасалған күннен басталады, субсидиялау қаражатын төлеу тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде субсидиялау шартын жасаған сәттен бастап қаржылық жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте субсидиялауға арналған қаражатты бөлу бұрын жасалған субсидиялау шарттарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

  1. Қаржылық сауықтыру мерзімі өтіп кеткен сыйақыны негізгі борышқа капиталдандыруға қарыз алушының келісімі болған жағдайларды қоспағанда, қаржы институттарының есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды, мерзімі асып есептелген сыйақыны есептен шығаруы шартымен сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1 %-дан аспайтын жеке кестемен (негізгі борышқа капиталдандырусыз) төлемді бөліп төлеу арқылы жүргізіледі.

  2. Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және/немесе лизингтік шарттар бойынша шарттарды (сыйақы мөлшерлемесі, төлеу мерзімі, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсыну) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия және қаржы агенті (қатысқан жағдайда) шешімі бойынша жылына бір рет қана өзгертуге болады. Бұл ретте, қайта құрылымданған/қайта қаржыландандырылған кредиттік және лизингтік шарттардың мерзімі өзгертілген (ұзартылған) жағдайда субсидиялар мерзімі ұзартылмайды, сондай-ақ сыйақыны негізгі борышқа капиталдандыруға жол берілмейді.

  3. Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау оны теңгеде жылдық
    7 (жеті) %-ға және шетелдік валютада 5 (бес) %-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы тармақтың 1) және 3) немесе немесе осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген:

  1. қаржы институттарының қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерін қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұлғайтуы;

  2. АӨК субъектілерінің өзге шаруашылық субъектілері алдындағы кредиторлық берешегін қайтару мерзімі 9 (тоғыз) жылдан аспайтын қаржы институттарының кредитіне ауыстыра отырып, қайта қаржыландыру не қосымша келісімдер жасау жолымен бұрын берілген кредиттерді алмастыру;

  3. қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта қаржыландыру/қайта құрылымдау кезінде осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну өлшемдерін сақтауы, сондай-ақ осы Қағидалардың
    11-тарауында көрсетілген қаржылық сауықтыруда тең қатысуды сақтау шарттарын бір мезгілде сақтау кезінде жүзеге асырылады.



3. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру үшін қаржы институттарының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі


  1. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдауды/қайта қаржыландыруды жүргізу үшін оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру рәсімдерінің басталғаны туралы хабарландыруды кемінде 3 (үш) республикалық бұқаралық ақпарат құралында және интернет-ресурстарда (меншікті және әкімшінің) орналастырады, бұл қарыз алушыларға қаржылық сауықтыру шеңберінде қайта құрылымдауды және қайта қаржыландыруды жүзеге асыру туралы өтініштерімен қаржы институттарына жүгінуге құқық береді.

  2. Қарыз алушылар өздерінің кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру ниеті туралы өтінішпен қаржы институттарына жүгінеді.

  3. Қаржы институттарының қарыз алушылардың өтініштерін қарауы қаржы институттарының ішкі кредиттік саясатына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қарыз алушы толық құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

  4. Қарыз алушылардың өтініштерін мақұлдаған жағдайда қаржы институттары мынадай құжаттарды қалыптастырады және операторға жолдайды:

    1. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін өтінім;

    2. бір реттік тәртіппен ұсынылатын банк операцияларын жүзеге асыру құқығына арналған қаржы институты/төлем агенті лицензиясының көшірмесі;

    3. қаржы институты растаған қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;

    4. қарыз алушының кредитті/лизингті мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы, кредиттік/лизингтік шартта көрсетілген қарыз алушының шотынан үзінді-көшірме, кредитті мақсатты пайдалану актісі, лизинг нысанасын қабылдау-беру актісі) немесе қарыз алушының кредиторлық берешектерді мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы, шот-фактура, тауарлық-көліктік жүкқұжат/орындалған жұмыстар актісі, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептемелерді салыстырып тексеру актісі);

    5. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӨК субъектісін қаржылық сауықтыру жоспары.

Қаржылық сауықтыруға жататын қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері 4 500 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгеден асқан және бір кредитордан (қаржы институтынан) артық болған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер АӨК субъектілерін кешенді сауықтыру жөніндегі кредиторлар комитетін құрады және қаржылық сауықтырудың кешенді жоспарын ұсынады;

    1. қаржы институты растаған пайыздық мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің бағанын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінің бағанын қамтитын қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру шартының жобасы, жаңартылған өтеу кестесінің жобасы, оның ішінде электронды түзетілетін форматтағы жобасы.

16 Субсидияларды бөлуді жүргізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамда комиссия төрағасы (төраға болмаған жағдайда ол қатысушы мүшелер ішінен сайланады), мүшелері және хатшысы бар қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия құрылады. Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшесі болып табылмайды.

17. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Егер, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.

18. Оператор қаржы институттарынан өтінімдер болған кезде күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде осы Қағидалардың 15 тармағына сәйкес қаржы институттары ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жіберу жолымен шақырады. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін оператор өз бетінше айқындайды.

19. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.

20. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаға осы Қағидаларға 18-тармағына сәйкес қарыз алушылардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетіні/сәйкес келмейтіндігі туралы оператордың қорытындысы, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінің жобасы, сондай-ақ осы Қағидаларға 15-тармақта көрсетілген құжаттар электрондық жеткізгіште қоса беріледі.

21. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия оның мүшелерінің көпшілік дауысымен дауыс беру арқылы хаттамалық шешім түрінде қабылдайды.



Бұл ретте қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.

22. Субсидиялар сомасын бөлу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес АӨК-ні дамыту бағыттарының басымдығына сәйкес тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде жүргізіледі.

Көрсетілген бағыттардың басымдылығы қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның бір отырысы шеңберінде келесі бағыттың өтінімдерін қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған бағыттың қажеттілігін толық қанағаттандыруды көздейді. Бір басымдық бағыты шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу қарыз алушының өтінім ұсыну күніне қарай жүзеге асырылады. Басым бағыттарға қосылмаған АӨК саласындағы қызметтің басқа түрлері қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның бір отырысы шеңберінде бірінші және екінші басымдықтарды толық қанағаттандырғаннан кейін қарастырылады.

23. Оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күн мерзімінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірменің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын кейін жолдай отырып, осы үзінді-көшірмені қаржы институттарына және қаржы агентіне электрондық почта арқылы жолдайды.

24. Қаржы институттары қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмені алғаннан кейін күнтізбелік
20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес қарыз алушыларға қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды.


4. Қаржы агентінің қатысуынсыз қаржылық сауықтыру үшін қаржы институттарының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі
25. Қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік/кредиторлық міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау үшін ақша ұсыну әкімші, оператор және қаржы институттары арасында үш жақты шарт (бұдан әрі – субсидиялау шарты) бойынша жүзеге асырылады.

26. Субсидиялау шарты қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешімінің негізінде жасалады және қаржы институтына қаражат аударудың тәртібі мен шарттарын, қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының есептен шығару процесіне оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейді.

Субсидиялау шартына қол қою тәртібі:

  1. қарыз алушы және қаржы институты қол қойған міндеттемелерді қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде оператор мен қаржы институты арасында;

  2. әкімшімен – оператордан субсидиялау шартын алған күннен бастап
    3 (үш) жұмыс күні ішінде.


27. Қаржы институты пайыздық мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін операторға:

  1. қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттарының қаржы институты растаған көшірмелерін;

  2. қаржы институтын мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесін;

  3. арнайы банктік шотты ашу туралы анықтаманы жолдайды.

28. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша өтінім сомасының міндеттемелерді өтеу кестелеріне сәйкестігін, сондай-ақ субсидиялау шартына сәйкес қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығаруға арналған қаражатты пайдалану туралы есепті (бірінші өтінімді берген кезде есеп ұсыну талап етілмейді) тексеруді жүзеге асырады және әкімшіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.

29. Қаржы институты әкімшінін субсидиялар сомаларын аударуы үшін арнайы жеке банктік шот ашады, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда қызмет көрсететін банкте арнайы шотын ашады.



Әкімші қарыз алушы мен қаржы институты қол қойған міндеттемелерді қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру туралы шарт жасалған күннен бастап есептелген субсидияларды қаржы институтына тиісті қаржы жылының соңына дейін аванстық төлеммен аударуды жүзеге асырады.

Қаржы институты арнайы банктік шотты және онда орналасқан ақшалай қаражатты осы Қағидаларда көзделмеген өзге мақсаттарға пайдалана алмайды. Арнайы банктік шоттағы ақшаны мақсатсыз пайдаланған жағдайда, қаржы институты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

30. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбаған бөлігін алған кезде қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шартқа өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы банктік шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.

31. Қаржы жылының соңында арнайы банктік шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы болған жағдайда, қаржы институты тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде оларды республикалық бюджетке қайтарады.



32. Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша төлем күні келген және қаржы институтының арнайы банктік шотында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаражат болмаған жағдайда, қарыз алушы өз қаражаты есебінен толық сыйақы мөлшерлемесін төлеуді жүзеге асырады. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін әкімші қаржы институтының арнайы банктік шотына қаражат аудару жолымен өтейді. Мұндай жағдайда қаржы институты қарыз алушыға бұрын төленген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қарыз алушының есеп шотына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін аудару жолымен өтеуді жүргізеді.

33. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың


15-іне дейін операторға қаржы институты растаған арнайы банктік шоттан үзінді-көшірмені қоса бере отырып есептілік ұсынады.

34. Оператор қаржы институтынан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін оған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің төленген қаражатының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі нысанасына талдау жасайды.



36. Егер қаржы институты қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттың талаптарын (сыйақы мөлшерлемесін, сыйақыны төлеу мерзімін, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсынуды) өзгерткен жағдайда, ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде операторға қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар топтамасымен қоса өтінім жолдайды.

36. Оператор осы құжаттар топтамасын қабылдайды, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды жасайды және құжаттарды қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қарау үшін жолдайды.

Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның теріс шешімі болған жағдайда, қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт талаптары өзгеріссіз қалады.

Қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік шарт бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, қаржы институты есептелген сыйақы фактісі бойынша есептелген субсидияларды есепке қосуды жүргізеді.

5. Қаржы агентінің қатысуынсыз қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату тәртібі
37. Қарыз алушы негізгі борыштың жоспарлы төлемін және/немесе сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан 3 ай ішінде орындамаған жағдайда, қаржы институты осы фактіні анықтаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторды жазбаша хабардар етеді.

Оператор қаржы институты ұсынған ақпараттың негізінде қарыз алушының кредиттік/лизингтік/кредиторлық міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қарауына шығарады.

38. Субсидиялауды тоқтату қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша:

  1. қарыз алушы негізгі борышының бір бөлігін және/немесе сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімде орындамаған;

  2. кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдаланған;

  3. қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу мақұлданғаннан кейін заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шотына тыйым салынған;

  4. қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген; Қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген күн пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі;

  5. қарыз алушы субсидиялауды тоқтату туралы бастама көтерген (жазбаша өтінген) жағдайда жүзеге асырылады.

39. Оператор қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, қаржы институты мен қарыз алушыны хатпен хабардар етеді.



  1. Қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру

шарттары
40. Әрбір қаржы институты үшін қорландыру қаражатының көлемі қаржы агентінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес дербес айқындалады.

41. Қорландыру қаражатының көлемі мен оларды қайтару мерзімі негізгі қарыз сомасынан және қаржы институттары қайта құрылымдаған/қайта қаржыландырған қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

42. Қорландыру қаражатын орналастыру бойынша сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 10 (он) %-дан асырылмай белгіленеді, оның
7 (жеті) %-ын қорландыру қаражатын қаржы агентінің кейіннен қаржы институттарында орналастыруы үшін, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде мемлекет субсидиялайды және шетелдік валютада жылдық 6 (алты) %-дан асырылмай белгіленеді, оның 5 (бес) %-ын мемлекет субсидиялайды.

Қорландыру қаражаттарын теңгемен жылдық 3 (үш) %-дан және шетелдік валютада жылдық 1 (бір) %-дан асырылмай сыйақы мөлшерлемесімен қаржы агенті қаржы институттарында орналастырады.

43. Қаржы институттары қорландыру қаражатын қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру мақсатында пайдаланады.

Бұл ретте қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша теңгемен жылдық 7 (жеті) %-дан және шетелдік валютада жылдық 5 (бес) %-дан аспауы тиіс.



7. Қаржы агентінің қатысуымен қорландыру кезінде өзара

іс-қимыл жасау тәртібі
44. Қарыз алушылар өздерінің кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру ниеті туралы өтінішпен қаржы институттарына жүгінеді.

45. Қаржы институттарының қарыз алушылардан түскен өтініштерді қарауы қаржы институттарының ішкі кредиттік саясатына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

46. Қаржы институттары қаржы агентінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес құжаттарды қалыптастырады және қаржы агентіне жолдайды.

47. Қаржы агенті ұсынылған құжаттар мақұлданған жағдайда, құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы қаржы институтын хабардар етеді.

48. Қаржы институты қорландыруға өтінімді мақұлдаған жағдайда, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қалыптастырады және операторға жолдайды.

49. Қаржы институты ұсынған өтінім бойынша шешім қабылдау үшін оператор осы Қағидалардың 18 – 23-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес және тәртіпте жұмыстар жүргізеді.

50. Қаржы агенті қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы институттарымен қорландыру қаражатын аударудың және оларды қайтарудың тәртібі мен шартын, сондай-ақ қаржылық сауықтыру мониторингінің шартын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін қарыз туралы негіздемелік келісім/нысаналы жедел банктік салым шартын жасайды.

51. Қаржы институттарына жасалған негіздемелік келісім шеңберінде қарыздарды ұсыну транштарды ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

52. Қаржы институттары қарызды берген күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған қорландыру қаражаты есебінен қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдауды/қайта қаржыландыруды жүргізбеген жағдайда, аталған қаражат қарыз туралы негіздемелік келісімге сәйкес жоғарыда көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне қайтаруға жатады.

8. Қаржы агентінің қатысуымен қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерін кейіннен қаржылық сауықтыру үшін қорландыру қаражаттын қаржы институттарында орналастыру бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі
53. Қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін қаражатты ұсыну әкімші, оператор және қаржы агенті арасында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын үш жақты шарт (бұдан әрі – қаржы агентін субсидиялау шарты) бойынша жүзеге асырылады.

54. Субсидиялау шарты қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешімінің негізінде және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес жасалады және қаржы агентіне субсидия аударудың тәртібін, шарттарын, қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау, сауықтыру процесіне оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейді.

Субсидиялау шартына қол қою тәртібі:

1) қарыз алушы және қаржы институты қол қойған міндеттемелерді қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде оператор мен қаржы институты арасында;

2) әкімшімен – оператордан субсидиялау шартын алған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде.


55. Қаржы агенті субсидия алу үшін операторға:

1) әрбір қаржы институты бойынша қорландыру қаражатының аударылғанын растайтын құжаттар қоса ұсынылған өтінімді;

2) қаржы институттарының қорландыру қаражатын пайдалануы жөніндегі есепті;

3) қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттарының қаржы институты растаған көшірмелерін жолдайды.



56. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім сомасының қаржы институттарында орналастырылған қорландыру қаражаттарына сәйкестігін, сондай-ақ қаржы агентін субсидиялау шартына сәйкес қорландыру қаражатын пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады және әкімшіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.

Субсидиялар сомасы теңгемен қаржы институттарында орналастырылған қорландыру қаражаты жалпы сомасының 7 (жеті) %-ы және шетел валютасында орналасқан соманың жылдық 5 (бес) %-ы мөлшерінде қаржы агентіне жыл сайын ұсынылады. Бұл ретте субсидия мөлшері қаржы институттары жыл сайын қайтаратын қорландыру қаражаты ескеріле отырып, анықталады.



Бұл ретте субсидияның сомасы субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төленеді.

57. Әкімші субсидияны қаржы агентіне қаржы институтына қорландыру қаражатын ұсынған күннен бастап тиісті қаржы жылының соңына дейін есептелетін аванстық төлем арқылы аударуды жүзеге асырады.



9. Қаржы агентінің қатысуымен қарыз алушыларды қаржылық сауықтыру үшін пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату тәртібі
58. Оператор қаржы агенті ұсынған ақпарат негізінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қарауына:

1) қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеген жағдайда; Қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген күн пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі;

2) субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агентінің көтерген бастамасын шығарады.

59. Оператор қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, қаржы агентін хатпен хабардар етеді.



10. Мүдделі тараптардың қарыз алушыларды қаржылық сауықтыруға тепе-тең қатысуы
60. Қарыз алушыларды қаржылық сауықтыруды жүргізген кезде мүдделі тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер алады:

    1. қаржы институттары қаржы агентінің қатысуынсыз меншікті және тартылған қаражат есебінен қаржылық сауықтырған жағдайда, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредиттер/лизингтер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады және қайта құрылымдалатын кредит бойынша теңгемен жылдық 14 (он төрт) %-дан аспайтын және шетелдік валютада 10 (он) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесін белгілейді; кредитті қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады не қайтару мерзімі 9 (тоғыз) жылдан асырылмай, теңгемен жылдық 14 (он төрт) %-дан аспайтын және шетелдік валютада 10 (он) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен жаңа кредиттер ұсынады не қосымша келісімдер жасау жолымен бұрын берілген кредиттерді алмастырады. Бұл ретте егер қаржы институтының қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-ға тең немесе одан төмен болса, онда 7%-ын мемлекет субсидиялайды, айырмашылықты қарыз алушы төлейді.

Қаржы институттары қаржы агентінің қатысуымен қорландыру қаражатының есебінен қаржылық сауықтырған жағдайда, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредиттер/лизингтер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады және қайта құрылымдалатын кредит бойынша теңгемен жылдық

7 %-дан (жеті) аспайтын және шетелдік валютада 5 (бес) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесін белгілейді; кредитті қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады не 9 (тоғыз) жылдан аспайтын қайтару мерзімімен теңгемен жылдық 7 (жеті) %-дан аспайтын және шетелдік валютада



5 (бес) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен жаңа кредиттер ұсынады, не қосымша келісімдер жасау жолымен бұрын берілген кредиттерді алмастырады;

    1. қарыз алушылар қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттің негізгі борышын және ол бойынша пайыздарды тұрақты төлеу бойынша барлық шараларды қабылдайды, борышты және ол бойынша пайыздарды толық өтегенге дейін таза табысты бөлуді болдырмайды;

    2. қарыз алушылардың меншік иелері қарыз алушылар қаржылық сауықтырудың шарттарына сәйкес қаржы институттары алдындағы міндеттемелерін толық өтегенге дейін қатысушылар арасында барлық табысты, қосымша капиталдандыру, инвесторлар тарту, қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша қаржы институттарына толық жәрдемдесу жолымен және басқа шаралармен қолдау көрсетеді;

    3. әкімші қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды оны теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютада 5 (бес) %-ға төмендету жолымен ұсынуды қамтамасыз етеді.

61. Қарыз алушының барлық кредиттік/лизингтік міндеттемелерін тиімді қаржылық сауықтыру мақсатында қаржы институттары кешенді сауықтыру бойынша келісілген шараларды жүзеге асырады.

11. Әкімші мен оператордың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
62. Әкімші мен оператор арасындағы өзара қатынастарды реттеу үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде оператор қызметтеріне төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін қаржылық сауықтыру үшін АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.

63. Оператордың қызметтерін әкімші тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама қаражатының есебінен төлейді.

12. Қаржылық сауықтыру мониторингі
64. Қаржылық сауықтыруды іске асыру мониторингін оператор жүзеге асырады, оның функцияларына:

  1. өтінімді қарастырған кезде қаржы институты ұсынатын ұсынылған құжаттар негізінде қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануы мониторингі;

  2. қаржы институты ұсынатын құжаттар негізінде қарыз алушының негізгі борышының бір бөлігін және ол бойынша пайыздарды уақтылы өтеудің тоқсан сайынғы мониторингі;

  3. қаржы институты ұсынатын құжаттар негізінде қарыз алушының субсидияланатын кредитін/лизингін мерзімінен бұрын өтеудің тоқсан сайынғы мониторингі;

  4. қаржы агенті ұсынатын мәліметтер негізінде қарыз алушының қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институтының алдындағы міндеттемелерін толық мерзімінен бұрын өтеудің тоқсан сайынғы мониторингі;

  5. қаржылық сауықтыру жоспарларын орындаудың жыл сайынғы мониторингі;

  6. бұрын субсидияланған кредиттік және лизингтік шарттардың жыл сайынғы мониторингі;

  7. бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған субсидияларды бөлудің жыл сайынғы мониторингі жатады.

65. Оператор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-ына дейін әкімшіге қарыз алушыларды қаржылық сауықтыру бойынша орындалған жұмыс туралы есепті ұсынады.

66. Оператор мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы институтынан және қаржы агентінен барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.



67. Әкімші жыл сайын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға әкімші және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бірлесіп бекітетін тәртіппен бюджеттік бағдарлама шеңберінде субсидиялар алған қарыз алушылар туралы ақпаратты жолдайды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет