«Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің



жүктеу 70.91 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі70.91 Kb.



«Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүргені үшін ақы алу қағидаларын бекіту»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолымен (жолы учаскесімен) жүргені үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

« » №

қаулыға қосымша



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысымен бекітілген


Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүргені үшін ақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүргені үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес әзірленді және ақылы жүруді ұйымдастыру үшін ақы концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары (бұдан әрі – ақылы автомобиль жолдары (учаскелер) бойынша жүргені үшін ақы алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақылы жүрудің ұйымдастырушы – Автомоибль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор немесе концессионер;

2) ақылы жүруді ұйымдастыру – қазіргі заманғы ақы төлеу тәсілдерін, автокөлік құралдарының габариті мен салмағын айқындайтын техникалық құралдарды пайдалану арқылы ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүргені үшін ақылы жүрудің ұйымдастырушының ақы алу процесі;

3) ақы алу пункті – ақылы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен бірдейлендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүргені үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;

4) POS-терминал – жүргені үшін ақы төлеу ретінде автоматты режимде қолма-қол ақша қабылдауды немесе төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын электронды-механикалық құрылғы;

5) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына (учаскеге) шыққан автокөлік құралдарын бірдейлендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, ақылы автомобиль жолдарының (учаскелерінің) бойында орналасқан техникалық құралдар;

6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралдары ақы алу пункттері арқылы жүріп өткен кезде ақылы автомобиль жолы (учаске) бойынша жүргені үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;

7) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүргені үшін ақы алу тәртібі

3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы автомобиль жолдарына (учаске) өту мен шығу жолдарында орналасқан ақы алу пункттерінде ақылы жүрудің ұйымдастырушы жүзеге асырады.

4. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардан жүргені үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүргені үшін ақы ставкасына сәйкес алынады.

5. Ақылы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

6. Ақылы жүрудің ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланушылар үшін жүргені үшін ақы төлеудің мынадай тәсілдерін қамтамасыз етеді:

1) ақы төлеу жүргізгенін растайтын құжат пен артық ақшаны қайтарып беру арқылы POS-терминалға қолма-қол ақшамен;

2) POS-терминал арқылы төлем карточкасынан қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы;

3) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен алдын ала ақы төлеу.

7. Ақылы жүрудің ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) өтер алдында ақылы автомобиль жолының (учаскенің) туралы ақпараттық табло орнатады. Ақпараттық таблода сондай-ақ мынадай ақпарат орналастырылады:

1) ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүргені үшін ақы ставкалары;

2) учаскенің ұзындығы;

3) жүргені үшін ақы төлеудің мүмкін тәсілдері;

4) ақылы жолдарды (учаскелерді) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолдарын пайдаланушылардың тізбесі;

5) басқа да пайдалы ақпарат.

8. Ақылы жүрудің ұйымдастырушының ақы алу пункттерінде өз өкілдері бар, олар ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме береді.

9. Ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы жүрудің ұйымдастырушы ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай қамтамасыз етеді.

10. Ақылы автомобиль жолдары (учаскелер) бойынша жүргені үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланушылар жүрместен бұрын алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде немесе ақы алу пункттері аумағында сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқамаға сәйкес пайдаланады.

11. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүргені үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, ақы төлеу үшін шотты ақылы жүрудің ұйымдастырушы автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген мекенжайы бойынша жібереді.

Ақы алудың осы тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген автокөлік құралдарының иелеріне қатысты ғана қолданылады.

12. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде ақылы жүрудің ұйымдастырушы сәйкестендіруші техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді жинауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралдарының бейнесуреті болып табылады.

13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер тиісті пайдаланушылардың ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) нақты пайдаланғанын растау болып табылады.

Бұдан басқа осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер құпия ақпарат болып табылады және ақылы жүрудің ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған үшінші тұлғалардың қолжетімділігін шектейді. Деректер ақылы жүрудің ұйымдастырушының серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.

14. Егер автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына (учаскеге) өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен ақылы автомобиль жолы (учаске) арқылы шығуы кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.

15. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолынан (учаскеден) шығып кеткен жағдайда жүргені үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.

16. Ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша автокөлік құралы басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда ақы көлік құралдарының екі бірлігінен де алынады.

17. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін), оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:

жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;

өртке қарсы қызметтің;

авариялық-құтқару қызметтерінің;

жол-патруль қызметінің;

әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;

2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

ақылы автомобиль жолына (укаскесіне) іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауыл шаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес аудандардың жеке заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдерді бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.



________________________



: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет