Қайрат Адранов



жүктеу 121.83 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі121.83 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 47244793c77f5ca546257149002cf8cd -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қр президенті н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан
$FILE -> Ұрыны мойындатудың амалы
$FILE -> Тәжірибе жинақталады
ЗЕРТТЕУ

ЖЕР РЕСУРСТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қайрат Адранов,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ табиғат қорлары және экологиялық құқық кафедрасының ізденушісі


Территория (аумақ) – мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі, ол оның егемендігі мен билігі жүретін кеңістікті белгілейді. Әрбір мемлекет өз аумағының шегін айқын белгілеуге мүдделі, өйткені көршілермен болатын территориялық даулар көптеген қиындықтар туғызып, кейде тіпті әскери шиеленістерге әкеледі. Мемлекеттер үшін өз аумағын құқықтық нығайту тек халықаралық-құқықтық қана емес, сонымен бірге ішкі, мемлекеттік-құқықтық маңызға да ие. Мемлекеттік егемендіктің шекарасы осыған байланысты болады, себебі, мемлекет территория – бұл шеңбер ішінде мемлекет өзінің егемендігін жүзеге асыратын, атап айтқанда сол территорияға иелік етіп, оны өз мүдделеріне сәйкес әкімшілік тұрғыда ұйымдастыратын кеңістік. /1/.

Барлық халықаралық-құқықтық құжаттар халықтардың өз территорияларына егемендігі мен қолсұғылмайтындық құқықтарын бекітеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жеңімпаз-мемлекеттер мен жеңілген мемлекеттер арасында территориялық межелеу мәселесі туындады.

Осы мәселені реттейтін аса маңызды халықаралық-құқықтық бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы болды, оған Сан-Францискода 1945 жылы әң маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының Халықаралық Ұйымдар құру жөніндегі қорытынды отырысында қол қойылып, ол 1945 жылы 24 қазанда күшіне енді. 2 баптың 4 тармағы былай дейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық Мүшелері халықаралық қатынастарда күш көрсетуден немесе кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығына қолсұғудан және саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданудан, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Мақсаттарына сыйыспайтын басқа да әрекеттерден тартынады /2/, және БҰҰ Жарғысының бірінші бабының ең бірінші тармағы “халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау көрсетуді, осы мақсатта бейбітшілікке төнетін қауіпті тойтару және болдырмау және аргессиялық актілер мен басқа да бейбітшілік бұзуларды басып отыруды және бейбітшілікті бұзуға әкелетін халықаралық даулар мен ахуалдарды әділет және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес бейбіт жолдармен реттеу және шешуді” аталмыш ұйымның мақсаты етіп қояды. Міне, осы мақсатты аталмыш халықаралық ұйым дәйектілікпен атқарып келеді.

Мемлекеттік территория мемлекеттік шекаралармен белгіленген шеңберде болады, оның рөлі мемлекеттік биліктің кеңістік шекарасын белгілейтіндігімен шартталады. Мемлекет территориясын құрлықтар, ұлттық сулар, жер қойнауы, аумақтық сулар (аумақтық теніздер) және құрлық пен ұлттық және аумақтық сулардың үстімен жүретін әуе кеңістігі құрайды.

1995 жылғы Қазақстан Конституциясының 2 бабы 2 тармағында былай делінген: “Республика егемендігі оның барлық аумағына тарайды. Мемлекет өз территориясының тұтастығын, дербестігін және ажырамастығын қамтамасыз етеді”. 4 бабтың 2 т. – “Конституция ең жоғарғы заңды күшке ие және Республиканың бүкіл аумағына ол тікелей қолданылады” дейді. Бұл жерде сөз мемлекеттің өз аумағы шеңберінде территориялық үстемдігі туралы болып отыр, бүл мемлекет территориясы шеңберінде әртүрлі өзге көпшілік биліктің қызмет етуін болдырмайтын, халыққа жүргізілетін толық мемлекеттік билікті білдіреді.

Мемлекеттің өз территориясындағы үстемдігі оның қолында барлық мәжбүрлеу билігі мен барлық биліктік мәжбүрлеу құралдары шоғырланғанымен де білінеді. Биліктік мәжбүрлеуді мемлекет атынан мелекет органы не мемлекет тікелей осы үшін уәкілеттік берген, құқығы мен қызмет етуі тек қана мемлекет қалауына байланысты болатын басқа да ұйымдар қолдана алады. Биліктің мемкелет қолында шоғырлануы, олардың биліктік мәжбүрлеуді монополизациялауы оның “тек биліктік әдістермен мәжбүрлейтіндігін” білдірмейді, бірақ “тек мемлекет қана биліктік әдістермен мәжбүрлейді” дегенді білдіреді /3/. Территориялық үстемдік, осылайша, мемлекеттің өз территориясындағы толық билігімен көрініс табады. Осы айтылғандардан келіп, кез-келген мемлекеттің мемлекеттік территориясы – бұл оның егемендігі аясында болатын территория екендігі шығады.

Кеңестік Одақ ыдырағаннан кейін пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер қөп жағдайда халықтардың өзін-өзі айқындау принципі негізінде әрекет етті. Халықтардың өзін-өзі айқындау принципі деп әрбір халықтың қайсы бір мемлекеттің құрамына ену, дербес мемлекет құру және өзінің ішкі құрылымын айкындау туралы мәселені өз бетінше шешу құқығы ұғынылады. Халықтардың өзін-өзі айқындау принципі 1970 жылғы мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықтардың принциптер туралы Декларацияда өзінің ңақтылығы мен одан әрі дамуын тапты. Декларацияда “барлық халықтар сырттан араласусыз өзінің саяси мәртебесін еркін анықтап, өзінің экономиқалық, әлеуметтік және мәдени дамуын жүргізуге құқылы және әрбір мемлекет осы құқықты Жарғы ережелеріне сәйкес сыйлауға міндетті” деп көрсетілген.

Өзін-өзі айқындау принципінің екі жағы бар: сыртқы – халықтың қайсы бір мемлекеттің құрамына ену немесе дербес мемлекет құру құқығы және ішкі - өзінің ішкі құрылымын айқындау. Территориялық дербестік тұрғысынан алғанда сыртқы жағы бірінші кезекті маңызға ие, өйткені, қайсыбір мемлекеттің құрамына ену немесе дербес мемлекет құру мәселесін қарай отырып, өзін-өзі айқындаушы халық сол арқылы өз территориясының қайсыбір мемлекетке тиесілігі туралы мәселені, не дербес мемлекет құрған жағдайда - өз территориясын жеке мемлекеттік территорияға айналдыру мәселесін шешеді.

Осылайша, өзін-өзі айқындаушы халық өз территориясына иелік етеді, сол бойынша белгілі бір территорияның мемлекетке тиесілігі негізінде осы территорияны мекендейтін халықтың еркі жатады. Бұл жағдай бұрын бірнеше рет кеңестік халықаралық- құқықтық әдебиеттерде көрсетілді(4). Өзін-өзі айқындау территориялық өзгерістердің бірден-бір негізі болып табылмайды. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде ел қоныстанбаған шағын учаскелерді қайсыбір мемлекетке беру туралы мәселелер болып тұрады. Өзін-өзі айқындау принципі мұндай жағдайларда қозғалмайды. Мұндай территориялық өзгерістер халықаралық құқықтарға сәйкес, бейбіт жолмен және келісім арқылы шешіліп отырады.

Шекаралас мемлекеттер территорияларының құны бірдей учаскелерімен алмасу жасай алады. Шекаралық шағын учаскені беру басқа да негізде, территорияларының құны бірдей учаскелері алмаспай да, бірақ жалпы ұлттық мүдделерді де, сонымен бірге берілетін учаске халықтарының мүдделерін де жеткілікті ескерген жағдайда жүргізілуі мүмкін.

Территория учаскесін беру тиісті мемлекеттер арасында келісім-шарт жасаумен рәсімделуі тиіс. Келісім-шарт жасалмаса кейіннен жаңа иеленген территорияға жаңадан болған территориялық егемендік құқығының таласына әкелуі мүмкін. Территория беру келісім-шарты әдетте ратификациялауды талап етеді, өйткені мемлкеттік территория үкімет меншігі болып табылмайды, ол осы мемлекеттің байлығы. Ратификациялауды мемлекеттік биліктің жоғарғы уәкілеттік органы жүргізеді. Осы сәттен бастап берілген территорияға жаңадан ие болған мемлекеттің территориялық үстемдігі және оның заңнамалары тарайды.

Территория учаскесін беру халықаралық келісім-шарт жасаумен рәсімделетіндіктен, оның халықтардың өзін-өзі айқындау құқығына сәйкестігінен басқа өлшемдерін халықаралық келісім-шарттың зандылығын айқындайтын барлық өлшемдер – оның қазіргі заманғы құқықтың жалпы танымал принциптеріне, халықаралық құқықтың императивтік нормалары мен халықаралық келісім-шарттар жасауға қатысты басқа да арнаулы нормаларға сәйкестігі айқындайды /5/.

Мемлекетаралық құрылық шекарасын белгілеу екі кезеңнен өтеді. Бірінші – шекараны делимитациялау – мемлекеттік шекара сызығының өтетін жерін бүге-шігесіне дейін сипаттап, картаға түсіру арқылы келісім-шартпен белгілеу; екінші – шекараны демаркациялау - өнірдің мемлекеттік шекарасын жүргізуге тіреледі. Демаркациялау үшін шектес мемлекеттердің өкілдерінен тұратын шекаралық демаркациялық комиссия құрылады. Оның міндеттеріне өңірге шекара белгілеу, шекаралық белгілер қою, өтетін шекара сызығын, шеқаралық белгілерді сипаттап, тиісті сызбалар, фотосуреттер т.с.с. қосымшасымен егжей-тегжейлі хаттама жазы кіреді.

Мемлекеттер арасында қайсыбір аумақтардың тиесілігіне немесе олардың арасындағы межелерге қатысты территориялық таластар аз болып тұрмайды. Мұндай жағдайларда мемлекеттер шекаралық дауларын тек қана бейбіт жолмен реттеулері тиіс. Ондай дауларды реттеуде күш қолдануға немесе күшпен қорқытуға қазіргі халықаралық құқықтармен тыйым салынады, дегенмен бұл тәртіпті мемлекеттердің бәрі бідей мойындамайды және өз тәжірибелерінде орындай бермейді. Бұған Израильді жатқызуға болады, ол көп жылдар бойы арабтардың заңды территорияларын жаулап алып, әлемдік қауымдастықтың талаптарына және жергілікті халықтардың туған жері үшін тоқтаусыз күресіне қарамастан, қайтарып бергілері келмейді. Бұған қарсы мысал ретінде территориялық дауларды бейбіт және өзара тиімді шешудің үлгісін Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара іс-әрекеттен көруге болады.

Шекара сызығын салу туралы даулардың арасында екі үлгісін бөліп алуға болады. Бірінші жағдайда тиісті түрде делимитацияланған да, демаркацияланған да шекара болмайды, дау осы шекара қандай және қалай қойылуы керектігі, яғни, ең алдымен делимитациялануы туралы болады.

Шектес мемлекеттер қандай да бір делимитацияның болғанын жоққа шығаратын немесе шекараны белгілейтін бұрынғы келісімге өзінің қатыспағанын дәлелдеп жататын кездері аз емес/6/.

Бір кездері Иран осылай істеді, ол Каспий бойынша келіссөздерде бұрынғы КСРО-ның орнындағы Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің қатысуын мойындамай, тек Иран және КСРО-ның құқық иеленушісі Ресей Федерациясы ғана келісім жасауы тиіс деп есептеді. Дегенмен, одан кейінгі уақытта, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында саяси, экономика, мәдениет саласында жан-жақты ынтымақтастықты нығайту мен дамыту және достық байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Иран Ислам Республикасында ресми сапармен болған кезде 1999 жылы 6 қазанда Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында өзара қарым-қатынас туралы Декларация қабылданды/7/, онда екі жақ та Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының қарым-қатынастары “өзара сенімге, бір-бірінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу, халықаралық қауіпсіздік принциптерін қадағалауға негізделген және тату-тәтті көршілік негізінде достық байланыстарды одан әрі арттыруға, екі жақтың да саяси, экономикалық мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған” деп көрсетті.

Осылайша, территориялық дау деп шекараға немесе белгілі бір территорияға егемендік жасау туралы мәселеге қатысты қалыптасқан келіспеушілік болуын түсіну қажет. Дауларды бейбіт шешу принципі бойынша территориялық дауларды тану салдары, тараптардың оны шешпей қоймай, бейбіт жолдармен реттеу немесе ең болмағанда, оны шешуге тырысу міндеттері болып табылады. Тараптар бір мезгілде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретіндей жағдайға жеткізетін әрекеттерден аулақ болуға міндетті.

ХХ ғасырдың екінші жартысы отарлық мемлекеттердің көпшілігі ұзақ күрестер нәтижесінде тәуелсіздікке қолдарын жеткізіп, әлемдік қауымдастық алдында бұл елдерге қолдау көрсету мәселесі туындауымен ерекшеленді. Көптеген бұрынғы отаршыл елдерге лайықты баға беруге болады, ең беделді халықаралық орган – Біріккен Ұлттар Ұйымында елеулі маңызы бола тұрып, олар өздерінің бұрынғы отар елдерінің егемендік алуына колдау жасады.

Нәтижесінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 1958 жылы 12 желтоқсанда 1314 (ХШ) қарар қабылап, сол бойынша табиғи ресурстарға ажырамас егемендік жөнінде Комиссия құрды және оған “өзін-өзі айқындау құқығының негізгі элементі ретінде, қажет болған жағдайда, оны бекіту мақсатында ұсынытар беру арқылы” табиғи байлықтар мен қорлардың ажырамас егемендігіне қатысты болып отырған жағдаяттарға толық зерттеу жүргізуді тапсырды және сонымен бірге онда “халықтар мен ұлттардың өздерінің табиғи байлықтары мен қорларына ажырамас егемендігіне қатысты жағдаяттарға толық зерртеу жүргізу барысында халықаралық құқық пен дамушы елдердің экономикалық дамуындағы халықаралық ынтымақтастыққа дем беру қажеттілігі бойынша мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері тиісті деңгейде ескерілуі қажеттігі” туралы қаулы етті.

Одан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1960 жылы 15 желтоқсанда 1515 (XV) қарар қабылдады, онда әрбір мемлекеттің өз байлықтары мен табиғи ресурстарына еркін иелік етуінің егемендік құқығы құрметтелуіне ұсыныс жасалды. 1962 жылы 14 қазанда “Табиғи қорларға ажырамас егемендік” 1803 (XVІІ) қарары қабылданды /8/.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің кейінгі дамуы және тұтастай әлемдік құқықтық тәртіп үшін аса маңызды осы құжатта барлық мемлекеттердің өз ұлттық мүдделеріне сәйкес өздерінің табиғи байлықтары мен қорларына еркін иелік ету және мемлекеттердің экономикалық тәуелсіздігін сыйлаудың ажырамас құқығы танылып, халықтар мен ұлттардың өздерінің табиғи байлықтары мен қорларына ажырамас егемендік құқығы олардың ұлттық дамуы мен тиісті мемлекет халықтарының әл-ауқатын арттыру мүддесінде жүзеге асырылуы керектігі жарияланған.

Бұл құжаттың 7 тармағының ерекше маңызы бар, онда халықтар мен ұлттардың өз табиғи байлықтары мен қорларына егемендік құқықтарының бұзылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы принциптері мен рухына қайшы екені және халықаралық ынтымақтастықтың дамуы мен бейбітшілікті қолдауға кедергі келтіретіні талассыз түрде жеткілікті мәлімделген.

Аталмыш құжаттар бұрынғы Кеңестік Одақ ыдырағаннан кейінгі жаңа тәуелсіз мемлекеттер, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы үшін үлкен маңызға ие болды, ол адам құқығы мен ұлттардың өзін-өзі еркін айқындау құқығының Жалпы декларациясы ережелеріне сүйене отырып, мемлекеттік тәуелсіздік Декларациясында “Қазақ ССР территориясы бұрынғы бар шекарасымен бөлінбес және дербес болып табылатыны және өзінің келісімінсіз оны пайдалануға болмайтыны” туралы ережені жария етті. Қазақ ССР-нің конституциялық құрылымына қарсы кез-келген зорлық әрекеттер, оның территориясының тұтастығын бұзуға шақырған көпшілік үндеулер... заңмен қудаланады” /9/.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық заңы бірінші тарауында осылардың әрқайсысын жеке бапқа бөліп, осы ережелерді бекітіп, оны бесінші баппен тұжырымдады: “Қазақстан Республикасының территориясы бұрынғы бар шекарасымен тұтас, бөлінбес және дербес болып табылады” /10/.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы “Конституциялық құрылым негіздері”бөлімінде Қазақстан Республикасының территориясын тұтас, бөлінбес және дербес деп жариялады.

Мемлекеттік егемендік пен егемендік теңдікті өзара тану және құрметтеу, өзін-өзі айқындаудың ажырамас құқығы принциптері, тепе-теңдік және ішкі істерге араласпау принциптері, күш қолдану мен күшпен қорқытудан бас тарту, экономикалық және қысым көрсетудің кез-келген басқа әдістері, дауларды бейбіт реттеу, адам құқығы мен бостандығын, оған қоса ұлттық азшылық құқықтарын, міндеттемелер мен басқа да көпшілік таныған халықаралық құқық нормалары мен принциптерін адал атқару; бір-бірінің территориялық тұтастығы мен бұрынғы бар шекараларының мызғымастығын мойындау және құрметтеу 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясында және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кейбір құжаттарында нақтыланды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің егемендігін, территориялық тұтасығы мен қол сұғылмайтындығын қадағалау туралы Декларацияда, 1994 жылы 15 сәуірде ТМД-на қатысушы-мемлекеттер Басшылары Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің территорияларында бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайуға байланысты проблемалардың, Достастыққа қатысушы-мемлекеттер шекараларының қол сұғылмайтындығын, территориялық тұтастығын, егемендігін қадағалаудың маңыздылығын назарға ала отырып, сондай-ақ бөгде территорияларды бөлшектеуге бағытталған әрекеттерден және, заңға қайшы территориялық иемденуден бас тартуды нақтылай отырып, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттер өздерінің өзара қарым-қатынастарында мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы мен территориялық тұтастығы, егемендігі принциптерін орындауды қамтамасыз ететіндіктерін мәлімдеді; күш қолдану арқылы территорияны жаулап алу мойындалмайтынын, ал мемлекет территорияларын басып алу халықаралық мойындау үшін немесе оның құқықтық мәртебесін өзгертуді жүктеу үшін қолданыла алмайтындығын нақтылайды /11/.

Осылайша, мемлекеттің территориялық тұтастығы мемлекет егемендігімен, ұлттардың өзін-өзі айқындау құқығымен, елдің барлық аумағында Конституцияның үстемдігімен ажырамас ұғым болып табылады. Ел территориясына кез-келген қолсұғушылық мемлекеттің өзіне, оның егемендігіне қолсұғушылық болып табылады, сондықтан барша әлемде адамзат тіршілігінің қазіргі кезеңінде және барлық уақытта да қару-жарақ жетілдіріліп, соғыстар болып отырды. Тек адамзат тарихындағы ең соңғы қанқұйлы – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамзат баласы барлық мемлекетаралық даулар, оның ішінде территорияға, жерге қатысты таластар тек қана бейбіт жолмен шешілуі тиіс екенін түсіне білді.
РЕЗЮМЕ

В статье К. Адранова исследованы правовые проблемы земельных ресурсов как элемент целостности государственного суверенитета, а также сделаны выводы на основе анализа международных правовых актов.
Summary

To the scіentіfіc artіcle by K. Adranova on theme: “Land resources as very іmportant aspect terrіtory іntact of state severeіgnіty”.
K. Adranovs artіcle has researched legal problems of land resources as an element of whole state sovereіgnty and also conclusіon was made on the basіs of analyzіng of іnternatіonal legal acts.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Гаджиев К.С. Геосаясат: пәннің тарихы және қазіргі мазмұны // полис.-1996-N2-176.

2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, 26 маусым 1945 жыл.

3. Чиркин В.Е. Мемлекеттану. Оқулық.-М.: Юрист, 1999.-95 б.

4. Клименко Б.М., Порк А.А. СССР территориясы және шекарасы.-М.: Халықаралық қатынастар, 1985.-71 б.

5. Клименко Б.М., Ушаков Н.А. Шекара беріктігі – халықаралық бейбітщілік шарты.- М.: Ғылым, 1975.-60 б.

6. Левин Д.Б. Халықаралық дауларды бейбіт шешу принциптеі.- М.: Ғылым, 1977.-86 б.

7. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынас туралы 1999 ж. 6 қазандағы Декларация. // Қазақстан Республикасының халықаралық келіссөздер Бюллетені, 2000 ж. № 6.

8. Адам құқығы туралы халықаралық актілер. Құжаттар жинағы. – М.: Издат. Группа НОРМА-ИнФРА- М, 1998.- 101-103 бб. (784 б.).

9. Қазақ советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі турлы 1990ж. 25 қазандағы Деларациясы.

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық заңы.



11. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің егемендігін, территориялық тұтастығы мен шекараларының қолсұғылмайтындығын қадағалау туралы Декларация, Москва, 15 сәуір 1994 ж. // Халықаралық көпшілік құқық. Құжатта жинағы. Том 1.- М.: БЕК баспасы, 1996.- 570 б. (35-36 б.).



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет