Ажырасудың Исламдағы үкімі



Дата24.04.2016
өлшемі55.79 Kb.
Ажырасудың Исламдағы үкімі

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелері мен барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ал содан кейін:

Өз негізінде ажырасу Исламда рұқсат етілген екеніне күмән жоқ, әрі бұл мәселеде ғалымдар арасында да келіспеушіліктер жоқ. Қз.: “әл-Муғни” 7/96, “әл-Ифсах” 2/137.

Аллаһ Тағала былай деді: «Сендер әйелдерді жақындасудан, және оларға міндетті сыйлықтарын белгілеуден бұрын талақ қылсаңдар, сөгіс жоқ» («әл-Бақара» сүресі, 236-аят).

Себебі біз, Аллаһтың рахымымен: «Ажырасуға тыйым салынады, әрі ерлі-зайыптылар өле-өлгенше бір-бірінің қайсыбір қылықтары мен басқа да отбасылық проблемаларына төзуі тиіс», - деп есептейтін христиандар емеспіз ғой. Имам Ибн Қудама былай деген: «(Тұрмыс тіршіліктегі) әдет-ғұрып ажырасудың рұқсат етілгендігіне нұсқайды. Себебі ерлі-зайыптылардың ара-қатынасы бұзылып, некеде тұру анық зиянға ғана келтіретіндей жағдайлар болуы мүмкін!» Қз.: “әл-Муғни” 8/235.

Алайда Ислам ғалымдары ажырасудың рұқсат етілгендігіне қарамастан, ол туралы әртүрлі көзқарастарын білдірген. Бір топ ғалымдар тіпті себепсізден-себепсіз болса да, ажырасуда тұрған еш дәнеме жоқ деп айтқан. Бірақ басқа ғалымдар ажырасу рұқсат болғанымен, өз негізінде айыпталады деп есептеген. Қз.: «Кашаф әл-қана’» 5/261, “Хашия Ибн ‘Абидин” 3/227.

Бірақ та, ажырасуды өз негізінде айыптайтын ғалымдар бұлай деп тек егер ажырасудың орынды себептері болмаған жағдайды айтқан. Неге десеңіз, ажырасу абзал болатын, тіпті міндетті болатын жағдайлар бар, мысалы, бұзылған әрі пасық әйелмен байланысты т.с.с. жағдайлар.

Ал енді себепсізден-себепсіз ажырасуға келетін болсақ, ғалымдар арасында бұны харам деп есептегендері болған, бұл, мысалы, Қады ‘Ийядтан келеді. Қз.: “әл-Муғни” 8/235.

Неке Исламда едәуір маңызды дәрежеге ие, әрі себепсіз ажырасу рұқсат етілген іс болуы мүмкін емес. Имам Ибн ‘Абидин: «Ажырасудағы негіз – оның айыпталатындығы», - деп айтқан, ал себепсізден ажырасатындардың іс-әрекеттері туралы ол бұны ақымақтық деп атаған. Қз.: “Хашия Ибн ‘Абидин” 3/228.

Ажырасудың рұқсат екендігіне қарамастан, өз негізінде ол айыпталатынын, әрі егер себепсіз болатын болса, тіпті харам екендігіне нұсқайтын дәлелдер келесідей:

Біріншіден, себепсіз ажырасуда әйел үшін зиян бар, ал шариғат зиян тигізуді тыйым салады. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіңе де, өзгелерге де зиян тигізуге болмайды!», - деген. Ахмад 5/326, Ибн Мәжаһ 2340, әт-Табарани 1/163. Имам Абу Дауд, имам Ибн Абу ‘Асым, имам әл-Хаким, имам әз-Захаби, имам Ибн әс-Саләх, имам ән-Нәуауи, имам әл-Мунауи және әл-Әлбани бұл хадистің сахихтығын (сенімділігін) растаған.

Екіншіден, шариғат әйелдің себепсіз күйеуінен талақ сұрауына қатаң түрде тыйым салды! Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қандай әйел өзінің күйеуінен себепсіз талақ сұрамасын, ол үшін Жәннаттың иісі харам болады!» Ахмад 5/277, Абу Дауд 2226, әт-Тирмизи 1187, Ибн Мәжаһ 2055. Хадистің сенімділігін (сахихтығын) имам әт-Тирмизи, имам Ибн Хузәйма, имам Ибн әл-Жаруд және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 9/403, “Ируаул-ғалил” 2035.

Әрі егер себепсіз ажырасу негізінде рұқсат етілгенде, онда шариғат осы үшін әйелге мұндай қатаң түрде ескерту жасамас еді!



Үшіншіден, шариғат қатаң түрде ажырасуға сырттан себепкер болуға (ықпал жасауға) тыйым салады, және мұны істейтін адам күнәһар болады! Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелін күйеуіне қарсы, құлды иесіне қарсы қоятын адам бізден емес!», - деген. Абу Дауд, әл-Хаким. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 5437.

«Бізден емес» деп келетін хадистер (сол хадистегі) сөз болып отырған күнәнің ауыртпалығына нұсқайды.

Төртіншіден, Аллаһ Тағала сиқыршыларға сөгіс білдіріп, олардың іс-амалдарының қатарында ажырастыруды айтып өтті. Ол: «Сонда да олар екеуінен ер-әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді» («әл-Бақара» сүресі, 2: 102), - деп айтып, бұған маңызды мән бөлді.

Бесіншіден, ажырасу Ібілісті қуантады, ал оны өз негізінде жақсы әрі хәлал нәрселер қуандыруы мүмкін емес! Жәбир Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндайтын: “Ақиқатында, Ібіліс өзінің тағын судың үстіне орнатты, ал содан кейін әскерлерін (жан-жаққа) жібере бастады. Әрі оның әскерінің арасында оған ең жақыны – ең үлкен бүлік тарататыны. Олардың бірі келеді де: «Мен мынаны-ананы істедім», - дейді. Ібіліс: «Сен түк бітірген жоқсың», - деп жауап береді. Сосын басқасы келеді де: «Мен адамды әйелінен ажырастырғанымша, оны жайынна қоймадым», - дейді. Сонда Ібіліс оны өзіне жақындатып алып: «Иә, сен!» (немесе: «Сен жарадың!»), - дейді” Муслим 2813.

Қады Ийяд былай деді: «Бұл хадисте ажырасу мен айырылысудың мәселесі өте салмақты екеніне, сондай-ақ бұда осыған ұмтылған адам үшін көптеген зиян мен үлкен күнә болатынына нұсқау бар! Себебі ажырасуда Аллаһ Тағала жалғастыруды бұйырған нәрсені үзу; Аллаһ Тағала мейірім мен махаббатты орнатқан нәрседе бөліну; Исламда шаңырақ көтерген үйдің бұзылуы; әрі тартыс-таластарға (ұрыс-керістерге) бет алып ұмтылу бар» Қз.: “Икмал әл-му’лим” 8/349.

Сондай-ақ, Аллаһ Тағаланың рұқсатымен, аталмыш пікірді таңдаған кейбір белгілі ғалымдардың сөздерін келтірейік:

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Ажырасудағы негіз – (оның) айыпталатыны! Ақиқатында, ажырасу оған деген қажеттіліктің себебінен хәлал етілді. Жәбирдің жеткізуімен Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, Ібіліс өзінің тағын судың үстіне орнатты, ал содан кейін әскерлерін (жан-жаққа) жібере бастады. Әрі оның әскерінің арасында оған ең жақыны – ең үлкен бүлік тарататыны. Олардың бірі келеді де: «Мен мынаны-ананы істедім», - дейді. Ібіліс: «Сен түк бітірген жоқсың», - деп жауап береді. Сосын басқасы келеді де: «Мен адамды әйелінен ажырастырмайынша, оны жайына қоймадым», - дейді. Сонда Ібіліс оны өзіне жақындатып алып: «Иә, сен!» (немесе: «Сен жарадың!»), - дейді» Муслим 2813. Әрі Аллаһ Тағала сиқырлыққа сөгіс білдіріп, былай деді: «Сонда да олар екеуінен ер-әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді» («әл-Бақара» сүресі, 102-аят). Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 33/81.

Сондай-ақ шейхул-Ислам былай деді: «Егер ажырасуға деген қажеттілік болмағанда, онда бұған хадистер мен діннің негіздері нұсқайтындай, дәлелдер оның тыйым салынғандығына нұсқайтын еді! Алайда Аллаһ Тағала ажырасуды Өзінің құлдарына деген мейірімі себепті рұқсат етті, өйткені кейде олар ажырасуға мұқтаж болып жатады». Қз.: “Мәжму’ул-фатауа” 32/89.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деген: “Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ Тағала рұқсат еткен ең жек көрінішті нәрсе – ол ажырасу!» Бұл хадис сахих (сенімді) емес, алайда оның мағынасы дұрыс болып табылады! Аллаһ Тағала ажырасуды жақсы көрмейді, бірақ Ол оны Өзінің құлдарына жеңілдік болсын деп тыйым салмады. Әрі егер ажырасудың себебі немесе шариғи дәлелі болса, онда ол рұқсат етіледі. Мысалы, әлдебір әйелмен өмір сүру шариғат бойынша тыйым салынған нәрсеге ұшыратады, әрі ажырасусыз бұдан арылу мүмкін болмаса, онда ажырасу керек. Немесе мысалы, әйелдің дінінде немесе адалдығында үлкен кемшілігі бар болады, әрі ол әйелді өзгерту мүмкін болмайды, онда біз: «Ажырасқан абзал!», - дейміз. Ал енді шариғи немесе дәстүрлі себептерсіз ажырасу туралы айтатын болсақ, ажыраспаған абзал. Оған қоса, мұндай жағдайда ажырасу айыпталады”. Қз.: “әл-Баб әл-мафтух” № 55.

Сондай-ақ шейх Ибн ‘Усаймин былай деген: «Біз барлығымыз ажырасу әйелдің жүрегін жаралайтынын білеміз, ал егер олардың балалары болатын болса, онда бұл жанұяның ыдырауына алып келеді!» Қз.: “Фәтауа Ибн ‘Усаймин” 3/260.

‘Амр ибн Динар былай деп әңгімелейтін: “Ибн Умар өзінің әйелімен ажырасқанда, әйелі оған: «Сен менен өзіңе ұнамайтын бір нәрсе көрдің бе?!», - деді. Ол: «Жоқ», - деді. Сонда ол: «Ендеше, не себепті сен ары таза мұсылман әйелмен ажырастың?!», - деді, осыдан кейін ол оны кері қайтарды”. Са’ид ибн Мансур 1099. Иснады сахих (сенімді).



Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

«Сәләф – Форум»
Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет