Ахмет ақҚали қабижанұлы қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихы



жүктеу 0.72 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
түріДиссертация
  1   2   3   4
: images -> stories -> downloads -> avtoreferaty
avtoreferaty -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
avtoreferaty -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
avtoreferaty -> Әож 94(574. 1): 332 021(043) Қолжазба құқығында
avtoreferaty -> Бердіғожин лесқали базарғалиұлы қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер- техникалық кадрларының қалыптасуы және өсуі
avtoreferaty -> Аликулова нұрлыгүл сапақҚызы ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы
avtoreferaty -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі
avtoreferaty -> Салмырза жайна ізбасарқызы сыр өңірі қазақтарының азаттық қозғалысы
avtoreferaty -> Демеуова нұРГҮЛ ҚажымұҚАНҚызы XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау
avtoreferaty -> Дюсенгалиева мерзат ғҰбайдоллақызы бөкей Ордасындағы сауда-саттық және кәсіпкерлік
avtoreferaty -> Әож 94 (574. 1): 664. 95 (574. 1) Қолжазба құқығында


ӘОЖ 94 (574): 930. 25. «1918/1991» (043) Қолжазба құқығында

АХМЕТ АҚҚАЛИ ҚАБИЖАНҰЛЫ

Қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихы (1918-1991 жж.)

07.00.02 - Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Орал, 2010

Жұмыс Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды

Ғылыми кеңесші: тарих ғылымдарының докторы,

профессор К.Л. Есмағамбетов


Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Х.М. Әбжанов


тарих ғылымдарының докторы,

профессор Н.А. Абдоллаев

тарих ғылымдарының докторы

Ғ.Қ. Кенжебаев

Жетекші ұйым: Қ.А. Ясауи атындағы

халықаралық қазақ -түрік

университеті
Диссертация 2010 жылы «30» қараша күні сағат 10.00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы БД 14.61.26 Біріккен Диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162


Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады. (090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162)

Автореферат 2010 жылы «26» қазанда таратылды.

Диссертациялық Кеңестің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы Ә.С. Тасмағамбетов

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылуы, мұрағат ісін басқару органдарының және мұрағаттық мекемелер жүйесінің, ондағы мұрағат қорларының жинақталу тарихы, мұрағаттардағы құжаттарды сақтау, олардың ғылыми құндылығын анықтау мен пайдалану, мұрағатшы маман кадрлар құрамы, материалдық-техникалық базасы мәселелері қарастырылады.

Зертттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстандағы мұрағат органдарының құрылу тарихы, қалыптасу және өркендеп дамуы республикадағы Кеңес өкіметінің орнауымен тығыз байланысты. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мұрағат ісін ұйымдастырудың жаңа принциптері қалыптасты. РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Лениннің 1918 жылдың 1 маусымындағы «РКФСР-дағы мұрағат ісін қайта құру және орталықтандыру туралы» декреті социалистік жүйедегі мұрағат ісі мен мұрағат мекемелерінің құрылуы мен ұйымдастырылуының басты бағыттарын анықтады.

Қай заманда, қандай қоғамда болмасын, отаншылдықтың бастауында ұлттық мақтаныш сезімі тұратындығы, ал оның қайнар көзі - тарих пен мәдениет екендігі анық. Қазіргі заманда өркениетті ұстанымы бар ұлттар мен ұлыстар ең алдымен өзінің кешегі және бүгінгі тарихын алға тартады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 37 бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті» делінген [1, 30 б.]. Сондықтан да мұрағаттардағы құжаттық қорды сақтау -ұрпақ алдындағы парыз.

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» туралы, «Мәдениет туралы» және «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» (1998) Қазақстан Республикасы заңдарының қабылдануы тақырып өзектілігін айқындай түседі.

Мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағытта жұмыс осы күнге дейін жалғастырылып келеді.

Бағдарламаның басты мақсаты рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени, мұрағаттық мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.

Ресей Федерациясының Астрахан, Орынбор, Уфа, Қазан, Омбы, Москва, Санкт-Петербург, Томск, Саратов т.б. қалаларында, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Қытай, Иран, Египет, Түркия, АҚШ, Франция және басқа да елдердің мұрағаттарында қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты сан мыңдаған құнды жәдігерлер сақталғаны белгілі.

Оларды отандық мұрағат және кітапхана қорларына алдыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында мәдениетіміз бен төл тарихымыз ғылыми құндылығы жоғары жәдігерлермен байытылуда. Қазіргі жаһандану заманында тарихи жәдігерлер мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етумен қатар, оны қалың көпшілікке таныту және халық игілігіне айналдыру маңызды да жауапты іс. Осы жағдайларға байланысты тарихи құжаттар мен деректер сақталатын мұрағат мекемелерінің тарихын зерттеп зерделеу қоғамдық сұраныстан туындайтын, теориялық, практикалық тұрғыдан өзекті тақырып екендігі анық.

Мұрағаттарда сақталатын ақпараттар мемлекеттің қоғамдық-саяси, экономикалық-мәдени дамуында ерекше орын алатын ұлттық стратегиялық байлық болып есептеледі.

Сонымен бірге мұрағат ісінің әр кезеңдердегі өсіп-өркендеу ерекшеліктері мен қоғамдағы орнын зерделеудің тарихи сананы қалыптастыруға тигізер ықпалын қоса айтуымыз керек. Республикадағы мұрағат құрылысының тарихын, оның қоғам дамуымен тікелей байланысын, жетпіс жылдан астам уақытта мұрағатшылардың алған межелері мен шеше алмаған проблемаларын жүйелі түрде зерттеудің мұрағат ісінің де, тарих ғылымының да дамуына қосар үлесі мол.

Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Диссертацияның теориялық-методологиялық іргетасын тарихи процестерді анықтайтын факторлардың бірнешеулігі туралы теория және оған негізделген плюралистік зерттеу әдісі құрайды. Сонымен бірге объективтілік, жүйелілік, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арақатынасы туралы идеялар, нақтылық принциптері басшылыққа алынды. Төл деректерге басымдылық беру, сонымен қатар тарихтың теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікілері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысын жүргізуде салыстырмалы-компаративтік, құрылымдылық-функциялық, ретроспективалық, салыстырмалы-тарихи және сипаттап баяндау әдістері қолданылды. Осы тәсілдер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық тұрғыда үйлесімді болуы басты назарда ұсталды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. 1918-1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасу тарихын мұрағат деректері мен мұрағат тарихына байланысты материалдарды дерек ретінде кеңінен ғылыми айналымға тарта отырып зерттеу және объективті түрде ашып көрсету диссертациялық жұмыстың басты мақсаты ретінде қойылды. Осыған сәйкес мынадай міндеттерді шешу назарға алынды:

- Қазақстан мұрағат құрылысы тарихының 1918-1991 жылдардағы құрылуының, қалыптасып, өркендеп дамуының тарихнамасын және теориялық-методологиялық мәселелері мен деректік негіздерін қарастыру;

- Қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихына мұрағаттағы түпнұсқалық деректер және мерзімді баспасөз материалдары арқылы ғылыми баға беру;

- Республика мұрағаттарындағы қорларда жинақталған тарихи маңызы зор құжат материалдарын ғылыми, әлеуметтік-мәдени, халық шаруашылығы және әлеуметтік-құқықтық пайдалану нәтижесін айқындау;

- Қазақстандағы мұрағат құрылысының басты кезеңдерін анықтау мен саралау және мұрағат құрылысы тарихының мәселелерін тарихи, деректану, мұрағаттану еңбектері арқылы талдау жасау;

- мемлекеттік мұрағат мекемелерінің негізгі міндеттері мен қызмет ету аясын ашып көрсету;

- мемлекеттік мұрағат қорын тарих ғылымының құжаттық базасы ретінде қарастырып, тарихтың ақтаңдақ беттерін жоюды жолға қою;

- мұрағаттардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылу процесін зерделеу;

- КСРО мұрағат Бас басқармасымен республиканың мұрағат Бас басқармасының өзара қарым-қатынасын анықтау;

- мұрағаттардағы құжаттардың сақталуын және ғылыми-ақпараттық аппаратын құрудың нәтижесін көрсету, мемлекеттік мұрағаттарда құжаттарды жинақтау және құндылығына сараптама жүргізу жұмыстарын ғылыми саралау мен мемлекеттік мұрағат қорлары бойынша тарихи құжаттардың сипаттамасын анықтау.



Зерттеу жұмыстарының деректік негіздері. Зерттеу жұмысымыздағы басты деректер Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаттың № 5 Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің № 195, Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің № 30, Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссарлар Кеңесінің № 81, Қазақ КСР Ішкі Істер Министрілігінің Мұрағат басқармасы-Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат Бас басқармасының № 544 қоры, Б.Р. Рамазанованың № 997 жеке қоры, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 1137 қоры және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының Қазақ өлкелік Бүкілодақтық Коммунистік(большевиктер) партиясының № 141, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің № 708 қорлары, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облысы мемлекеттік мұрағаттарының қорларындағы мұрағат құрылысына тікелей қатысты істер, Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағатының КСРО Министрлер Кеңесінің № 5325 қоры, Ресей Федерациясы Орынбор, Астрахан облыстарының мемлекеттік мұрағаттары қорларындағы құжаттар кеңінен қолданыс тапты.

Зерттеу жұмысының нысаны мұрағат қоры деректері негізінде Қазақстандағы мұрағат құрылысының 1918-1991 жылдардағы қалыптасу және даму кезеңдерін зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні еліміздің тарихына қатысты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріндегі елеулі ерекшеліктерді ескере отырып мемлекеттік мұрағат қорларында сақталған құжаттардың негізінде 1918-1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасу және даму кезеңдеріне тарихи талдау жасау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі 1918-1991 жылдар аралығын қамтиды. 1918 жылы Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауымен мұрағат құрылысының тарихы өз бастауын алады және КСРО ыдыраған кезеңді, яғни 1991 жылға дейінгі уақыт қарастырылады. Сондықтан осы жылдардағы мұрағат құрылысы тарихын 1918-1929 жылдар, 1929-1941 жылдар, 1941-1945 жылдар, 1945-1956 жылдар, 1956-1970 жылдар және 1970-1991 аралығындағы алты кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңнің бастауы В.И.Лениннің «Мұрағат істерін қайта құру және орталықтандыру» туралы тарихи декретке қол қоюынан бастау алады. Екінші кезеңнің басты даму бағыты-бүкіл ел саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытын «сталиндік» даму үлгісінің казармалық социализм саясатын, социалистік құрылысты өркендету жолында елде мұрағат мекемелері жүйесінің қалыптасуы болды. Мұрағат істерінің тарихындағы үшінші кезең қысқа уақыты қамтығанымен, бұл кезеңнің басты ерекшелігі мұрағаттардағы ұлттық тарихи деректерді сақтап қалуында. Төртінші кезең тұтас он жылдықты қамтиды. Соғыс кедергі келтірген 1930-1940 жылдары негізі қаланған мұрағат істерінде басшылыққа алатын нормативтік актілер іс жүзінде жүзеге асырылды және мұрағаттардың атқаратын қызметін ғылыми-әдістемелік негізде құру болып табылды. Бесінші кезеңнің бастауында СОКП-ның ХХ съезінің тарихи шешімдері елдің саяси жүйесіне ерекше әсер етті, соның ішінде тарих ғылымы мен мұрағат істерінеде елеулі ықпал етті. Алтыншы кезеңде елдегі мұрағат құрылысының дамуының балама нұсқаларын іздестіру жолдары қарастырылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Кең көлемдегі деректік материалдар негізінде Қазақстандағы мұрағат құрылысының 1918-1991 жылдар аралығындағы тарихы алғашқы рет тұтас қарастырылды. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми жаңалығы:

  • Қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихы кешенді түрде мұрағат деректері негізінде сараланды;

  • Қазақстандағы мұрағат құрылысының даму тарихының кезеңдері нақтыланып және әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалды;

  • Қазақстан мұрағат ісін басқару органдары РКФСР (КСРО) орталық мұрағат бас басқармасымен мұрағат құрылысының алғашқы кезеңдеріндегі және кейінгі мұрағат ісінің даму сатысындағы өзара қарым-қатынасы мен байланысы нақты мұрағаттық құжаттармен зерттелді;

  • Мұрағат мекемелеріндегі негізгі қызмет бағыттары: қорларды жасақтау, сақтау, есепке алу, ғылыми-ақпараттық базасын құру және құжаттық материалдарды пайдалану мәселелері ғылыми тұрғыдан зерделенді;

  • Республикадағы мұрағат құрылысының қалыптасу кезеңдері анықталып, бір жүйеге келтірілді;

  • Қазақстанның мемлекеттік мұрағат қоры отандық тарихнамада біртұтас жүйе ретінде және республика мұрағаттарының археографиялық қызметі қарастырылды;

  • Қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихына қатысты мұрағат қорларындағы көптеген тарихи тың деректер ғылыми айналымға енгізілді;

  • Мемлекеттік мұрағат қоры барлық ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі базасы ретінде қарастырылды;

  • Мұрағат құрылысындағы тұңғыш ұлттық кадрлардың және маман кадрлардың өсу динамикасы мұрағат қорларындағы құжаттар негізінде саралануы болып табылады.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Қазақстандағы 1918-1991 жылдар аралығындағы мұрағат құрылысы тарихын зерттеу нәтижесінде қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылды:

  • Қазақстандағы мұрағаттардың құрылуы - республикадағы аса маңызды тарихи құжаттарды сақтау мақсатында жүзеге асырылған ірі іс шаралардың бірі болды;

  • мұрағат бас басқармасы республикадағы мұрағат ісіне байланысты негізгі іс шараларды ұйымдастырудың және оны жүзеге асырудың бастауында тұрды;

  • Қазақстандағы мұрағат құрылысының басты даму кезеңдері 1918-1991 жылдар аралығы сараланды;

- Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты халқымыздың рухани мұрасының қара шаңырағы болды;

  • мұрағаттық мекемелер жүйесі қалыптасуының елдегі мұрағат құрылысының жан-жақты дамуына ықпалын тигізуі және республикада бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры қалыптасуы мен тарихи деректердің мемлекеттік мұрағаттарға жинақталуы, оларды халық игілігіне пайдалануды жүзеге асырды;

  • қазақ халқының тарихына қатысты орасан мол дерек көздері жинақталған Орынбор, Омбы, Астрахан, Ташкент, т.б. қалалардағы мұрағаттардан аса маңызды құжаттар қайтарылды;

  • мұрағат қорларында сақталған деректер негізінде республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірін бейнелейтін көптеген құнды тарихи жинақтар мен еңбектер жарық көрді;

  • тоталитарлық жүйе тұсында мұрағат құжаттарының елеулі бөлігі негізсіз құпияландырылды;

  • мұрағаттың мемлекет пен қоғамдағы заңи және тарихи тұрғыдан алатын орны айқындалып заман талабына сай қызмет істеуге бейімделді;

  • ведомстволық мұрағаттардағы жинақталған құжаттар халық шаруашылығында аса маңызды рөл атқарады.

Зерттеудің қолданыстық маңызы. Диссертацияда жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында тарих мамандығы бойынша «Мұрағаттану» пәні және «Мұрағат ісінің тарихы», «Мұрағатқа кіріспе», «Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар», «Аймақтық мұрағаттар», «Мемлекеттік емес мұрағаттар» сияқты арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға болады. Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын мұрағат ісі мен тарихын зерттеуге арналған ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындылары Алматы, Орал, Атырау және Орынбор (РФ) қалаларында өткен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес 1 монография мен 37 мақала Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясында шығатын ғылыми басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 7 түрлі басылымда 18 мақала (екеуі бірлескен авторлықта), 4 мақала шетелдік басылымдарда, сонымен бірге 15 мақала әртүрлі республикалық басылымдар және республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы. Жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты диссертациялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 5 тарау және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі көрсетіліп, мақсат мен міндеттері және негізгі нысаны белгіленіп мәселенің зерттелу деңгейі сараланды. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары тәжірибелік маңызы, тақырыптың хронологиялық шеңбері анықталып, тарихнамасы мен пайдаланған деректерге сипаттама беріледі.

Бірінші тарау - «Мұрағаттану мәселелері» аталады, тарих деген мазмұны мол рухани ұғымның адам санасының, дүниетанымының, қоғамның хал-ахуалының, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасу дәрежесіне тигізер әсерінің ерекше екендігі сөзсіз. Ғылыми танымның бірегейі-тарих зердесі теориялық-методологиялық ой-толғамының әміршілдік-әкімшілдік қасаң догмаларынан арылып, әрі жаңарып, артта қалған кезеңдердің, оқиғалардың, ілгерілеу мен іркілістердің бастау көздеріне, әлемдік, аймақтық, отандық кеңістікке және өркениеттерге тигізген пайдасы мен зиянына ақиқат тұрғысынан баға беруге ұмтылыспен ден қойды. Қазіргі кезеңде бұрынғы кеңестік республикалардың ғалымдары тарих философиясын, деректерін гуманитарлық саладағы әлемдік ақыл-ой інжу-маржандарымен шендестіре зерделеуде, өздерінің жаңа тұжырымдарын дәйектеу мен жариялауда, тиімді нұсқада насихаттауда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отыр. Ғылыми білім көкжиегінің кеңейіп, онда тарихи құндылықтардың шынайылықпен көрініс табу деңгейі арта түскен сайын ғалымдар тарапынан жаңа да ұтымды ілімге қол жеткізуге деген әдістер мен тәсілдерді талдауға және негіздеуге талпыныс қарқынын күшейте түседі. Ғылыми білімді алудың тәсілдерін зерделеуді ғылым методологиясы жүзеге асырады [2, с. 7-8].

Кеңестік дәуірде тарих ғылымында маркстік-лениндік ілімге негізделген ұстанымның үстемдік етіп, ғылымның басты қағидасына айналған болатын. Осыған байланысты марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері кеңестік тарих ғылымының методологиялық базасы ретінде саналып, автордың дүниетанымы, зерттеу жұмысының идеялық бағыт-бағдарын анықтады [3, с. 8].

Тарихтағы құбылыстарды, ірі оқиғаларды «бір қалыпқа» салған маркстік-лениндік ілімге негізделген методология зерттеушілерге тап күресі мен таптық көзқарастарға ерекше көңіл бөлдіріп, қоғам дамуындағы эволюциялық үрдістің маңызына жете көңіл бөліп мән беруді екінші кезекке ығыстырды. Осындай көзқарасқа негізделген методологияның салдарынан тарих ғылымындағы көптеген өзекті мәселелер зерттеу аясынан тыс қалып келеді.



Методологиялық жүйедегі зерттеу әдістерінің маңызды құрылымдарының бірі-дәуірлеу. Дәуірлеу принциптері мен критерийлерін де қайтадан сын елегінен өткізетін кез келді, өйткені бұрынғы таптық методология бүгінгі тарих ғылымының мақсатынан мүлде шет кетті. Кеңестік тарих ғылымында қолданылған дәуірлеу принциптері мен критерийлері марксизм-ленинизм ілімінің, оның таптық методологиясының негізінде анықталып, коммунистік партиялық принциптің жетегінде болғаны көпке мәлім. Таптық методология, коммунистік партиялық принцип жалпы тарихи процеске қолданылып, тарихи дәуірлеу жүйесінде де бірден-бір басшылыққа алынған қағида болды. Марксизм-ленинизм іліміне сай, дәуірлеу мәселесін әрбір тарихшы өндірістік қатынас арасындағы қайшылықтан туатын таптық қарама-қайшылықты және одан өріс алатын таптық күресті негізге алу арқылы шешуге тиіс болды. Демек, әрбір дәуірдің басты анықтаушы күші таптық күрес болып табылды. Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды- ұлттық өткен тарихтың бітұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады. Қазақстан тарихының концепциясы, негізгі пайымдары Одақ көлемінде империялық бағыт-бағдарда жазылды. Еліміздің тарихшыларына Одақтық тарихи концепцияларды тек иллюстрациялау тиді. Әлемдік тарихшылар тарихи, ғылыми объективтік, диалектикалық принциптерді ұстанды. Ал кеңес тарихшылары маркстік экономикалық талдау тәсілдерін, салыстырмалы әдісті қосымша пайдаланды. Қазақстан мұрағатының даму, өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді бастан кешірді. Қазақстан мұрағатының қалыптасу тарихын бұрынғы КСРО мұрағатының даму тарихынан бөле қарауға болмайды. Сондықтан да мұрағат ісінің даму және қалыптасу кезеңдерінің тарихын зерттеген көптеген кеңестік ғалымдар мұрағат істері қалыптасуын хронологиялық кезеңге бөлеп қарастырды. Кеңес Одағындағы мұрағат ісінің қалыптасу тарихын зерттеген А.В.Чернов, В.И.Вяликов, В.В.Сорокин, В.Н.Самошенко т.б. ғалымдар болды [4]. Аталған ғалымдардың еңбектері сол кезеңдегі одақтас республикалардағы мұрағаттардың құрылуы және мұрағат істерінің қалыптасу тарихын қысқаша, қасаң баяндалуымен ерекшеленеді. Кеңес мұрағатшы-тарихшылары мұрағат ісі тарихының мәселелерін маркстік-лениндік көзқарас позициясында қарастырды. Кеңестік тарихшылар мұрағат ісінің дамуын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерімен байланыстыра зерттеу тәсіліне көңіл бөлді. Методологиялық жүйедегі зерттеу әдістерінің маңызды құралдарының бірі-дәуірлеу. В.В.Максаков мұрағат ісі тарихындағы қызметтерді партиялық позицияда қарастырып, кеңестік тәжірибенің халықаралық маңызын маркстік-лениндік методология тұрғысынан атап өтті [5]. И.Л.Маяковский революцияға дейінгі Ресейдегі мұрағаттар тарихын зерттей отырып барлық кезеңдерін тарихи жағдайлармен байланыстыра зерттеді. Зерттеуінде патшалық Ресейдегі мұрағат ісі дамуының артта қалуын саяси себептерге байланыстыра отырып таптық көзқарас тұрғысынан саралады [6]. И.В.Старостин мұрағат тарихын зерттеудің тарихилық принципіне көңіл аударды [7]. Мұрағаттану мәселерінің теориялық-методологиялық негіздерін зерттеуде ғылымға белгілі ғылыми объективтік және тарихилық принциптермен бірге мәселеге жан-жақты кешенді түрде келу қажет. Тарихилық және ғылыми объективтік принциптер тарихи дамудың кез-келген құбылыс процесінде қарастырылады.

Тарих ғылымында кеңінен қолданысқа ие әдістердің бірі-ретроспективалық әдіс. Тарихи танымда себептен бұрын салдар аңғарылады. Ретроспективалық әдіске сүйеніп, кез-келген құбылыстың себебін ашып көрсетуде бір құбылысты келесі бір құбылыстың себебі ретінде қарастырылу ұсынылады. Бұл кез-келген үрдістің кезеңдерін өзара байланыста қарастырудың қажеттігін білдіреді. Ретроспективалық әдіске сәйкес мұрағат саласындағы орталықпен өлкелік мұрағат арасындағы байланыстардың өрбуі барысындағы құбылыстар өзіне дейінгі және өзінен кейінгі құбылыстармен сабақтастықта зерделеніп, олар салдар түрінде ғана емес, әрі себеп түрінде де түсіндіріледі. Сондықтан да осы әдісті қолдану үрдістің диалектикалық дамуда қарастырылуын қамтамасыз етеді. Тарихи зерттеу принциптері мен әдістерінің ішкі байланыстылығы, құжаттар мен тарихнамалық ортақ арна-жалпы методологиялық жүйе арасындағы байланыстылық; тарихты дәуірлеудегі ғылыми негіздер мен принциптер, зерттеудің ақиқаттығы мен құндылық өлшемі туралы қалыптасқан ғылыми қағидалар мен болжамдарды орынды пайдалану да назардан тыс қалмады. Қазақстан тарихшылары да тарихнамалық методологиялық проблемаларды зерттеді. Белгілі тарихшылар С.Ж.Асфендияров, Е.Б.Бекмаханов, А.Н.Нүсіпбеков, Г.Ф.Дахшлейгер, М.Қ.Дулатова, М.Қ.Қозыбаев, К.Л.Есмағамбетов, Х.М.Әбжанов т.б. еңбектерінде жеке тарихи тақырыптармен қатар, жалпы методологиялық, оның ішінде қазақ халқы тарихын дәуірлеу, зерттеу принциптері мен әдістерінің өзіндік ерекшелік қырлары, тарих ғылымының қалыптасып даму барысы туралы өзекті мәселелер қозғалды.

КСРО-да мұрағат ісінің қалыптасуы мен дамуы барысында РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин мұрағат ісіне байланысты 1918-1919 жылдары бес декретке қол қойды. Декреттер бойынша мұрағаттағы барлық құжаттар бірыңғай мемлекеттік мұрағат қорына жатқызылды және бүкілхалықтың меншігі ретінде жарияланды, құжаттарды сақтау және орталықтандыру мәселесі алға қойылды, барлық мемлекеттік мекемелердегі құжаттарды жоюға қатаң түрде тыйым салынды. Мысалы В.И.Лениннің Г.И. Благонравов пен В.Д.Бонч-Бруевичке жазған хатында мекеме қызметкерлерінің қағаздарды жойып жіберудің, құжаттарды тығып тастаудың алдын алу үшін ерекше шаралар қолданылуға тиіс деп атап көрсетілді [8, 20 б.]. РКФСР ХКК-нің төрағасы В.И.Ленин 1922 жылы Қырғыз (Қазақ) Республикасы Орталық Атқару Комитетіне, Қырғыз өнеркәсіп бюросына жолдаған қатынас қағазында рудниктердің, құрал жабдықтардың және мұрағаттардың толық сақталуы жөніндегі жауапкершілік Қазақ өнеркәсіп бюросы төрағасының өзіне жүктелетіндігін ескертеді. Жалпы алғанда Кеңес өкіметінің алғашқы күннен мемлекеттік мекемелердегі құжаттардың тарихи маңызын, олардың барлығының бір жерге шоғырландырылуының [9,186 б.] қажеттілігін жете түсінгендігі байқалады. Ол үшін мұрағат ісіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс екендігі ерекше назарға алынды. Мұрағат ісінің дамуының РКФСР-КСРО аумағындағы тарихы мен тарихнамасының негізін салушылар қатарына М.Н.Покровский және В.В.Максаков жатады. Олар өз еңбектерінде мұрағаттардың қоғам өміріндегі саяси мәніне ерекше тоқталды [10]. Бұл ғалымдардың еңбектеріндегі мұрағат ісіне қатысты таптық жіктелу туралы көзқарастары ондаған жылдар бойында кеңестік тарихнаманың басты бағыты ретінде қарастырылды.

Қазақ АКСР Орталық мұрағаты басқармасының маманы Г.Тимченко жаңадан құрылған аудандық мұрағаттар қызметкерлеріне арнап жазған брошюрасында мұрағат саласындағы негізгі жұмыстарға сипаттама бере отырып, нұсқаулық ретінде мұрағаттағы жұмыстардың ролі туралы жазды [11].

Қазақстан Орталық мұрағаты қорлары бойынша алғашқы жөнсілтер қатарына Н.В.Горбань құрастырған еңбекті атауға болады [12]. Н.В.Горбань құрастырған жөнсілтерде мұрағат тарихынан қысқаша очерк беріліп, тарихи бөлімде революцияға дейінгі жұмысшы табы мен жұмысшы қозғалыстары, революциялық қозғалыстар, өнеркәсіп және халыққа білім беру тарихына қатысты қорлар, ал Қазан революциясы бөлімінде Қазақстандағы азамат соғысы, Кеңес өкіметі тарихы туралы қысқаша мәліметтер берілді.

Қазақ КСР Бас мұрағат басқармасы меңгерушісінің орынбасары В.А. Введенский 1938 жылы «Архивное строительство в Казахстане к 20-летию подписания декрета Лениным о реорганизации и централизации архивного дела» атты очеркінде Қазақстанда мұрағат ісінің ұйымдастырылуының үлкен қиыншылықтарға ұшырасқандығы туралы жаза отырып, көптеген құнды құжаттардың жойылғанын, тек Жетісу облысы басқармасы қорынан 114011 іс пен 727 кітаптың сатылып кеткендігі туралы мәліметтерді келтіреді [13].



Кеңестік кезеңде А.В.Чернов мұрағат тарихына қатысты алғашқы оқу құралын жазды [14]. 1940 жылы жарық көрген осы қысқаша очеркте КСРО мұрағаттарының құрылу тарихына шолу жасалып, 1917-1921 жылдар аралығында азамат соғысы және шетел интервенциясы кезеңіндегі мұрағаттардағы құнды құжаттарды сақтап қалу және республикалардағы мұрағат құрылысының алғашқы қадамдары, 1921-1935 жылдардағы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру, индустриализация кезеңіндегі халық шаруашылығына аса қажетті құжаттарды анықтау жұмыстарының жолға қойылғандығы, кадр мәселесіне және алғашқы мұрағат жоғары оқу орнының құрылуы, сонымен қатар мұрағат ісіне кедергі келтірген «жау» элементтерінің іс әрекеттері секілді мәселелер қарастырылды. Автордың мәліметтері бойынша, сол кезде Қазақстанның тарихи мұрағатында 150 мыңға жуық бірлік іс сақталыпты. Сонымен бірге А.В.Чернов республиканың 11 облысы мен аудандық мұрағаттары қорының 1917 жылға дейінгі Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Семей, Бөкей губерниялары мекемелерінің құжаттары мен социалистік кезеңдегі ауыл шаруашылығы саласына қатысты құжаттарынан құралғандығын атап өтеді. Қазақстан мұрағаттары органдарындағы жұмыстар Ш.Шафироның мақаласынан көрініс тапты [15, с. 155-156]. 1946 жылы Қазақ КСР мұрағат басқармасының қызметкері И.З.Чумактың мақаласында Қазақ КСР мемлекеттік мұрағаттарындағы ғылыми жұмыстарға шолу жасалынып, көптеген мұрағаттарда бұл жұмыстың әлі де болса жанданбай отырғандығына көңіл бөлінеді. Қазақ КСР ІІМ мемлекеттік мұрағат басқармасының бастығы И.З.Чумак 1950 жылы Қазақстандағы Қазан революциясы туралы құжаттық материалдарды сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптері туралы алғашқы рет кандидаттық диссертация қорғады [16]. Автор мұрағаттардағы құжаттарды дәуірлерге сәйкес екі топқа бөліп, кеңестік кезеңге дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі құжаттардан қарастырады. Сонымен бірге Қазақ КСР мемлекеттік мұрағаттарына революция кезеңіндегі құжаттық материалдардың бөлінуі, негізгі құжаттардың жинақталуы сараланады. Қазақ КСР Мұрағат басқармасының бастығы Н.Н.Фёдоровтың мақаласында Қазақстан мұрағаттары қорлары мен оны пайдалану туралы мәліметтер келтіріліп, қорлардың маңыздылығына назар аударылады [17, с.146-156]. Автор Қазақстандағы мұрағат құрылысының бастауында тұрған Орталық өлкелік мұрағаттың тарихына тоқталып, алғашқы жылдардағы қордағы негізгі құжаттар нобайын Бөкей хандығының және бұрынғы Торғай облысы басқармасы құжаттары құрағандығына, 1932-1944 жылдары республикада облыстық мұрағаттар жүйесінің қалыптасуына көңіл бөледі. Сонымен қатар мұрағаттар тарапынан мерзімді баспасөзде тарихи құжаттарды арқау еткен материалдардың жарияланып, көпшілік қауымға ұсынылғаны да баяндалады. Ал, Д.К.Мергеншин Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының құжаттық жарияланымдарының тарихи маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмысты кең көлемде жүзеге асыруды қолға алу қажеттілігі туралы маңызды мәселе көтереді [18, с. 126-129]. Республика мұрағаттар қорындағы құжаттарды ғылыми жариялау қызметі туралы Н.П.Калита мақаласында көрініс тапты [19, с. 62-70]. Көптеген мұрағат тарихына арналған еңбектердің ішінен кеңес мұрағаты құрылысының бастауында қызмет еткен В.В.Максаковтың монографиясы ерекше орын алады. Ғалым РКФСР және КСРО-дағы мемлекеттік мұрағаттар құрылысының дамуы, мемлекеттік мұрағат қорлары туралы көптеген өзекті мәселелерді көтергенімен, бұл еңбек марксистік-лениндік идеологиялық ұстанымдарға негізделді [5]. И.Л.Маяковский еңбегінде КСРО-дағы мұрағат ісі тарихын қарастыра отырып, одақтас республикалар мұрағаттарының құрылу тарихына қысқаша шолу жасаумен шектелді [6].

И.Козлитиннің студенттерге арнап шығарған оқу құралында да Орта Азия және Қазақстандағы мемлекеттік мұрағаттардың тарихына шолу жасалып Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында республикада құрылған мұрағат органдарының жұмыстары өте күрделі жағдайда іске асырылғаны, оның ішінде Қазақстандағы мұрағат құрылысындағы жүргізілген жұмыстардың ерекшеліктерінің бірі ретінде елдің астанасының екі мәрте өзгеруінің мұрағат органдарының жұмыстарына кері әсерін тигізетіндегі, ұлан-байтақ республика аумағында мұрағат мекемелерін құруда білікті кадрлардың мүлдем жетіспеушілігі туралы құнды пікірлер білдірді [20].

КСРО Мұрағат Бас басқармасының бастығы Г.А.Беловтың еңбегінде КСРО-дағы мұрағат ісінің негізгі проблемалары қозғалып, соның ішінде шетел мұрағаттарымен саяси, мәдени, ғылыми тұрғыда байланыс орнату туралы және көптеген мемлекеттердің мұрағаттарымен байланыстың жанданып келе жатқандығы қарастырылады [21]. Қазақстандық мұрағатшылар тарапынан республикадағы мұрағат құрылысына қатысты М.А.Абдулкадирова, М.Х.Әбілованың мақалалары жарияланды [22, с. 9-11].

В.И.Вяликовтың қаламынан туған мұрағат тарихына қатысты еңбекте Қазақстандағы мұрағат құрылысының 1917-1945 жылдар аралығындағы тарихына өте қысқа шолу жасай отырып, социалистік құрылыстың жетістіктерінің нәтижесінде мұрағаттардың қалыптасу мен дамуы тез қарқынмен дамыды және мұрағат мекемелері социалистік құрылысты нығайтуға елеулі үлес қосты деп бағалайды [23]. Ғалым өз еңбегінде одақтас республикалардағы орталық мемлекеттік мұрағаттар тарихына қысқаша жеке-жеке тоқталады. Соның ішінде республикадағы мұрағат құрылысының тарихына да қысқа шолу жасайды. Қазақстан тарихына қатысты көптеген құжаттардың Орынбор, Омбы, Уфа, Астрахан, Ташкент т.б. қалалардан жинақталғаны жөнінде мәлімет келтіреді. Сонымен қатар революцияға дейінгі қорлардың облыстық мұрағаттар қорынан Орталық мемлекет мұрағат қорына алдырылуы 1948 жылы аяқталды деген пікір білдіреді. Жалпы автор, алдыңғы әріптестері тәрізді, Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағат қорларына шолу жасайды. Бұл мұрағаттардың зерттеу мәселесінде алатын орыны ерекше, себебі еліміздің тарихына қатысты аса маңызды тарихи құнды да бағалы құжаттар аталған мұрағаттардың қорында молынан екендігі айқын.

Кеңес мұрағаттарының қалыптасу тарихының 60 жылдығына орай Қазақ КСР Мұрағат Бас басқармасының бастығы Б.Р.Рамазанованың «60 лет Советскому архивному делу» атты кітапшасында республикадағы мұрағат құрылысының бастауларындағы жетістіктерді баяндай отырып үш орталық мемлекеттік мұрағаттық және 19 облыстық мемлекеттік мұрағат пен олардың 34 филиалдары барлығын, осы мұрағаттар қорында 5 млн астам қағаз бірлік істің, 20 мың кино және дыбыс жазу құжаттары, 120 мың фотоқұжаттар, 16 мың жобалық, басқа да ғылыми-техникалық құжаттамалардың және де 22 астам жеке тектік құжаттардың сақталу туралы мәліметтері аса құнды [24].

Тақырыпқа қатысты кейбір мәліметтер Р.О.Балғозинаның диссертациясының «Қазақстандағы Кеңес үкіметінің мәдени саясатының негізгі бағыттары» атты тарауында қарастырылған [25]. Мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қор құжаттарын жетілдіру мәселесін қамтитын тарихи зерттеулерге қажеттілік күшейді. Осыған орай ҚРОММ-да жеке тұлғалардың құжаттарын жинау тарихы, жүйелеу жұмыстары туралы Т.Е.Әбілованың еңбегі жарық көрді [26]. 1963-1985 жылдар аралығындағы республикадағы ведомстволық мұрағаттардағы ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми жұмыстар Е.М.Грибанованың диссертациясында көрініс табады. Сонымен бірге оның авторлығымен іске асырылған ұжымдық еңбекте Орталық мұрағатта және Партия мұрағатында әр жылдары қызмет атқарған маман кадрлар туралы мәліметтер келтірілген [27, с. 25]. Бұрынғы одақтас және автономиялық республикаларда мұрағат ісі мен тарихына қатысты А.Жаманкулов, Ф.М.Алиев, Г.С.Тілеукулов, Д.А.Датуашвили, С.З.Егелявичюс, Г.А.Енш, Н.Иоанидидің еңбектері жарық көрді [28]. Мұрағат тарихына қатысты Т. Хорходина өз монографиясында мұрағат ісі тарихын кезеңдерге бөліп қарастыра отырып, көптеген мұрағат қорларын құпияландыруға кеңінен жол берілгенін, мұрағат органдары мен мекемелерін партиялық-әкімшілік әдіспен басқару тәсілдерін сынға алды [29].

Тоталитарлық жүйе тұсында зерттеу тақырыбының тарихнамасы одақтық тарихнаманың концепциясы негізінде өрбіді. Сондықтан да аталған еңбектердің арасындағы сабақтастықты, өзара жалғастықты жоққа шығаруға болмайды.

Мұрағат жөніндегі, оның халық өміріндегі мәні мен қасиеті, сыры мен мазмұны, өткен тарихы мен қазіргі жайы жөнінде салиқалы ойлар айтатын сүбелі еңбектің бірі С.Байжановтың «Архив-айғақ» кітабы болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мұрағат тарихына қатысты еңбектер жарық көре бастады. Зерттеушінің «Абай және архив» атты кітабы республикамыздың абайтану ғылымына дербес кірпіш болып қаланған соны да оқшау еңбек саналады [30]. Қазақстан мұрағаты тарихының бастауы 200 жылдан асқанының айғағы ретінде дерек келтіретін «Алаш мирас» кітабында мұрағат тарихының тарихнамасына қосылған құнды еңбектердің бірі деп қарауға болады [31]. Мұрағат мамандары З.Ижанов, Г.Исахан, М.Сандыбаева және Ж.Сатаева құрастырған «Әуезов және архив» кітабы да тәуелсіз еліміздің мұрағат тарихына қатысты М.О.Әуезовтің өз қолымен толтырған түпнұсқалық құжаттарының енгізілуімен құнды [32].

Р.Х.Сариеваның «Мұрағат және тарих» атты мақалалар мен баяндамалар жинағында мұрағат ісінің дамуы, құжаттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және көбейтудегі мұрағаттар қызметінен, еліміздің тарихы туралы жазба ескерткіштер, оқиғалар мен фактілерден мол мағлұмат беріледі [33].

Мұрағат ісін дамытудың кейбір мәселелері жайында К.Л.Есмағамбетовтың мақалалары ақпарат ғасырына аяқ басқан қоғамымызда халқымыздың мәдени мұрасының мәйегі болып табылатын мұрағаттарға аса жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы ой қозғайды [34]. М.Ж.Хасанаевтың қаламынан республикадағы мұрағат құрылысының алғашқы 1920-1922 жылдардағы жұмысының қалыптасуы жөніндегі мәліметтер ғылыми мақалаларында қарастырылады [35]. Зерттеу мәселесіне тікелей қатысты еңбектің бірі Р.Сариева мен А. Абдуллинаның мұрағат тарихына байланысты очерк кітабын атап өтеміз. Бұл еңбек Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылу, қалыптасу кезеңдерінің 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Еңбек Орталық мұрағат қорындағы мұрағат тарихына қатысты қордан алынған материалдарға ғана негізделген [36]. Қазақстан мұрағат құрылысы тарихынан мәлімет беретін құжаттардың бір-қатары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларында жинақталған.

Құнды деректер жинақталған қорлардың бірі №5 Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің қоры. Бұл қорда елдің астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілетін мемлекеттік мекемелер туралы және мұрағат басқармасының ережелерін бекіту туралы деректер бар.

№ 30 Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қорынан мұрағат ісіне қатысты барлық Халық Комиссарлар Кеңестері мұрағаттарындағы құжаттық материалдар туралы, Қазақ АКСР Орталық өлкелік мұрағат есебіне тұру және өздеріне тікелей бағынышты мекемелердегі мұрағаттардың жай-күйі туралы, олардың қаржылай және материалдық есеп беру мәліметтері, Халық Комиссарлар Кеңесінің және Халық Комиссарлар Кеңесінің Кіші Кеңесі мәжілістерінің хаттамаларынан мұрағат ісінің ұйымдастырылуы, ғимараттармен қамтамасыз етілуі, Орынбордан Қызылордаға көшу кезеңіндегі Орталық өлкелік мұрағаттың материалдық-техникалық базасына қатысты құнды мәліметтер осы қорда сақталған. Астананы көшіру комиссиясының төрағасы А.Кенжин және М.Тынышпаев жазған мұрағаттың және де басқа мемлекеттік мекемелердің орналасуы жөніндегі мәліметтерде зерттеу тақырыбы барысында қолданысқа түсті.

№ 81 Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссарлар Кеңесі қорында Қазақ АКСР губерниялық мұрағаттарының ережелері, 1927 жылғы Қызылорда қаласында өткен республика мұрағат қызметкерлерінің бірінші конференциясының хаттамалары мен қарарларынан сол жылдардағы мұрағат қызметінен мағлұматтар алынды.

Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің №195 қорынан Қазақ АКСР Комиссариаттары мен орталық мемлекеттік мекемелердегі мұрағат ісін реттеу, тәртіпке келтіру туралы нұсқаулықтары пайдаланылды.

№544-Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат Бас басқармасы атты қоры зерттеу мәселесіне тікелей қатысты қор болып табылады. Аталған қорда Қазақстандағы мұрағат құрылысына қатысты мол мәліметтер жинақталған. Мұрағат органдарының жылдық есептері, КСРО Мұрағат Бас басқармасымен және облыстық мұрағат органдарымен жазысқан қатынас қағаздары мен жедел хаттары, 1930 жылдардың басындағы мұрағат қызметкерлерінің Москва, Ленинград қалаларындағы мұрағаттардан Қазақстан тарихына қатысты қорларды анықтауға қатысты ғылыми іс сапарлардың жазбалары құнды деректері болып есептеледі.

Я.Н.Болотников, В.А.Введенский, В.А.Добров, И.Г.Горбань, Г.Тимоченко, А.Хохолко сияқты мұрағат қызметкерлерінің мақалаларының қолжазбалары, баяндамалары осы қорда сақталған.

ҚРОММ қорындағы жеке тұлғалар қорының ішінен №Р-997 Қазақ КСР Министрлер жанындағы Мұрағат Бас басқармасын 1975-1983 жылдары басқарған мемлекет, партия және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанқызы Рамазанованың жеке қорынан баяндамалары, мақалалары, радиодан сөйлеген сөздеріндегі деректер зерттеу жұмысында кеңінен қолданылды. Қорда мұрағат органдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту шаралары туралы Б.Р.Рамазанованың Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа жазған хаты сақталған.

№1137 Қазақ КСР Халық Комиссарларлар Кеңесі-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қорынан мұрағат құрылысына қатысты қаулылар пайдаланылды.

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатынан №141 Қазақ өлкелік Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы қорынан БКП(б) Орталық Комитетінің мұрағаттарға жіберілетін адамдарды мұқият тексеру және құжаттарды өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу, азамат соғысының тарихын жазу да мұрағат материалдарын пайдалану, партия ұйымдарының тарихын мұрағат материалдары арқылы жазу туралы құжаттар айналымға енгізілді.

Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің №708 қорынан мұрағат қоры құжаттарынан Қазақстан тарихының екінші басылымын шығару жөніндегі мәжілісінің отырысында Мұрағат басқармасының бастығы Н.Н.Фёдоровтың сол мәжілісте сөйлеген сөзі алғашқы рет ғылыми айналымға енгізілді.

Орал губерниялық мұрағат қорынан №220 губерниялық мұрағатқа қатысты материалдардан сол кезеңдегі мұрағат құрылысының қиыншылықтары, уездердегі мекемелерді есепке алу және олардан мұрағат қорына материалдар жинау жөніндегі құжаттар пайдаланылды. №563 Орал округтік мұрағат бюросының қорынан 1928-1931 жылдар аралығындағы мұрағат ісіне қатысты баспасөз және иллюстративті материалдарды, фотоқұжаттарды, кинофильмдерді мұрағат мекемелеріне тапсыру жұмыстары, округтегі мұрағат ісіне тікелей қатысты құжаттар жинақталуымен құнды.

Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының №564 қорында округтік мұрағат бюросы жұмысының өте баяу жүргізілуі, құжаттардың ретсіз шашылып, мұрағат материалдарының сарайлар мен дәлізде сақталуы туралы, аудандық мұрағаттардың қиын жағдайда құрылуы, облыстық атқару комитетінің мұрағат ісіне қатысты қаулылары, мұрағаттан газет материалдарын ұрлау фактілері кездескені және Гурьев, Доссор, Ілбішін, Тайпақ аудандары мұрағаттарындағы жұмыстың нашар ұйымдастырылуы жөніндегі материалдар кездеседі.

Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты қорынан №1588 соғыстан кейінгі жылдары Харьков (Украина), Саратов (РКФСР) және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатына және Ақтөбе, Гурьев облысы мемлекеттік мұрағаттарына жіберілген қорлар мәліметі алынып, зерттеу жұмысына пайдаланылды.

№727 Атырау облысының мемлекеттік мұрағаты қорынан Батыс Қазақстан аумағындағы шет жатқан аудандардағы мұрағат ісінің қалыптасуы, облыс көлеміндегі мұрағат қорын сақтау және талапқа сай мұрағат ғимараттарының болмауы, зор күшпен жинақталған қорлармен жұмыс жасай білетін маман кадрлардың жетіспеуі, құжаттарға жауапсыздықпен қарау сияқты салқын көзқарастың болғандығы жөніндегі мәліметтер сақталған.

Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының №1 Қызылорда уездік қалалық атқару комитеті қорынан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 10 жылдығын атап өту жөніндегі мемлекет, партия, қоғам қайраткері О.Қ.Жандосовтың жазған құжаты сақталған. Мәліметте 1916 жылғы көтерілістің 10 жылдығына сәйкес келген 1806 жылы Қаратай сұлтан бастаған көтеріліске 120 жыл, 1826 жылғы Қайыпқали Есімов бастаған көтеріліске 100 жыл, 1836 жылы Исатай-Махамбет бастаған көтеріліске 90 жыл толғандығына назар аударған деректер бар.

№4 Қызылорда облысы мемлекеттік мұрағаты қорында 1925-1926 жылдардағы қаладағы мемлекеттік мекемелерді есепке алу және ондағы құжаттарды мұрағатқа қабылдау,1929 жылғы округ мұрағаттары меңгерушілері туралы мәліметтер кездеседі.

Ресей Федерациясы Мемлекеттік мұрағатының № 5325 КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат Бас басқармасы қорында РКФСР мұрағат басқармасының Қазақ өлкелік мұрағатымен жазысқан қатынас қағаздары мен жазбалары, Қазақ АКСР мұрағат бюросының есептері, мұрағат қорын бөлу жөніндегі Қазақстан мен Орынбор губерниялық мұрағаты мен Сібір өлкелік мұрағаты бюролары арасындағы келісім комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары, Орталық мұрағат қорына әскери мекемелер мен бөлімдердің құжаттарын жинақтау, әр жылдардағы жылдық есептер, статистикалық есептер мен жоспарлар, материалдық-техникалық базаны жақсарту шаралары, маман кадрлар туралы, мұрағат басқармасының бақылау істері, ғылыми басылым бөлімдерінің есептері, мұрағат қызметкерлерінің мәжіліс, семинарларының хаттамалары, құжаттардың жәй-күйін, сақталуы туралы тексеру актілері, партия, кеңес жоғары органдарымен жазысқан хат, қатынас қағаздарындағы мәліметтер алынып кеңінен пайдаланылды.

Қорда Қазақстан Орталық мұрағат басқармасының меңгерушісі Н.Я. Болотниковтың 1932 жылы БК(б) П Орталық Бақылау Комитетіне жергілікті партия бюрократтарының мұрағат ісіне деген заңсыз іс әрекеттері туралы жазған хаты сақталған.

Республика мұрағат басқармасының соғыстан кейінгі жылдардағы мұрағат органдарының болашақ жоспарларының мәліметтерінен көптеген деректер пайдаланылды. Қазақстан және Орта Азия республикаларының мұрағат қызметкерлерінің Ашхабад, Алматы, Душанбе қалаларында өткен семинар кеңестерінің материалдары жинақталған.

№1 Орынбор губерниялық атқару комитетінің қорында Орынбор губерниясының Қазақ АКСР құрамынан бөлінген тұста Қазақстан Орталық мұрағатына берілетін қорлардың тізімі осы қорда сақталған.

№4 Орынбор уездік атқару комитетінің қорынан Қазақ АКСР Орталық мұрағатына кеңестік және кооперативтік мекемелер мұрағаттарының материалдарын тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықтар зерттеу жұмысында пайдаланылды.

№96 Орынбор ғылыми мұрағатының комиссиясы қорынан еліміздің тарихына қатысты деректерді және де басқа да бағалы құжаттарды сақтау туралы академик,тарихшы-мұрағатшы А.С.Лаппо-Данилевскийдің ұсыныстары т.б. баяндалады. Орынбор губерниялық атқару комитетінің Қызылордаға жіберілген кейбір құжаттық материалдары мен кітапхана қорын кейін қайтару жөніндегі Бүкілодақтық Атқару Комитетіне жазған хабарлары, Орынбор губерниялық мұрағаты бюросының Қазақстан Орталық мұрағатына кейбір қорларды беруі және Ф.Рязановтың революцияға дейінгі қорларға жасаған шолуы, губерниялық мұрағат бюросының Орынбор генерал-губернаторы қорының шекаралық комиссиясы туралы бөлігін Қазақстанмен арадағы бөлудегі талас мәселесіне орай РКФСР Орталық мұрағат басқармасына жазған хаттары, өлкелік мұрағаттың 1923 жылғы есебі т.б. қарастырылды.

№186 Орынбор губерниялық жоспарлау бөлімінің қорынан Орталық өлкелік мұрағаттың сметасы, мұрағат қызметкерлерінің штаттық бірліктері, Орталық мұрағаттың Қызылордаға көшіру кезеңіндегі жол шығыны қаражатының сметасының түпнұсқаларындағы мәліметтер алынып, ғылыми айналымға тартылды.

№190 Орынбор губерниясының жұмысшы, шаруа, казак және қызыл әскер депутаттарының Атқару Комитетінің жанындағы экономикалық кеңес қорында Қазақ өлкелік мұрағаттың қаржылай шығын сметасы, атқарылған жұмыстарға байланысты бөлінетін қаражат есептерін бекіту туралы мәліметтер, экономикалық кеңес пленумдары мен президиумдарының хаттамалары мұрағат ісіндегі қаражат тапшылығы сияқты мәселелердің жайын көрсетеді.

№683 Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты және Орынбор облысы атқару комитетінің мұрағат бөлімінің қорынан Қызылорда қаласына жіберілген мұрағат қорларының тізімі және Қазақ өлкелік және Орынбор губерниялық мұрағаттар арасындағы қорларды бөлу жөніндегі және осы аталған қорда Қазақ АКСР Орталық мұрағатының бюллетендеріндегі деректер пайдаланылды.

№1 Астрахан азаматтық губернаторы кеңесі қорындағы Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша Кеңесінің Ордаға қазыналық мекемелер салу жөніндегі қатынас қағазда өртке төзімді мұрағат үйін салу туралы дерек ғылыми айналымға енгізілді.




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет