«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер



жүктеу 108.55 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі108.55 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,
67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мерекелі күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
40-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы» 2001 жылғы
20 сәуірдегі № 120 қаулысы (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – Комитеттің біліктілік емтиханының нәтижесі көрсетілген қағаз тасымалдауыштағы хаты не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес актуарий үш жыл сайын біліктілік емтиханын тапсыруға тиіс. Біліктілік емтиханы
60 (алпыс) минут ішінде 40 (қырық) сұрақ бойынша тестілеу түрінде жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кезеңдері:

өтініш беруші (жеке тұлға) мемлекеттік қызметтерді алу үшін Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді;

тест сұрақтарына кем дегенде 60 пайыз дұрыс жауап алған жағдайда біліктілік емтиханының қорытындысы оң болып саналады;

қажетті құжаттар пакеті құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабардың мазмұнын алдын ала қарап, оны тіркегеннен кейін электрондық құжат айналымы шағын жүйесі арқылы ол Комитет төрағасының немесе оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне жіберіледі;



Комитет басшылығы құжаттарды олар келіп түскен күні қарайды;

Комитет басшылығы құжаттарды қарап, оларға тиісті бұрыштама қойғаннан кейін бұрыштамасы бар құжаттар электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұдан әрі орындау үшін Комитеттің Қаржы ұйымдарын қадағалау департаментіне (бұдан әрі – ҚҰҚД) тапсырылады;

ҚҰҚД басшылығы орындаушыны анықтайды;

ҚҰҚД орындаушысы өтініш беруші біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынған құжаттарды қарайды;

ҚҰҚД орындаушысы өтініш берушіге біліктілік емтиханын тапсыру күні мен уақыты туралы хат жібереді;

өтініш беруші біліктілік емтиханынан өткеннен кейін дереу қол қою арқылы тест нәтижелерімен танысуы тиіс;

Комитет өтініш берушінің біліктілік емтихан тестілеуінен өтуінің дұрыс немесе теріс нәтижесі туралы шешім қабылдайды және өтініш берушіге бұл туралы нәтижені көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлайды.

Актуарий лицензиясының қолданылуы оның алдыңғы біліктілік емтиханынан өту нәтижесінің теріс қорытындылары бойынша тоқтатыла тұрған жағдайды қоспағанда, біліктілік емтиханын өткізу сәтінде лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған актуарий біліктілік емтиханын тапсыруға жіберілмейді.

Компьютерлік тестілеудің нәтижесі теріс болған кезде өтініш беруші алдыңғы тестілеуден өту күнінен кейін кем дегенде бір ай өткен соң, бірақ соңғы он екі ай ішінде үш реттен көп емес құжаттарды тестілеуден өту үшін қайта тапсырады.

Актуарий көрсетілген уақыт ішінде өтініш жасамаған жағдайда ол біліктілік емтиханынан өтпеді деп танылады.

Актуарий біліктілік емтиханының нәтижесімен келіспеген жағдайда тестілеу рәсімі аяқталған соң Комитетке шағым-арызбен жазбаша өтініш жасайды.

8. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почта жіберілімі арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең төменгі саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкер болады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы іс-қимылдардың

(өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау
9. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, өтініш берушінің қолына өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазып береді.

Тұтынушы құжаттарды почта жіберілімі арқылы жіберген немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.



Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде ашуды және тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне беруді жүзеге асырады.

10. Ақпарат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоқ.

11. Мыналар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысына қатысады:

1) құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер – қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарды, оларға мөртабан қоя отырып және нөмір бере отырып, қабылдау және тіркеу;

2) Комитет басшылығы – бұрыштама қою және тиісті құжаттарға қол қою;

3) ҚҰҚД басшысы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімше басқармасын анықтау, тиісті құжаттарға бұрыштама қою және қол қою;

4) ҚҰҚД қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау және өтініш берушіге біліктілік емтиханын өткізу күні және уақыты туралы хатты дайындау.

12. Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік
іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің)
сабақтастығы мен өзара іс-қимылын мәтіндік кесте түрінде сипаттау әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

13. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды сабақтастығы мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

14. Өтініш берушіге хат еркін нысанда жазылады.

15. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барысы туралы ақпаратты ҚҰҚД хатшысынан 8 (727) 2788-008 телефоны бойынша ала алады.



4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында олар қабылдайтын шешімдер мен әрекет (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

17. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

«Актуарийлерден біліктілік

емтиханын қабылдау»

мемлекеттік қызметтерінің

регламентіне 1-қосымша
1-кесте. Актуарийлердің біліктілік емтиханын қабылдау бойынша іс-қимылдардың сипаты

1

Іс-қимылдың (жұмыстар барысының, ілегінің №

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Комитет төрағасының қабылдау бөлмесі/

Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесі



Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті басшысы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің тиісті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Комитет төрағасы және төрағасының жетекшілік ететін орынбасары

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің тиісті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

3

Іс-қимылдың (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаты

Тұтынушы ұсынған құжаттарды оған мөртабан басып және нөмірін тағайындай отырып, қабылдау және тіркеу. Электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеу.

Басшылар қужаттардың мазмұнымен танысады

және электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қояды және Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жібереді



Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға тапсырады

Жауапты бөлімше орындаушысының құжаттарды заңнама сәйкестігін қарайды және құжаттардық толық болуын тексереді және өтініш берушіге біліктілік емтиханын тапсыру үшін хат жібереді

Құжаттардың негізділігін және орындалуын тексеру және құжаттарға электрондық құжат айыналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қою.

Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысын көрсете отырып өтініш берушіге хат жіберу.



4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитет төрағасының немесе төраға орынбасарының қабылдау бөлмесіне тапсыру.

Құжаттарды Комитеттің тиісті жауапты бөлімшесіне тапсыру

Келіп түскен құжаттарды жауапты бөлімшесінің басқармасына тапсыру.

Өтініш берушіге біліктілік емтиханының өту күні мен уақыты туралы хат жіберу.


Құжаттарды Комитеттің жауапты бөлімшесіне осыдан кейін хат жіберу үшін тапсыру

Хатты тіркеу және оны тұтынушыға жіберу.

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні.

1 жұмыс күні.

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні.

5 жұмыс күні.

Қаулыны қабылдаған күнінен бастап 7 күн ішінде.

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2-баған.

3-баған.

4-баған

5-баған

6-баған.

-

«Актуарийлерден біліктілік

емтиханын қабылдау»

мемлекеттік қызметтерінің

регламентіне 2-қосымша






2. Комитет төрағасының/Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесі

Құжаттардың мазмұнымен танысу және оларға бұрыштама қою.

Құжаттарды Комитеттің тиісті жауапты бөлімшесіне тапсыру.

(1 жұмыс күні)





3. Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті басшысы

Құжаттарды қарау және орындаушыға тапсыру.

Келіп түскен құжаттарды бөлімшенің жауапты басқармасына тапсыру.

(1 жұмыс күні)












4. Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің тиісті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушы)

Құжаттардың заңнамаға сәйкес келуін тексеру, құжаттардың толық болуын тексеру, өтініш берушіге біліктілік емтиханының өтетін күні мен уақыты туралы хат дайындау

(құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде)



1. Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу.

Құжаттар пакетін Комитет төрағасының немесе жетекшілік ететін төраға орынбасарының қабылдау бөлмесіне тапсыру.

(1 жұмыс күні)














5. Комитеттің төрағасы және төрағаның жетекшілік ететін орынбасары

Құжаттарды орындаудың негізділігін тексеру және құжаттарға бұрыштама қою.

Құжаттарды Комитеттің тиісті жауапты бөлімшесіне бұдан әрі қарау үшін тапсыру.

(5 жұмыс күні)




6. Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің тиісті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушы)

Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесін көрсете отырып өтініш берушіге хат жіберу.


(2 жұмыс күні)








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет