Аитв-жұқпасы мен житс-нан өлгендерді еске алу күні



Дата20.05.2020
өлшемі25.82 Kb.
АИТВ-жұқпасы мен ЖИТС-нан өлгендерді еске алу күні

Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде дүниежүзі АИТВ-жұқпасынан және ЖИТС-нан өлгендерді еске алу күнін атап өтеді. Бұл күні Жердің әр түкпірінде осы проблема мейлінше қасірет шектірген жандарды еске алу немесе қолдау үшін адамдар бірге жиналады. Осы күн бізге алдын алу, емдеу және оқыту тұрғысында қоғамның нені қабылдау керек екенін түсіну үшін, АИТВ/ЖИТС біздің өмірімізге қалай араласатыны туралы ақпаратпен бір-бірімізбен бөлісуге мүмкіндік береді.

ЖИТС-нан өлгендерді еске алу күні адамдар киіміне ЖИТС-ның шекарасы, ұлты, жынысы мен жасы жоқ екенін түсіне отырып, миллиондаған қаза болғандарды аза тұту және еске алу символы – қызыл жолақтан жасалған ілмекті тағады. Қызыл жолақ – қоғамдастықтың назарын ЖИТС проблемасына аудару үшін 1991 жылғы сәуірден бастап қабылданған белгі. Қызыл жолақ белгісін жасаушы – суретші Франк Мурдың өзі 2002 жылы ЖИТС-ның құрбаны болды. Сондай-ақ, осы есте қаларлық күнде жақын жандарды еске алуға арналған матаға квилттерді – еске алу полотноларын, құрақ суреттерді тігу дәстүрі орын алған. Бірінші квилт ЖИТС-нан өлген ең жақсы досына арнаған американдық Клив Джонсонмен 1987 жылы тігілді. Сонымен бірге, осы күні көптеген елдерде акцияға қатысушылар дәстүрге сай, әлемдік індет басталғаннан өткен жылдардың саны бойынша – еске алу ағаштарын отырғызды (1981 жылдан бастап). Осы күнге орай Маңғыстау облысы ЖИТС орталығы өз шараларын жастар және жергілікті тұрғындар арасында сұқбат беріп, әртүрлі шараларды өткізуді мақсат етіп отыр.

Дүние жүзіне танымал адамдар мен актерлар, жазушылар, әншілер, спортшылар арасындағы кумирлер ішінен де ЖИТС-нан өлген адамдар туралы фактілер жалпыға белгілі. Олардың ішінде, жұлдызды есімдерді бірқатары мыналар: рок-әнші және «Queen» тобының жетекші музыканты Фредди Меркьюри (Ұлыбритания), фантаст-жазушы Айзек Азимов (АҚШ), балет солисті, «би құдайы» Рудольф Нуриев (Франция), философ және жазушы Мишель Фуко (АҚШ), поп-әнші Офра Хаза (Израиль) және тағы да басқалар. Қауіпті сезіне білу керек. Өз жүрісіңізді қайта қарау қажет. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша 287 АИТВ- жұқпасы бар адам ресми тіркелген, 43 адам әртүрлі аурулар салдарынан қайтыс болды, оның ішінде ЖИТС ауруынан 9 адам қаза тапқан. Қазіргі кезде індет барлық әлем бойынша адамның жынысына, жасына, ұлтына, дініне, сексуалды бағытына, гендерлік ұқсастығына, әлеуметтік дәрежесіне, кәсіби және жеке қасиеттеріне қарамастан, миллиондаған жандардың өмірін жалмауда. Сондықтан қазіргі таңда осы ауруға қарсы емдік шаралар, яғни антиретровирустық ем тағайындалады. Бұл терапияны ұзақ уақыт өмір бойы қолданады, оның негізгі емдік қабілеті адам өмірін ұзарту және осы вирустың әрі қарай таралмауына ықпал тигізеді. Бүгінгі таңда диспансерлік бақылауда 148 АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдар тіркелген. Оның ішінде 116 адам осы емді қабылдайды. Ауру адам АИТВ инфекциясынан емес, ол осы инфекцияның асқынуынан яғни қосалқы инфекциядан көз жумады. Оған жеткізбей күнделікті тағайындалған емін алу керек. Әрине адамдар бұл емге бірден келіспейді ол үшін дәрігерлер тарапынан нұсқау оның тиімділігі жөнінде ақпарат беріледі. Өйткені адамдар біртіндеп әр түрлі клиникалык, имунологиялық, вирусологиялық зертханадан анализ тапсырып барып, ем қабылдайды. Емнен бас тартып жатқан адамдар да жоқ емес, бірақ олар өздері түсініп барып, жан жақтан және дәрігерлердің берген психоәлеументтік кеңесін алып емге қосылады. Осы мақаламды түйіндей келе өз науқастарыма айтарым адам өмірге бір-ақ рет келеді, сондықтан соңына дейін қандай жағдай болсада күресе білу керек. Емдік терапияның да мақсаты осы, адам өмірін ұзарту, вирустың өсуін тоқтатып, дүниеге дені сау нәресте әкелу. Өз жанұяңыз үшін, өзіңіз үшін куресу керек деп ойлаймын. Әрбір адам АИТВ-жұқпасын жұқтыру қаупін мейлінше қысқарту үшін өмір сүруі тиіс. Салауатты өмір салты, сенімділік, қауіпсіз жыныстық қатынас әрбір адам үшін қағида болып қалыптасуы керек.



ЖИТС орталығының диспансер бөлісінің меңгерушісі

Жиенғалиева Әлия Төлеміс қызы
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2016 -> 2017 -> 2018


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет