Акциялар шығарудың проспектісі «№4 Автокомбинат» АҚ «№4 Автокомбинат» Акционерлік қоғамы



жүктеу 473.24 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі473.24 Kb.
  1   2   3
: attachments -> emi -> stocks
stocks -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> «Шымкентмай» акционерлік қОҒамының акцияларын шығару проспектісі «Шымкентмай»
stocks -> Проспект выпуска акций Акционерного общества «Автоматика» ао «Автоматика»
stocks -> Акцияларды шығару проспектісі
stocks -> Проспект выпуска акций
stocks -> Акция шығару проспектісі «май» Акционерлік қоғамы
stocks -> Акциялар шығарудың проспектісі
stocks -> «Қалалық электр жүйесі» АҚ «Қалалық электр жүйесі» акционерлік қоғамының акциялар шығарылымының проспектісі
АКЦИЯЛАР ШЫҒАРУДЫҢ ПРОСПЕКТІСІ

«№4 Автокомбинат» АҚ
«№4 Автокомбинат» Акционерлік қоғамы

«Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде баяндалған акцияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныс жасауды білдірмейді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген уәкілетті орган осы құжатта көрініс тапқан ақпараттың дұрыстығы үшін жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары осы проспектідегі ақпараттың дұрыстығы үшін жауап береді және ондағы барлық ақпарат дұрыс екендігін және инвесторларды қоғам және ол таратқан акциялар бойынша шатастырмайтынын растайды».


  1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер




  1. Акционерлік қоғамның атауы:

  • толық атауы: «№4 Автокомбинат» акционерлік қоғамы;

  • қысқартылғандағы атауы: «№4 Автокомбинат» АҚ.

Қоғамның бұрынғы атаулары, олардың өзгертілген уақыты:

  • 1994 жылдың 25 сәуірінен 1999 жылдың 03 тамызына дейін – «№4 Автокомбинат» ашық тұрпатты акционерлік қоғамы;

  • 1999 жылдың 03 тамызынан 2004 жылдың 18 қазанына дейін – «№4 Автокомбинат» ашық акционерлік қоғамы;

  • 2004 жылдың 18 қазанынан - «№4 Автокомбинат» акционерлік қоғамы.




  1. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

  • бастапқы мемлекеттік тіркеу уақыты: 1994 жылдың 25 сәуірі, №3301-1910-АҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Алматы қаласы Әділет басқармасы берген;

  • қайта тіркеу уақыты: 1999 жылдың 03 тамызы, №3301-1910-АҚ мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік Алматы қаласы Әділет басқармасы берген;

  • соңғы қайта тіркеу уақыты: 2004 жылдың 18 қазаны, №3301-1910-АҚ мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік Алматы қаласы Әділет департаменті берген.




  1. Салық төлеушінің нөмірі: 600300001786.




  1. Акционерлік қоғамның орналасқан жері туралы ақпарат, байланыс телефондары мен факс нөмірлері, электрондық поштасының мекен-жайы:

  • қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Соқпақбаев көшесі, 72:

  • телефон: (3232) 41-45-00;

  • факс: (3232) 41-47-21;

  • электрондық пошта мекен-жайы: atk@nursat.kz




  1. 6. Акционерлік қоғамның банк деректемелері:

  • «Банк ЦентрКредит» ААҚ Алматы қалалық филиалы, ИИК 600425703, БИК 190501719

  • «Банк ЦентрКредит» ААҚ Алматы қалалық филиалы, ИИК 601070490, БИК 190501719




  1. 7. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері:

  • - әртүрлі мақсаттағы жүк автотасымалы;

  • - кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа басқа да қызмет көрсету.




  1. Халықаралық рейтинг агенттіктері мен (не) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері акционерлік қоғамға не ол шығарған құнды қағаздарға берген рейтингтердің бар болуы туралы мәліметтер:

Қоғамға немесе ол шығарған құнды қағаздарға ондай рейтингтер берілмеген.


  1. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктерінің атауы, тіркеу күндері, орналасқан жерлері және пошталық мекен-жайлары:

Қоғамда филиалдар мен өкілдіктер жоқ.


  1. Акционерлік қоғамның қаржылық есеп беруінің аудитін іске асырған аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың аты-жөні, болса -әкесінің аты):

Қоғамның қаржы есептілігіне аудитті «Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасайды, Мемлекеттік лицензия ҚМ ҚР 27.12.1999 ж. берілген, сериясы МФЮ №0000017.
2. Қоғамның органдары мен құрылтайшылары (акционерлер)


  1. Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесі:

1) қоғамның төрағасы мен Директорлар кеңесінің мүшелерінің аты-жөндері, болса - әкелерінің аты, туған жылдары:

- Манасова Үміт Бақытжанқызы 1953 ж.т. – Директорлар кеңесінің төрайымы;

- Мингиров Пулат Абдуллаевич 1949 ж.т. – Директорлар кеңесінің мүшесі;

- Мингиров Асқар Булатович 1975 ж.т. – Директорлар кеңесінің мүшесі.


2) Директорлар кеңесі мүшелері соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқарған қызмет, хронологиялық тәртіпте, соның ішінде негізгі қызметке қоса атқарғандары.

- Манасова Үміт Бақытжанқызы – соңғы үш жылда қазіргі уақытқа дейін өзгедей қызмет, соның ішінде негізгі қызметке қоса атқаратын қызмет атқарған жоқ;

- Мингиров Пулат Абдуллаевич – соңғы үш жылда және қазіргі уақытқа дейін қоғам Президенті;

- Мингиров Асқар Булатович – соңғы үш жылда және қазіргі уақытқа дейін қоғамның Вице-президенті және жөндеу шеберханаларының бастығы.


3) Директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың акционерлік қоғам таратқан акциялардың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы:

Барлығы 99,1% (38 431 акция), соның ішінде:

- Манасова Үміт Бақытжанқызы – 90,22% (34 988 акция);

- Мингиров Пулат Абдуллаевич – 8,88% (3 443 акция).


4) еншілес және тәуелді ұйымдардағы Директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестердің) осы ұйымдар таратқан акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестердің) жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы:

- Директорлар кеңесі мүшелеріне еншілес және тәуелді ұйымдар бойынша тиесілі акциялар (жарғылық капиталдағы үлестер) жоқ.


5) алдыңғы екі жылдағы Директорлар кеңесі құрамындағы өзгеріс:

- алдыңғы екі жылда Директорлар кеңесі мүшелері құрамында өзгеріс болған жоқ.




  1. Акционерлік қоғамның алқалық (дара) атқарушы органы:

Қоғамның атқарушы органы - қоғам президенті болып саналатын дара атқарушы.

1) қоғамның дара атқарушы органының атқарымын атқаратын адамның аты-жөні, болса - әкесінің аты, туған жылы:

- Мингиров Пулат Абдуллаевич, 1949 жылы туған – қоғамның президенті.


2) Қоғам президенті соңғы үш жылда және қазіргі уақытта иеленген қызметтер, хронологиялық тәртіпте, соның ішінде – негізгі жұмысқа қоса атқарғандағы, өкілеттілігін көрсете отырып:

Соңғы үш жылда және қазіргі уақытта Мингиров Пулат Абдуллаевич – қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі.


3) қоғам президентіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестердің) қоғам таратқан акциялардың жалпы санына пайыздық қатынасы:

- 8,88% (3 443 акция).




  1. Қоғамның лауазымды тұлғаларына соңғы қаржылық жылы төленген сыйақы мен еңбекақының жалпы сомасы.

Барлық лауазымды тұлғалардың соңғы үш айдағы сыйақыларының жалпы көлемі 429 972 теңге құрайды.

  • МанасоваҮміт Бақытжанқызы Директорлар кеңесінің төрайымы 126 772 теңге;

  • Мингиров Пулат Абдуллаевич Директорлар кеңесінің мүшесі 169 744 теңге;

  • Мингиров Асқар Булатович Директорлар кеңесінің мүшесі 133 456 теңге.

Қоғамның лауазымды тұлғаларына соңғы қаржылық жылда төленген сыйақылар мен жалақының жалпы сомасы 869 580 теңге құрайды, соның ішінде:

  • Манасова Үміт Бақытжанқызы Директорлар кеңесінің төрайымы 183 952 теңге;

  • Мингиров Пулат Абдуллаевич Директорлар кеңесінің мүшесі 386 481 теңге;

  • Мингиров Асқар Булатович Директорлар кеңесінің мүшесі 299 148 теңге.




  1. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы:

1) Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері:

Қоғамда белгіленген ұйымдық құрылым бөлімшелер мен қызметкерлер құрамының қызмет түрі және шешілетін міндеттер бойынша мамандануына негізделген:



Қоғамның ұйымдық құрылымына мыналар кіреді:

  • басқару аппараты (президент және үш Вице-президент);

  • құрылымдық бөлімшелер;

  • желілік өндірістік учаскелер;

Құрылымдық бөлімшелер:

  • пайдалану бөлімі;

  • бухгалтерия;

  • жалпы бөлім;

Желілік өндірістік учаскелер:

  • жөндеу шеберханалары;

  • гараж-техникалық қызмет;

  • пайдалану қызметі.


2) Қоғам қызметкерлерінің жалпы саны: 192 адам.
3) Қоғам акцияларына ие қоғам қызметкерлерінің жалпы саны және олардың таратылған акциялардың жалпы санына шаққандағы жиынтық үлесі пайызбен:

- таратылған акциялардың жалпы санының 8,88%-іне ие 1 адам.


4) Акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәліметтер (аты-жөні, болса әкесінің аты, туған жылы):

  • бас бухгалтер – Пилипенко Ольга Александровна, 1948 ж.т.;

  • пайдалану бөлімінің бастығы – Мингиров Нұржан Пулатович, 1977 ж.т.;

  • жалпы бөлімнің бастығы – Кузнецов Валерий Алексеевич, 1944 ж.т.;

  • жөндеу шеберханасының бастығы – Мингиров Асқар Булатович, 1975 ж.т.;

  • гараж-техникалық қызмет бастығы – Абдураимов Бақыт Жұманазарұлы, 1977 ж.т.;

  • пайдалану қызметінің бастығы – Мингиров Нұржан Пулатович, 1977 ж.т.


5) филиалдар мен өкілдіктердің жетекшілері туралы мәліметтер (аты-жөні, болса әкесінің аты, туған жылы).

Қоғамда филиалдар мен өкілдіктер жоқ.




  1. Қоғамның құрылтайшылары не акционерлері.

Қоғамның таратылған акцияларының он және одан да көп пайызына ие акционерлердің жалпы саны – 1, Манасова Үміт Бақытжанқызы, 1953 ж.т., - жеке куәлігі №010204094, ҚР ІІМ 14.06.99ж. берген, тұратын жері: Алматы қаласы, Майборода көшесі, 82, «№4 Автокомбинат» АҚ-ның 34 899 жай акциясына ие (90,22%).

Қоғамның дауысқа ие акцияларын сатып алуға опциондар жасалмаған.




  1. Акционерлік қоғам ірі акционері болып саналатын ұйымдар туралы мәліметтер – ұйымның таратқан акцияларының (жарғылылқ капиталдағы үлестерінің) он және одан да көп (халық акционерлік қоғамында – бес және одан да көп) пайызына ие.

Қоғам ірі акционер болып саналмайды – басқа ұйымдардың таратқан акцияларына (жарғылық капиталдағы үлестеріне) ие емес.


  1. Қоғам қатысатын өнеркәсіптік, банк, қаржы топтары, холдингтері, концерндері, қауымдастықтары, консорциумдары туралы ақпарат.

Қоғам өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтардың, холдингтердің, концерндердің, қауымдастықтардың, консорциумдардың қатысушысы емес.


  1. Акционерлік қоғамның басқа да аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер.

Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрайымы Манасова Үміт Бақытжанқызының аффилиирленген тұлғалары:

  • Манасова Зулкия Ділмұхаммедқызы – анасы;

  • Мингиров Нұржан Пулатұлы – ұлы;

  • Мингирова Динара Пулатқызы – қызы;

  • Мингирова Әлия Пулатқызы – қызы.

Қоғамның Президенті Мингиров Пулат Абдуллаевичтің аффилиирленген тұлғалары:

  • Мингирова Ольга Нестеровна – анасы;

  • Мингиров Нұржан Пулатұлы – ұлы;

  • Мингирова Динара Пулатқызы – қызы;

  • Мингирова Әлия Пулатқызы – қызы;

  • Оршабекова Томара Абдуллаевна – қарындасы;

  • Мингиров Виктор Абдуллаевич – інісі;

  • Мингиров Искандер Абдуллаевич – інісі;

  • Передерей Татьяна Абдуллаевна – қарындасы;

  • Мингирова Светлана Абдуллаевна – қарындасы;

  • Хохлова Ольга Абдуллаевна – қарындасы.

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі Мингиров Асқар Булатовичтің аффилиирленген тұлғалары:

  • Алекешева Дина Жұматайқызы – зайыбы;

  • Мингиров Абулхайыр Асқарұлы – ұлы;

  • Мингирова Әйгерім Асқарқызы – қызы.

Басқа тұлғалар қоғамға өздерінің аффилиирленуі жайлы ақпарат бермеген.
18-1. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер

Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер жасалмаған.


3. Акционерлік қоғамның қызметін суреттеу


  1. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерін қысқаша суреттеу, акционерлік қоғамның бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.

Қазіргі уақытта қоғамның негізгі қызмет түрлері инертті және құрылыс жүктерін автотасымалдау болып саналады.

2001-2004 ж.айналым.




атауы

өлш.бірл.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.10 айы

Тасымал көлемі

мың.т.

391,4

676,5

629,2

642,9

Жүк айналымы

мың.т/км

13204,6

29014,4

24574,3

21590,5

Қоғамның негізгі бәсекелестері Алматы қаласында және Алматы облысында орналасқан тектес кәсіпорындар болып саналады.

«3035 Автоколонна» РМК (Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 3-шақырым) негізгі үлесі облысқа тиетін жүк автотасымалымен айналысады, сондықтан Алматы қаласы бойынша негізгі бәсекелес болып саналмайды.

«Ұзынағаш ААК» РМК (Ұзынағаш поселкісі, Сүйінбай көшесі, 1) Алматы облысында жол құрылысы кезінде жүк тасымалымен айналысады.

«Биктранс» ЖШС, «Алматы Транс» ТК» ЖШС, «Алма Транс Компани» ЖШС және жүк автотасымалымен айналысатын өзге де ұсақ кәсіпорындар Алматы қаласы бойынша шағын көлемдегі жүк автотасымалын орындайтындықтан қоғамға күшті бәсекелестік жасай алмайды.


  1. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) табыстылығына жағымды және жағымсыз әсер ететін факторлар.

Басты экономикалық көрсеткіштердің бірі ретіндегі акционерлік қоғамның табыстылығына әсер етуші жағымды факторлар мыналар:

  • қоғамда аталған салада жұмыс тәжірибесіне ие білікті қызметкерлер құрамының болуы;

  • өндірістің ТО-1, ТО-2, ТР мен КамАЗ автомобильдерін күрделі жөндеуде дәнекерлеу, тіркеме және шиномонтаж учаскелерімен қамтамасыз етуші жөндеу қызметімен жабдықталуы;

  • жүк автотасымалына автоқызмет нарығында қажеттіліктің болуы;

  • тұрғын үй, офис, өндірістік ғимараттардың құрылыс көлемінің едәуір артуы жүк тасымалына сұраныстың өсуіне септеседі;

  • қоғам Алматы қаласында орналасқан, мұның өзі тиеу үшін жүк автокөлігін тез беруге, сондай-ақ қаланың кез келген жеріне тез және сапалы тасымалдау ісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

  • қоғамның имиджі 1961 жылдан қалыптасқан, өйткені қоғам ҚазКСР Автотранспорт министрлігінің АЖАӨБ (Алматы жүк автокөлігі өндірістік бірлестігі) №4 Автокомбинатының базасында құрылған және бұрынғы автокомбинаттар қатарынан автотасымалдаушы ретінде Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша сақталып қалған бірден-бір кәсіпорын болып саналады;

  • жүк автокөлігінің сан жағынан көптігі және тіркемелердің болуы қоғамға көп мөлшердегі жүк тасымалын қысқа уақытта орындауға мүмкіндік береді.

Акционерлік қоғамның табыстылығына әсер етуші жағымсыз факторлар мыналар:



  • жылжу құрамының техникалық сипаттамалары және оның техникалық жағдайы. Қоғамда автокөліктің 57%-і тозған және техникалық мүмкіндігі жағынан қазіргі автомобильдерге есе жібереді, олардың отындық және экономикалық тиімділігі төмен, сондай-ақ экологиялық параметрлер мен қозғалыс қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді, көлік қызметі нарығында бәсеке қабілетті емес, жаңартуды тілейді;

  • аймақтық тораптарды дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбейді, қоғам Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ғана автотасымалмен айналысады, мұның өзі оның табыстылығына әсер етеді;

  • автотасымал ауқымына маусымдылық едәуір әсер етеді: қыс кезінде автоқызметтің жүзеге асырылуы едәуір құлдырайды;

  • қоғамның тозған автопаркі артық жанар-жағармай пайдаланады және қызмет көрсету мен жөндеу ісіне үнемі қосымша шығын талап етеді. Істен шығып қала беру, босалқы бөлшектердің болмауы автотасымал ісінде үзіліс болу қатерін арттырады.




  1. Соңғы екі жылда не акционерлік қоғам нақты әрекет еткен кезеңде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстардың, қызметтердің) көлемдері.

Төменде келтірілген кестеде тасымал, жүк айналымы көлемі мен автоқызмет бойынша табыс көлемі тұрғысынан 2002, 2003 жылдарда және 2004 жылғы 10 айда көрсетілген қызмет көлемі көрсетіліп отыр:


атауы

өлш.бірл.

2002 ж.

(%)

2003 ж.

(%)

2004 ж.

10 айда (%)

Жиыны

(%)

Тасымал көлемі

мың.т.

676,5

(34,7%)


629,2

(32,3%)


642,9

(33%)


1 948,6

(100%)


Жүк айналымы көлемі

мың.т/км

29014,4

(38,6%)


24574,3

(32,7%)


21590,5

(28,7%)


75 179,5

(100%)


Автоқызмет табысының көлемі

мың.тн

155 068,0

(32,6%)


158 206,7

(33,3%)


161 973,0

(34,1%)


475 247,7

(100%)

Автоқызмет көлеміндегі өзгертулерді саралау қоғамның негізгі көрсеткіштері жыл сайын өсіп отырғандығын көрсетеді. Автоқызмет көлемінің өсуі орындалатын қызметтерді негізгі тұтынушылар болып саналатын құрылыс және жол ұйымдары тарапынан жүк автокөлігіне деген қажеттіліктен туған.


  1. Акционерлік қоғамның өз өнімдерін (жұмыстарын, қызметтерін) сатуды ұйымдастыру бойынша қызметі.


Қоғамның өзі өндіретін тауарлардың (жұмыс, қызметтердің) жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегі тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылардың атаулары:

Қазіргі уақытта қоғам 35-тен аса клиенттерге жүк жеткізу қызметін көрсетеді. Олардың неғұрлым ірілері кестеде көрсетілген:




ұйымның атауы

Адресі

тұтыну көлемі, %

«УПТК» ААҚ

Алматы қаласы Рысқұлов көшесі, 63

5

«КСМК-1» ЖАҚ

Алматы қаласы Әуезов көшесі, 1

21,36

«Алматы-Бетон» ЖШС

Алматы қаласы Рысқұлов көшесі

7,31

«АИС» АТАҚ ФУМ

Алматы қаласы Төле би көшесі, 298

11,83

«ДСУ-13» ААҚ

Есік қаласы Космонавтар көшесі, 9

11,52

Кейбір тұтынушылар қоғам қызметін тұтыну ісінде белгілі бір уақыт кезеңінде, мысалы, бір ай не тоқсан бойы басым жағдайға ие болуы мүмкін, алайда олардың бір де біреуі қоғам жыл сайын көрсететін қызметтің жалпы құнының бес және одан да көп пайызынан артық көлемдегі қоғам қызметін тұтынушы болып саналмайды.

«КСМК-1» ЖАҚ өзінің жүк автокөлігіне ие, бірақ соған қарамастан ол қоғам қызметін ірі тұтынушы болып саналады.
Қоғамның пайдаланылатын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегі тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) жеткізушілердің атауы:

Өндірістік-шаруашылық қызметті жүргізу мақсатында қоғам жанар-жағармай, босалқы бөлшек, КамАЗ, өзге де шикізат, материал және қызмет көрсетулер жеткізетін 70-тен аса жеткізіп берушімен арада іскерлік байланыс орнатқан.

Қоғам тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының бес пайызынан көбін пайдалану үлесіне ие, жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің жалпы санына шаққандағы жалғыз ірі жеткізіп беруші КамАЗ жеткізумен айналысатын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету (иінді біліктерді қырлау және тесу) бойынша қызмет көрсететін «Іскер» АҚ болып саналады – жеткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 50%-і.

Қоғамның негізгі жеткізіп берушілері мыналар:




Жеткізіп берушінің атауы

Жеткізілетін зат

Жеткізу көлемі, %

«Іскер» АҚ

КамАЗдар, оларға қызмет көрсету

50 %


«СОНАР МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ» ЖШС

Бензин, дизельдік отын, басқа да жанар-жағармай

9 %


НОСОВ Н.Н. ЖК

КамАЗ автомобильдерінің босалқы бөлшектері

2,7 %


ВАЛЕЕВ ИП

КамАЗ автомобильдерінің босалқы бөлшектері

2 %


«ХАК ГРУПП» ЖШС

Авторезеңке

3,3 %




  1. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

1) маусымдық сипаттағы қызмет түрлері, олардың қоғамның жалпы табысындағы үлесі:

Қоғамның қызметіне маусымдылық едәуір әсер етеді, себебі қыс кезінде үй-ғимарат салу толастайды, сондай-ақ жол табанын жөндеу ісі кідіртіледі, мұның өзі жүк автотасымалының көлеміне едәуір әсер етеді.

Акционерлік қоғамның жалпы табысындағы маусымдық жұмыстардың үлесі – 14,5%



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет