Айқын. – 2012. №189. 9 қазан Бұқарқызы Х. Ақпаратқа қолжетімділік арта түсті



жүктеу 25.9 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі25.9 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Айқын. – 2012. - №189.-9 қазан

Бұқарқызы Х.

Ақпаратқа қолжетімділік арта түсті
Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері бұдан былай жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісімен жұмыс істейтін болды. Ал жатақханада тұратындары сабақтан тыс уақытта интернет үшін оқу корпусына барып әуре болмайды. Ғаламтор желісіне жатақханадағы бөлмесінен де «кіре алады». Олар республика аумағында тегін телефон байланысына да қол жеткізіп отыр. Студенттерге бұл сыйлықты жасаған - университет басшылығы мен «Астанателеком» қалалық телекоммуникациялар орталығы.

Айта кетейік, жуырда ғана С.Сей­фул­­лин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен «Астанателеком» қала­лық телекоммуникациялар орталығы бір­­лесе отырып қолға алған кампустық желі құрылысы аяқталды. Бұл жоба за­манауи инфокоммуникациялық техно­ло­гиялардың оқу үдерісіне, ЖОО қыз­мет­керлерінің жұмысына, студенттер мен оқытушылар ұжымының өміріне кеңінен енгізілуіне мүмкіндік беріп отыр. Осылайша, «Астанателеком» ҚТО 50 Мбит/с жылдамдыққа дейін жететін кең жолақты интернет желісіне қаты­нау­ды қамтамасыз етіп, ҚазАТУ-дың төрт студенттік жатақханасында және екі оқу корпусында 500 iD TV және iD Phone қызмет нүктелерін қосты. 

Аталған технологиялар әмбебап­ты­ғымен және оқу процесінде қолданыла­тын әртүрлі ақпарат түрлерін - дауыс, бей­неақпарат, мультимедиа және теле­ме­триялық ақпаратты бір уақытта жет­кі­зу қабілетімен ерекшеленеді. Тосын сыйға қатты қуанған студенттер бұл оқи­ғаны бөле-жара атап өтті. «Астанате­ле­ком» басшыларына алғыстарын шағын концерт ұйымдастыру арқылы білдіруді жөн көріпті.

«Астанателеком» ҚТО бас директоры Ермек Қуанышбековтiң айтуынша, ком­пания ұдайы қызмет ауқымын кең­ейту және технологиялық жаңалықтарды енгізу жұмыстарын жүргізіп келеді. Со­ның ішінде білім беру саласына инно­ва­циялық технологиялардың енгізілуі жаңа мүмкіндіктерді ашып, отандық бі­лім сапасын көтереді деген сенімде. «Бү­гінде компьютер қалам, қағаз сияқты кеңселік тауарға айналып келеді. Ал ин­тернет желісіне қосылған компьютер сту­денттің жұмысына пайдалы. Сол себепті интернет нүктелерін жатақ­ха­наларға да орнаттық. Бұл оқу орнында шалғайдан, республиканың өзге өңір­ле­рі­нен келіп оқитын студенттердің уақыт­та­рын тиімді пайдалануына мүмкіндік бе­реді. Сол балалар ата-аналарымен, бауыр­ларымен жиі хабарласып тұрсын деп iD Phone телефон желісін де ор­нат­тық» дейді Е.Қуанышбеков.

ҚазАТУ-дың экономика факуль­те­тінің 2-курс студенті Ақжол Мұстафин:

- Біз жылдамдығы жоғары интернеттің арқасында қажетті мәліметтерге қол жет­кіземіз. Жаңалықтарды біліп отыра­мыз. Уақытты да үнемдейміз. Телефонның да игілігін көре бастадық, - дейді ағы­нан жарылып. 


Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам студент білім алып жатқан агротехникалық уни­вер­ситеттің ректоры Ақылбек Күріш­баев­тың айтуынша, бұл жоба жаңа тех­но­логияларды қолдану тәжірибесі, ақ­паратқа қолжетімділік және білім алмасу есебінен болашақ мамандарды дайындау деңгейін көтеруге зор ықпалын тигізеді. «Заманауи техника студент­тері­міз­дің негізгі мақсаттарына жетуде, өз саласында білікті маман болу жолында белсенді қолданылуы тиіс. Бұрын ин­тернет жылдамдығы секундына 9 Мбит болса, қазір 50 Мбитке көтерілді, алдағы уақытта 100 Мбитке шығады. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда әлемдегі болып жатқан жаңалықтар бірінші кезекте ғаламторда ағылшын тілінде жарияла­на­ды. Ал біздің оқу орнында үш тілде дәріс жүргізіледі. Сондықтын студенттеріміз интернет арқылы ағылшын тіліндегі мәліметтермен еркін танысатын болады» дейді ректор. 
Айта кетерлігі, «Астанателеком» ҚТО алғаш рет осыған ұқсас жобаны 2010 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті негізінде енгізгенді. «ENU.NET әлеуметтік студенттік желісі» жобасын жүзеге асыру барысында ЕҰУ студенттік үйлерінде 850 «iD Phone» + «iD TV» қызметтер топтамасы қосы­лып, интернет желісіне жоғары жыл­дам­дықта қатынау қамтамасыз етілген болатын.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет