«Айналайын» бөбекжай бақшасы



жүктеу 24.48 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі24.48 Kb.
: files -> userfiles -> docs -> 12 07 2013
userfiles -> Жылдарға арналған
userfiles -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
userfiles -> История. Исторические науки
userfiles -> Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы
docs -> «Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 7 айда атқарған жұмысының есебі туралы
docs -> Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған даму келешегі туралы есебі
docs -> Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережелері Жалпы ережелер
12 07 2013 -> «Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» кмм №1 жалпы білім беру орта мектебінің ең алғаш қаланған жылы 1980 жылы тамыз айы. Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы»

«Айналайын» бөбекжай - бақшасы


Күлмағанбетова Айткүл Жеңісқызы – «Айналайын» бөбекжай- бақшасының директоры.

1992 жылы Қарағанды    пединститутының     «Бастауыш оқытудың педагогикасы    әдістемесі»  факультетін           бітірген. Педагогикалық стажы 16 жыл.     Оның ішінде 9 жыл оқу ісінің меңгерушісі      қызметін атқарған. І санатты тәжірибелі ұстаз,     3 баланың анасы.     2005 жылдың 2 тамызынан бастап     «Айналайын» бөбекжай  - бақшасының     директоры  болып тағайындалды.

           2005 жылдың 24 қазанында ашылған «Айналайын» бөбекжай - бақшасы Приозерск қаласының тарихындағы оқу тәрбие үрдісі мемлекеттік тілде жүргізілетін алғашқы мектепке дейінгі мекеме. Қызмет ету бағыты бойынша жалпы дамыту үлгісіндегі бөбекжай-бақшасы. «Айналайын» бөбекжай- бақшасы 140 балаға арналған. Барлығы     
6 топ құрылған. Бөбекжай- бақшада 20  педагог қызмет етеді. Бөбекжай-бақшаның ашылу рәсіміне облыс басшылары – Қарағанды облысының әкімі Камалтин Ескендірұлы Мұхамеджанов, облыстық Мәслихат хатшысы – Қасымбек Медиұлы Медиев және жергілікті мекеме басшылары қатысты.

            Балабақша толығынан қазіргі заманның талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен, әсем жиһаздармен, тұрмыстық техникасымен қамтамасыз етілген. Жиһаз-мүліктер әр топ балаларының жас ерекшеліктеріне сай алынған. Жаңа тұрмыстық техника қызметкерлердің қолдануына өте қолайлы.

     Педагогтар саны- 20, жоғары білімді -12, орта арнаулы  білімді- 8. Бірінші санатты- 5, екінші санатты- 9, санаты жоқ – 6. Жас ерекшелігіне қарай  әр топқа ат қойылды: «Балапан», «Ботақан», «Жұлдыз», «Күншуақ», «Балдырған», «Қарлығаш».

           Мектепалды даярлық, ересектер тобының тәрбиеленушілері жаңа оқулықтармен, тәрбиешілер пән  бойынша әдістемелермен қамтамасыз етілді. Ал әр топтар жас ерекшеліктеріне қарай  жаңа ойыншықтармен  және  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітапшалармен жабдықталды.

Білім беру-тәрбиелеу жұмысы жылдық жоспар бойынша жүргізіледі. Бұл жоспар педагогтардың ұсыныстары  бойынша құрылады. Жас мамандармен консультациялар жүргізіледі, ал балаларға қызықты психодиагностикалық жаттығуларды педагог-психолог жүргізеді. 

            «Балалық шақ досы»  атты Республикалық бірінші ұлттық байқауға қатысып,жоғары әділ қазылар алқасының шешімімен «Айналайын» бөбекжай-бақшасы Қазақстан Республикасында  ең үздік деп танылды.

Топ тәрбиешілері өздерінің білімдерін, біліктіліктерін ашық сабақтар арқылы ортаға салады. Бақшада қызмет істейтін барлық тәрбиешілер біліктіліктерін көтеру курстарын өтті, көбісі санат алу аттестацияларының сынағынан өтті. Балабақшаның тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізілгенмен, мұнда өзге де ұлттың балалары тәрбиеленеді. Мысалы, топтарда орыс, ұйғыр, кәріс, тәжік, әзірбайжан, қырғыз балалары тәрбиеленеді.

Балабақшада балаларға арналған мерекелік ертеңгіліктерге, ойын сауықтарға, спорт ойындарына аса көп назар аударылады. Тәрбиешілер әр ертеңгіліктерге мұқият дайындалып, қызықты өткізуге тырысады. Мұндай мерекелерге бақшаның барлық қызметкерлері ат салысады.      9 мамыр- Жеңіс  мерекесі қарсаңында бөбекжай-бақша тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысының ардагері  Көбеева Аймереке апай  мен  қалалық ардагерлер кеңесінің  төрайымы  Талмекеева Ырыс  апаймен  кездесу өткізілді. Кездесу өте қызықты, тартымды өтті. Кездесу соңы балалардың қатысуымен даярланған мерекелік концертке ұласты. «Айналайын» бөбекжай-бақшасы қала көлемінде өткізілетін іс шараларға да үнемі белсене қатысып отырады.



       Балабақша ұжымы: «Мақсатымыз жаңа буын, жас ұрпақ тәрбиесіне ат салысу, еліміздің келешегі үшін еңбек сіңіру», - деп түсінеді.

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет