АҚыл-ойы терең зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері



Pdf көрінісі
Дата06.05.2020
өлшемі51.76 Kb.

ӘОЖ 37.018:347.162

АҚЫЛ-ОЙЫ ТЕРЕҢ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ

ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қарашева  Ж.Б.

М. Өтемісов атындагы 

БҚМУ магистранты

Қазіргі  уақытта  әлем  бойынша  дамуында  кемшіліктері  бар  балалар  мен 

жасөспірімдерді  қоғамға  элеуметтік  бейімдеу  мэселесіне  назар  аударылуда.  «Бала 

құқығы»  туралы  Конвенцияда  мемлекет  толық  жетілмеген  баланың  құқығын  ерекше 

қамқорлыққа алу ерекше қарастырылған.

Шетелдік  ғалымдар  Г.В.Цыкота,  А.Р.Малер,  Л.М.Шипицына  жэне  т.б.  атап 

көрсеткендей  түзету  тэрбиелік  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  терең  ақыл  -   ойы 

кемістігі бар балаларды элеуметтік, еңбектік оңалтуға бағыттау.

Ақыл  -   ой  кемістік  -   этиологиялық,  патологиялық,  клиникалық  көріністер 

бойынша эр түрлі  болып  келетін  кең  ауқымда таралған  топ  түрі  болып  келеді.  Жалпы 

осы жағдайларға келесілер тэн:

бүкіл организм мен бас миының дизонтогенезінің нәтижесі.



бастапқы бұзылыс интеллектуальды түрде артта болуы 

(абстрактілі  ойлаудың  әлсіздігі,  интеллектісінің  бұзылысы  айқын  көрінуі  немесе 

эмоциялық сферасының жетіспеушілігі).

-  прогредиептиостың болмауы (Г.Е.Сухарева  1965, В.В.Ковалев  1979)  [2, 33  б.].

Ақыл -  ой  кемістігінің дэстүрлі  түрде  интеллектуальдық  кемістігінің  тереңдігіне 

орай үш  дәрежеге бөлінеді. Дебильдер -  жеңіл түрдегі бүзылыс, имбецильдер -  орташа 

түрі, нақүрыстар -  интеллектуалдық жетіспеушіліктің ауыр түрі болып табылады. Бірақ 

МКБ ВОЗ, 8 жэне 9 -  онда, ақыл -  ойы кемістіктің Земес 

4 түрі қарастырылған.

Интеллектуальды  жетіспеушілік  психометрикалық  тестілеу  жолы  арқылы  және  ондық 

интеллектуальды коээфициент (психикалық жастың паспорттық жасқа қатынасы) жасы 

арқылы  айқындалады.  МКБ  -10  ВОЗ  үсынысы  бойынша  (1994  ж)  онның  келесі 

көрсеткіштері қабылданады:  0,69 -  0,5 -  жеңіл түрі, 0,49 -  0,35 -  орташа түрі, 0,34 -  0,2

-   ауыр  түрі,  0,19  -   төмен,  өте  терең  (ауыр  түрі).  Интеллектуальдық  жетіспеушіліктің 

сандық  дәрежесін  анықтау  практикалық  мақсатты  қанағаттандырғанымен,  кемістік 

құрылымы  мен  этиологиядан  II  патогенезге  дейінгі  клиникалық  көрінісін  көрсетпейді. 

Бірақ  он  көрсеткішін  айқындау  диагноздың  негізгі  емес.  Әсіресе,  егер  ақыл  —  ойы 

кемістіктің  жас  ерекшелік  динамикасы  мен  балалардың  кемтарлығымен  жэне 

элеуметтік 

реабилитациясымен 

байланысты 

сұрақтарды 

ескеріп, 

кешенді 


психологиялық-медициналық -  педагогикалық диагностикалық қызмет ететін болады.

Ақыл  -   ойы  кемістіктің  көп  мөлшердегі  клиникалық  формаларының  болуы 

зерттеушілерді  осы  ақыл  -   ойы  кемістіктің  классификациясын  ашуға  жол  ашты.  Осы


көп  мөлшердегі  классификациялардың  ішіндегі  біздің  елде  жалпы  қабылданганы  -  

Г.Е.Сухареваның 

жүйесі  (1965)  жэне  МКБ  ВОЗ  (1994)  болып  табылады.  Осы 

классификация  негізіне  Г.Е.Сухарева  тұрғысынан  екі  басты  критерий  негізделген: 

«Хроногенді  фактор»,  яғни  зиян  жэне  зияндық  әрекеті  өткен  эмбриогенез  этапы.  Бұл 

классификация  бір  жағынан  этиопатогенездік  екінші  жағынан  клиникалық  мазмұнға 

ие.  Осы  ақыл  -   ойы  кемістігінің  барлық  клиникалық  формалары  (олигофрения 

Г.Е.Сухарева  бойынша)  3  негізгі  топқа  жэне  тағы  бір  топқа  (төртінші  топ  деп 

есептелгенімен, нақты төртінші деген фономальды реті жоқ) бөлінген.

Бірінші  топ:  эндогендік  табиғаттағы  олигофрения  (ата  — ананың  гиперактивтік 

жасушаларының зақымдалуы).

-   Лангдон -  Даун ауруы;

-   Микроцефалия;

-   түрлі 

зақым 


алмаудың 

бұзылысынан  туындаған 

тұқымқуалаушылық 

олигофренияның  энзимопатикалық  формасы  (фенелпровиноградная  олигофрения; 

галактоземия, сукрозурия жэне т.б. олигофренияның энзимопатикалық формалары);

-   олигофрения формасы сүйек, тері дамуының жетіспеушілігімен жэне құрамдас 

болатын түрі (дизостозикалық жэне ксеродермиклық олигофрения).

Екіниіі топ: эмбриопатия жэне фетопатия;

-   анасы  жүктілік  барысында  қызылша  вирусымен  аурудың  нәтижесінде 

туындаған олигофрения (рубеолярлық олигофрения);

-   басқа  да  вирустың  эсерінен  туындаган  олигофрения  (грипп,  паратит, 

инфекциялық гепотит, цитомегалия);

-   токсоплазмоз жэне листериоз нэтижесінде туындаган олигофрения;

-   туа пайда болган сифилис нэтижесінде туындаган олигофрения;

-   анадагы  гармондық  бүзылыспен  токсикоздық  фактор  нэтижесінде  туындаган 

олигофрения;

-   жаңа  туылған  нэрестенің  гемологиялық  ауруы  нэтижесінде  туындаган 

олигофрения.

Үіиінші  топ:  Босану  кезінде  туындаган  зияндықтар  мен  нәресте  өмірінің  ерте 

жасында (3  жасқа дейін) туындаган олигофрения;

-   Босану 

кезіндегі 

жарақаттар 

мен 


асфексия 

нәтижесінде 

туындаган 

олигофрения;

-   Постнатальды  кезіндегі  бас  -   ми  жарақаты  нэтижесінен  туындаган 

олигофрения (ерте жаста);

-   Балалық  шақтагы  энцефалит,  менингит  жэне  менингоэнцефолит  нәтижесінде 

туындаган олигофрения.



Төртінші  топ:  Сухареваның  топтауы  бойынша,  гидроцефалия,^ бас  миы 

дамуының локальды кемістігі, эндокриндік бұзылыстар жэне түрлі фактор нәтижесінде 

туындаган көптеген формалары енеді [3,40 б.].

Ақыл-  ойы  кемістігінің  кұрылымында  ВОЗ  (1994)  статистикалык  жэне 

диагностикалық құрылым шифрі бар.

«Ақыл—


ойы» кемістігінің құрылымы келесі жагдай бойынша жіктеледі:

-   жеціл ақыл -  ой кемістігі;

-   ақыл — ой кемтарлықтыц орташа түрі;

-   ақыл -  ой кемтарлықтың ауыр түрі;

-   ақыл -  ой кемтарлықтың терең түрі;

-   себебі анықталмаган ақыл — ой кемістігі;

-   минимальды түрдегі эрекет бұзылысы немесе олардың болмауы;

-   көңіл бөлуді жэне емдеу шарасын қажет ететін әрекеттік бұзылыстар;

-   баскалай әрекет бұзылыстары;

-   себебі анықталмаган эрекеттік бұзылыстар.



-  

Бүгінгі  күнде  терең  ақыл  -   ойында  жетіспеушілігі  бар  балаларға  көмек  көрсету 

мәселесіне  деген  қызығушылықтар  айтарлықтай  өскен.  Көбінесе  Б ¥ ¥   тэрізді 

халықаралық ұйымдар,  элемдік денсаулық сақтау үйымы,  ақыл—ойы кемістігін ғылыми 

түрде  зерттеудің  халықаралық  ассоциациясы,  ақыл 

ойы  кем  балаларға  көмек 

көрсетудің  халықаралық  лигасы  сияқты  қоғамдық  үйымдардың  әрекеттерін  атап 

көрсетуге  болады.  Ақыл  —  ойында  кемістігі  бар  балалардың  потенциальдық 

мүмкіншілік мэселелері  мен олардың осы омірге бейімделуінің элеуметтік маңызы өте 

зор.  Қазіргі  кезде  балаларды  арнайы  мекемелерге  іріктеудің  психологиялық  —

 

педагогикалық  критериісі  жасалып,  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  арнайы 



ұйымдастырылған  формасы үнемі жаңарып,  осы балаларды  қоғамға интеграциялаудың 

түрлілігі зерттеуде. Бұл жағдай көбіне мемлекеттің мэдениеті мен экономика деңгейіне 

байланысты  болады.  Көптеген  өркениетті  мемлекеттерде  арнайы  мекемелер  санын 

азайту  тенденциясы  қарастырылып,  дамуында  қандай  да  бір  кемістігі  бар  балалар 

жалпы  ортаға  интеграция  жүргізу  көзделеді.  Ал  терең  ақыл  — ойы  кемдерді  алатын 

болсақ  олар  үшін  арнайы  мектеп  ішінен  бөлек  сыныптар  ашылуда.  Көптеген  елдердің 

заңдылықтарына байланысты мүмкіншілігі шектеулі эр бала 5 — 7жастан бастап  21  жас 

аралығында өзіне тиісті білімін  алады.  Бұл  жағдай арнайы мектептер  мен  сыныптарда, 

күндізгі  орталықтарды,  көбіне  мектеп  —  интернат  негізінде  ұйымдастырылады. 

Дамуында кемістігі бар  балаларды дерлік  оқыту заңы  алғаш рет  1976  жылы АҚШ -  та 

қабылданған болатын.  Терең ақыл — ойы кемістігі бар  балаларды оқыту жүйесі  арнайы 

мектептердің  сыныптарында,  даму  орталықтары мен  жеке  меншік  мектептерде  жүзеге 

асырылады.  Бүндай мекемелер  мектеп  типі  бойынша ұзартылған  күн  бойынша  жұмыс 

істейді. Ауыр, дөрекі  бүзылыстары бар терең  ақыл — ойы кем балаларды  клиникалық -  

интернаттарда  жатады.  Балаларды  оқыту,  тәрбиелеудің  белгілі  мақсаттарына  тиісті 

бөлімдерге  бөлінеді,  олар  арнайы  бағдарлама  бойынша  оқытылады.  Оқушылардың 

сенсамоторикасын  дамыту,  әлеуметтік  дайындау,  өзіне  -  өзі  қызмет  ету,  еңбек,  эуен, 

сөйлеу  тілін,  санап  үйренуін,  жазуын дамыту  т.б.  Бағдарламаның  эр  бөлімінде  қандай 

білім  мен  практикалық  қасиеттерді  меңгерілуі  тиіс  екендігін  анықтайды.  Мысалы: 

«элеуметтік 

даярлау» 

бөлімі 


балаларда 

қоғамда 


өзін 

үстау 


дағдыларын 

қалыптастыруға,  коммуникабельдік  деңгейі  жэне  белсенділігін  жоғарыға  тэрбиелеуге 

багытталып, балаларға жол жүру ережесін үйретіп, қоғамдық орындарда өзін - өзі ұстау 

дагдыларын  қалыптастыруға  даярлайды  жэне  қалада  орналасқан  мекемелермен 

танысады.  Педагогпен  бірігіп  балаларға  дүкен,  дэріхана  тэрізді  қоғамдық  орындарды 

аралап, тауар сатып алып, ақшасын төлейді.  Олар жедел - жәрдем көрсету,  өрт сөндіру, 

милиция  бөлімдерінің  телефон  нөмірлерін  білуі  тиіс.  Көбінесе  ата  -   аналарының 

балаларымен  жүйелі  түрде  жұмыс  жасап,  күнделікті  қадағаланса  ол  баланын 

элеуметтік  бейімделуіне,  жәрдемдесуіне  үлкен  көмек  болар  еді.  1970  жылдан  бастап 

ақыл  — ойы  терең  зақымдалған  балалар  Англияда  «білім  беру  актісіне  сәйкес  арнайы 

білім  беру  жүйесіне  енгізілген.  Олар  арнайы  сыныптарда,  мектептерде  немесе 

дайындық  орталықтарында  білім  ала  алады,  ал  баланың  ақыл  -   ойы  кемдігінің  ауыр 

формасы  айкын  көрінген  болса,  жеке  меншік,  әрі  ақылы  түрдегі  жабық  мекемелерде 

білім  ала  алады.  Арнайы  мекемелерге  5  жастан  бастап  қабылданып,  қатаң  жеке 

бағдарлама бойынша  оқытылады.  Көптеген  елдерде  ақыл  -  ойы  кем  түлғаларға  көмек 

көрсететін  қоғамдар  мен  коммитеттер  құрылған,  бұл  орталықтар  әлеуметтік  жэне 

еңбектік  бейімдеуге оте үлкен  ықпал  етеді.  АҚШ -  да «Даун  Синдромы» деген үлггык 

қоғам,  Еуропада  -   «Даун  синдром  Ассоциациясы»  құрылған.  Терең  ақыл  -   ойы  кем 

балалары  бар  ата  -   аналарға  арналған  көптеген  әдебиетгер  басылып  шығарылған. 

Осылай,  Италияда «Даун Синдромы», Англияда «Ата -  аналар ауысы» атты журналдар 

басылып  шыгарылды  [4,  33  б.].  Мүнда  бұл  балалардың  ерекшеліктері  жэне  олармен 

жұмыс  істеу  эдістері  жайлы  ашық  жазылып,  жоғары  дәрежеде  қарастылған 

Дефектологтар  мен  ата  -  аналар  арасындағы  қарым  -   қатынас  әлеуметгік  педагогтао 

аркылы  іске  асады.  Көптеген  елдерде  0 - 3   жасқа  дейін  балаларды  оқытуга



психофизиологиялық  дамуын  түзетуге  арналған  бағдарламалар  жасалған.  Көңіл 

аудартатын 

үлкен 

мәселе 


мүмкіншілігі 

шектеулі 

балаларды 

коллективке 

интеграциялау.  Австралияда  даун  -   бүлдіршіндері  қалыпты  жағдайдағы  балаларымен 

бірге 


балабақшага  барады.  Арықарай  олар  жалпы  мектептің  арнайы  сыныптарда 

немесе дефектолог -  педагога бар сыныптарда оқиды. Даун синдромды ересек адамдар 

кафелерде  официант  болып  немесе  көмекшілері  болып  жұмыс  істейді.  Сонымен, 

зиятында  терең  ауытқушылығы  бар  балаларды  тэрбиелеу,  шетелдерде  актуалды 

проблемалардың  бірі  болып  табылады.  Мұндай  балаларды  оқыту  мен  тэрбиелеу 

арнайы  мектептерде,  сыныптар  мен  күндізгі  орталықтарда  өтеді.  Эмоционалды  -   ерік 

сферасында  бүзылыстары  бар  балалар,  мектеп  -   интернаттарында  тәрбиеленеді. 

Барлық мекемелерде мұндай балаларға бағдарламалар болады [5, 55 б.].

Қазақстанда  терең  ақыл  -   ойы  кем  түлғалар  интернат  үйлерде  болады.  Мұнда 

олар  мемлекеттік  қамтамасыздандырылған  4 - 1 8   жасқа  дейін  түрады.  Балалар  мен 

дефектолог мүғалімдер, тәрбиешілер, логопедтер жұмыс жүргізеді.

Баланы  айналадағы  ересектермен,  құрдастарымен  араласуға,  өзіне  -   өзі  қызмет 

етуге  үйрете  білу  қажет.  Баланы  қоршаған  ортамен  таныстыра  отырып,  оны 

саяхаттарға,  серуендерге  шығару  маңыздылық  танытады.  Мүның  барлыгы  баланың 



дүниетанымын кеңейтіп, создік қорларын дамытуға жол ашады.

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1.  «Кемтар балаларды әлеуметтік және медицинальщ-педагогикалъщ түзеу арқылы 

цолдау  туралы»  ҚР  2002  жылгы  11  шілдедегі  №343  Заңы  Қазақстан 

Республикасы Парламентінің Жариіысы,  2002 ж., №16,  152-ңүжат.

2.  Бгажнокова  И.М.  Обоснование  изменения  структуры  и  содержания  обучения 

детей с нарушениями интеллекта 1995.

3.  Выготский Л.С.  Проблемы дефектологии М.,  1995.

4.  Воспитание  и обучение детей во вспомогательной школе:  пособие для учителей /  

под ред.В.В.Воронковой.  М.,  1999.

5.  Вайзман  Психомоторика детей —олигофренов.  М.,1976.

Резюме

В  статье  рассматриваются  проблемы  обучения  и  воспитания  детей  с 

ограниченными возможностями учащихся начальных классов.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет