Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасы туралы



жүктеу 69.35 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі69.35 Kb.
: uploads -> files
files -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
Астана қаласы бойынша Салық департаментінің

Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасы туралы


Ереже.
I. Жалпы ережелер.

1. Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасы (бұдан әрі - басқарма) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, 10.12.2008ж. №100-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін, ҚР қаржы Министрлігі Салық комитетінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, өкімдерін және Астана қаласы бойынша салық департаментінің Ережесін басшылыққа алады.

3. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық Комитетінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстваларымен, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басқармаларымен, аудандық салық басқармаларымен, өзге мемлекеттік органдармен өзара байланыста жүзеге асырады.



4. Басқарма дайындаған және басшы немесе орынбасарлар бекіткен шешімдерді Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басқармалары мен аудандық салық басқармалары орындауға міндетті.

II. Басқарманың негізгі міндеттері.
Баскарманың негізгі міндеті:

  • акциздердің бюджетке толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету;

  • акцизделетін өнімдердің жеке түрлерінің айналымы мен өндіруін, мемлекеттік реттеуін қамтамасыз ету;

  • акцизделетін тауарлардың өндіру және өткізу көлеміне есеп жүргізу;

  • акцизделетін тауарлар рыногының ерекшелігін есепке ала отырып, акциздерді өндіріп алуды әкімшілендіру әдісін жетілдіру;

  • салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындау барысында салық бақылауын жүзеге асыру;

  • салық органына ақпараттық жүйені енгізуге қатысу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • басқарма Қазақстан Республикасының салық саясатын қалыптастыру бойынша жұмысына қатысу және осы саясатты басқармаға бекітілген міндеттер шегінде іске асыру;

  • құзыреті шегінде акцизделген өнімдердің өндірілуі мен айналымын бақылау саласында мемлекеттік органдар қызметінің ведомство аралық үйлестіруіне қатысу болып табылады.


ІІІ. Басқарманың негізгі функциясы.

Басқарманың негізгі функциясы:

  1. аймақтық және салалық деңгейде акциздердің бюджетке түсімінің болжамнан елеулі ауытқу себептері көрсетілген түсімнің жағдайына талдау жүргізу;

  2. аймақтық және салалық деңгейде акциздер бойынша бюджетке бересінің қалыптасуы, ұлғаюы мен азаюы себептері көрсетілген жағдайда талдау жүргізу;

  3. мұнай өнімдерінің жеке түрлеріне ілеспе жүкқұжаттары бланктерін сатып алуға, сақталуына, қозғалысы мен қолданылуына және алкоголь өнімінің есеп-бақылау маркаларына бақылау жасау;

  4. акцизделетін тауарларды өндірушілердің акцизделген тауарлардың бөлек түрлерінің маркалану тәртібін қадағалауын ұйымдастыру және бақылау;

  5. мұнай өнімдерінің жеке түрлеріне ілеспе жүкқұжаттары мен алкоголь өнімінің есеп – бақылау маркаларының өткізілуіне талдау жасау;

  6. акциздік посттар қызметіне бақылау жасау;

  7. өз құзыреті шегінде этил спиртін техникалық мақсатта және алкогольсіз өнімдерді өндіру үшін қолданатын кәсіпорындардың этил спиртін қолдануына бақылау жасау;

  8. мониторингті жүзеге асыру, акцизделген өнімдер рыногы туралы ақпараттық – талдау материалдарын дайындау;

  9. басқарманың құзыреті шегінде акциздерді әкімшілендіру, акцизделген өнімдерді өндіруінің және айналымы бойынша сұрақтар, аудандық салық басқармаларының жұмысын ұйымдастыру және әдістемелерді басшылық ете отырып, жүзеге асыру;

  10. акциздерді жинау бойынша мәселелі сұрақтарды анықтау және оларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;

  11. бақылаудағы объектілердің берілген салада дайын этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру көлемінің нормативтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырып, осы мақсатта, берілген объектілердің есеп жүргізу бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігін, техникалық процесстер нормалары мен тәртіптерін қадағалау, этил спирті және алкоголь өнімдерінің сақталуы мен айналымын бақылау (өз құзыреті шегінде);

  12. Қазақстан Республикасының заңдық нормаларының сұрақтары бойынша, акцизделген өнімдерді өндіретін және айналымға жіберу саласында жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдарға тексеріс жүргізу;

  13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетіне белгілеген тәртіппен этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымға жіберу саласында қызмет жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың этил спиртін өндіруге, сақтауға және өткізуге, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме өткізілімі лицензияларына тоқтату және қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізу;

  14. акциздерді әкімшілендіру сұрақтары бойынша аймақтық салық органдары қызметіне тексеріс және талдау жүргізу;

  15. Қаржы Министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті, аймақтық салық комитеттері жүргізетін кешенді және тақырыптық тексерістеріне қатысу;

  16. акциз бойынша жүргізілген тексерістер қорытындысының талдауын жүргізу және акциздер жинауының жақсаруы бойынша талдау берілісінің ұсынысы негізінде өндірілім жүргізу;

  17. бюджетке акцизделген өнімдерді өндіру және айналымынан түскен акциздердің акцизделген өнімдерді өндіру және айналымына бақылау жүргізуді жүзеге асыратын іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

  18. «Акциз», «БКМ» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасап және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  19. акцизделген өнімдерді өндіру мен айналымы және акциздердің бюджетке түсімі бақылауының тиімділігін көтеру жөнінде департамент бастығының қарауына ұсыныс жасау;

  20. акцизделген өнімдерді өндіру мен айналымын бақылау саласында мемлекеттік органдарының ведомство аралық үйлестіру жұмысына қатысу;

  21. басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ұйымдар мен азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау болып табылады.


III. Басқарманың құқықтары және міндеттері.

1. Басқарма өз функцияларын жүзеге асыру үшін:



  • өз құзыреті шегінде акциздерді әкімшілендіру сұрақтарын қарауға және оларға шешім қабылдауына қатысуға, аймақтық салық органдарының орындауын талап етуге;

  • оған жүктелген тапсырмаларды орындау үшін ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұрауға және алуға;

  • акцизделген өнімдерді өндіру мен айналымы саласында қызмет жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдарда салық тексерістерін жүзеге асыруға;

  • лицензиялық нормалар мен тәртіптерді қадағалау мақсатында этил спирті және алкоголь өнімдерін өндіретін, сақтау және өткізу, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеріс жүргізуге;

  • акцизделген өнімдерді өндіру мен айналымы саласында қызмет жасайтын ұйымдарда жоспардан тыс тексерістер туралы ұсыныстар енгізуге;

  • өз құзыреті шегінде нормативті құқықтық актілерді орындауда тексеріс жүргізуге, орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге;

  • өз құзыреті шегінде акциздерді әкімшілендіру сұрақтарын қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға, аудандық салық басқармаларынан олардың орындалуын талап етуге;

  • Астана қаласы бойынша салық департаментінің құрылымдық бөлімдерінен, аудандық салық басқармаларынан лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет белгіленген тәртіпте ақпараттар мен материалдарды алуға;

  • Басқарма құзыретіне бағытталған сұрақтар бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;

  • аудандық салық басқармаларының басшыларынан акциздерді өндіріп алу сұрақтары бойынша есептерді анықтауды талап етуге құқығы бар.

2. Басқарма өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

  • салық төлеушілердің құқығын қадағалауға;

  • мемлекет мүддесін қорғауға;

  • тексерістерді қатаң түрде нұсқама бойынша ғана жүргізуге;

  • ҚР Салық Кодексінің ережесіне сәйкес салық құпиясын сақтауға;

  • құзыреті шегінде басқарма қызметкерлеріне әрекеттегі заңды түсіндіруге;

  • басшылар және жоғары тұрған органдардың тапсырмасын орындауға және оларды аудандық салық басқармаларының орындауын бақылауға міндетті.



IV. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру.
1. Басқарманы Астана қаласы бойынша салық департаментінің бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, басқарма бастығы басқарады. Басқарманың қызметкерлері қызмет номенклатурасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

2. Басқарма бастығы жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік алады.

3. Басқарма қызметкерлерінің қызметтік міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқауларына және біліктілік талаптарына сәйкес анықталады.


  1. Басқарма бастығы:

- басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде, сапалы түрде орындауды ұйымдастырады;

- басшылықтың қарауына басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

- департамент басшылығына басқарма қызметкерлерін көтермелеу, олардың ауысуы, жұмыстан босатылуы және де еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындайды және енгізеді;

- басқарма дайындаған құжаттарды қарастырып, бұрыштама қойады;

- бекітілген тәртіпте Бастық және оның орынбасарларымен өткізілетін Астана қаласы бойынша СД алқа отырыстарына, кеңестерге қатысады.

5. Басқарма қызметкерлері өздеріне берілген құқықтары төңірегінде өкілеттіліктерін жүзеге асырады және лауазымдық міндеттерге сәйкес еңбек және орындаушылық тәртіптерін сақтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, күші бар “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңы және “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңымен анықталған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтайды.



6. Басқарма қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау барысында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет