«аитв-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 74.96 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі74.96 Kb.
: userfiles -> file
file -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
file -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
file -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
file -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
file -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі
file -> Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер
file -> Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер,үй алу кезегінің тізімі
file -> Личная информация
file -> Жамбыл облысының құрметті азаматтарының тізімі 1999 жыл

9


ЖОБА

«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын

және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер




  1. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысымен бекітілген «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары мен «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – стандарттың қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификат.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз  қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қызметті берушінің алуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) қызмет берушінің жауапты қызметкері отыз минут ішінде қызмет алушының құжаттарды қабылдайды және қызметті берушінің емшара бөлмесіне қанды алу үшін жолдайды;

2) отыз минут ішінде қызмет алушының қанын қызметті берушінің емшаралық бөлмесінің жауапты қызметкері алады, осыдан кейін қызмет алушының қаны адамның иммунтапшылық вирусының бар/жоқтығына «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде тексеріледі;

3) зертхананың жауапты қызметкері зерттеу нәтижесін қызметті берушіге жолдайды (зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні, зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні);

      4) қызмет берушінің басшылығы мемлекеттік қызмет нәтижесін рәсімдейді (қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні, зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні);

5) қызмет берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызметті алушыға ұсынады (қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні, зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) қызмет берушінің жауапты қызметкерінің қызметті алушының құжаттарын қабылдауы;

      2) қызметті алушынының қанын «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен зерттеуі;

3) зертхананың жауапты қызметкерінің қызмет берушіге зерттеу нәтижесін жолдауы;

4) қызмет берушінің басшылығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеуі;

5) қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсынуы.



3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) қызметті берушінің жауапты қызметкері;

      2) қызметті берушінің емшара бөлмесінің қызметкері;

      3) «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

      4) қызметті берушінің басшылығы.

      8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

1) қызмет берушінің жауапты қызметкері отыз минут ішінде қызмет алушының құжаттарды қабылдайды және қызметті берушінің емшара бөлмесіне қанды алу үшін жолдайды;

2) отыз минут ішінде қызмет алушының қанын қызметті берушінің емшаралық бөлмесінің жауапты қызметкері алады, осыдан кейін қызмет алушының қаны адамның иммунтапшылық вирусының бар/жоқтығына «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде тексеріледі;

3) зертхананың жауапты қызметкері зерттеу нәтижесін қызметті берушіге жолдайды (зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні, зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні);

      4) қызмет берушінің басшылығы мемлекеттік қызмет нәтижесін рәсімдейді (қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні, зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні);

5) қызмет берушінің жауапты қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызметті алушыға ұсынады (қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні, зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара  іс-қимыл тәртібінің сипаты осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада келтірілген.



4. Қорытынды ережелер
9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында - http://densaulyk.zhambyl.kz орналастырылған.

" АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде

құпия медициналық зерттеліп-қаралу " мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне


1-қосымша
«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 12скругленный прямоугольник 11
скругленный прямоугольник 21скругленный прямоугольник 22
Зерттеу нәтижесіне қол қою

(отыз минут )

Журналға қызметті алушының құжаттарын қабылдау, емшара бөлмесіне қан тапсыруға жолдау

(отыз минут)

Қызметті алушының қанын алу

(отыз минут)



Қызметті алушының қанында адамның иммун тапшылық вирусы инфекциясының бар жоқтығына тексеру (теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні;

оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні)



autoshape 79


autoshape 78





autoshape 102

Оң нәтиже болғанда қанды кайта тексеру

(20 (жиырма) жұмыс күні)


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру (оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні)







Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру (теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні)




- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет