Қайталанбас түЛҒА



жүктеу 108.33 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі108.33 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады


ҚАЙТАЛАНБАС ТҮЛҒА

Халқымыздың шынайы тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін бел шеше күрескен белгілі қоғам қайраткері, көрнекті журналист, әрі, әдебиеттанушы ғалым Батырхан Дәрімбеттің ортамыздан кеткеніне биыл бақандай алты жыл болды. Таудың алыстаған сайын биіктей түсетіні секілді, Батырхан бейнесі де араға жыл салып, уақыт ұзаған сайын, тұлғаланып барады. Не жасыратыны бар, бүгінгідей қым-қуыт шақта елімізде болып жатқан не бір кесек-кесек уақиғалардың ішінде күрестің көрігін қыздырып, Бәкеңдей қолбасшы азаматымыз жүрсе, ғажап болар еді.

Өткен күндердің тарихын ақтарып, оқиғаларын бағамдасақ, Бәкең бастаған істің аяқсыз қалатыны болмайтын. Ол - жұмысты нөкерімен жұмыла жүріп жасайтын, орташыл, көпшіл адам-ды. Кезінде, Қазақстанның Республикалық азаматтық «Азат» қозғалысының Туы іспеттес болған «Азат» газетін дүниеге әкеліп, оны жалпы ел мойындаған үлкен басылымға айналдырған. Кейбір басылымдар оңы мен солына қарап, қоғамдағы ахуалдың ақ-қарасын айырып болғанынша, Бәкеңнің «Азат» газеті оны пісіріп-түсіріп, бәтуасымен халқына тарту етіп үлгеретін. Ол кездегі азатшыл оқырмандардың белсенділігі мен біліктілігі, міне, осылай қалыптасқан. Жаны шөліркеген көпшілік құмарын ақиқат пен шындықтың қайнар бұлағы «Азатпен» басатын.

Ал, енді, Батырханның «Азаттық» радиосындағы сіңірген еңбегіне келсек, оны қоғамдық өміріндегі өз алдына бір бөлек құбылыс деп қараса боларлық. «Эфирге Батырхан шығады» дегенді естігенде, оның тыңдармандары радио қорабының алдына жапырыла құлайтын. Хабарының бас-аяғы қолмен жонғандай жұп-жұмыр болып келетін. Бір ауыз қоспасыз, ақиқат пен шындықты паш еткен қорғасын салмақ қоңыр үн, өлсең, құлағыңнан кетпестей әсер қалдыратын. Әттең, не керек, сол үн ерте үзілді. Батырхан бауырымыз сұрағы көп жұмбақ жағдайда жол апатынан қаза тапты. Қазақтың біртуар азаматы, сұңғыла саясаткер Батырхан Дәрімбеттің бейнеті қалың, азабы мол мына бір бүгінгі өмірдегі орыны әлі күнге дейін үңірейіп бос тұр.

Тағдырға не шара! Батырхан қайтқаннан кейін, араға үш жыл сала бере, журналист ретінде, жас та болса, халыққа кеңінен танымал болып қалған үлкен ұлы Асқар ауыр науқастан дүние салды. Қайтеміз, «Орнында бар оңалар» деген, «Батырхан!» - дегенде, оның әулетінен екінші ұлы Әнуар мен марқұм Асқардан қалған Нәйла атты қызалақ баланы көңілге медеу тұтамыз. Алла тағала, келер күндерде солардың көктеп, көгеруіне, көбеюіне жазсын! «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, Батырхандай жарды, Асқардай ұлды жоғалтып, көңілі жарымданған Гүлшара мен алдарында жүрген асқар тауларынан айырылып, тауаны шағылған оның туған-туыс, бауырларына, Асқардың жары Нәзираға, иыққа түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп кеткендері үшін, алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Аман болсын!

Батырхан Дәрімбеттің зерттеуші ғалым ретіндегі ұстанымының өзі ешкімге ұқсамайтын. Ол халыққа тарих қойнауында жатқан қазына байлықтың суын сығып, сөлін ғана ұсынатын. Және бір кереметі - Бәкең зерделенуінен өткен дүние танымдық деңгейде ғана қалып қоймай, тағылымдық серпінмен, күретамырымызды бойлай, қанымызбен араласып жүре беретін. Сондай шоқтықты еңбегінің бірі - қазақтың майталман ұлы Мұстафа Шоқайға қатысты болды. Алайда, Батырхан Дәрімбет дүние салғаннан бермен қарайғы уақыт ішінде Шоқайдың Батырхан құрған Қоры арқылы кезінде қайтадан жаңғырып, жандана бастаған ғұмырнамасындағы кез - келгеннің дәті барып айта алмайтындай сан сырлы штрихтардың бедері біртіндеп көмескіленіп бара жатқанға ұқсайды. Яғни айтқанда, Мұстафа мұралығына қатысты бүгінгі күннің қам - қарекеті, сонау замандағы, дүние біткеннің апшысын қуырып, от - жалыны аралас ұйытқи соққан репрессиялық науқандардың құрбандары, сандаған ақтаңдақтарымыздың қатарында әншейін ғана аталып өтілініп, архивтік кажеттілікпен, шығармаларын түптегеннен әріге аса алмауда. Былай айтқанда, Бәкең мақсаттағандай, Мұстафа Шоқай еңбектерін өз алдына бөлек, жеке бір ілім ретінде алып, оны қоғамымыздың қозғаушы күші пәрменінде пайдалануға ешкімнің дәті бармай отыр. Ал, Бәкең болса, Мұстафа мен бүгінгі күн арасындағы бір ғасырға жуық қашықтықты пышақтай сылып алып тастап, Мұстафаны, дәл осы қазір қасымызда жүрген ойы ортақ, мұраты бір, қоғамымыздың қайратты да қажырлы азаматы кейпінде, бұқара санасына орнықтырып тастаған-ды. Сол себепті де, бәлкім, Батырхан қолға алған қай іс, қай мәселе болмасын, оның басы - қасында Мұстафа Шоқай тұрғандай сезілетін. Кім біліпті, «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген, Батырхан бойындағы батырлық пен қайсарлықтың негізінде, Алланың әмірімен, өлі мен тірі арасындағы көзге көрінбейтін рухтық байланыстан туындайтын ғажап бір сыр жатқан шығар. Қалай айтсақ та, біз, әйтеуір, Батырханды, оның тірі кезінің өзінде-ақ, Мұстафа Шоқаймен айырылмастай бірлікте мойындағанбыз. Енді, міне, бүгінгі күні, яғни, Батырхан Дәрімбет те бұл дүниеден озып, о дүниелік болған шақта, «Елім!» «Жерім!» - деп еңіреп жүріп, дүниеден баз кешкен Қос Аруаққа біз бағыштар тілек - имандарымыз ‒ жандары жәннатта болғай!!!

Айсұлу Қадырбаева




Сән қандай!

Сана қандай!

Ақыл қандай!

Жан болмас халқын сүйген

Батырхандай!

Бауырына басушы еді дүйім жұртты,

жатсынбай,

еш қайсысын жатырқанбай!!!

Ақ пейіл, адал көңіл

досым қайда!?

Езілер ет жүрегім осындайда!

Жарық етіп, найзағайдай,

болдың ғайып! –

Не шара сен жолыққан тосын жайға!!!

Еліңді не күтіп тұр алда, мына?!

Жөн сілтер өзің едің бағдарына!

Қапыда кеттің шейіт, -

бұқарамды

жеткізем деп жүргенде арманыңа!

Жақынға жанарымен жайды ұқтырып,

дұшпанды қабағымен қаймықтырып, тартып келе жатырған

Қара нарым, қара түнді бүркеніп, қара жолда мертіктірген өзіңді қай мықтылық?!

Қай мықтылық, анасы жатырынан

азып туып, адасқан ақылынан?! Баска тұрғай, әйтпесе, қас-дұшпанның

дәті бармас іс-ті бұл,

қазағымды

Батырхандай айыру батырынан!!!

Бақ қонақтап, салпы ерін жалағыңа,

жаман менен жал бітті жабағыға!

«Әй!» дейтұғын әже жоқ, «Қой!» дер қожа, -

қазынасын халқыңның шашып жатыр

қарға менен кұзғынның тамағына!

Көз алдымнан кетпейді алып тұлғаң, қарасам, Күндей, көзді қарықтырған!

Дүние - қара түнек, - сен секілді сөнген соң шамшырағы жанып тұрған.

Сен бардағы абырой асқақтаған

аласарып,

бізден бақ қашқақтаған!

Өзің Бас боп құралған сарбаздарың -

оның дағы сөгілді қабырғасы, кеудең тосып, ешкімге жасқатпаған!

Жарқылдатып бет пенен бедерімді,

Ту қып көкке көтердің беделімді!

Болса өмірде бір адам саған қарыз, -

ол - менмін,

білсін қауым, түсінсін -жұрт,

менің бүгін сен жәйлі не дерімді

Сен - Арал, -

мен Оралдың еркесі едік!

Алқа жиын топ бастар серкесі едік!

Бекіскенмен бекістік! -

Шекіскенмен ат құйрығын кесіскен келтесі едік!




Берген бойға күш-қуат Аллам қандай! - Талап қандай!

Байлам мен талғам қандай!!! «Әпереміз елге, - деп, - еркіндікті!» - армандарды жалғаушы-ек армандарға-ай!!!

Қарсы бұтак қайқайған қарағайда, - енді өзіңдей Қазаққа бала қайда?!

Сен кеткелі, апырмау, мына дүние толды да кетті кілең

Шалабайға!..

Шығара алмай біз жүрміз басымызды,

салып қойып дау менен даламайға! Досым-ау!

Сен бардағы сонау кезгі салқын ақыл, саф көңіл сана қайда?!

Оңға бұрып тіршілік тегершігін

алға бастар қауымын дана кайда?!

Дана қайда?!

Зарықтым «Қайда?! Қайда?! Қайдаменен?!» Сен жоқсың! -

Елге қандай пайда менен?! Қоғам мынау бықсыған,

дүние - түлкі, - аттатпайды аяқты жалғыз қадам, орағытып алды-артты айламенен!

Үзіліп сағағынан адырнасы,

халқыңның қайысулы қабырғасы! Басжібінен босанды

мына Заман, -

енді бізге белгілі бағынбасы!

Істе мән, бәтуа жоқ сөзімізде! - Білмеймін не болғанын өзі бізге!..

Ақиқат бір нәрсе бар -

сен кеттің де, үймеледі көк шыбын көзімізге!!!

Дос қайсы, айыра алмай, - қасымыз кім, - көр, міне, дал болғанын басымыздың!

Сен барда

бәрі орнында тұрушы еді, -

кәрі қайда, - ортада жасымыз кім?

Үлкенді


қоятынсың «Ағалатып!».

Алтынға ғазиз басты бағалатып!

Күн туды бүгін, міне, байқаймысың,

ардақ тұтқан

ақсақал Абызыңның

артынан ит қосады абалатып!

Көргенді, көрегенді халқым қайда?!

Салмақты, салиқалы қалпым қайда?!

Атойлап, алқа топта ат оздырып,

жалқыға

жал бітірген жалпым қайда?!

Ат та шап, - айнала кіл әпербақан, - ойпырмау, пәтшағарлар, ең болмаса,

Ар мен Ұят алдында тартынбай ма?!

Керісіп, әркіммен бір ерегісіп,

кетірдік мына өмірдің берекесін!..



Арам жиған абыройын судай шашып, қақпасының ауызын

шаң кылғанбыз!!!

Жер қайысқан қалың қол тас түйіліп, тамсантып, дүйім жұртты

таң қылғанбыз!

Япырмау! Біз осындай ғажап едік!

Апайтөс,


қайтпас,

қайсар қазақ едік!

Дос көрсек, құшақ жайып, -

ал, дұшпанға жанынан түңілдірер азап едік!!!

Иә, Бәке!

Біз осындай

ғажап едік!

Ғажап едік!

Ғажап едік!!!
2010 жыл , қараша

Айсұлу Қадырбаева


Бұл қоғам

Сен жүргенде,

жіптіктей ед, - байқасам, жиып алып бар тентекті,

тәртіпке салып жүрген

сен екенсің!!!

Алысты жақынменен табыстырып,

қоюшы ең жатты жатпен жабыстырып.

Ал, мына сайқалдардың ісін қара, -

айдап сап, ағайынды ағайынмен,

бітті әбден, атыстырып, шабыстырып!..

Сен барда

күн ерекше бататұғын, - арайлап таң да ерекше ататұғын, - сапырып тайқазанын ырыс-құттың, па, шіркін,

қайнап өмір жататүғын!!!

Керуенмен кернейлетіп көшетінбіз!

Бір белестен

бір белес, -

өтетінбіз!

Жұмылып жұдырықтай, не бір жәйттің түйінін қатар жүріп шешетінбіз!!!

Ғұмырды бағалаушы ек күреспенен, - дүнияуи қаперде жоқ үлес деген!

Дөкейіңнің дөкейі -

содан бастап бізбен осы кім қалды тіреспеген?!

Селкілдеп жас сексенге қарағанда бәйгеге түсті талай

Қарамандар..

Маңына жан жолатпай, арсылдаушы ед, халқыңның саған берген сайлаудағы дауысын аш қасқырдай, талағанда! - Ағызды қара суды теріс қарай, жылпытып бюллетенді санағанда...

Талайдың кім екенін көрдік көзбен,

шұбырып сілекейі, боқ сасыған құйрығын жоғарының жалағанда! -

Жерге бір-бір түкірдік,

жүз шыдамай иттердің кескініне қарағанда!..

Алыссақ, -

амал қандай,

айла қандай, — сиқырмен жынның көзін байлағандай!

Алдына жан салмайтын

өңшең саңлақ,

жарыса сұңқылдаушы ек,

сұңқардайын,

жамағат жайын айтып сайрағанда-ай!!!

Қауымды сөйлер сөзге шандырғанбыз, - кұлақтың құрыш етін қандырғанбыз, - қаптаған калың қолды соңға ерітіп, «Аттандап!» аруақ қозғап, жаңғырғанбыз, - көпке тізе батырған талайларды «Аһлатып!»

есінен тандырғанбыз, -






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет