Айт намазына қатысты үкімдер



бет1/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Айт намазына қатысты үкімдер

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің намазды қалай орындағанымды көрсеңдер, дәл солай орындаңдар» (әл-Бухари 631, 6008).

Айт намазының міндеттілігі
Айт намазын орындаудың міндеттілігі жөнінде ғалымдар арасында қарама-қайшылықтар бар. Ғалымдардың көпшілігі бұл намазды міндетті деп есептемеген. Олар, Аллаһ бес намазды ғана парыз еткені жайында айтылған жалпы хадистерге сүйенген. Ал Әбу Ханифаның пікіріне келер болсақ, онда ол Айт намазы әрбір мұсылманға міндетті болып саналады деген, сонымен бірге бұл әш-Шафи`и мен Ахмадтың білдірген пікірлерінің бірі болып табылады (Қараңыз: “әл-Инсаф” 2/240, “әс-Сәйлюл-жәрар” 1/315).
Осы пікірдің жақтаушыларының айтуы бойынша, Айт намазын орындау ерлерге де, әйелдерге де міндетті (уәжиб) болып табылады, себебі пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намазға шықсын деп бәріне бұйырды: балалар мен қарт кісілерге, ерлер мен әйелдерге. Ибн `Аббас былай айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қыздары мен әйелдеріне, екі Айт намазына (Ораза Айт пен Құрбан Айт) шығуды бұйырған» (Ахмад 1/231, Ибн Әби Шәйба 2/182. Хадис сахих. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-Сахиха” 2115).
Сондай-ақ, Умм `Атыйядан жеткен хадисте, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы намазға шығуды барлық әйелдерге, тіпті етеккірі келген әйелдерге де әмір еткені хабарланады. Ол былай деген: “Мен Аллаһ елшісініңған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Жас қыздар, әрі шымылдықтың артында отырғандар, сондай-ақ етеккірі келген әйелдер үйлерінен шығып, игі істерде және мүміндердің Аллаһқа дұға етулерінде ат салыссын, алайда етеккірі келгендер, намаз орнынан алшақ тұрғаны жақсырақ»” (әл-Бухари 324, Муслим 2/605).
Ибн `Аббас тағы да былай деген: “Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қыздары мен әйелдеріне Айт намаздарына шығуға әмір ететін” (Ахмад, Ибн Мәджаһ, әт-Табарани. Хадис сахих. «Сахих әл-жәми’» 4888.
Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деді: “Біз, Әбу Ханифа және басқалары айтқанындай, Айт намазы әрбір адамға парыз (фарул-`айн) болып табылады деген тұжырымға келдік. Бұл – имам әш-Шафи`и мен имам Ахмадтың пікірлерінің бірі. Ал енді: «Айт намазы фардул-кифая болып табылады», - деген сөздер туралы айтар болсақ, онда ол ақиқат болудан алыс! Шын мәнінде, ол Исламның ең ұлы дәстүрлерінің бірі болып есептеледі, сонымен бірге оған жұма намазынан да көбірек адам жиналады. Ол намаздың тәкбирі бекітілген. Сол үшін ол фардул-кифая болып саналады деген пікір дұрыс емес” (Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуа” 23/161).
Имам әш-Шәукәни былай айтты: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айт намазын ешқашан қалдырмағанын және адамдарға, тіпті шымылдықтың артында отырған қыздарға, тіпті етеккірі келген әйелдерге намазға шығуды бұйырғанын біл! Әрі орамалы (жулбәбы) болмаған әйелдерге, құрбыларынан сұрап алсын деп айтатын еді. Бұның барлығы, айт намазының мұсылмандар үшін берік бекітілген парыз болып табылатынын дәлелдейді» (Қараңыз: “Сәйлул-жәрар” 1/315).
Шейх `Абдуллаһ әл-Бәссам, айт намазына қатысты айтылған ғалымдардың пікірлерін атап өтіп, былай деді: «Имам Ахмадтың, айт намазы әрбір мұсылманға міндетті деген басқа да пікірі бар. Оның міндеттілігі аяттан және пайғамбарымыздыңған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намазды әйелдерге де орындауды бұйырғанынан шығып келеді. Бұл пікірді шейх Тақийуддин (Ибн Тәймия) таңдаған, әрі бұл дұрыс пікір болып саналады» (Қараңыз: ”Тәудых әл-ахкәм“ 2/388).
Айт намазы орындалатын жер

Пайғамбардыңған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті бойынша, Айт намазы, сол үшін арнайы бөлінген, қаланың немесе ауылдың жанындағы ашық жерде орындалады. Бұл төрт мазһабтың барлық имамдарының пікірі болып табылады. Әбу Са`ид әл-Худри былай айтқан: “Ораза Айт пен Құрбан Айт күндері Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрдайым намаз орындалатын жерге шығатын еді. Әрі ең әуелі ол намаздан бастайтын, ал ол аяқталған соң тізіліп отырған адамдардың алдына тұрып, оларға уағыз айтып, өсиет беріп, әмір ететін еді” (әл-Бухари 956).
Имам ибн әл-Хаж әл-Мәлики былай деген: “Екі Айт намаздарын арнайы бөлінген жерде орындау, бекітілген Сүннет болып табылады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің мешітімде оқылған намаз, (Меккедегі) Харам мешітінен басқа кез-келген жерде оқылған мың намаздан да артық», - деп айтқан. Осы ұлы артықшылыққа қарамастан, ол өз мешітін қалдырып, Айт намазы орындалатын жерге шығатын еді“ (Қараңыз: “әл-Мәдхал” 2/283).
Имам әш-Шафи`и былай деген: “Бізге, Аллаһ елшісініңған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі Айт намаздарын орындау үшін Мәдинаның сыртына шығатыны жеткен. Осылай, егер бұған жаңбыр немесе тағы бір нәрсе кедергі болмаса, одан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейін де жасалынатын еді” (Қараңыз: “әл-Умм” 1/207).
Имам әл-Бағауи: “Айт күндері имам үшін, Айт намаздары орындалатын жерге шығу Сүннет болып есептеледі. Алайда, егер себеп болса, оларды мешітте де орындауға рұқсат етіледі“, - деді (Қараңыз: “Шарху-Ссунна” 4/294).
Имам әл-`Айни: “Айт намазын мешітте емес, ашық жерде орындау керек. Ал мешітте оны тек қажет бар кезде ғана орындайды” (Қараңыз: “Шархул-Бухари” 6/280).
Айт намазының уақыты

Айт намазының уақыты, күн көкжиетен найзаның биіктігіне көтерілген кезден басталады. Яғни, намаз оқуға тыйым салынған уақыт өткен соң, артынша басталады. Сосын ол, күн тас төбеге көтерілгенше, яғни түскі намаздың уақыты басталғанша, жалғасады (Қараңыз: «‘Аунул-Мәбуд» 3/486, «Шархул-мумти’» 5/156).
Егер де білместіктен, Айт намазының уақыты жіберіліп алынған болса, онда оны келесі күнге ауыстыру керек. `Умайр ибн Әнәс былай айтқан: “Ансарлардың қатарындағы сахабалар былай деген: «Біз ораза тұтып жүрген кезде, Шәууәлдың (оразаның аяқталуын білдіретін) жаңа туған айын көрмедік, сол үшін ертесіне де ораза тұттық. Сосын кешке қарай, Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атты бір топ келіп, кеше ай көргендерін хабарлады. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оразаны тоқтатып, келесі күні Айт намазына шығуды әмір етті»” (Әбу Дәуд 1/198, Ибн Мәджаһ 1/217. Хадистің сенімділігін имам Исхақ ибн Раһауайһ, Ибн әл-Мунзир, имам әл-Бәйһақи, имам әл-Хаттаби, хафиз Ибн әс-Сакан және имам ән-Нәуәуи растаған).
Имам әш-Шафи`и: “Егер Айт намазы уақыты кірместен бұрын орындалып койған болса, онда оны қайта оқу керек”, - деді (Қараңыз: “әл-Умм” 1/386).
Ғалымдардың көпшілігі, Ораза Айт намазын кішкене кейінге ілгертіп, ал Құрбан Айт намазын ертерек бастау керек деп есептеген (Қараңыз: “Ниһая әл-мухтаж” 2/396, “Хашия ИбнАбидин” 2/171).
Хафиз ибн Ражап былай деген: «Ораза Айт намазын кейінге ілгертудің даналығы, мұсылмандар зәкәт әл-Фитрды асықпай кедейлерге беріп үлгеруінде еді. Ал Құрбан Айт намазын ертерек оқудың мәнісі, адамдар құрбандықтарын ертек шалып, одардан тезірек дәм татуында болған» (Қараңыз: “Фатхуль-Бәри” 8/461).

Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет