Акциялар шығарылымының проспектiсi



жүктеу 185.21 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі185.21 Kb.
: attachments -> emi -> stocks
stocks -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> «Шымкентмай» акционерлік қОҒамының акцияларын шығару проспектісі «Шымкентмай»
stocks -> Проспект выпуска акций Акционерного общества «Автоматика» ао «Автоматика»
stocks -> Акцияларды шығару проспектісі
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> Акция шығару проспектісі «май» Акционерлік қоғамы
stocks -> Акциялар шығарудың проспектісі
stocks -> «Қалалық электр жүйесі» АҚ «Қалалық электр жүйесі» акционерлік қоғамының акциялар шығарылымының проспектісі
«АГАТ» акционерлік қоғамының

«АГАТ» АҚ


Акциялар шығарылымының проспектiсi

«Уәкiлеттi органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу проспектiде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бiр ұсынымдар ұсынуды бiлдiрмейдi. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейдi. Акциялар шығарылымының проспектiсi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуiне ғана қаралды. Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығына жауап бередi және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды»



І бөлім. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер.
1. Акционерлік қоғамның атауы:
1.1. Қоғамның мемлекеттік және орыс тіліндегі толық атауы:

«АГАТ» акционерлік қоғамы; Акционерное общество «АГАТ».


1.2. Акционерлік қоғамның мемлекеттік және орыс тіліндегі қысқарған атауы:

«АГАТ» АҚ; АО «АГАТ»


1.3. Акционерлік қоғамның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, олардың өзгертілген күндері:

1) Толық атауы: «АГАТ» ашық акционерлік қоғамы, қысқарған атауы: «АГАТ» ААҚ, 2005 жылы 19 сәуірде өзгертілген;

«АГАТ» акционерлік қоғамы 2000 жылы 22 ақпанда Қарағанды облысының әділеттік басқармасы тіркеген мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк № 10034-1930-АҚ «АГАТ» ашық акционерлік қоғамының құқықтық мұрагері болып табылады.
2. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет:

заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiкті берген күні: 19 сәуір 2005 ж.

заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiктің нөмірі – 10034-1930-АҚ;

заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеудi жүзеге асырған орган: Қарағанды облысының әділет Департаменті.


3. СТТН – 301900015150.
4. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефондардың және факстардың нөмірлері, электрондық поштасы:

Заңды және нақты мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 100001, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Майкұдық шахтасының аумағы

телефон: 8(3212) 411306,

факс: 8(3212) 492365,

электрондық пошта: жоқ
5. Акционерлік қоғамның банк құжаттары:

«ДанаБанк» АҚ Қарағанды қ. филилалы, ИИК 467493, БИК 191801720, банктің мекен-жайы: Қарағанды қ., Костенко көш., 6.


6. Акционерлік қоғамның қызмет түрлері.

1. көмір және тақта тас өндірістерін салу, пайдалану, жою және консервациялау;

1.1. жұқа, орташа және қалың қыртысты көмір және тақта тас кен орындарын жер астынан алу тәсілмен дайындау;

1.1.1. сыртқы-технологиялық кешеннің қызметімен байланысты жұмыстар;

1.1.2. шахталық көтеру;

1.1.3. технологиялық жер асты кешені;

1.1.4. жер асты тау кен орнында қазба жүргізу;

1.1.5. тау кен орнын бекіту;

1.1.6. бұрғылау жару жұмыстары;

1.1.7. жер асты көлігі;

1.1.8. рудалы жерді жарықтандыру;

1.1.9. шахтыларды электр қуатымен қамтамасыз ету;

1.1.10. автоматтандыру және байланыс;

1.1.11. жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары;

1.1.12. бұрғылау, тау кен шахталық, көліктік жабдықтарды, машиналарды және кешендерді, жарылыстан қорғалған электр техникалық құралдарды, аппаратураларды және бақылау жүйелерін монтаждау, демонтаждау және жөндеу;

1.2. алаңдарды жоспарлау;

1.3. жерді өңдеу;

1.4. 10 кв-қа дейін электрмен қамтамасыз ету желілерін салу;

1.5. диаметрі 500 мм-ге дейін қысымы 6 кг/см2- ге дейін жылу желілерін салу;

1.6. диаметрі 500 мм-ге дейін қысымы 6 кг/см2-ге дейін сумен қамтамасыз ету желілерін салу;

1.7. диаметрі 1000 мм-ге дейін канализациялық желілерді салу;

1.8. байланыс желілерін салу;

1.9. үйлерді және ғимараттарды салу және бұзу;

1.10. жер бетінде және шахтадағы инженерлік желілердің технологиялық және электр техникалық құралдарын демонтаждау;

1.11. тау кен орындарын, бағандар, скважиналардың саңылауын айыру және жою;

1.12. жойылатын шахталардың тау бұрылыстарындағы жерді қайта культиваторлау;

1.13. жою жұмыстарының бағдарламаларын дайындау;

1.14. жою жұмыстарының әдістемелік нұсқауларын, ережелерін, жетекшіліктерді және жобаларды дайындау;

1.15. қосымша жұмыстар;

1.16. геологиялық-маркшейдерлік жұмыстарды өндіру;

1.17. желдеткіш;

1.18. қауіпсіздік техникасы;

1.19. электр доғалық және газдық пісіру, кесу және дәнекерлеу;

1.20. шахталардың жөндеу шеберханалары жағдайында тау кен жабдықтарының ірі бөлшектерін жалынды ацетилен-оттегімен шыңдау;

1.21. көмір шахталарында шаңмен күрес жүргізу;

1.22. шахта өрттерінен сақтау және жою жөніндегі жұмыстар;

1.23. тау кен орындарын су басудан сақтау және жою жөніндегі жұмыстар;

1.24. шахтада апат болған жағдайда адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстар;

1.25. өндірістік тазалық сақтау;

1.26. өндірістік-тұрмыстық үйлерді және құрылыстарды, инженерлік желілерді ұстау;

2.1. материалдарды және жабдықтарды демонтаждау, қабылдау, қоймаға қою, сату бойынша жұмыстар;

2.2. халыққа ақылы қызмет көрсету;

2.3. қоршаған ортаны сақтау;

2.4. жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстарын өндіру;

2.5. тауар материалды құндылықтарды ҚР, ТМБ республикалары және алыс шетелдер аумақтарында сатуды өндіру;

2.6. кен шығарылатын орындарды өңдеу, табиғи тасты өндіру, оны өңдейтін және безендіретін материалға және бұйымға қайта өңдеу;

2.7. ағаш бұйымдарын, металл бұйымдарын мен конструкцияларын дайындау;

2.8. сауда-саттық қызмет, дүкендер, дүңгіршектер, сауда орындарын ашу, делдалдық қызмет көрсету, көтерме-бөлшек, комиссиялық сауданы ұйымдастыру;

2.9. өнеркәсіптік және басқа өндірістердің қалдықтарын пайдаланумен қоса, құрылыс жол материалдарын және конструкцияларды, бұйымдарды өндіру және сату;

3. мобилизацияланатын жұмыстар және азаматтық қорғау;

4. Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Қоғам жекелеген қызмет түрлерін Қазақстан Респуликасының өкілетті мемлекеттік органдарынан тиісті рұқсаттар (лицензиялар) алған соң жүзеге асырады.


7. Рейтингтер туралы мәліметтер:

рейтингтер жоқ.


8. Акционерлік қоғамның барлық филиалдардың және өкілеттіктердің атаулары, тіркеу күндері, орналасқан орындары және пошталық мекендері.

Филиалдар және өкілеттіктер жоқ.


9. Аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, акционерлік қоғамның қаржылық есебін жүзеге асырған аудит)

«Сана-Капитал» аудиторлық фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (27 желтоқсан 1999 жылы берілген лицензия № 0000024), бірінші басшысы – Перов А.М. (лицензияның нөмірі 0000093)


ІІ. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері).
10. АҚ Директорлар кеңесі:

Қоғам жарғысымен директорлар кеңесі көзделмеген


11. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы


АҚ жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты не АҚ алқалы атқарушы органының мүшесiнiң, оның iшiнде басқарма төрағасының аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты

Хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта осы тұлғалардың атқаратын лауазымы, оның iшiнде қоса атқаратын қызметi

АҚ орналастырған акциялардың жалпы санына акциялардың проценттiк ара қатынасы

Иноятов Эдуард Асатович, т.ж. 1938

2001 ж. – 19/04/2005 ж. - «АГАТ» ААҚ президенті

2005 ж. сәуірден – осы күнге дейін - «АГАТ» АҚ президенті

жоғары органның шешімдерін орындайды, қоғам жарғысына сәйкес өкілеттіктер орындайды.


0,00


12. Ақырғы қаржы жылда қоғамның лауазымды тұлғаларына төленген сыйақының және айлықақының жалпы сомасы.

Президентке ақырғы қаржы жылы үшін төленген сыйақының және еңбекақының жалпы сомасы – 685000 теңге.


13. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру құрылымы:

13.1. Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлiмшелерi:
Қоғамның президенті

Бухгалтер / өндірістік-техникалық бөлімнің инженері / қауіпсіздік техника жөніндегі инженер / кадлар бөлімінің инженері / механик / участок бастығы
13.2. Акционерлік қоғам қызметкерлерiнiң, оның iшiнде акционерлiк қоғам филиалдары мен өкiлеттiктерi қызметкерлерiнiң, жалпы саны:

АҚ қызметкерлерінің жалпы саны - 27 адам. Филиалдар мен өкілеттіктер жоқ.


13.3. АҚ акцияларына билік ететін АҚ жұмыскерлерінің жалпы саны:

Акционерлік Қоғамның акцияларына Акционерлік қоғам қызметкерлері ие болмайды.


13.4. Қоғам бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлімет

  1. Бухгалтер – Бахарева О.А., т.ж. 1961

  2. Өндірістік-техникалық бөлімнің инженері – Иноятова Е.Э. т.ж. 1966

  3. Қауіпсіздік техника жөніндегі инженер – Грознов В.И. т.ж. 1938

  4. Кадлар бөлімінің инженері – Савельева Н.В., т.ж. 1952

  5. Механик – Тен А.Н. т.ж. 1950

  6. Участок бастығы – Истомин М.Н., т.ж. 1954


13.5. Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшылары туралы мәлiмет

филиалдар мен өкілеттіктер жоқ.


14. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері).

Акционерлік қоғам орналастырған акциялардың 10 (он) және одан да көп процентіне ие болатын акционерлердің жалпы саны




Құрылтайшылардың (Акционерлердің)-заңды тұлғалардың толық атауы немесе Құрылтайшылардың (акционерлердің)-жеке тұлғалардың аты-жөні, туған жылы

Құрылтайшылардың (Акционерлердің)-заңды тұлғалардың орналасқан жері немесе Құрылтайшылардың (акционерлердің)-жеке тұлғалардың жеке куәлік мәліметтері

ЖҚ Акционердің үлесі, %

«Шахта Западная» жауапкершілігі шектеулі сріктестігі

Қарағанды қ., Украинская көш., 24, 07.01.2004 ж. Қарағанды облысы Әділеттік басқармасы берген мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 11459-1930-ЖШС

100,0


Жасалған опциондар туралы ақпарат.

Жасалған опциондар жоқ.


15. АҚ орналастырылған акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесiмен) 10 (он) және одан да көп процентiн иеленетiн iрi акционер болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер.
Акционерлік қоғам ірі акционер болып табылатын ұйым – ұйымның 10 (он) және одан да көп пайыз орналастырылған акцияларын (жарғылық капиталда үлесін) иеленеді.
16. Акционерлік қоғам қатынасатын өнеркәсiптiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.





Ұйымның толық және қысқартылған атауы, мекен-жайы

өнеркәсіптік топтар

Жоқ

банктік топтар

Жоқ

Қаржылық топтар

Жоқ

холдингтар

Жоқ

концерндер

Жоқ

ассоциациялар

Жоқ

консорциумдар

Жоқ


17. Акционерлік қоғамның басқа аффилиирданған тұлғалары туралы мәлімет.

Иноятов Т.Э. – Э.А.Иноятовтың ұлы

Иноятова Е.Э. – Э.А.Иноятовтың қызы
17-1. Қоғамның Аффилиирданған тұлғаларымен мәмілелер.

Иноятов Т.Э. «АГАТ» АҚ механизмдерін жалға беру жөнінде қызмет көрсетті


ІІІ. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты.
18. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң қысқаша сипаты, акционерлiк қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдары туралы мәлiметтер.
«АГАТ» Акционерлік қоғамы көмір өндірістерін салумен, пайдаланумен, жоюмен және консервациялаумен, тау кен жабдықтарын монтаждаумен және демонтаждаумен, жерді өңдеумен айналысады. Одан басқа кәсіпорын материалдарды және жабдықтарды қабылдау, қоймаландыру және сатуды жүзеге асырады, мемлекеттік сияқты, мемлекеттік емес әр түрлі объектілерде тарату жұмыстарын жүргізеді.

Кәсіпорындар арасынан бәсекелестер ретінде – «Шахтостроитель» ЖШС, «Вирц» ЖШС, «Каздорстройтех» ЖШС, «Ремстройсервис» ЖШС бөліп көрсетуге болады.


19. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.

теріс әсер ететiн: бәсекелестердің көбеюі, инфляция, жұмыс істеуге қажетті жабдықтарды шығаратын жергілікті кәсіпорындардың жоқтығы, жөндеу базасының жоқтығы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, механизмдер мен жабдықтардың ескіруі, автоқызмет көрсету және басқа жақтардың қызмет көрсетулерінің тым жоғары бағасы;

оң әсер ететiн: бәсекелес ұйымдардың дамуына қарамастан, кәсіпорынның Қарағанды облысы бойынша қызмет көрсетудегі қажеттілігі, негізгі қызмет түрлері бойынша жұмыстағы мол тәжірибесі.
20. Сатылған өнімдердің (жасалған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) көлемі ақырғы екі жыл ішінде немесе акционерлік қоғамның нақты қызмет ету мерзімінде




Көрсеткіштер атауы

Өлшемдер

2003 ж.

2004 ж.

1

Сатылған өнімнен (жұмыстан, қызмет көрсетуден) түскен табыс (түсім)

Мың теңге

57914,671

17654,090

2

таза табыс (шығын)

Мың теңге

-7329,190

-6542,408

2004 жылғы табыстың азаюы төмен сметалық бағалауға байланысты, қымбаттау коэффициенті нарықтық сатып алу бағасына сәйкес емес.


21. Өзінің өнімдерін (жұмыстарын, қызмет көрсетуін) сатуды ұйымдастыру бойынша АҚ қызметі:

Кестеде шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетудің) жалпы құнынан 5 және одан да көп проценттік көлемін құрайтын, қоғамның тауарларын (жұмыстарды, қызмет көрсетуді) тұтынушылар туралы мәлімет көрсетілген.


Тұтынушылар:




Тұтынушының атауы

Шығарылатын тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнынан үлесі, %

1

«Карагандаликвидшахт» РМАК

100,0

Тұтынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетудің) жалпы құнынан 5 және одан да көп проценттік көлемін құрайтын, қоғамның тауарларын (жұмыстарды, қызмет көрсетуді) жеткізушілер жоқ.


22. Акционерлік қоғамның активтері, олардың баланстық құны.

Кестеде актив топтарының атауы, дебиторлық берешекті қоспағанда, қоғам активтері құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын құны көрсетілген.






Актив топтарының атауы

01.06.2005 жылдың баланстық құны, мың теңге

1

Үйлер және ғимараттар

1771657

2

Машиналар және құралдар, беріліс құрылғылары

1809503

3

Материалдар

2700143


23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

23.1 Қызметтiң маусымдық сипаты бар түрлерi, олардың акционерлік қоғамның жалпы кiрiсiндегі үлесі;

маусымдық сипатқа оның үлесі жалпы жұмыс көлемінен 6 пайызын құрайтын жерді өңдеу қызмет түрлері жатады.



23.2 Акционерлік қоғамға жеткiзiлетiн (көрсетiлетiн) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегi) импорттың үлесi: жоқ.

23.3 Акционерлік қоғаммен сатылатын өнiмнiң жалпы көлемiндегi экспортқа қоғам сататын өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) үлесi; жоқ

23.4 Сот процестерiне акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәлiмет.

Акционерлік қоғам сот үрдістеріне қатысқан жоқ олардың нәтижелері бойынша акционерлік қоғам қызметінің тоқтатылуы немесе өзгеруі болуы мүмкін.



23.5 Акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және (немесе) сот салған барлық әкiмшiлiк жазалар туралы мәлiметтер;

акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына ақырғы жылда әкiмшiлiк жазалар салынған жоқ.


23.6 Тәуекел факторлары:

Қоғамның қаржы жағдайына инфляциялық үрдістерінің әсері:

- қоғам мүлігінің нақты құнының азаюына (өйткені негізгі қаражатының құнын бағалау ескі баға сияқты жаңа бағаларды пайдалану негізінде өткізіледі);

- амортизация шығындарының азаюына, ондай жағдай қызмет көрсетудің өзіндік құнының дәлелсіз азаюын көрсетеді;

- қоғам ақшалай қаражаттарды инвестициялауды жүзеге асыру үшін біраз жинақтау мүмкіндіксіздігіне әкеледі.

шығарылатын өнімдердің бәсекелестік қабілетіне байланысты тәуекелдерді талдау:

Қарағанды облысының жұмыс (қызмет көрсету) рыногында қоғам өнімінің бәсекелестік артықшылығын көрсететін негізгі көрсеткіштері:



  • қызмет көрсетудің (жұмыстың) сапасы,

  • тұтынушылар үшін тиімді сату бағасы болып табылады.


IV. Қаржылық жағдайы.
24. Инвестициялар.

жоқ
25. Дебиторлық берешек.






АҚ алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан да көп процентi мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жерi

өтеу мерзiмдерi /мың теңге/

өтеу күні

1

«Энергия Плюс» ЖШС, Қарағанды қ., Әлиханов көш., 13

700,0

шілде, 2005 жыл







700,0

тамыз, 2005 жыл







700,0

Қыркүйек, 2005 жыл







700,0

қазан, 2005 жыл







700,0

қараша, 2005 жыл







700,0

желтоқсан, 2005 жыл







8400,0

2006 жыл







8400,0

2007 жыл







3325,0

2008 жыл


26. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы.

«АГАТ» АҚ Төлеген жарғылық капитал – 50 000 000 (елу миллион) теңге.


27. Заемдар. Қолданыстағы облигациялар шығарулар, банк заемдар және кредиттiк желiлер.

Қолданыстағы облигациялар шығарулар, банктік заемдар, кредиттік желілер – жоқ.


28. АҚ-ның негізгі қызметін жүзеге асырумен байланысты несие берешегі (жеткізушінің алдындағы берешек, алынған аванстар).




АҚ алдында акционерлік қоғам негізгі қызметін жүзеге асырумен байланысты ең үлкен кредиторлық берешегi бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жерi

Өтеуге жалпы сомалар (мың теңге)

өтеу күні

1

Иноятов Т.Э., Қарағанды қ., Республика даңғ., 18 үй, 135 пәт.

1629,0

2005 жылдың үшінші тоқсан







1630,0

2005 жылдың төртінші тоқсан


V. Бағалы қағаздарды шығару туралы мәліметтер.
30. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығару арақатынаста көрсетіледі:

1)


Эмиссияның т №

БҚ жалпы саны

БҚ түрі, категориясы

БҚ нақты құны, теңге

БҚ шығару нысаны

БҚ мемлекеттік шығаруды тіркеуді жүзеге асырған орган

БҚ шығаруды мемлекеттік тіркеу №

БҚ шығаруды мемлекетік тіркеген күні.

1.

9 010

Жай атаулы акциялар

1 000



Құжатсыз

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы

4158

2000 жылғы 6 мамыр

2)


Эмиссияның №

Бағалы қағаздарды ораналастыруды бастаған күні

Бағалы қағаздарды ораналастыруды аяқтаған күні

1

06 мамыр 2000 ж.

01 қаңтар 2001 жыл (19.03.2002 жылғы есепті бекіту туралы уәкілетті органның хабарландыруы)

3) Қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз мiндеттемелерiн орындамау фактілері туралы мәліметтер:

жоқ

4) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жiберуді тоқтату туралы мәліметтер:



бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жiберуді тоқтату болған жоқ.

5) облигациялар бойынша төлемдердiң өтеу күнi және жалпы мөлшерi:

облигациялар шығарылған жоқ.

6) артықшылықты акциялар бойынша кепілденген дивиденд мөлшері:

артықшылықты акциялар шығарылған жоқ.

7) бiр акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтiң сомасы және екi соңғы қаржы жылының iшiндегi әрбiр жыл үшiн әрбiр акция түрiне дивидендтiң жалпы сомасы:

дивидендтер төленген жоқ.

8) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, Қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы жүзеге асыратын негізгi рыноктары.

Ұйымдастырылған рыноктарда қоғамның бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылған жоқ.
VІ. Акциялар шығару туралы мәлімет.
30. Акциялар туралы мәліметтер:

1) акциялардың саны, түрі – 50 000 (елу мың) дана жай атаулы акциялар;

2) құрылтайшылар арасында орналастыратын акциялардың саны, түрі – 50 000 (елу мың) дана жай атаулы акциялар;

3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақтылы құны – 1000 (мың) теңге;

4) артықшылық акциялар бойынша кепілденген дивиденд мөлшері – артықшылықты акциялар шығарылмайды.
31. АҚ конвертацияланған бағалы қағаздар:

«АГАТ» АҚ конвертацияланған бағалы қағаздарды шығармайды.


32. Акционерлік Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:

«Регистр-Центр» акционерлік қоғамы, «Регистр-Центр» АҚ, мекен-жайы: Алматы қ., М.Зверев көш., 35, тел. 8-3272-588806, 2004 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының ҚР қаржы нарықтық және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген тізім жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру лицензия № 0406200279.

Тіркеушімен жасаған шарттың күні және нөмірі: 2004 жыл 1 сәуір, № 46К.
33. АҚ төлем агенті туралы мәліметтер:

Төлем агенті көзделмеген.


VІІ . Қосымша ақпарат.
34. Акциялар шығаруға шығындар сомасы.

Консультанттарға 20000 теңге.


35. Инвесторлар үшін ақпарат.

Инвесторлар қоғамның жарғы көшірмесімен және акциялар шығару проспектісімен мына мекен-жайда таныса алады: Қазақстан Республикасы, 100001, Қарағанды қ., Майқұдық шахтасының аумағы. тел.: 83212 49-23-65, 411306


36. Қолдар:

«АГАТ» АҚ Президенті: ______________ Иноятов Э.А.


«АГАТ» АҚ бас бухгалтері: _______________Бахарева О.А.
МО



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет