Акциялар шығарылымының проспектісі «Кредит Алтын» банкі» акционерлік қоғамы «Кредит Алтын» банкі» АҚ



жүктеу 1.33 Mb.
бет3/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6
: attachments -> emi -> stocks
stocks -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> «Шымкентмай» акционерлік қОҒамының акцияларын шығару проспектісі «Шымкентмай»
stocks -> Проспект выпуска акций Акционерного общества «Автоматика» ао «Автоматика»
stocks -> Акцияларды шығару проспектісі
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> Акция шығару проспектісі «май» Акционерлік қоғамы
stocks -> Акциялар шығарудың проспектісі
stocks -> «Қалалық электр жүйесі» АҚ «Қалалық электр жүйесі» акционерлік қоғамының акциялар шығарылымының проспектісі

3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаттамасы

 

21. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасы, акционерлік қоғамның бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәлімет.


«Кредит Алтын Банкі» АҚ негізгі қызметі теңге және шетел валютасында депозит қабылдау және қарыздар мен несиелер беру, клиенттердің ағымдағы шоттарына қызмет көрсету бойынша қызметтің спектрі, дәлірек болсақ, несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға ақшалай қаражаттардың ауысуында делдалдық болып табылады.

Банктік секторда үш ірі банк – «Казкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ жоғары деңгейлі, олардың банктік сектордың жиынтық қарыздық портфелінің 46% несиесі кіреді.

Екінші деңгейдегі банктер «Кредит Алтын Банкі» АҚ тура бәсекелестері болып табылады.
22. Акционерлік қоғамның қызметінің негізгі түрлері бойынша сатылым (жұмыс, қызмет) табыстылығына позитивті және негативті әсер ететін факторлар.


  1. Табыстылыққа әсер ететін позитивті факторлар:

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ еш нәрседен құрылуы жаңа технологияларды, программалық қамтамасыз ету және материалды-техникалық базаның модернизациясын тез еңгізу мүмкіндігін береді;

  • несиелік қор көздерінің болуы «Кредит Алтын Банкі» АҚ несиелік портфельді тез арада өсіруге жағдай жасайды;

  • нарықтың несиелік қорда қажеттілігі;

  • клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға «Кредит Алтын Банкі» АҚ мақсаттылығы;

  • бизнес құрылымын қалыптастыруға «Кредит Алтын Банкі» АҚ инновациялық жақындасуы;

  • отандық және шетел банктерінің алдыңғы тәжіриебелерін қолдану.




  1. Табыстылыққа әсер ететін негативті факторлар:

  • Бәсекелестіктің әсері – ұсынылатын банктік қызметтерге бағаны төмендетуге әкеледі.


23. Қоғамда бар лицензиялар (патенттер) туралы ақпарат және олардың қолдану мезгілі, зерттеуге және өңдеуге кеткен шығындар, соның ішінде қоғаммен қаржыландырылатын зерттеулік өңдеулер.
Акциялар шығарылымының осы проспектісін табыстау сәтінде акционерлік қоғамның лицензиялары (патенттері), зерттеу мен өңдеуге кеткен шығындары жоқ. Бірақ заңнаманың талаптарына сай акционерлік қоғам банктік және өзге операцияларды, бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға оның қызметіне қажетті лицензияларды алуға ниетті.
24. Соңғы екі жылда немесе акционерлік қоғамның нақты құрылған мезгілінде өткізілген өңімдер (орындалған жұмыстар, қызметтер) көлемі.
Заңнамаға сәйкес «Кредит Алтын Банкі» АҚ қажетті лицензияларды алғанға дейін, қоғам өзінің қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ, сондықтан акциялар шығарылымының осы проспектісін табыстау сәтінде қызметтер көрсетілмеген.

25. Өз өнімін (жұмыс, қызмет) сатуды ұйымдастыру бойынша қоғамның қызметі.

2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша қоғамға тұтынатын тауарлардың жалпы құнынан бес және одан артық пайызды құрайтын көлемде тауарларды (жұмыстар, қызметтер) жеткізуші "Research Consulting and Analysis Group" ЖШС болып табылады, Алматы қ., шарттың нөмірі мен күні № BL-01/2010-KAB, 17.02.2010 ж., жұмыс/қызмет атауы: «Бисквит» ПО және «Бисквит» ПО енгізу бойынша жұмыстарды орындау, шарт бойынша сома 338 233 АҚШ доллары және тиісінше 226 888 АҚШ доллары.


26. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

1) мезгілдік сипаты бар қызметтің түрлері, акционерлік қоғамның жалпы табысында олардың үлесі:
Акционерлік қоғам қызметінің мезгілдік сипатты жоқ.
2) өткізілетін өнімнің жалпы көлеміндегі акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттың (жұмыстың, қызметтің) импорттағы үлесі және акционерлік қоғаммен экспортқа өткізілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) үлесі:
Заңнамаға сәйкес акционерлік қоғаммен қажетті лицензияларды алғанға дейін, акционерлік қоғам өзінің қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ, сондықтан акциялар шығарылымының осы проспектісін табыстау сәтінде қоғаммен қызметтер көрсетілмеген, осыған байланысты үлесті анықтау мүмкін емес.

3) сот іс жүргізуінде акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәліметтер. Оның қатысуымен сот іс жүргізуінің мәнін сипаттау қажет, оның нәтижелері бойынша акционерлік қоғамның қызметінің тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттеме өтелуі мүмкіндіктің болуы:
Өзінің қатысуы бар «Кредит Алтын Банкі» АҚ сот іс жүргізулері жоқ, оның қорытындысы бойынша қызметтің тоқтатылуы немесе өзгертілуі, сондай ақ «Кредит Алтын Банкі» АҚ маңызды ақшалай және өзге міндеттеме артуы болуы мүмкін.

4) соңғы жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен және (немесе) сотпен акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына артылған барлық әкімшілік шаралар туралы мәліметтер:
«Кредит Алтын Банкі» АҚ және оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік шаралар артылмаған.


  1. Тәуекел факторлары:



Тәуекел түрлері

Түсіндірмелер


Елдік тәуекел


макроэкономикалық

Қазақстанда және әлемде макроэкономикалық жағдайдың кері өзгеру, соның ішінде ВВП өсу қарқынының төмендеу, елдің инвестициялық тартымдылығының нашарлау, ұлттық және шетел валютасының нарқының қолайсыз өзгеру тәуекелімен байланысты, тиісті валютада білдірілген төлемдер мен түсімдердің баланстың жағдайсыздығына соқтырады.



саяси

«Кредит Алтын Банкі» АҚ қызметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін Қазақстандағы саяси құрылым, сыртқы саяси бағыттың өзгеру мүмкіндігімен ерекшеленеді.





әлеуметтік

Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайы нашарлауының мүмкінді тәуекелі, осының нәтижесінде «Кредит Алтын Банкі» АҚ қызметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін саяси құрылым мен үкіметтің даму бағытына наразылықтың тууы.



Нарықтық тәуекел


бағалы қағаздарға бағаның өзгеру тәуекелі

Құбылмалылықтың, әр түрлі бағалы қағаздарға бағалардың арасында, баға және нарықтық индекстің арасында тәуелділіктің өзгеруі, дивиденттік төлемдердегі өзгерістер «Кредит Алтын Банкі» АҚ акциялар бағасына негативті әсер беруі мүмкін;

портфельдің шамадан тыс концентрация тәуекелі

Несиелік портфельдің нақты құралдарда, ірі қарыз алушыларда және экономиканың нақты секторларында шамадан тыс концентрациясы «Кредит Алтын Банкі» АҚ несиеқабылеттілік көрсеткіштеріне негативті әсер беруі мүмкін.


пайыздық тәуекел

Пайыздар ставкасындағы өзгерістер, қисық табыстылықтың артықшылығының өзгеруі, әр түрлі ставкалар мен индикаторлар арасындағы пайыздық ставкалардың, тәуелділіктің және спрэдттердің құбылмалылығын қоса алғанда, пайыздық ставкалардың қозғалысынан негативті әсер. «Кредит Алтын Банкі» АҚ табыстарының басты бабы болып пайыздық табыс табылады. Нарықтық пайыздық ставкаларының өзгеруі олжа және таза пайыздық табысқа әсер ететін сол деңгейде пайыздық тәуекел есептеледі.

өтімділікті басқару

Төлем мерзімі басталғаннан барлық ақшалай міндеттемелерді өтеу үшін қаражаттардың ұдайы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Кредит Алтын Банкі» АҚ өтімділікті басқаруды жүзеге асыруға ниетті.



валюталық тәуекелді басқару

Шетел валютасында қаржылық құралдармен жұмыс шетел валютасының нарқының қолайсыз өзгеру тәуекелімен ұштасады. Валюталық тәуекелді басқару ашық валюталық позицияның мөлшеріне тиісті лимиттерді орналастыру жолымен жүзеге асырылады.


несиелік тәуекел

Несиелік тәуекел өзімен «Кредит Алтын Банкі» АҚ алдында қарыз алушымен немесе басқа тараппен өзінің міндеттемелерін орындамау нәтижесінде қаржылық шығындар тәуекелін көрсетеді. Несиелік тәуекелді басқаруға уәкілетті Несиелік комитетті құруды қосып алғанда, несиелік қызметке бақылауды жүзеге асыру бойынша саясат пен процедураларды «Кредит Алтын Банкі» АҚ қарастырады.



бәсекелестік

Басқа қаржылық ұйымдардың тарапынан қатаң бәсекелестіктің болуы ұсынылатын қызметтердің деңгейі мен сапасын арттыруға «Кредит Алтын Банкі» АҚ ынталандырады.

Операциялық тәуекел

Техникалық қателер немесе адамдардың қателері нәтижесінде пайда болатын мүмкінді қаржылық шығындарды операциялық тәуекел көрсетеді. Несиелік операциялар мен төлемдерді жүргізу үшін жаңа технологиялар мен программалық қамтамасыз етулерді еңгізу жолымен «Кредит Алтын Банкі» АҚ операциялық тәуекелді төмендетеді.

«Кредит Алтын Банкі» АҚ қызметіне негізгі тәуекелдеріне несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелдер, пайыздық ставкаларды және валюта нарқын өзгерту тәуекелдері жатады.

Қаржылық тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаттары тәуекелдердің лимиттерін орнату және тәуекелге берілгендік берілген шекте қалдырылатынға бақылау болып табылады. Операциялық және заңды тәуекелдерді басқару қызметі – операциялық және заңды тәуекелдерді төмендету үшін ішкі саясат пен процедуралардың тиісті қызмет етуіне бақылау.

«Кредит Алтын Банкі» АҚ тәуекелдермен басқару жүйесі төмендегі элементтерден тұратын тәуекелдің осы немесе басқа түрін «Кредит Алтын Банкі» АҚ басшылығы айқындауға, жайылдырмауға, өлшеуге және бақылауға мүмкіндік береді:



  • активтер мен пассивтерді басқару;

  • белсенді операциялар саясатын өңдіру және орындау;

  • жеке операциялар бойынша шешімдер қабылдауда өкілеттіліктерді бөлу;

  • нормативтер мен лимиттерді орнату;

  • ішкі басқарушылық есеп және қаржылық талдау;

  • азық-түлік пен қызметке орталықтандырылған баға құрылуы (тарифтер);

  • есептілікке және құжат айналымына талаптарды белгілеу;

  • мониторинг;

  • аудит;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Банктік қызметтің, жеке операциялардың, ұйымдастырылған бөлімшелердің бағыттары үшін мүмкін тәуекел деңгейін сапалы анықтау мағыналы процедура болып табылады. Мұнда «Кредит Алтын Банкі» АҚ қазіргі уақытта бар тәуекелді өзгертумен шектелмейді, сонымен бірге банктік қызметтің жаңа нарығын, операциялары мен бағыттарын меңгеру тәуекелдерін бағалау жоспарланып отыр.

«Кредит Алтын Банкі» АҚ тәуекелді бақылау қызметін орындау тәуекелді басқару жүйесін, әдістемелердің бірнешеуін қолдану нәтижесі және «Кредит Алтын Банкі» АҚ нақты бөлімшелерінің күнделікті қызметінің қорытындысы болып табылады. «Кредит Алтын Банкі» АҚ тәуекелді бақылау үшін жоспарланады жасауға: өкілеттіліктерді бөлу жүйесін, сыңалған лауазымдық нұсқаулықтар, ақпаратты таратудың жетілдірілген каналдары. Тәуекелді бақылау «Кредит Алтын Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің, әр түрлі деңгейдегі басшылардың және қатардағы банктік қызметкерлерінің қызметіне жатады.

Тиімді ішкі басқарушылық бақылау тәуекелдерді бақылау үшін маңызды роль ойнайды. Мақсат-минимум лауазымдық өкілеттіліктерді айқын анықтауға және шек қоюға, екі еселік бақылауды қамтамасыз етуге, кадрлардың ротациясына, сондай-ақ бұл мақсаттарға қажетті жұмыс уақытын бөлуге алып келеді.

Тәуекелдер мониторингі кері байланыс механизмі бар тәуекелді бағалау және бақылаудың үнемі тәуелсіз жүйесімен қамтамасыз етіледі. Мониторингті ақпараттық лауазымдық есеп беру, аналитикалық қызмет, ішкі және сыртқы аудит арқылы орындау болжанады. Мониторинг шеңберінде қабылданатын есептілік менеджерлерді кері байланыспен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға толық және ірілендірілген ақпаратты табыстайды. Бұл ақпарат ағымдағы қызметті талдауға мүмкіндік береді, «Кредит Алтын Банкі» АҚ қызметінің жеке бағыттарының шешімдеріне, сонымен бірге «Кредит Алтын Банкі» АҚ жалпылай қатысты шешімдеріне де қажет.

Қаржылық қиыншылықтарды алдын алу шаралары

«Кредит Алтын Банкі» АҚ құруға жоспарланып отырған тәуекелдер басқару жүйесі қолайсыз салдардың болу мүмкіндігін уақытында болжауға жағдай жасайды және олардың алдын алу үшін тиімді шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Несиелік тәуекел:



  • Мерзімдер, пайыздық ставкалар, инвестициялау бағыттары бойынша активтерге салымдардың лимиттері ай сайын белгіленіп отырады;

  • Несиелік тәуекелдің жан жақты бағасы негізінде несие беру туралы мәселелерді коллегиалды шешуді көздейтін несиелік комитеттердің жүйесі әрекет ететін болады;

  • Банктің несиелік портфелі жағдайының күнделікті мониторингі болады;

  • Ұдайы негізде қарыз алушылар және кепілшілердің ағымдағы жағдайының мониторингі, кепілге алынған мүліктің нарықтық бағасының қозғалысын бақылау жүзеге асырылады, кепіл пәні жағдайларын үнемі тексеру жүргізіледі.

Өтімділік тәуекелі:



  • Ағымдағы өтімділікті күнделікті бақылаумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр: валютаның барлық түрлері бойынша «Кредит Алтын Банкі» АҚ барлық корреспонденттік есеп шоттарында ақшалай қаражаттың қозғалысы кіретін, нақты уақыт тәртібінде «Кредит Алтын Банкі» АҚ төлем позициясын жүргізу;

  • Орта жеделдіктегі өтімділікті басқару мақсатында Банктің барлық бөлімшелерінің белсенді және енжар операцияларын жоспарлау «Кредит Алтын Банкі» АҚ өтімділік құралдарда қажеттілігін есептеп жүзеге асырылады;

  • Әр түрлі қаржылық құралдарға активтерді орналастыру қор көздерінің көлемінің жеделдігін есепке ала отырып, жүзеге асырылады;

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ талаптары мен міндеттемелерін өтеуін талдау үшін сақтық шаралары уақтылы қабылдануы қамтамасыз етіліп отырады.

Нарықтық тәуекел:



  • Пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелін басқару мақсатында тарту және орналастырудың нарықтық ставкаларының тұрақты мониторингі жүзеге асырылатын болады;

  • Тарту және орналастыру мерзімдері қысқа банкаралық несиелердің төменгі үлесті активтер мен пассивтер құрылымында сүйемелдеу қамтамасыз етіледі;

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ қарыз алушылары және кепілші болып табылатын клиенттері қызметтерінің салаларын дамыту болашағы мониторингі жүргізілетін болады.

  • Тарту мерзімдері бойынша халықтың салымдар құрылымын ықшамдау бойынша жұмыс ұйымдастырылады (талап етілгенге дейін салымдар мен жедел салымдар саны арақатынасы).

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ қызметінің барлық бағыттары бойынша нарықты өзгертуге жайлы көңіл бөлуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Валюталық тәуекел:



  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ ашық валюталық позициясын барлық валюталық операциялар бойынша нөлге жақын ұстануы жоспарланып отыр;

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ валюталық талаптар мен міндеттемелерінің талдауы жүргізіледі, көлемі, мерзімі бойынша олардың сәйкестігі, реттеу бойынша шаралар жедел қабылданады;

  • Ұдайы негізде шетел валюталары нарығының өзгеруі болжау жүзеге асырылатын болады;

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ корреспонденттік шоттары әлемнің дамыған елдерінің нық банктерінде ашылатын болады.

Операциялық тәуекел:



  • Банктік операцияларды жүзеге асырудың тәртібін толық белгілеу қамтамасыз етіледі. Жаңа қызметті немесе операцияны еңгізу оны жүзеге асырудың технологиясы мен процедурасын бекіткеннен кейін жүзеге асырылады;

  • Шарттардың бекітілген қалыпты нысандарын қолдану жолымен және/немесе құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен мәмілелерді алдын ала үйлестіріп операциялардың заңды рәсімделуіне бақылау қамтамасыз етіледі;

  • Қызметтер мен өкілеттіліктерді бөлу, операцияларды қос еңгізу және бекіту қағидасының негізі салынады;

  • Бірлескен желіге жету жолы және пайдалану ережелері қатаң тәртіпке қойылады;

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ ақпараттық қауіпсіздігін қорғау бойынша шаралар жүйесі еңгізіледі, филиалдар мен басты ұйымдардың бірлескен желісінің және ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайын жоспардағы және жоспардан тыс тексерулер жүзеге асырылатын болады;

  • «Кредит Алтын Банкі» АҚ операциялық жүйесінде бұзушылықтан қорғау мақсатында «Төтенше жағдайларда «Кредит Алтын Банкі» АҚ қызметкерлерінің әрекеттерінің тактикасы бойынша басшылық» дайындалады. Байланыстың қор каналдары еңгізіледі, кіруге шектеулі жеке бөлмеде жанбайтын сейфте құжаттардың көшірмелерін сақтау жүзеге асырылады;

  • Жұмысшылар жағынан жоғары бақылауды талап ететін мәмілелердің белгілері анықталатын болады;

  • Жүйелік негізде қызметтің барлық бағыттары бойынша бөлімшелердің қызметін тексеруін жүзеге асыру, банк ішіндегі тексерулермен айқындалған қалыпты бұзушылықтарды жүйелі түрде шолу жоспарланып отыр.


4. Қоғамның қаржылық жағдайы

 

27. Инвестициялар.

2010 жылғы 01 маусымындағы жағдай бойынша «Кредит Алтан Банк» АҚ ұзақ мерзімді активтері басқа да инвестициялар бойынша ұсынылған: негізгі қаражат 738 252 (жеті жүз сексен мың екі жүз елу екі) теңгені және бейматериалды активтерді құрайды: «Бисквит» ПрЭВМ БИС пайдаланудың шектеусіз құқығы (лицензия) 50 000 984 (елу миллион тоғыз жүз сексен төрт) теңгені құрайды.
28. Дебиторлық берешек.

2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша «Кредит Алтын Банк» АҚ-тың қоғам активінің баланстық құнынан бес және одан артық пайыз мөлшерінде дебиторлық берешегі жоқ.



29. Активтер.
2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша «Кредит Алтын Банк» АҚ активтері 5 011 011 082 (бес миллиард он бір миллион он бір мың сексен екі) теңгені құрайды. Құны активтердің баланстық құнынан бес және одан артық пайызды құрайтын қоғамның мүлкі ақша қаражаттары арқылы 4 919 280 606 (төрт миллиард тоғыз жүз он тоғыз миллион екі жүз сексен мың алты жүз алты) теңге мөлшерінде ұсынылған, олар «Сбербанк России» АҚ ЕБ ағымдағы және депозиттік шоттарында 2 563 354 476 (екі миллиард бес жүз алпыс үш миллион үш жүз елу төрт мың төрт жүз жетпіс алты) теңге сомасында және сәйкесінше 900 000 000 (тоғыз жүз миллион) теңге сомасында, сонымен қатар «АТФБанк» АҚ ағымдағы және депозиттік шоттарында 5 926 130 (бес миллион тоғыз жүз жиырма алты мың жүз отыз) теңге сомасында орналасқан, сәйкесінше 1 450 000 000 (бір миллиард төрт жүз елу миллион) теңге сомасында «Кредит Алтын Банк» АҚ акционрлерінен жарғы капиталының жарнасын төлеуге түскен.
30. Қоғамның жарғы және жеке капиталы туралы мәліметтері
2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша «Кредит Алтын Банк» АҚ жарғылық капиталы 100 % төленген және 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгені құрайды: бағалы қағаздар шығарылымы туралы мемлекеттік тіркеуден бұрын (мемлекеттік тіркеу күні 12 ақпан 2010 жыл) 2 500 000 000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде – құрылтайшылармен; 2 500 000 000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде құрылтайшылармен, қағаздар шығарылымы туралы мемлекеттік тіркеуден кейін акционерлер мәртебесін алды.

«Кредит Алтын Банк» АҚ 2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Жеке капиталы 5 002 951 746 (бес миллиард екі миллион тоғыз жүз елу бір мың жеті жүз қырық алты) теңгені құрайды.



31. Қарыздар.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ банктік қарыздары және несиелік желілері жоқ, «Кредит Алтын Банкі» АҚ облигациялар шығарылымы жүзеге асырылмаған.

32. Қоғамның негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты кредиторлық берешек (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар):
«Кредит Алтын Банк» АҚ-ның 2010 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша қоғам активінің баланстық құнынан бес және одан артық мөлшерде кредиторлық берешегі жоқ.

5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы


33. Банкаралық заемдары (банктермен толтырылады).
Заңнамаға сәйкес акционерлік қоғаммен қажетті лицензияларды алғанға дейін «Кредит Алтын Банкі» АҚ өзінің қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ, сондықтан акциялар шығарылымының осы проспектісін ұсыну сәтінде «Кредит Алтын Банкі» АҚ банкаралық заемдары жоқ..

34. Салымдар (банктермен толтырылады).
Заңнамаға сәйкес «Кредит Алтын Банкі» АҚ қажетті лицензияларды алғанға дейін «Кредит Алтын Банкі» АҚ өзінің қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ, сондықтан акциялар шығарылымының осы проспектісін ұсыну сәтінде Банктің депозиттік базасы жоқ.

35. Шетел мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялардың қолданыстағы әрбір шығарылымының құрылымының сипаттамасы (орналастырылған, өтелген және сатып алынған облигациялар саны, есептелген купондар, сондай-ақ соңғы үш жылда облигациялардың өтелген (уақытынан бұрын өтелген) шығарылымдары туралы мәліметтер).
«Кредит Алтын Банкі» АҚ шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес тіркелген облигацияларды бұрын шығармаған.
36. Акционерлік қоғам баланстық құнынан бес пайыздан асатын қолданыстағы халықаралық заемдар шарттары (сыйақы сомасы, өтеу кестесі, мөлшері) туралы, және соңғы үш жылда оның активтерінің баланстық құнынан бес пайыздан асатын мөлшерде тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлімет.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ халықаралық заемдар тартпаған.
37. Акционерлік қоғамда басқа ұйымдардан алынған ашық несиелік желілер туралы мәліметтер, олардың атауын, мекен-жайын, несие сомасын, сыйақы мөлшерін, өтеу күнін және пайдалану мақсатын көрсете отырып.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ басқа ұйымдардың ашық несиелік желісі жоқ.
38. Қаржылық нәтижелерді талдау.

«Кредит Алтын Банк» АҚ қайта құрылған заңды тұлға болып табылады, акционерлік қоғамның банктік қызметі 2010 ж. 01 маусымдағы жағдай бойынша бүгінгі таңда банктік операцияларды (ұлттық және шетел валютасында) жүргізуге лицензия алу бойынша іс-шаралардың өтуіне байланысты жүзеге асырылмаған, осыған байланысты осы тармақ қолданылмайды.



39. Кейінгі екі жылдағы табыстар мен шығындардың құрылымы.
Жоқ.
40. Акционерлік қоғамның пікірі бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғамның қызметін сипаттайтын қаржылық коэффициенттердің есеп-қисабы.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ жаңадан құрылған заңды тұлға болып табылады, проспектіні әзірлеу сәтінде қаржылық коэффициенттерді есептеу мүмкін емес.
41. Акциялардың шығарылымы проспектісі күніне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген пруденциалды нормативтердің және орындауға міндетті басқа нормалар мен лимиттердің мағыналары.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ жаңадан құрылған заңды тұлға болып табылып, банктік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмағандықтан, пруденциалды нормативтерді сақтау бойынша есеп жүргізуге мүмкіншілік жоқ.
42. Акциялардың шығарылымы туралы шешім Қоғаммен қабылдағанға дейін соңғы алты ай ішінде берілген кепілдердің көлемі және саны.
«Кредит Алтын Банкі» АҚ кепілдер берген емес.
43. Акционерлік қоғаммен бұрын берілген кепілдер, сот талаптары нәтижесінде пайда бола алатын оның мүмкін міндеттемелеріне байланысты өзге ақпарат.
Жоқ.


6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер

 

44. Бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымдары:


«Кредит Алтын Банкі» АҚ бағалы қағаздардың шығарылымын бұрын тіркеген емес.
7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәліметтер

 

45. Акциялар туралы мәліметтер:




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет