Акциялар шығарылымының проспектісі «Кредит Алтын» банкі» акционерлік қоғамы «Кредит Алтын» банкі» АҚ



жүктеу 1.33 Mb.
бет1/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: attachments -> emi -> stocks
stocks -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> «Шымкентмай» акционерлік қОҒамының акцияларын шығару проспектісі «Шымкентмай»
stocks -> Проспект выпуска акций Акционерного общества «Автоматика» ао «Автоматика»
stocks -> Акцияларды шығару проспектісі
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> Акция шығару проспектісі «май» Акционерлік қоғамы
stocks -> Акциялар шығарудың проспектісі
stocks -> «Қалалық электр жүйесі» АҚ «Қалалық электр жүйесі» акционерлік қоғамының акциялар шығарылымының проспектісі
АКЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ

ПРОСПЕКТІСІ

 
«Кредит Алтын» банкі»



акционерлік қоғамы
«Кредит Алтын» банкі» АҚ

Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде сипатталған акцияларды сатып алуға қатысты қандай да бір ұсынымдарды беруді білдірмейді. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжатта жазылған ақпараттың дұрыстығына жауапты болмайды. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігі ғана қарастырылды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде жазылған ақпараттың дұрыстығына жауапты болады және онда берілген барлық ақпараттардың дұрыс екендігін растайды және қоғам мен оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторларды адастырмайтындығын растайды. 



1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер:

 

2. Акционерлік қоғамның атауы.

 

Атауы

Толық

Қысқартылған

Қазақ тілінде



«Кредит Алтын Банкі» акционерлік қоғамы

«Кредит Алтын Банкі» АҚ

Орыс тілінде



Акционерное общество «Кредит Алтын Банк»

АО «Кредит Алтын Банк»

Ағылшын тілінде



«Credit Altyn Bank» Joint Stock Company

« Credit Altyn Bank » JSC


3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №5112-1900-ОО 02 қыркұйек 2009 жылы (бизнес-сәйкестендәру нөмірі 090940003835) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитетімен берілген.
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
600400610336.
5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефондары мен факс нөмірлері, электронды поштаның мекенжайы.
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сәтбаев көшесі, 18 «А», литер Б

Тел.: 3 870 655, 3 870 656

Факс: 250-92-82

e-mail: CreditAltynBank@altyn.kz


6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.
Акционерлік қоғам қайта құрылған болып есептеледі және 2010ж. 01 маусымдағы жағдай бойынша ашық корреспонденттік шоттары жоқ. Акционерлік қоғаммен «Сбербанк России» АҚ ЕБ-да Алматы қ., ЖСК 041467855, БСК 190501914, Бек 15 ағымдағы шоты және «АТФБанк» АҚ Алматы қ. филиалында ЖСК 921467577, БСК 190501956, Бек 15 ағымдағы шоты ашылған.

7. Акционерліқ қоғамның қызметінің түрлері.
Акционерлік қоғамның құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаты болып клиенттердің және банк-корреспонденттердің уақытша айналымдағы емес ақшаларын тарту және тиімді пайдалану, сондай-ақ кейінгілерге барлық банктік қызметтерді көрсету.

Қызметтің негізгі түрі – банктік заңнамамен көзделген банктік және өзге операцияларды жасау.



8. Акционерлік қоғамға берілген немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттіктер және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттіктері берген рейтингтер туралы мәліметтер. Қаржылық агенттік мәртебесін беру туралы мәліметтер.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ жаңадан құрылған болып табылады және акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде халықаралық рейтингтік агенттіктердің немесе Қазақстан Республикасының агенттіктерінің рейтингтік бағасы жоқ. Қаржылық агенттік мәртебесі берілмеген.
9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктердің атауы, тіркеу күні, тұрғылықты жері және пошталық адрестері.
Акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
10. Соңғы үш аяқталған қаржылық жылдағы акционерлік қоғамның қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы, олардың тиісті коллегияға (ассоциацияларға, палаталарға) жататындығын көрсете отырып.
Акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде «Кредит Алтын Банкі» АҚ аудиторлық компаниялармен шарттар жасасқан емес. Заңды және қаржы мәселелері бойынша кеңес берушілері жоқ.
11. Бірлескен басқарудың кодексін қабылдау күні (егерде оны қабылдау қоғамның жарғысымен көзделген жағдайда).

 

«Кредит Алтын Банкі» АҚ бірлескен басқарудың кодексі әзірлеу сатысында тұр.



 

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлер)



12. Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесі.


реттік №

Т.А.Ә., туған жылы

Соңғы үш жылдағы және қазіргі уақыттағы лауазымы, соның қатарында – қоса атқарған лауазымы


Директорлар кеңесі мүшелеріне, қоғам акцияларының жалпы санына тиесілі дауыс беруші акциялардың пайыздық арақатынасы


Еншілес және тәуелді ұйымдарда директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесі) жалпы санына пайыздық

арақатынасы

1.

Асаубаев Қанат Шайханұлы, 1948 ж.т.


«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 22.02.2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін


жоқ

жоқ

«Қазақалтын ТМК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2008 – 2009 жж.

«Қазақалтын ТМК» АҚ президенті, 1999 – 2008 жж.

«KazakhGold» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы, 2006 – 2009 жж.

2.

Асаубаева Маруся, 1949 ж.т.


«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 22.02.2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

25 %

жоқ

«Қазақалтын ТМК» АҚ әлеуметтік және кадрлық мәселелер жөніндегі вице-президенті, 2000 - 2009 жж.

Адам ресурстары мен корпоративтік байланыстар жөніндегі директор - «KazakhGold» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі, 2006 – 2009 жж.

3.

Асаубаев Бауыржан Қанатұлы, 1970 ж.т.

«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 22.02.2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

25 %

жоқ

Басқарма төрағасы - «Қазақалтын ТМК» АҚ президенті, 2008 – 2009 жж.

«Қазақалтын ТМК» АҚ бірінші вице-президенті, 2000 – 2008 жж.

«REAL-INVEST» қаржылық компаниясы АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, 2007 -2008 жж.

4.

Асаубаев Айдар Қанатұлы, 1978 ж.т.

«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 22.02.2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

25 %

жоқ

«Қазақалтын ТМК» АҚ вице-президенті,2000 – 2009 жж.

«KazakhGold» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі, 2009ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

«KazakhGold» компаниясы корпоративтік даму жөніндегі Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, 2006-2009 жж.

«ТАИБ Қазақ Банкі» ЕБ АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі, 2007–2008 жж.

5.

Асаубаев Санжар Қанатұлы, 1986 ж.т.

«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 22.02.2010 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

25 %

жоқ

«Қазақалтын ТМК» АҚ Лондондағы өкілдігінің директоры, 2005 – 2009 жж.

Лондон офисінің бас директоры - «KazakhGold» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі, 2007-2009 жж.

6.

Қожағапанов Тоқтархан Жұманұлы, 1944 ж.т.

«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, 22.02.2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

жоқ

жоқ

«KazakhGold» компаниясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, 2006-2009 жж.

7.

Перекольский Олег Эдуардович, 1971 ж.т.

«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, 22.02.2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

жоқ

жоқ

«МегаТрансАзия» ЖШС қаржылық директоры, 2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

«Real Invest.kz» қаржылық компаниясы АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, 2008ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

«BASE.MK» ЖШС қаржылық директоры, 2007 – 2009 жж.

«Сәулет Құрылыс Компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, 2006 – 2007 жж.

8.

Төлеубеков Ержан Алшимбекович, 1969 ж.т.


«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, 22.02.2010ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

жоқ

жоқ

««САК Иншурас» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 2009 – 2010 жж.

«Цеснабанк» АҚ Өңірлік дирекциясының басқарушы директоры, 2008ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

«Цеснабанк» АҚ басқарушы директоры, 2007- 2008 жж.

«Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, 2003 –

2007 жж.

 

5) «Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 2010 жылы 22 ақпанда «Кредит Алтын Банк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысымен сайланды, 22.02.2010 ж. № 1 хаттама. 2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі құрамында өзгерістер болған жоқ.


12-1. Қоғамның Директорлар кеңесінің комитеттері (бар болса).
Акциялар шығарылымы проспектісін әзірлеу сәтінде акционерлік қоғамда Директорлар кеңесінің комитеттері жоқ.
13. Акционерлік қоғамның алқалық атқарушы органы – Басқарма.

реттік №

Т.А.Ә., туған жылы

Соңғы үш жылдағы және қазіргі уақыттағы лауазымы, соның қатарында – қоса атқарған лауазымы


Басқарма мүшелеріне тиесілі акциялардың қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы


1.

Фишман Оксана Леонидовна, 1972 ж.т.

«Кредит Алтын Банк» АҚ Басқарма төрағасы м.а., 14.02.2011 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

жоқ

«Казахмыс» ЖЗҚ АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 07.06.2010 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

«Plankion  Invest» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесіДиректорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, 19.02.2010 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

«Казахмыс» ЖЗҚ АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2008 – 2010 ж.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 2008 – 2009 ж.

2.

Степанова Ирина Константиновна, 1969 ж.т.


Басқарма төрағасының орынбасары м.а. - «Кредит Алтын Банк» АҚ басқармасының мүшесі, 09.03.2011 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

жоқ

«Альянс Банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2007 – 2010 жж.

3.

Шкубаров Малик Габдрашитович, 1975 ж.т.


Басқарма төрағасының орынбасары - «Кредит Алтын Банк» АҚ Басқармасының мүшесі 16.03.2010 ж. бастап осы уақытқа дейін

жоқ

«Банк Астана-финанс» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2008 – 2009 жж.

«Астана-финанс» кредиттік компаниясы» АҚ басқарушы директоры, 2008 ж.

«Дельтабанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2006 – 2007 жж.

4.

Қасымбекова Әсел Тұрсынқызы, 1976 ж.т.


«Кредит Алтын Банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - «Кредит Алтын Банк» АҚ Басқармасының мүшесі, 11.05.2010 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

жоқ

Директордың орынбасары – «БанкЦентрКредит» АҚ Көкшетау қ. филиалының фронт-офис басқарушысы, 2009-2010 жж.

«БанкЦентрКредит» АҚ Көкшетау қ. Филиалының Степногорск қ. № 6 ЕКБ басқарушысы, 2006-2009 жж.

5.

Жүнісова Күлшат Сапқызы, 1965 ж.т.

Бас бухгалтер – «Кредит Алтын Банк» АҚ Басқармасының мүшесі, 16.03.2010 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін

жоқ

«Altyn Oil Group» ЖШС бас бухгалтері, 2010 ж.

Басқарушы директордың экономика және қаржы өніндегі орынбасары – «Қазақалтын ТМК» АҚ бас бухгалтері, 2009 ж.

«Қазақалтын ТМК» АҚ бас бухгалтері, 2006 – 2009 ж.


Басқарманың мүшелерінің өкілдіктері:

  1. Басқарма төрағасы (Фишман О. Л.) – акционерлердің жалпы жиналыс, директорлар кеңесінің шешімдерінің атқаруын; банк басқармасын басқаруын, банкіге арналған принципшіл маңызды сұрақтарды шешу кезінде коллегиалдықты сақтауын; міндеттердің, сонымен қатар басқару мүшелері аралығындағы өкілеттіктер аймағы және жауапкершіліктің таратуын; үшінші тұлғалар бойынша сенім хатсыз банк атынан әрекет етуін; банкті үшінші тұлғалардың мүддесіне өкілдік ету бойынша сенімхаттарды беруді; банктің қаражаттық көрсеткіштерінің жақсаруына себеп болатын жұмысты координациялау бойынша банк қызметін толық жетілдіруін; банк балансында тұрған мүліктері мен ақшаны заңды түрде және мақсат арқылы қолдануын қамтамасыз етуін; банкілік және басқа операциялары Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жарғымен және лицензиялармен, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналыс анықталған шешімдерімен ескертілгенін, банк атынан келісімдердің мәміленуін, келісімдерге, келісім-шарттарға қол қоюын, басқа міндеттемелердің және басқа заңгерлік әрекеттердің іске асыруын; қабылдауды жүзеге асыруын, банк қызметкерлерінің ауысымдары мен жұмыстан шығарылуын (атқарушы орган мен банктің ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін есепке алмай), олар бойынша мадақтау шараларын қолдану және тәртіп жөніндегі жазаны қолдануын; банк қызметкерлерінің еңбекақы мөлшерлерін және жеке еңбекақы мөлшеріне үстемені банктің директорлар кеңесінің штаттық кесте және ұйымдық құрылымына сәйкес анықтауын, атқару орган құрамына кіретін қызметкерлер мен банктің ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін есепке алмай отырып банк қызметкерлерінің сыйлық ақы мөлшерін анықтауын; банктің жарғысымен, акционерлердің жалпы жиналыс және директорлардың кеңесінің шешімімен бекітілген өзге функцияларын ұйымдастырады;

  2. Басқарма төрағасының орынбасарының (Степанова И. К.) міндеттері – жұмысты ұйымдастыру, өз құзіретінде жетекшілік етілетін құрылым бөлімшесінің қызметін бақылау және координациялау, атап айтқанда маркетинг басқармалары, банкілік өнімдерді енгізу және өңдеу, сату каналдарын дамыту және ұйымдастыру басқармалары, кепілді қамтамасыз ету, несие операцияларын бақылау және әкімшілік ету басқармалары, ішкі бақылау басқармалары; банктің бекітілген құрылымына сәйкес жетекшілік етілетін бөлімшелер бойынша директорлардың кеңес шешімдерін атқаруымен жүйелі бақылауды қамтамасыз ету, бөлімшелерді ашу және дамыту; валюталық және қаражаттық бақылау қызметі; өз құзіретінде директорлар кеңесіне және басқарма төрағасына қазіргі қызмет туралы есепті дайындауға және есеп беруге қатысу; жетекшілік етілетін бөлімшелер аралығында тапсырманы таратылуын және олардың орындалуын бақылау; өз құзіретінде банктің қызметі туралы сұрақтарға байланысты оперативтік мәжілісті жүргізу немесе мәжілісте қатысу, өз құзіретінде банктің жұмыс атқаруын жақсарту жөнінде жобаны даярлауы және іске асыруы бойынша қатысу; банктің басқарма төрағасының келісімімен өз құзіретінде кадр сұрақтарын шешу; өз құзіретінде банктің мүлігін, меншікті бақылау;

  3. Басқарма төрағасының орынбасарының (Шкубаров М. Г.) міндеттері – жұмысты ұйымдастыру, өз құзіретінде жетекшілік етілетін құрылым бөлімшесінің қызметін бақылау және координациялау; банктің бекітілген құрылымына сәйкес жетекшілік етілетін құрылым бөлімшесі бойынша директорлар кеңесінің шешімдерін қабылдауымен жүйелі бақылауды қамтамасыз ету, атап айтқанда ақпараттық технологиялар басқармалары, карточкалық бизнес басқармалары, бизнес процестердің әдіснамасы және автоматтандыру басқармалары, төлем жүйелер басқармалары, сонымен қатар әкімшілік - шаруашылық басқармасы; өз құзіретінде директорлар кеңесіне және басқарма төрағасына қазіргі қызмет туралы есепті дайындауға және есеп беруге қатысу; жетекшілік етілетін бөлімшелер аралығында тапсырманы таратылуын және олардың орындалуын бақылау; өз құзіретінде банктің қызметі туралы сұрақтарға байланысты оперативтік мәжілісті жүргізу немесе мәжілісте қатысу; банктің басқарма төрағасының келісімімен өз құзіретінде кадр сұрақтарын шешу; банктің ішкі нормативті құжаттарын қарастыру;

  4. Басқарма төрағасының орынбасарының (Қасымбекова А. Т.) міндеттері – жұмысты ұйымдастыру, өз құзіретінде жетекшілік етілетін құрылым бөлімшесінің қызметін бақылау және координациялау; банктің бекітілген құрылымына сәйкес жетекшілік етілетін құрылым бөлімшесі бойынша директорлар кеңесінің шешімдерін қабылдауымен жүйелі бақылауды қамтамасыз ету, атап айтқанда Кредит департаменті, операциялық басқарма, сонымен қатар бөлімшелердің қызметтері (олардың ашылуынан кейін); нәтижелі несие саясатын жүргізу, банктің ең жоғарғы пайдасын және тұрақты қаржылық жағдайын алуын қамтамасыз ету; кредит комитетінің жұмысында қатысу (мүше болу); банктің қаржылық жағдайын жақсарту бойынша банк қызметін жетілдіру жұмысын координациялау; өз құзіретінде директорлар кеңесіне және басқарма төрағасына қазіргі қызмет туралы есепті дайындауға және есеп беруге қатысу; жетекшілік етілетін бөлімшелер аралығында тапсырманы таратылуын және олардың орындалуын бақылау; өз құзіретінде банктің қызметі туралы сұрақтарға байланысты оперативтік мәжілісті жүргізу немесе мәжілісте қатысу; өз құзіретінде банктің жұмыс атқаруын жақсарту жөнінде жобаны даярлауы және іске асыруы бойынша қатысу;

  5. Басқарманың бас бухгалтерінің - мүшесінің (Жунусова К. С.) міндеттері. Банктің бекітілген құрылымына сәйкес жетекшілік етілетін құрылым бөлімшесі бойынша директорлар кеңесінің шешімдерін қабылдауымен жүйелі бақылауды қамтамасыз ету, атап айтқанда бухгалтерлік есеп және есеп беру департаменті, сонымен қатар департамент құрамына кіретін бас бухгалтерия және бухгалтерлік есеп беру басқармалары; жалпы басшылық жүзеге асыру және бақылау: бухгалтерлік есепті жүргізу, салық есебін жүргізу, күнделікті құжаттарды даярлау, уәкіл етілген органдарға статистикалық және қаржылық есептерді уақытында ұсыну; бас кітапті жүргізу, «бас кітап» жүйесінде орталықтандырылған нормативті анықтама ақпаратын жүргізу, баланс және баланстан тыс есептер туралы ақпарат, клиенттер мен дербес шоттарды орталықтандырылған тіркеу кітаптарын жүргізу, қызмет бағыты бойынша істердің күй-жағдайы жөнінде жүйелі талдау өткізу және оның негізінде банктің басшылығына шешім қабылдау бойынша бухгалтерлік есептің толық жетілдіруі туралы ұсыныстар жасау, банктің басқарма төрағасының келісімімен өз құзіретінде кадр сұрақтарын шешу; өз құзіретінде банктің мүлігін, меншікті бақылау.


14. Сыйақы мен жалақының жалпы сомасы, сонымен қатар соңғы қаржылық жылда қоғамның осы проспектісінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға төленген және берілген жеңілдіктер.
«Кредит Алтын Банк» АҚ Директорлар кеңесіне сыйақы, жалақы және жеңілдіктер төленген жоқ және берілген жоқ.

Проспектінің 13-тармағында көрсетілген тұлғаларға төленген жалпы жалақы сомасы 9 300 000 (тоғыз миллион үш жүз мың) теңгені құрайды, сыйақы мен жеңілдіктер төленген жоқ және берілген жоқ.



15. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет