Ахметова Б. С., Айтқалиев Б. М., Елемесов Қ. А., Нуржанова К. Х



Дата01.05.2016
өлшемі129.44 Kb.
ӘОЖ 639.3.045

Ахметова Б.С., Айтқалиев Б.М., Елемесов Қ.А., Нуржанова К.Х.

Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


ТҰЙЫҚ ЖЕЛІ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРДЫҢ ӨСІП – ДАМУЫНА ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІ
Мақалада тұйық желі қондырғыларында бекіре тұқымдас балықтарға жататын сібір бекіресінің өсіп – дамуына температураның әсері қарастырылады.

Түйін сөздер: бекіре, тұйық желі қондырғысы, биологиялық алуандылық, аквакультура.
Бекіре - бекіре тәрізділер отрядына жататын ірі балық.
Оның дене тұрқы 2 метрден басталып, 200м-ге дейін жетеді. Салмағы 10 кг – нан бастап 1 тоннаға дейін жететін алыптарын да кездестіруге болады. Бекіренің тұмсығы қысқа, доғал не сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5 - 19, бүйірінде 24 - 30, ал бауырында 6 - 14 қырлы сүйектері бар. 50 - 100 жылға дейін тіршілік етеді. Олар наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында ағысы қатты, тасты, қиыршық құмды жерлерде 250 мыңнан – 1 млн - ға дейін уылдырық шашады. Шабақтың ұзындығы 15 - 20см-ге жеткенде теңізге шығады. Бекіренің шабақтары дернәсіл кезінде тұщы өзенде мекен етіп, 1 жылдан соң теңізде тіршілік етеді. Шабақтары шаянтәрізділермен, құрттармен, ал ересектері моллюскалармен, балықтармен қоректенеді [1].

Бекіре - бүйрек еті өте дәмді, ал қара уылдырығы өте бағалы кәсіп үшін пайдаланылатын балық. Торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақпағы бар. Сырттай ұрықтанады. Бұл балықтар Қазақстандағы бағалы балықтар қатарына жатқызылады. Сондықтан бекіре осындай құндылықтары мен ерекшеліктерінен Қазақстанда ІІ орындағы бағалы балық саналған [2]. Алайда, бүгінгі таңда осы құнды балық тұқымы санының күрт азаюы байқалуда. Осыған орай, Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік бекіре тұқымдас балықтарды өсіру қолға алынуда.

Қазіргі кезде тауарлық бекіре өсіру шаруашылықтарын дамыту басты мәселе болып келеді. Соңғы он жылдықта тауарлық бекіре балығын өсіру қарқынды дамып келеді және бүгінгі күні бұл сала әлемдік аквакультураның басты бір бөлігін құрап тұр. Тауарлық бекіре балығын өсірудің өзектілігі – біріншіден, бекіре балықтарының табиғи қорының күрт азайып кетуіне, екіншіден, оларды аулауға тыйым салынуына байланысты және бекіре балықтарының биологиялық өнімділігін жасанды жолмен арттыруды жақсарту болып табылады.

Қазақстанда аквакультураны дамыту мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған, онда тауарлық бекіре балығын өсіруге зор көңіл бөлінген. Осыған орай, Шығыс Қазақстан обылысының қолдауымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің жанынан ашылған «Агротехнопарк» кешенінде бекіре балықтарын өсіруге арналған биотехникалық шараларды құрастырып, бекіре тұқымдас балықтарын тұйық сумен қамтамасыздандырылған қондырғы жағдайында балық өсіру бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда сібір бекіресі мен тұқы балықтары өсірілуде. Жоғарыда аталған ғылыми зертхана жағдайында балықтардың салыстармалы түрде өсіп – дамуы зерттелуде. Алға қойған мақсатымыз тұйық сумен қамтамасыздандырылған қондырғы жағдайында сібір бекіресінің бір маусым кезіңіндегі өсуі мен дамуының динамикасын және оған әсер ететін физикалық факторларды зерттеу болып табылады. Бұл үшін судың температурасын, гидрохимиялық құрамын арнайы әдістемелер арқылы зерттеу жасалды.

Су — тіршіліктік орта болғандықтан тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады. Ондай ерекшеліктеріне: 1. Судың қозғалыста болуы. 2. Су температурасының өзгергіштігі. 3. Газдарды еріту қасиеттері. 4. Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).

Су орталығының қозғалыста болуы. Судың үздіксіз козғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Сонымен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады. Су орталығының осындай ерекшелігі балықтардың тіршілігіне әр түрлі жолмен әсер етеді. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде балықтардыд сыртқы пішініне, қанаттарының дамуына, дене жабындыларының сипатына әсерін тигізеді. Мысалы, ағыны қатты тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың формасы ұзынша торпеда тәрізді болады. Ақпайтын немесе жай ағатын суларда тіршілік ететін балықтардың тұрқы қысқа, денесі екі жағынан қысылған болады, мысалы — қарабалық, сазан тағы басқалары. Судың қозғалғыштығы балықтардың, бір жерден екінші жерге ауысуына, еріксіз араласуына себепші болады.

Судағы температураның жағдайы өзгеше болады. Сондықтан балықтар бұл ортадан жер бетіндегі температураға қарағанда әлде кайда төмен температурада тіршілік етеді. Сонымен қатар температурасы +50° шамасындай ыстық бұлақтарда да тіршілік ететін балықтардың түрлері бар. Мысалы, тісті тұқы (Сугріпоdопtiае) тұқымдасына жататын Сургіпоdап тасиІагіиs деп аталатын калифорния балығы. Бірақ көпшілік жағдайда балықтар кездесетін ортадағы температураның жоғарғы шегі +30, +40 градустан әлде қайда төмен болады. Әсіресе, өте тұзды мұхит суларының төменгі қабаттарының температурасы —2 градустан төмен болмайды. Олай болса, балықтар тіршілік ететін судың, яғни ортаның нағыз амплитудасы 35—45 градусқа тең болады.
Сонымен қатар судың температурасының — тіршілік әрекетінде үлкен маңызы бар екендігін ескерген жөн. Су орталығының температурасы балық организміне тікелей және жанама жолмен әсер етумен қатар судағы газдарды еріту арқылы да әсер етеді.
Балықтар “салқын қанды’” жануарларға жатады. Сондықтан олардың дене температурасы “жылы қанды” жануарлардың дене температурасындай тұрақты болмай, тіршілік еткен ортасының (судың) температурасына байланысты өзгеріп отырады. Бұл организмдердің физиологиялық ерекшеліктеріне, анығырақ айтқанда жылу пайда болу процесіне байланысты. Балықтарда жылу пайда болу процесі өте баяу орындалады. Мысалы, салмағы 105 г болатын тұқы балықтары тәулігіне 1 кг салмағына 10,2 килокаллория жылу шығарса, салмағы 74 г қара торғай 1 кг салмағына тәулігіне 270 килокаллория жылу шығарады. Балықтардың тіршілік еткен ортасының және дене температурасының жоғары немесе төмен болуы, олардың жыныс продуктыларының жетілуіне, уылдырықтарының дамуына,

қоректенуіне үлкен әсер етеді. Су температурасының төмендеуі көптеген балықтарды ұйқыға кетуге мәжбүр етеді. Мысалы сазан, қарабалық, бекіре тұқымдастары т. б. Судың жанама әсері балықтардағы газ алмасу құбылысындағы ерекшеліктеріне бакылау жасау арқылы болады. Судың газдарды әсіресе оттегін еріту қабілеті оның температурасы мен тұздылығына кері пропорционал болады. Сонымен қатар судың температурасы артқан сайын балықтардың оттегіне мұқтаждығы арта түседі [1,2].

Суда мұз қабатының пайда болуы. Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді. Соның салдарынан су түбіне дейін қатпайды. Бұл балықтардың қыс кезінде температурасы өте төмен болатын облыстарға таралуына мүмкіндік береді.
Мұз қабатының балықтардың тіршілігіне зиян келтіретін әсері де жоқ емес. Мұз су бетін түгелдей жауып, қараңғылап, балықтарға қорек болатын организмдердің өсуін баяулатып, тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Оларға көбінесе жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, әсіресе балықтар қорек ететіп омыртқасыздар жатады. Мұз қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына (қанығуына) үлкен кедергі жасайды. Қыс кезінде көптеген су қоймаларында шіру процесінің салдарынан су ішіндегі оттегінің мөлшерлері өте азайып кетеді де, балықтар қырылып қалады. Мұндай құбылыс балықтардың тұншығуы (замор) деп аталады. Сондықтан да, қолда балық өсіретін шаруашылықтарда, балықтарды тұншығудан сақтау үшін, мұзды бірнеше жерден тесіп, суаттар жасайды. Жоғары техникамен қаруланған су бөгеттері бар шаруашылықтарда, арнаулы насостармен (компрессормен) су ішіне ауа үрлейді.

Жоғарыда келтіргендендей судың температурасы, оттегі, рН көрсеткіштері – балықтар үшін маңызды экологиялық фактор болып табылады. Бұл көрсеткіштер балықтың зат алмасу процесіне, жыныстық даму жылдамдығына, өсу жылдамдығына және тағы басқа факторларға тығыз байланысты. Осы орайда, балықтарды 15 күн сайын аулап, арнайы әдістемелер арқылы олардың салмағын және ұзындығын өлшеп журналға тіркеліп отырды. Бұл көрсеткіштер арқылы бір жасар балықтардың бір айдағы өсімталдығына температураның әсері анықталды (Кесте 1).


Кесте 1- Сібір бекіресінің өсіп – дамуына температураның әсері (n-15)

Температура (градус)

Бастапқы салмағы,

грамм


Соңғы салмағы,

грамм


Шығын саны

18

250±40

310±10

-

20

250±40

312±12

-

25

250±40

315±10

3

27

250±40

320±10

5

Кесте нәтижесі көрсетіп отырғандай, сібір бекіресінің өсуіне қолайлы температура 18-20˚ көрсетіп отыр. Осы оптимальді температура жағдайында балық шығыны байқалмады және салмақ қосуына да зор септігін тигізіп отыр. Ал одан жоғары температура балықтың өсіп – дамуында күрт өзгерістер болумен қатар шығынға ұшырауына әкеліп соқты. Бұл жоғары температурының әсері тұйық желі қондырғыларында жаздың ыстық айларында (шілде, тамыздың басы) байқалды. Осыған орай, тұрақты температураны ұстап тұру үшін іс – шаралар жасалды. Температураның тиімді жағдайында pH көрсеткіші 5-7- ге тең болды.

Суық суға деген бекіре балықтарының ғажайып бейімделушілік қабілеттілігі болса да, олардың өсу бейімділігі жоғары болып, олар үнемі жылы су ағындарын мекендеп, қоректену денгейінің белсенділігі жоғарлайды. Алайда, қарама – қарсы және жағымсыз жағын білу керек. Зерттеулер нәтижесі бойынша орташа тәуліктік салмағы азықтандыру рационы және уылдырығының (салмағы 0,07-0,1 г) өсуіне азық қолдану тиімділігі оның келесі белгіленген температурасына тәуелді. Мәселен, 18° С су температурасында жоғары көрсеткіш алынды.

Зат алмасу процесі жоғарылап және азық тиімділігінің төмендеуі, балық салмағының өсу жылдамдығы мен олардың рационы дене салмағының 80% құрап төмендеуіне әсер етті. Сібір бекіре шабақтары мен уылдырығы 15-18 ° С температурада тез өседі және 20 ° C (салмағы бойынша 30% -ға дейін орташа тәуліктік пайда) үшін қарқынды жеткілікті. Сібір бекіре шабақтары мен уылдырығы 22 ° С температурада баяу өсуі байқалды. Барлық бекіре балықтардың ішінде, орыс бекіре балықтарының популяциясы суық сүйгіш болып келеді. Бекіре балықтары қыстың күні судың төмен температурасында қоректену мен өсуге бейімділік қасиеттерге ие. Басқа да бекіре балықтары сияқты оның өсуі қыс мезгілінде бірталай азаяды. Ересек бекіре балықтары судың 7-26 ° С температурасы оптимальды болып саналады.

Судың жоғары температурасы балықтарға кері әсер етіп, кей кезде жою әсері бар, оны балық жасушасын ыстықпен күйдіру және тыныс жолдарының тарылу жағдайы әсер етеді. Су температураның жоғарылауына байланысты балыққа керек оттегі мөлшері екі есе көбейіп, сондай-ақ шектеу шынына жетеді.

Балықтарды жылытылған жерде, ангарда, жылыжайда және басқада жабық жерде орналастырады.


Кесте 2- Қоршаған орта температурасының режимі және оның балықтарға әсер етінің физиологиялық көрсеткіші

Түр

Температура

Көрсеткіштер

Сібір бекіресі

28-30 С

Нормадан жоғары, балық белсенділігінің төменділігі, судың тез ластануы. Шығын бақыланады.

24-25 С

Жылдам өсу, физиологиялық дұрыс жетілмеу.

Шығын бақыланады.



18-20 С

Оптимальды болады. Жыл бойындағы белсенділік. Балықтың жетілуі. Балық өсінің әртүрлілігі.

10 С төмен

Белсенділік төмендеп шала ұйқы жағдайына түсуі

Бекіре балықтарының уылдырығын дамыту үшін оптимальды температура 10-22 С болып табылады. Уылдырықтың белсенді азықтанға көшкеннен кейін, жылу ұстағыштық қасиеті жоғарлайды. Сібір бекіре балықтарының шабағы ұзақ уақыт ашыға алады (20 тәулікке дейін), онымен қоса оның дене салмағының төмендеуі мен зат алмасуы байқалады.

Жыл мезгіліне қарамастан судағы температура жүйесі 18 – 20 °С деңгейінде сақталады. Қыстың күні су жылытқыштар, жаздың күні жылу алмасқыштар мен салқындатқыштар қолданылады.

Табиғат жағдайында қыстың күні су температурасының төмендеуі бекіре балықтарының өсуіне кері әсерін тигізеді, ТЖҚ- да оптимальды температура үнемі қолданылады, және балық өзінің өсуін тоқтатпайды.

Егер бекіре балықтарының жыныстық жетілуі шамамен 15 жылда жетсе, онда ТЖҚ 6-7 жыл. 7 жылдан бастап бекіре балықтарын ферма жағдайында уылдырық алып, шабақтарды өсіруге және саудалауға болады.

Балықтың тіршілік қауіпсіздігіне қажетті сапа - судың мөлдірлігі. Ол суда желбезек арқылы оттегі жұтып, азықтану жағдайында азық іздеуіне байланысты.

Судың мөлдірлігі деңгейі екі фактор арқылы анықталады.Өлшеу арқылы, көбінесе бөлшектеп, кері әсер ететін бекіре және ұсақ балдырлардың жылдам дамып,әсіресе қара топырақта жасанды су қорларында жақсы жетіледі. Жаз мезгілінде мұндай су қорларында су мөлдірлігі 40-60 см аспайды. Бекіре балықтары мөлдірлігі 10 және одан да көп метрді құрайтын ағынды таза суды қалайды.

Судың мөлдірлігін анықтаудың ең қарапайым әдісі ақ дискі болып табылады. Троспен су қойнауына түсірілген зат көз алдынан кеткенге дейін суға батырылады. Су мөлдірлігі диск түсірілген тереңдікте көрінбегенге дейін см өлшеніп көрсетіледі. Ереже бойынша су қорларының әр бір жерінен өлшенеді. Техникалық мүмкіндіктер, фотоэлементтің көмегі арқылы судың мөлдірлігін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Түрлі климат жағдайларында бекіре балықтарының өсу қабілеттілігі (арктикалық және субтропикалық аймақтардан) адаптациялық икемділіктің жоғарлауын куәландырады.

Түсі, иісі мен дәмі сияқты параметрлері, физикалық қасиеттеріне, келетін болсақ, тәжірибеде балдырлы су қоймаларын қолданудан аулақ болып, судың нашар органолептикалық қасиетін береді.

Бекіре – су қорлары мен су ағындарындағы ірі балық болып саналады, олар судың жоғары сапасын өзін дамыту үшін қажет етеді.

Жалпы, елдегі бекіренің табиғи қорын сақтау қажеттілігі біраздан бері айтылып келе жатқан мәселе. Осындай қолдан өсіру зерттемелерін балық өсіру шаруашылықтарына енгізу барысында суқоймаларының биологиялық қорын сақтап қалу мүмкіншілігі туады. Жаңа өсіру әдістемелерін қолдану арқылы құнды балық қоры ұлғайады.


ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Алматы,2004.- 207б.

  2. Аблаев Т. Арал атлантидасы.- Алматы: Қазығұрт, 2011.- 108б.


ВЛИЯНИЕ ТЕМПЕРАТУРНОГО РЕЖИМА НА РОСТ И РАЗВИТИЕ ОСЕТРОВ В УСЛОВИЯХ УЗВ

Ахметова Б.С., Айтқалиев Б.М., Елемесов Қ.А., Нуржанова К.Х.
В данной статье рассматриваются влияние температуры на физиологические показатели осетров сибирской породы на их рост и развитие. Приведены сравнительные данные разности температуры в условиях УЗВ.

B.S. Ahmetova., B.M. Aitkaliev., K.A. Yelemesov., K.H. Nurghanova

DEPENDS OF TEMPERATURE ON THE GROWTH AND DEVELOPMENT OF STURGEON IN THE DRW

This article discusses the effect of temperature on physiological indices of sturgeon Siberian breed on their growth and development. Prividilos comparative data of the temperature difference in the conditions of DRW.

Автор туралы мәлімет




Автордың аты - жөні

Ахметова Балнур Сериковна



Жұмыс орыны (қысқартусыз), қызметі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, доцент міндетін атқарушы



Ғылыми атағы, дәрежесі

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты



Почалық адресі

Семей қаласы, Строительная 38-3



Телефон: үй,жұмыс, ұялы телефон

35-97-50; 53-19-70; 87755018933



Электронды пошта адресі

bako_84_21@mail.ru


Мақала туралы мәлімет

(журналда мақалаға автормен толтырылады)






Мәлімет (баяндама)



ӘОЖ (Әмбебаб ондық жіктеушісі бойынша мақалалар индексі)

639.3.045




Негізгі автор

Ахметова Балнур Сериковна



Қосалқы автор

Айтқалиев Бейбіт Максутканович, Елемесов Қалибек Айткалиевич, Нуржанова Кульсара Халимарденовна



Автор жұмыс орны (толық атауы)

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



Мақаланың атауы

Тұйық желі қондырғыларындағы бекіре тұқымдас балықтардың өсіп – дамуына температураның әсері




Түйін сөздер

бекіре, тұйық желі қондырғысы, биологиялық алуандылық, аквакультура.



Орыс тілінде аңдатпа

В данной статье рассматриваются влияние температуры на физиологические показатели осетров сибирской породы на их рост и развитие. Приведены сравнительные данные разности температуры в условиях УЗВ.



Қазақ тілінде аңдатпа

Мақалада тұйық желі қондырғыларында бекіре тұқымдас балықтарға жататын сібір бекіресінің өсіп – дамуына температураның әсері қарастырылады.



Ағылшын тілінде аңдатпа

This article discusses the effect of temperature on physiological indices of sturgeon Siberian breed on their growth and development. Prividilos comparative data of the temperature difference in the conditions of DRW.



Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Алматы,2004.- 207б.

  2. Аблаев Т. Арал атлантидасы.- Алматы: Қазығұрт, 2011.- 108б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет