Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Егемен Қазақстан» 2015 жылғы 25 қарашадағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру



Дата02.05.2016
өлшемі106.22 Kb.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

«Егемен Қазақстан» 2015 жылғы 25 қарашадағы

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелді.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-О-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

C-О-6 санаты үшін:  жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

C-R-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.


I. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, 010000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 28 А, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 32-72-45, факс 8 (7172) 32-72-33, электронды мекен жайы: satbekova.a@minagri.gov.kz «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Өсімдіктер карантині және қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманына (уақытша, 2016 жылғы 28 маусымға дейін, негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне) (С-О-6, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларына сәйкес карантинге жатқызылған өнімді карантиндік қарау; карантиндік және фитосанитариялық сертификаттар беру; өсімдікті қорғау және карантин саласында заң бұзушылық орын алған жағдайда құқық бұзушыны әкімшілік жазаға тарту бойынша жұмыстар жүргізу; карантиндік обьектілерді анықтау, оқшаулау және жою бойынша ағымдағы және жылдық есепті және жұмыс жоспарын жасау; кіріс және шығыс құжаттарын сапалы және уақытында орындау; өсімдікті қорғау және карантин саласы бойынша заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауылшаруашылық ғылымы (агрономия, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, топырақ зерттеу және агрохимия, жеміс-көкөніс өсірушілік, агроинженерия) саласында, жаратылыстану ғылымы (экология) саласында, білім саласында (биология) жоғары немесе аталған мамандықтар бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Кәсіби біліктілігі: тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары.Осы санаттың лауазымдары бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін басқа да міндетті білімдер: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдікті қорғау туралы» заңдары, Қазақстан Республикасының өсімдікті қорғау және карантин саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.

Практикалық тәжірибесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; 2) Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.
II. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75, анықтама үшін телефон: 8(7112)50-73-51, факс: 50-75-29, dushyeva.e@minagri.gov.kz «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: әкелінетін, шығарылатын карантинге жатқызылған өнімдерге, көліктерге, жолаушылардың жүктері мен қол жүктеріндегі өсімдіктерге үнемі карантиндік тексеру жүргізу, карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық, карантиндік сертиификаттар беру. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасумен, сатумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың, карантиндік шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру, карантиндік объектілердің таралуына есеп жүргізу, бақылау зерттеу жүргізу, шетелден әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерді өңдейтін, сататын шаруашылық субъектілеріне бақылауды жүзеге асыру.

Өсімдіктер карантині бойынша шаралардың орындалуына туралы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдар шығару және олардың орындалуына бақылау жасау, өсімдіктер карантині жөніндегі заңдылықтарды бұзған лауазымды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: агрономия, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, топырақтану және агрохимия мамандықтары бойынша жоғары білімі. Іс тәжірибесі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттеріне сәйкес саладағы нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Microsoft Office бағдарламасы стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу.
III. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, 150000, Петропавл қаласы, Парковая көшесі 57В, e-mail: sadvokassova.b@minagri.gov.kz; mustafina.g@minagri.gov.kz, телефоны для справок: 8 (715-2)53-36-93, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманына (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге мемлекеттік сатып алу жүргізу және ұйымдастыру бойынша жұмыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (юриспруденция ) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) профилдері бойынша жоғары білім. Ортадан кейін «құқық» ( құқықтану) немесе « сервис, экономика және басқару» (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша) немесе экономика (салалар бойынша) профилдері бойынша білімімен рұқсат етіледі.

Практикалық тәжірибесі: «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.



2. Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маман-заңгеріне (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысында болуына байланысты 13.11.2017 ж. дейін) (С-О-6, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: азаматтардың өтініштерін наразылық сот сипатында қарау, құжаттардың дұрыс ресімделуін сақтау, сот инстанцияларында инспекцияның мүддесін қорғау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (юриспруденция) профилі бойынша жоғары білім немесе ортадан кейін «құқық» (құқықтану) профилі бойынша білімімен рұқсат етіледі.

Практикалық тәжірибесі: «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

3. Уалиханов аудандық аумақтық инспекциясының бас маман- өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторына (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысында болуына байланысты 03.08.2018 ж. дейін) (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: белгіленген аумақта ауылшаруашылық дақылдарының аурулары және аса қауіпті зиянды организмдермен күрес бойынша іс-шаралардың жүргізілуіне бақылау жасау; аудандарда өсімдіктерді қорғау бойынша фитосанитариялық бақылау жүргізеді; аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген препараттардың (улыхимикаттар) ұтымды пайдалануына бақылау жүргізеді; фитосанитариялдық іс-шараларға фитосанитариялық мониторинг жүргізуге, тасымалдауды сақтауға және пестицидтерді (улыхимикаттар) қолдануға, пестицидтерді және оларға арналған ыдыстарды зарарсыздандыруға, лицензиялық ережелерді сақтауға бақылау жасайды; «өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР заңнамаларының орындалуына бақылау жасайды; әкімшілік істерді қарайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарады және хаттама жасайды, ҚР заңнамалық талаптарының олқылықтарын жою туралы нұсқама жазады; заңнамаларға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «ауыл шаруашылығы ғылымдары» профилі бойынша жоғары білім (агрономия, топырақтану және агрохимия немесе өсімдіктерді қорғау және карантині). Ортадан кейін «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» профилі бойынша (агрономия және өсімдік шаруашылығы) білімімен рұқсат етіледі.

Практикалық тәжірибесі: «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.



4. Уалиханов аудандық аумақтық инспекциясының бас маман- мемлекеттік астык инспекторына (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың санын анықтауда бақылауды жүзеге асыру; астықтың сандық-сапалық жағдайын, соның ішінде мемлекеттік ресурстағы астықтарды бақылау; бас лицензиясын растау үшін біліктілік талаптарына сай болуына арналған астық қабылдау кәсіпорындарына жыл сайынғы тексеріс жүргізуге қатысу; ҚР заңнамаларын сақтауда өзге де функцияларды жүзеге асыру; «астық туралы», «өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңнамаларының орындалуына бақылау жүргізу; әкімшілік істерді қарайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны шығарады және хаттама әзірлейді, ҚР заңнамалық талаптарының олқылықтарын жою туралы нұсқама жазады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «ауыл шаруашылығы ғылымдары» профилі бойынша жоғары білім (агрономия) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» профилі бойынша (биотехнология, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) немесе стандартизациялау, сертификациялау және метрология) (салалар бойынша). Ортадан кейін «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» профилі бойынша (агрономия) немесе «стандартизациялау, метрология және сертификациялау» (стандартизациялау, метрология және сертификациялау) (салалар бойынша) білімімен рұқсат етіледі.

Практикалық тәжірибесі: «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш;

2) уәкілетті органмен бекітілген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi (егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда осы талап етілмейді;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы 2015 жылғы 2 наурызға дейін (қоса есептегенде) жоғарыда аталған электрондық мекен-жайлары бойынша тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет