Акционерлік қоғамдар акционерлеріне акциялары бойынша дивидендтерді есептеу мен төлеу мәселелері жөнінде қысқаша жадынама Акционерлік қоғамдардың акционерлеріне акциялары бойынша дивидендтерді есептеу мен төлеу тәртібі «Акционерлік қоғамдар



жүктеу 29.84 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі29.84 Kb.
Акционерлік қоғамдар акционерлеріне акциялары бойынша дивидендтерді есептеу мен төлеу мәселелері жөнінде қысқаша жадынама
Акционерлік қоғамдардың акционерлеріне акциялары бойынша дивидендтерді есептеу мен төлеу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі, акционерлерге мынаны білу қажет:

1. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтердi төлеу кезеңiн акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) жарғысы және (немесе) акцияларды шығару проспектiсi белгілейдi.

2. Қоғамның артықшылық берiлген акциялары бойынша дивидендтердi толық төленгенше оның жай акциялары бойынша дивидендтердi төлеу жүргізілмейді.

3. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердiң жалпы жиналысында бағалы қағаздармен дивидендтер төлеу туралы шешiм қоғамның бiлiкті көпшiлiк дауыс берушi акцияларымен қабылданған жағдайда ғана, артықшылық берiлген акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленедi.

4. Орналастырылмаған немесе қоғам өзі сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ, егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны тарату туралы шешiм қабылдаса дивидендтер есептелмейді және төленбейді.

5. Қоғамның жай және артықшылық берiлген акциялары бойынша дивидендттерді төлеуге мынадай жағдайларда тыйым салынады:

1) меншiк капиталының терiс мөлшерi болған кезде немесе егер қоғамның меншiк капиталының мөлшерi оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде терiс болған кезде;
2) егер ол банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем жасау қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi белгiлерiне сәйкес келсе, не осы белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса.

6. Акционердің жазбаша келісімі болғанда ғана дивидендтерді қоғамның бағалы қағаздарымен төлеу қоғамның жарияланған акциялары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7. Акционер қоғамның берешегі пайда болған мерзімнен тәуелсіз төленбеген дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.

8. Белгіленген мерзімде дивиденттер төленбегенде, акционерге дивиденттердің негізгі сомасы және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінен есептелетін өсімпұл төленеді.

9. Дивидендтердi алу құқығы бар акционерлердiң тiзiмi дивидендтер төленетiн күннiң алдындағы күнге дейін жасалуы тиiс.

Жай акциялар бойынша дивидендтер туралы
10. Қоғамның жарғысында басқаша көзделмеген болса, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсандық немесе жарты жылдық қорытындылар жөнінде дивидендтер төлеу директорлар кеңесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

11. Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындылары жөнiнде дивидендтер төлеу туралы шешiмдi акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.

12. Қоғамның осы органдары қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешiмдi оны қабылдаған күннен бастап он күннiң iшiнде баспасөз басылымында мiндетті түрде жариялай отырып қабылдауға құқылы.

13. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтердi төлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде ол баспасөз басылымында жариялануы тиiс.



Артықшылық берiлген акциялар бойынша дивидендтер туралы

14. Бiр артықшылық берiлген акцияға дивидендтер төлеу кезеңдiлігін және дивидендтiң мөлшерiн қоғамның жарғысы белгiлейдi. Артықшылық берiлген акциялар бойынша есептелетiн дивидендтердiң мөлшерi жай акциялар бойынша осы кезеңге есептелетiн дивидендтердiң мөлшерiнен аз болмауы керек.

15. Артықшылық берiлген акциялар бойынша дивидендтiң кепiлдiк мөлшерi оның мәнi тұрақты және индекстелген түрде белгiленуi мүмкiн.

16. Осы жадынаманың 3-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның артықшылық берiлген акциялары бойынша дивидендтердi төлеу қоғам органының шешiмiн талап етпейдi.



17. Акционер дивиденттерді төлеу мен есептеу мәселелері бойынша ақпаратты және түсініктемені алу мақсатында акционерлік қоғамға және уәкілетті органына, ал акционерлік қоғам дәлелсіз бас тартқанда, басқа даулы жағдайлар пайда болғанда және өзінің құқығын қорғау мақсатында уәкілетті органға немесе жауапкердің - акционерлік қоғамның турғылықты орны бойынша сотқа өтініштенуге құқылы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет