Айнабұлақ ауыл округі әкімі Д. Ыдырышевтың есептік баяндамасы Құрметті ауылдастар! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы»



жүктеу 172.99 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі172.99 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Айнабұлақ ауыл округі әкімі Д.Ыдырышевтың есептік баяндамасы

Құрметті ауылдастар!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында ауыл округіндегі бір жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап беруге рұхсат етіңіздер!

Өткен жыл еліміз үшін үлкен оқиғаларға толы жыл болды.Елбасымыздың жолдауында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары қабылданып, алдымызға үлкен міндеттер қойылды.

2010 жылғы 2–ші желтоқсанда Астанада жоғары деңгейдегі қазақ мемлекеті басшылық еткен 56 қатысушы мемлекет кіретін Европа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымының Самитінің өткізілуі елімізді дүние жүзіне танытты.

1000 аса отандық және шетелдік журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар қатысып елімізді көрсетіп әлемнің әр түкпіріне хабар таратты. 11 жылдан кейін Астана Саммитінің өткізілуі және ЕҚЫҰ-ның тарихи Астана декларациясының қабылдануы-бұл Қазақ Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке еңбегінің, оның толассыз беделі мен үлкен саяси ерік жігерінің лайықты бағасы. «Назарбаев жетістігі» формуллласының халықаралық мойындалуының айғағы.

Біздің облысымыз,ауданымыз, ауылымыздың әрбір азаматы Самит жұмысын ерекше мақтаныш және толқыныс сезіммен қабылдады.

Өткен жыл Айнабұлақ ауыл тұрғындары үшін де есте қалар жыл болды, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы ауылымызға келіп халықпен кездесу өткізіп, облыста,ауданымызда атқарылған істерге тоқтап тұрғындар көкейіндегі сұрақтарына толық жауап беруі ауыл азаматтарының ауыл болашағы үшін алға қойған міндеттерді бірге атқару керек екеніне көз жеткізді.


Халықтың құрамы:

Ауылдық округке қарасты 6 елді мекенде 507 жанұяда 2703 халық тұрады, оның 268 зейнеткер,мүгедектіне байланысты 123 адам жәрдемақы алады,2 Ұлы Отан соғысы ардагері, 2 ҰОС теңестірілген,2 адам соғыс жесірі,2 ауған соғысы жауынгері, 47 Алтын алқалы,37 Күміс алқалы аналар есепте тұрады. Округ бойынша2009 жылы 44 бала,2010 жылы 46 бала дүниеге келді. 2009 жылы 15 адам, 2010 жылы 18 адам қайтыс болды.Айнабұлақ ауылдық округ әкімінің елді мекендеріндегі орналасқан халық саны. 01.01.2011 жыл.




Рет саны

Елді мекен атауы

Халық саны

01.01.2011 ж

Тұрғын үй

Аула саны

1.

Айнабұлақ

1805

310

326

2.

Жаңатұрмыс

325

63

66

3.

Чүрчүтсу

121

15

18

4.

Талды

35

7

7

5.

Сартұмсық

37

8

8

6.

Октябрь

380

78

82




Барлығы:__2703__481__507'>Барлығы:

2703

481

507

Ауыл округі елді мекендерінде ҚХР дан көшіп келіп орналасқан 72 жанұяда 332 адам бар. Келген ағайындарымыз еңбекке белсене араласып, ауыл халқымен бірлесе еңбек етуде, тұрмыс тіршілігі жаман емес.



ҚХР дан көшіп келген оралмандардың орналасуы:



Рет саны

Елді мекен атауы

Жанұя саны


Адам саны

1

Айнабұлақ

42

185

2

Жаңатұрмыс

8

38

3

Чүрчүтсу

9

38

4

Октябрь

13

71




Барлығы:

72

332


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

а) Мал шаруашылығы:

Ауыл округінде 213 шаруа қожалығының он төрті мал шаруашылығымен айналысса қалғаны аралас шаруашылықтар. Ауыл округі әкімі көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі мал мен егін шаруашылығын дамытуда біршама жұмыстар атқарылды.

Мал басы округ бойынша өсіп ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру жоспары орындалды.

2010 жыл көлемінде бағдарламада жоспарланған 1114 тн ет, 4291 тн сүт 590 мың дана жұмыртқа, 330 цн жүн өндірілді.

Ірі-қара саны 6025 бас, қой-ешкі 17560бас, жылқы 1220 басқа жетті. Алайда өткен жылдың қыстамасы ауыл халқына қиынға соғу нәтижесінде 33 бас жылқы, 248 бас ірі-қара,870 бас қой-ешкі,2265 бас құс шығынға жол берілді.2010 жылы 1869 бас ірі-қараға,5678 бас қой-ешкіге сырға салынды.

Мал шаруашылығы бойынша төмендегідей біршама шешімін таппаған мәселелер бар:



Бірінші: ауылдық елді мекендердегі малды қолдан ұрықтаныру.

Бұл жұмысты Чакеев Муратай қолға алып жақсы жұмыс істеп еді, алайда ұрық әкелуге қаржының жоқтығынан тоқтап қалды. Әкім тарапынан бір рет өз қаржыммен әкелуге көмек бердім. ,пункт үйін салуға жәрдемдестім. Алайда ауылдағы бұқалардың пішілуін қадағалай алмау нәтижесінде жұмыс жүргізе алмадық. Келер жылы қорытынды шығаруымыз керек, бұған ауыл тұрғындарының белсенділік танытуын сұраймын.



Екінші: маңызды мәселе мал шаруашылығында қолымызды жеткізе алмай жүрген шаруа мал бордақылау.

Бұған Үкіметтен субсидия беретінін әлі ұққамыз жоқ. Бұл саланың есебін жуықта болған шаруа қожалығы жиналысында аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі маманы түсіндіріп айтып өтті. Жалпы субсидия өнімнің барлық түріне төленетінін шаруа қожалықтары иелері естіп түсінді деп ойлаймын. Ауылда бордақылау алаңына мал бордақылау үшін жұмыс жүргізілуде.



Аудан әкімі тапсырмасының бірі қымыз саууды қолға алып қымыз өндіру.

Бұл жұмыс бойынша өткен жылы 4 бие сауылып, Мешін қыстағында Әзен Тоқан деген азамат бие санын көбейтіп қымыз өндіру жұмысын қолға алуда.

Ауылдардағы бойдақ малдарды, әсіресе жылқы малын жайлауға шығарып бағу болса 885 бас ірі-қара, 4006 бас қой-ешкі, 360 бас жылқы малы жайлауда бағылып келді. Өкінішке орай әлі де көптеген ауыл тұрғындары егін еккен ауыл тұрғындарын аямай жылқы малын ауылда ұстап биылғы жылы ол жылқылар егін мен шаппаны жеп, аяғы жолдағы машинаға соғылып қайғылы оқиға жол беруі өкінішті.

Мал дәрігерлік жұмысты ұйымдастыруды қадағалау біздің міндетіміз.

Бұл салада округте 5 мал дәрігері лицензиямен жұмыс істейді. Биылғы жылы бір мал дәрігеріне бас маман штаты беріліп жұмыс істеуде. Мал дәрігерлерінің міндеті жұқпалы мал ауруларын болдырмау, мал есебін жүргізу, санитарлық тазалық, жалпы малдың кіріс-шығыс қозғалысына жауап беру. Мал дәрігері, кабинетпен,компьютермен қамтылған, тек жұмыс істеу керек.

Округ көлемінде күні бүгін 6500 бас ірі-қарадан, 22000 мың қой-ешкіден қан алынып нәтижесінде өкінішке орай 60 бас ірі-қара, 195 бас қой-ешкі сарып ауруына оң нәтиже берді. Округте сарып ауруы шығуы бәріміздің кінәміз әсіресе мал мамандарының.Өйткені ауылымызда ересек адамдардың осы аурумен ауыруы, әсіресе балалардың ауруы алаңдатуда.
б)Егін шаруашылығы:

Аудан әкімінің тапсырмасы негізінде ауыл әкімі жасаған технологиялық карта жоспары бойынша 2010 жылы округ бойынша егістікті бір алқапқа егу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 290 га жерге бидай, 15 га жерге арпа,15 га жерге сұлы, 20 га жерге тары, 200 га жерге күнбағыс, 52 га көкөніс, 169га картоп, 15 га бақша егіліп, көктемгі 18,5 тн жанар-май алынып бөлініп берілді. Оралман ағайындарға бос жатқан Дайыр округі жерінен түбегейлі пайдалануға «Сана» ірілендірілген шаруа қожалығына 150 га жер бөлініп беріліп егін егіп, жоңышқа егіп нәтижесінде біршама өнім алуға жетісті. Егін егу өткен 2009 жылдан 17,9 пайызға артық орындалды.

Астықтың әр гектарынан 16,4цн өнім алуға жетісіп қамбаға 442 тн дәнді дақыл алынып және картоп, көкөніс қорлары қоймаға сақтауға қойылды. Күні бүгін 53тн тұқым себу дәрежесінде зертханадан өтіп тұр.

Алайда егін саласы бойынша егіндік жер алып оны пайдаланбай отырған шаруа қожалықтары бар немесе сол жерге бір-екі гектарына жоңышқа , аздаған картоп егіп Теректі өзенінен ауылға келетін суды сол жерге бұрып, өзімде ғана болсын деген азаматтар бар. Жер Кодексі бойынша алынған жер үш жылға дейін пайдаланылмаса аудандық жер қорына алынады. Біздің қазіргі түгендеуіміз бойынша 17 шаруа қожалығының 381,7 га жері пайдаланылмай отыр. Жерді пайдаланбасақ өз еріктеріңізбен аудандық жер қорына өткізулеріңізді сұраймын.

Биылғы жылы ауданымызда қуатты ұн диірмені ашылып отыр, сондықтан егіс көлемін ұлғайтып, бидайды көп егіп, өткізсек ақша да, ұн да болады. Нұрасылов Болат мырза егем деген адамға жанар майында, тұқымында беруге уәде етіп отыр, ойланып іске кірісуге шақырамын.

Ауыл тұрғындарына, егінге су беру үшін аудан әкімі көмегімен қуатты трактормен барлық Теректі өзеніндегі суды ауылға бұру жұмысы атқарылды.Көктемгі тасқын судан қорғау үшін Темірсу өзенінен тікелей ауылға келетін жерге аудан әкімі Серік Зинабекұлының көмегімен қаржы бөлініп 1500 м жерге қорғаныш бөгет салынды. Қуатты трактормен бұрынғы жер сілкінісі кезіндегі бұзылған үйлердің үйінді орындары тегістелді. Мектеп оқушыларына сырғанақ жасалынып берілді.



Әлеуметтік жағдай:

Округте 3 мектеп,1 емхана,2 дәрігерлік акушерлік пункті,1 учаскелік полиция, 1 кітапхана, байланыс үйі, 5 сауда дүкені, 2 шағын наубайхана, ауыл халқына қызмет көрсетсе, 3 мектепте 442оқушы,72 мұғалім дәріс береді.



Денсаулық сақтау:

Ауыл округіндегі 1-дәрігерлік емхана, 2-дәрігерлік акушерлік пунктте 2 дәрігер, 5 медбике ,3 фельдшер барлығы 10 маман жұмыс істейді.

Жыл көлемінде дәрігерлік қабылдауда - 5677 адам,оның ішінде ауруы бойынша - 2911 адам,14-49 жас аралығындағы әйелдер саны -561 адам, 14 жасқа дейінгі балалар саны - 605, жасөспірім саны- 96. Жұқпалы ішек ауруы –2 адам,қатерлі ауру –2 адам тіркелген. Ауыл халқының өткен жылғы аудан әкімінің есепті жиынындағы сұрауы бойынша дәріхана ашылды,дәрі бағасы Зайсан қаласымен бірдей.

Білім саласы:

р/с

Мектептердің аты

Мұғалімдер саны

Оқушылар саны

Жұмысшылар саны

1

Айнабұлақ мектебі

42

323

29

2

Октябрь мектебі

17

63

21

3

Жаңатұрмыс мектебі

13

56

7

жиыны

72

442

57

Өткен 2009-2010 оқу жылында Айнабұлақ орта мектебінде білім сапасы 58,8 пайызды құрап ҰБТ қорытындысы бойынша 13 орын,Октябрь мектебінде білім сапасы 79,5 пайызды құрап, ҰБТ қорытындысы бойынша 14 орынды иеленді.

Айнабұлақ,Октябрь мектептерінде ыстық тамақпен 135 бала қамтылған, ыстық тамақ бағасы бір балаға 70 теңгеден.

Білім берудің негізгі көрсеткіштері:

2009-2010 оқу жылында:

Мектептер

Оқушы

саны


Білім

Сапасы


Үздіктер

Саны


ҰБТ

қорытындысы



Мемлекеттік

грант


иелері

Октябрь

54

79,5

6


14-орын

7

Айнабұлақ

346

58,8

55

13 орын

19


Жанатұрмыс


50

55

9









Мәдениет саласы бойынша:

Айнабұлақ ауылында бір клуб үйі жұмыс істейді. Барлық мерекелі даталы күндер, мәдениет, ауыл әкімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халықтың кең қатысуымен өткізіліп келеді. Әсіресе Тәуелсіздік күні,Жаңа жыл, Наурыз мейрамдары жақсы өткізілуде.

«Қарттарым асыл қазынам» атты қарттар күнін өткізу мерекесіне ауыл қарттары ризашылықтарын білдірді. Аудан әкімі мәдениет бөлімі ұйымдастыруымен «Зайсаным шығысымның шырайы» атты концерттік бағдарлама бойынша ауыл көркемөнерпаздарының аудандық жарыста бас жүлдені иеленіп, 100 мың теңге сыйлық алуы бұл ауыл жастары үшін үлкен мерей.

Ауылдағы кітапханада 613 оқырман, 8000 кітап қоры бар. Кітапхана жыл сайын жаңа кітаппен толықтырылып отырады. Кітапхана меңгерушісі К.Кіжікова округ бойынша барлық өткізіліп жатқан шараларға белсенділікпен атсалысады. Оның дәлелі жуықта өткен «Желтоқсан желі» атты мектеп оқушыларының көрінісін ата-аналар, ауыл тұрғындары тамашалады. Кеш соңында ауыл әкімі атынан 20 балаға сый сияпат жасалды.

Ауыл халқын ақпараттандыру, баспасөзге жазылу округ әкімдігі бойынша ұйымшылдықпен жүргізілді ,нәтижесінде 75 дана –Егеменді Қазақстан, 120 дана -Дидар, 15 дана – Рудный Алтай, 5 дана - Казахстанская правда,15 дана – Дала мен Қала, 15 дана- Семей таңы, 15 дана - Ертіс өңірі, 5 дана- Алтай,10 дана- Айқын, 302 дана- Достық газеттеріне жазылу аяқталды.Аудан әкімінің көмегімен 50-адам тегін Достық газетіне жаздырылды.


Егеменді Қазақстан

Дидар

Рудный Алтй

Казахстанская правда

Дала мен Қала

Семей таңы

Ертіс өңірі

Алтай

Айқын

Достық

75

120

15

5

15

15

15

5

10

302


Спортты дамытуда әсіресе ат спортында біршама жетістіктерге қол жеткіздік. Өткен жылғы жарыстарда Қ.Советбеков, Б.Сақалбаев, Қ.Қойшымановтың С.Марсыбаевтардың баптаған аттары ауданда жүлделі орындарға ие болды.Алайда ат спортында бүгінгі таңда таза қанды аттар шабуда, ондай ат сатып алушылар саны санаулы- ақ, осыны қолға алуымыз керек.

Аудан бюжетінің кіріс бөлігін орындалуына жәрдемдесу:

Бұл салада жетекші маман А.Саспаеваның еңбегінің нәтижесінде жыл сайын салық жоспарын орындауға жетісудеміз. Оның ішінде мүлік салығы болжам 43000 теңге, орындалғаны 54850 теңге, жер салығы болжам 163000 теңге,орындалғаны 163715 теңге, көлік салығы болжам 482847 теңге орындалғаны 482847 теңгеге барлық салық төлемдері орындалды, алайда берілген бір жолғы талон толық орындалған жоқ, одан қорытынды шығарамыз, мүмкіндік бар. Жаңадан салық көзін табу тапсырмасы да орындалады.



Жастарды әскер қатарына дайындау,шақыруды ұйымдастыру:

Көктемгі,күзгі әскер қатарына шақырушылардың уақытында баруын қадағалап бақылауға алып отыру нәтижесінде 2010 жылы шақырылған 80 баланың 60 баласы тексеруге барып, 20 баланың оқып жүргендігі жөнінде анықтамалары жинақталынды. Жарамсыз болған әскер қатарына шақырылушы жасөспірімдер қайта тексеруге жіберілді. Нәтижесінде көктемде 4 бала әскер қатарына жіберілді. Күзгі шақырылымға 5 жасөспірім әскер қатарына кетті.



Құрылыс және күрделі жөндеу:

Барлық жерлердегідей жол мәселесі біздің ауылда да шешімін тауып келеді.Оған дәлел «Жол картасы» бойынша ауылдағы М.Саспаев көшесіне 2 млн 357 мың теңге қаржы бөлініп көше жол жөнделінді, Мереке көшесін СМУ Шығыс мекемесі (басшысы Қ.Әбжанов) 150 мың теңгеге меморандум жасасу арқылы тегін жөндеп берді.

Көше жарықтандыруға «Жол картасы» бойынша 3 млн 6 мың теңге қаржы бөлініп Даников,Байшов көшелері жарықтандырылып, Айнабұлақ орта мектебінің спорт залына 2 млн 125 мың теңге бөлініп, спорт зал едені жаңаланып жөнделді.

Осындай атқарылған жұмыстар ауыл тұрғындарын қуантуда.

Айнабұлақ,Октябрь ауылында тұрғындардың өз күшімен 2 тұрғын үй салынып,пайдалануға берілді. Ақтам учаскесінен келешек пластмасса өнімдерін шығаратын цех ғимараты тұрғызылды. Келешекте қолданылған ескі пластмасса заттарды далаға лақтырып табиғатқа зиян келтірмей, сол цехта өңдеу жоспарымыз бар.

Өткен жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы тойлау біздің ауыл ардагерлері үшін де қуанышты жыл болды, оған дәлел соғыс ардагері Аманшалов Қаман атамыз Зайсан қаласынан салынған үйге ие болып мерейі көтерілді.

Қуанарлық жай аудан әкімі тапсырмасымен «Таза су» бағдарламасы бойынша ауылға 10 км-ге су құбырын тартуға қаржы бөлініп, сметалық құжаты дайындалуда. Айнабұлақ ауылындағы екі көшеге жарық тартылады деп күтілуде.

Кәсіпкерлікті дамыту:

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында округтегі жеке кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен 1 млн 48 мың теңгеге 15 меморандум жасалып орындалуы бақылауға алынған. Аз қамтылған 15 жанұяға аудан әкімі көмегімен тегін 15 тн көмір түсіріліп, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен келген заттай материалдық көмек: ұн,вермишель,күріш 19 жанұяға таратылып берілді.

Азық түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында комиссия құрылып 4 сауда дүкенімен, 2 наубайхана иелерімен меморандум жасалынып, орындалуы күнделікті бақылауға алынған, ауыл дүкендерінде нан бағасы 45 теңгеден көтерілген жоқ. Басқа азық түлік бағалары Зайсан қаласы бағаларымен бірдей.

Бүгінгі күн талабының бірі, сойылатын малдар тек қана мал сою алаңдарында сойылуы тиіс. Осы мақсатта кәсіпкер Ыдырышев Ризабек Шәкенұлы ауылда мал сою алаңын салып пайдаланып отыр.

Аудан орталығында ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары үшін муниципиалды базар ашылып біздің ауылға орын беріп отыр, алайда ауыл тұрғындары,шаруа қожалықтары өнімдерін осы базарда өздері тұрып сатуды қиынсынып делдалдарға арзан бағамен бере салады. Октябрь ауылынан жеміс, көкөніс апарады,ал ал ауыл тұрғындары малдарын кез келген комерссантқа сұраған бағасына өткізуге құштар, бұдан тиісті қорытынды шығарамыз, бұл аудан әкімінің тапсырмасының бірі, әрбір адам маңдай терімен өсірген малын кім көрінгеннің қолына ұстатпай дұрыс бағаға өткізуі тиіс.Ауыл округі әкімшілігі бір рет Өскемен,бір рет Семей қаласына барып ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысып,өз өнімін саудалап қайтты.
Қылмыспен күрес:

Жыл көлемінде ауыл округі көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық – 107, кісі өлімі болған жоқ.



  • Ауыр дене жарақатын салу – 2.

  • Мал ұрлығы -1

  • Шөп ұрлығы -1

  • Заң қызметкеріне бағынбау -1

Жиыны – 5 қылмыс.

Өкінішке орай биылғы жылы мал ұрлығының белең алуы ауыл тұрғындарының ашу ызасын туғызуда.Алайда ұрланған мал табылмауда. Ауылдарда заңсыз ұрлап арақ сату ісі айтылады. Әсіресе Жаңатұрмыс ауылында, бірақ ұсталғаны жоқ.Ауыл тұрғындарының ішінде көшеге мас болып шығуы белең алуда,бұған тосқауыл қоятын уақыт жеткен сияқты.

Ауылдың тазалығы жалғыз әкімге ғана керек сияқты медицина қызметкерлері,учаскелік полицияның бір адамды жауапқа тартып немесе ескерту бермеулері өкінішті. Оған дәлел аудан әкімінің қоғамдық көмекшісі Көшербаев Сіләмбек ақсақалдың сын-ескертпесі орынды, өлген мал өлексесін тиісті орынға апармай шидің арасына апарып тастауы шындық. Сіздерді ауыл маңын таза ұстауға атсалысуға шақырамын! Ауылын көріп азаматын таны деген нақыл бар.

Ауыл әкімінің жұмысы Елбасы жарлықтарын халыққа насихаттау әр отбасына жеткізу, облыс,аудан әкімі тапсырмаларын, мәслихат шешімдерін орындауды жүзеге асыру, заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз шағымдарды, ұсыныс пікірлерді қабылдап уақытында жауап беру, биылғы жылы 23 өтініш қабылданып, уақытында жауап беріп отырылды. Ауызша қабылдауда 33 адам болып,жауап алды.



Айнабұлақ ауылында 2010 жылдың 21 қаңтарында есеп беру кездесу жиынында айтылған ұсыныс- пікірлердің орындалу барысы жөнінде айтып өтейін:

Өздеріңізге белгілі өткен жылы Айнабұлақ ауылдық округінде 2010 жылдың 21 қаңтарында есепті кездесу жиыны болып, онда жарыс сөзге шыққандардан 4 ұсыныс айтылған еді. Сол ұсыныстардың орындалуы туралы қысқаша айтып өтейін.



1.Ауыл тұрғыны,зейнеткер Ыдырышев Шакен:

1.Айнабұлақ ауылында дәріхана ашу ойластырылса.

2.Ауылдағы жастардың тәртібіне ерекше көңіл бөлінсе.

Жауабы:__1.'>Жауабы:

1. Ауылдық емхана ғимаратынан әлеуметтік дәріхана ашылып,қазір халыққа қызмет көрсетуде.

2. Округ аумағында орналасқан мектеп әкмішіліктерінен ауылдық жастар ісінің маманы,учаскелік полициямен бұзақалықтың алдын-алу мақсатында бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Кешкілік уақытта кезекшілік ұйымдастырылған.

2.Ауыл тұрғыны,зейнеткер: Боқбаев Нұрахмет

1. Айнабұлақ ауылына бір су құдығы орнатылса.

2.Көктемгі су тасқынының алды- алу мақсатында ауылдық округ әкімдеріне дизельді отын бөлінсе

Жауабы:

1. Айнабұлақ ауылындағы Кеңес көшесінде бір ауыз су құдығы іске қосылып жұмыс істеп тұр.

2. Су тасқынының алдын –алу мақсатында ауыл әкіміне 1500 литр солярка бөлініп, көктемгі су тасқыны кезінде пайдаланылды.

Су тасқынының алдын алу мақсатында аудан әкімінің көмегімен Темірсу өзенінің ауылға келетін арнасынан 1300м бөгет, салынды.



Ауылдағы зиратты көктемгі су тасқынынан қорғау үшін 200 м жерге өзен арнасы бұрылды.

3. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Үсенов Аманкелді:

1.Жастар тәрбиесіне салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлінсе (спорт алаңдарын салу)

Жауабы:

1. Округ көлемінде мектептерде спорт зал мен спорт алаңдары бар,бұл мектеп оқушыларымен ауыл жастарының қажеттіліктерін өтеуде.2011 жылдың даму бағдарламасында Айнабұлақ ауылынан спорт алаңын және ат спортын дамыту мақсатында ипподром салу жоспарға енгізілген.Биылғы жылы Айнабұлақ мектебінің спорт залы күрделі жөндеуден өткізілді.

4.Ауыл тұрғыны, зейнеткер Сағымбаев Қадыр:

1. Ауылдардағы шаруа қожалықтарын ірілендіру мәселесі қолға алынса

2. Талдан отын және шарбақ тоқу үшін дайындауға рұсат берілсе.

Жауабы:

1. Айнабұлақ ауылындағы ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп «Сана» шаруа қожалығын құрып, егін, бақша егіп, жоғары өнім алды.

2. Ауыл тұрғындары қысқа отын дайындау мақсатында аудандық орман шаруашылығы мекемесінен өздері рұсаттама қағазын алып, отын дайындады.

Құрметті ауылдастар!
Ауыл округ әкімінің бір жылғы атқрған жұмысын баяндап бердім. Кеткен кемшіліктерді, алда тұрған міндеттерді жарыс сөзге шығып айтады деп ойлаймын. Сын түзелей мін түзелмейді. Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын,жаңа жыл әр отбасыларыңызға құт,береке әкелсін, жанұяларыңызға алланың нұры жаусын! Келер күннен зор үміт күткен ауыл халқы осы жылы да жақсы игі істердің куәсі болады деп сенемін. Алда келе жатқан Қазақстанның Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын лайықты табыстармен қарсы алайық!
Тыңдағандарыңызға рахмет!

Айнабұлақ ауылдық округі әкімі: Д.Ыдырышев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет