Қала 1963 жылы құрылған. Қаланың ауданы – 29,36 мың га. Қала орталығы – Ақтау каласы



жүктеу 64.08 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі64.08 Kb.
: uploads -> docfiles
docfiles -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
docfiles -> 12 шағын аудандағы жаңадан ашылған №32 балабақшаға №54, 31, 35, 36 балабақшаларда кезекте тұрған төмендегі балалар өз кезегімен жіберілді
docfiles -> П/п Наименование компании Ф. И. О. руководителя
docfiles -> Менің алғашқы ұстазым! Дәл осындай тақырыпта облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің алғашқы форумы облыстық түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында өтті
docfiles -> МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2012 жылға арналған іс-қимыл жоспа р
docfiles -> Бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидаларына
docfiles -> Мадиицина қызметкерлері мерекесіне орай марапатталған қызметкерлер тізімі
docfiles -> «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»


Ақтау қаласының 2015 жылғы қаңтар-мамыр айлары

бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қала 1963 жылы құрылған.

Қаланың ауданы – 29,36 мың га.

Қала орталығы – Ақтау каласы.

Қаланың халқының саны 01.04.2015 жылға – 184,8 мың адам.

Қаланың әкімшілік бөлімі: Өмірзақ ауылы, халық 2,6 мың адам.
Ақтау қаласы ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады, өңдеу және кен өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсібі, машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсібі). Қаланың негізгі өндірушілері: «МАЭК – Қазатомпром» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Каспий машина құрастыру комбинаты» ЖШС, «Кеппел Қазақстан» ЖШС және т.б.

«Ақтау теңіз порты» 2000 га. құрайтын арнайы экономикалық аумағын пайдалануда.


2015 жылдың қаңтар – мамыр айларында өнеркәсіп  өнімдерінің   көлемі 51,5 млрд. теңгені құрады, нақты ауқым индексі (бұдан әрі НАИ) – 89,2% -ды құрады (2014 жылдың осы кезеңінде НАИ – 118,8%). Оның ішінде:

  • тау-кен өнеркәсібінде – 946,1 млн. теңге (НАИ – 23,7%);

  • өңдеу өнеркәсібінде – 21705,3 млн.теңге (НАИ – 91,8%);

  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 24736,2 млн. теңге (НАИ –90,4%);

  • сумен жабдықтауда – 4074,9 млн. теңге (НАИ – 107,9%).


Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 76,3%-ға төмен. Оның ішінде 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда гранит және ескерткіштерге арналған тастар өндірісінің көлемі 2,4%-ға (12,1 мың куб.м.) және табиғи құм 30%-ға (7,7 мың куб.м.) төмен.

Сонымен қатар, тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге салалары 58%-ға артқаны айқындалып, 100,5 млн. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі келесі өндірістер бойынша 8,2%-ға төмендегені анықталды:


  • нан тоқаш және ұн өнімдері 14,8%-ға (517,1 млн. теңге);

  • сусындар 22,2% (70,5 млн. теңге);

  • жеңіл өнеркәсібі 15,6%-ға (267,8 млн. теңге);

  • тоқыма бұйымдары 16,4%-ға (26,2 млн. теңге);

  • киімдер 50,2%-ға (54,7 млн. теңге);

  • қағаздар 30,4%-ға (10 млн. теңге);

  • кокс және мұнай өнімдері 14,8%-ға (1838 млн. теңге);

  • химия өндірісі 34,8%-ға (6986,4 млн.теңге);

  • металлургия өндірісі 6%-ға (2045,2 млн. тенге);

  • машина жасау 42,6%-ға (2430 млн. теңге);

Сонымен қатар, келесі өндірістердің көлемі артқаны анықталды:

  • тамақ өнімдері 2,9% (1381,7 млн. теңге);

  • ет өнімдері 87,6%-ға (2,5 млн. тенге);

  • сүт өнімдері 17,6%-ға (759,3 млн. теңге);

  • басқа да тамақ өнімдері 3,7%-ға (96 млн. теңге);

  • былғары өнімі 2,2%-ға (187 млн. теңге);

  • пластмасса өндірісі 57,4%-ға (1458,8 млн. теңге);

  • өзге де металл емес минералды өнімдер 2,1 есеге (4545,3 млн. теңге);

  • фармацевтикалық өндірістері 2,3 есеге (31,1 млн. теңге) және басқалар.

Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында электр энергиясы көлемі 5,3%-ға (2028,9 млн. кВт.ч) төмендеді және жылу энергиясы көлемі 11,1%-ға (1730,2 мың. Гкал) артты.

Қалалық өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің облыстық көлемдегі үлесі 7,9%-ды (647,8 млрд. теңгеден) құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімі. 2015 жылдың 1 тоқсанына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 47,7 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 14,6%-ға жоғары. НАИ 114,6%-ды құрады (2014 жыл – 20,3%).

Есепті кезеңде барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 36,3%-ға (49,2 тонна), сауып алынған сиыр сүті 47,1%-ға (15,3 тонна) өсті және 5 есе жоғары тауық жұмыртқалары алынды (5 мың дана).

01.06.2015 жылға ірі қара малының бас саны –22%ға (252 бас), қойлардың 32,3%-ға (1788 бас), ешкілердің 16,2% (420 бас), доңыздың – 77% (31 бас) және жылқының 18% (169 бас) азайды.

Сонымен қатар, түйелердің 4 есеге (148 бас) және құстардың – 19,2 есеге (230 бас) артқаны байқалды.



Мал шаруашылығының 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларына

негізгі көрсеткіштері


(бас)


Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында 12,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 45,4%-ға көп. Құрылыс-монтаж жұмыстары 71,8%-ға (12,3 млрд. теңге) және ағымдағы жөндеудің көлемі 6,4%-ға (202 млн. теңге) өсуінің есебінен сала бойынша НАИ 145,4%-ды құрады. Сонымен қатар, күрделі жөндеу бойынша көлемі 84,8%-ға (209,7 млн. теңге) төмендеді.

(млрд. теңге)

2015 жылдың қаңтар-мамырында 136 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, олардың 132 тұрғын үйлер.



Қалалық құрылыс жұмыстарының көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 30,4%-н құрайды.
Қала бойынша тұрғызылған тұрғын үй ауданы 61,5 мың м2, оның ішінде тұрғындардың есебінен салынған – 42,2 мың м2 немесе жалпы салынған тұрғын үйдің көлемінен 68,6%-н құрайды. Тапсырылған тұрғын үй ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 97,6%-ға көп (НАИ – 197,6%).

(мың м2)

Тұрғын үй құрылысына 3,1 млрд. теңге бағытталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 23,9%-ға жоғары, оның ішінде халықтың меншікті қаржы есебінен – 2,5 млрд. теңге.


Негізгі капиталға инвестиция салу 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында 47,3 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,1 есе жоғары, оның ішінде 20,6 млрд. теңге (жалпы көлемінен 43,5%) көлік және қоймалауға бағытталған.


(млрд. теңге)


Атап кететін жәйт, инвестицияның артуы 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда меншікті қаржылары есебінен 2,1 есе (31951,8 млн. теңге), қарыздық қаржылары есебінен 2,5 есе (7552,8 млн. теңге) және банктік несиелер есебінен 31,1 есе 5874,2 млн. теңге сомада. Сонымен қатар, бюджеттік қаржы 2014 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеді (1925,1 млн. теңге).



(млрд. теңге)

Негізгі капиталға салынған инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 27 млрд. теңге (жалпы көлемінен 57,1%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 15,1 млрд. теңге (32%) және өзгелер – 5,2 млрд. теңге (10,9%).



Қалалық негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 29,8%-н құрайды.
Орташа айлық жалақы мөлшері 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында қала бойынша 25 462 теңгені құрады немесе 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға өсті. Қала бойынша 1 тоқсанда жалдамалы жұмысшылардың саны 96,9 мың адамды құрады, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындарда – 77,2 мың адам. Жалдамалы жұмысшылар саны 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 1,5 мың адамға өсті немесе 1,6%-ға көп.



Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,0%-ды құрайды.

01.06.2015 жылға жұмыспен қамту органына өтініш білдірген азаматтар саны 1410 адамды құрады немесе өткен жылдың тиісті деңгейінен 53,1% жоғары.

Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1912 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2014 жылдың тиісті деңгейінен 6,9%-ға жоғары (1788).
Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі адамдар саны, 01.06.2015 жылға 792 адамды құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 39,7%-ға көп (01.06.2015 жылға – 567 адам).


Халықтың табиғи қозғалысы. Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-мамырына халықтың табиғи өсім деңгейі 21,4 промилле (2014 жылдың үйлесімді кезеңі – 23,7 промилле), бала туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 21,4 промилле (9,7%-ға төмен) және өлім-жітім деңгейі – 6,2 промилле (7,6%-ға өсім). Сонымен қатар, аналар өлімі болған жоқ, дәл солай сәби өлімі деңгейі – 7,88 промилле (22,7%-ға төмен) және қаңтар мамырда туберкулез бойынша ауру-сырқау көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 31,9 промилле немесе 2014 жылдың сәйкес деңгейінен 19,9%-ға жоғары (2014 жылғы қаңтар-мамыр 26,6 промилле).
Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері

Ағымдағы жылдың 5 айына салық пен басқа да міндетті төлемдерден мемлекеттік бюджетке 32,1 млрд. теңге түсті (2014 жылдың сәйкес кезеңіне 100,4%), оның ішінде республикалық бюджетке – 6 млрд. теңге (61,6%), жергілікті бюджетке – 26,1 млрд. теңге (117,4%).



01.06.2015 жылдық жағдай бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдерден 10540,3 млн. теңге түсті, жоспар бойынша 9281,3 млн. теңге немесе орындалысы 113,6% құрады.

Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер – 5968,9 млн. теңге (114,8% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер – 69,8 млн. теңге (167,9%), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1706,8 млн. теңге (137,3%) және трансферттік түсімдер – 2794,8 млн. теңге (100%).

Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 7745,5 млн. теңге түсті немесе есептік жоспарына 119,4% орындалды.



Бюджеттің шығын бөлігі 8712,8 млн. теңгеге орындалды немесе жоспарланған қаржының 88,8%-ы (9807,3 млн. теңге).

(млрд. теңге)






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет