Алқа билер соты төңірегіндегі ой-пікір



жүктеу 65.28 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі65.28 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 03bbe8183b24ab674625709d001a46b4 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Зерттеу қ о Ғ амды Қ Қ ор : құқықтық жағдайының өзекті мәселелері
$FILE -> ТҰЛҒА Әділ судьяның қашан да ЖҮзі жарқЫН

МІНБЕР




Өнегелі іс ӨМІРШЕҢ

(Алқа билер соты

төңірегіндегі ой-пікір)
Өміртай ИБРАЕВ,

Әлихан ҚАСЕНОВ,

Қарағанды облыстық сотының судьялары


Ата заңымыз Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Біз осы жолды таңдаған екенбіз, ендеше ата заңда көрсетілген мүмкіншіліктерді нақты іс жүзіне асырып, барынша пайдалануымыз қажет. Бұл ретте, бірінші орында адамдардың құқықтары және олардың бостандықтарына қатысты заңдар тұруы әбден орынды. Осы орайда бір айта кететін жайт, ол, соңғы кездегі сот-құқықтық реформаның елімізде түбегейлі жүруі, оның нәтижесі де жоқ емес, оған өміріміздегі болып жатқан құқықтық саладағы оң өзгерістер айғақ бола алады. Солай десек-те бұл салада әлі де болса шешімін таппай, атқарылмай жатқан істер баршылық. Соның бірі сот саласына алқа билер сотын енгізу болып табылады. Алқа билер соты өркениетті, демократиялық мемлекеттіктің бірден-бір белгісі, себебі осы сот түрі әлемдегі түрлі дамыған демократиялық мемлекеттерде көп орын алған.

Еліміздегі сот жүйесіне алқа билер сотын енгізу мүмкіндігі ата заңымыздың 75-бабының 2-тармағында нақты көрсетілген, онда былай делінген: “Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады”. Атап өтетін бір мәселе, ол аталған заңда алқабилер сотының тек қылмыстық істерге ғана қатысты болуы.

Осы норма “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Коституциялық заңының 1-ші бабында да қарастырылған, яғни онда еліміздегі сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісі алқа заседательдері қатысуымен қаралады делінген.

Алқа билер сотын өмірімізге енгізу мәселесі соңғы уақытта нақты қолға алынуда. Елімізде соттың осы түрін енгізу 2002 жылғы 20 қыркүйекте қабылданған “Құқықтық саясат концепциясында” да баса айтылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та бұл мәселені жиі көтеріп, оған үлкен көңіл бөлуде. Өзінің 18 ақпандағы (2005 жылғы) Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасымыз осы тақырыпқа арнайы тоқтап, қылмыстық сот жүргізу тәжірибесіне алқа билер соты институтын енгізу керектігін, осы мақсатта 2005 жылы “Алқа билер туралы” заңын қабылдап, “Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы” Конституциялық заңға және алқа билер сотын енгізу мәселелері жөнінде басқа да заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі қажеттігін атап өтті.

Сонымен, біздің елімізде алқа билер сотының таяу арада пайда болатынына еш шүбә келтіруге болмайды, себебі оны Елбасымыз айқындап берді, ал оны орындау бізге шарт.

Ендігі кезекте біздің алдымызда тұрған ең жауапты мәселенің бірі осы алқа билер сотының қай түрін қабылдау керектігі. Айта кету керек, дүние жүзінде алқа билер сотының екі түрі қалыптасқан, біріншісі: ағылшын-саксон (классикалық), екіншісі: құрылықтық (континентальный).

Осы ретте, алқа билер сотының қалыптасу тарихына қысқаша ғана тоқтала кеткен жөн сияқты.

Сонымен, тарих беттеріне жүгінсек, алқа билер соты тұңғыш рет ХІІ ғасырда Англияда, ал кейбір мәліметтерге қарағанда Францияда біздің дәуірдің 829 жылы пайда болған. Алқа билер сотының қолданысқа енуі негізінен сот ісін демократияландыру, оған қоғам өкілдерін қатыстыру арқылы сотқа деген жұртшылық көзқарасын өзгерту болған.

Алқа билер соты ХV ғасырда біржола қалыптасып, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай оның классикалық үлгісі пайда болды, өйткені сол тұста ол екі бөлімнен, яғни кәсіби және кәсіби емес судьялардан құралды. Бұл арада кәсіби судьяларға тек құқықтық және жазалау мәселесін, ал екіншілеріне айыптының жазықты не жазықсыз екендігін шешу ғана жүктелді.

Уақыт өткен сайын алқа билер сотының құрылымдық жағы да өзгере бастады, оған құрылықтық Европа елдеріндегі өзгерістерді айтуға болады, өйткені оларда ХVІІІ ғасырдың аяғында іс бойынша қабылданатын шешімді кеңесу бөлмесінде алқа билер соты кәсіби судьямен бірлесіп шығаруға бағытталған заң қабылданды.

Өткен уақыт аралығында алқа билер сотынfн бас тартқан мемлекеттер де болды, алайда сот үлгісінің осы түріне қайта оралғандары қазіргі кезде біршама басым, оған көршілес Ресей мемлекеті мысал бола алады. Алқа билер институты Ресейде алғаш рет 1864 жылы қабылданып 1917 жылға дейін орын алды. Сол тұста Қазақ елінің кейбір өлкелерінде де алқа билер соты қолданыста болды. 1993 жылы Ресей мемлекеті алқа билер сотын енгізу туралы қайта шешім қабылдап, оның классикалық моделін таңдап алды.

Сонымен, классикалық (ағылшын-саксон) модель, айыптының жазықты не жазықсыз екенін анықтайтын алқа билердің жеке алқасынан (жюриден) және сол шешімге байланысты кінәлі жанға жаза тағайындайтын кәсіби судьядан тұрады, ал құрлықтық модель бойынша, іске қатысты барлық мәселені, соның ішінде жаза тағайындауды да алқа билер мен кәсіби судьялардың бірлескен алқасы қосылып шешеді.

Қазіргі уақытта біздің елімізде осы үлгілердің қай түрін қабылдау қажеттігі жөнінде үлкен пікірталастар, дискуссиялар жүріп жатыр, оны өздеріңіз күнделікті баспасөз беттерінен оқып, теледидардан көріп жүрсіздер. Бұл заңдылық. Осы мәселе түрлі “дөңгелек үстел” отырыстарында, азаматтардың, түрлі қоғамдық ұйымдарының, құқық қорғау органдарының, кәсіби заңгерлердің қатысуымен талқылануда. Соңғы рет осындай талқылау осы жылғы 12 наурызда болып өтті. Бұл бас қосуда да “дөңгелек үстел” мүшелері елімізде алқа билер сотының қай моделін енгізу керектігі жөнінде ортақ шешімге келе алмады. Атап өткен жөн, соңғы “дөңгелек үстелде” классикалық модельді жақтағандар жағы басым болды, бірақ та оған нүкте қоюға әлі ерте. Осы мәселе “Қоғамды демократияландыру жөніндегі Ұлттық комиссияның” да назарында.

Қазіргі таңда халық өкілдерінің сот ісіне қатыстырылуы жөнінде біржақты жақсы, не жаман деп пікір айту қиын мәселе.

Алайда, алқа билер сотын қолданысқа енгізу халық пен билікті жақындатудың, сотқа, сот шешіміне деген халық сенімін арттырудың бір жолы екендігіне күмән келтіруге болмайды. Қалай болғанда да , сот процесіне халық өкілдерін қатыстыру демократиялық қоғамдағы азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамассыз ететін қадам болып саналады. Сонымен қатар, халық өкілдерінің сот ісіне араласуы сот жұмысына қоғамдық бақылау жасаудың бір түрі болмақ.

Аталмыш екі модельдің де жақсы жақтары, бір-бірінен өзгеше тұстары баршылық, сондықтан да олардың әрқайсысының жақтастары мен қолдаушыларының болуы орынды құбылыс, бірақ та біз осы модельдердің бізге ең тиімдісін таңдауымыз қажет және оны таңдау жолында қателеспеуіміз керек. Осы тұста ұлтымыздың менталитетін де ескерген жөн.

Сөз жоқ, алқа билер сотын енгізу елімізде қалыптасқан алдын ала тергеу сапасын жақсартуға, айыптаушы мен қорғаушының кәсіби деңгейі мен жауапкершілігін арттыруға, іс қарау сапасын жоғары деңгейге көтеріп, процестің формальді емес, шын мәнінде тараптар жарыспалығы жағдайында өтуіне көп ықпалын тигізері хақ.

Біздің елде алқа билер сотының қай моделі қабылдануы қажет деген сұраққа, біз, кәсіби судьялар ретінде құрлықтық модельдің қабылдануын құптар едік. Бұл модель бізге таңсық та емес, азды-көпті тәжірибеміз де бар, өйткені, кеңес заманында біздің елімізде 1995 жылға дейін сот процестері кәсіби соттармен қатар халық заседательдерінің қатысуымен жүргізілді. Алайда, олар үмітті ақтады, нағыз халықтық сот бола алды деп айтуға ауыз бармайды. Олардың ел сенімінен шықпауына сол кезде шешуін таппаған көп факторлар әсер етті, соның бірі олардың сот істеріне лажсыздан, мәжбүрленіп қатыстырылуы.

Қазіргі кезде бізге ұсынылып отырған құрлықтық үлгідегі алқа билер сотының жобасын оны дайындаушы топтың шет ел мемлекеттеріндегі қолданыста жүрген осы модельдерден сұрыптап алғаны байқалады. Дегенмен оның кейбір баптарына өзгеріс енгізілсе дейміз. Мәселен, жобада істі 3 кәсіби судья мен 4 алқа би бірігіп қарайтыны қарастырылған. Ал, біздің ойымызша, алқа билер санын тағы да болса көбейткен дұрыс сияқты. Бұл орайда соңғы уақытта кейбір мемлекеттердің классикалық модельден бас тартып құрылықтық модельге бой ұруын тілге тиек етуге болады. Қазіргі кезде Ресей мемлекеті де өздері қабылдаған классикалық модельді сынға алуда, оған баспасөз беттеріндегі мақалалар, теледидар бағдарламалары айғақ, себебі олар таңдаған модельдің де жақсы жақтары мен қабылдамайтын жақтары баршылық. Мәселен, классикалық үлгідегі сот процесін алсақ онда айыптының жазықты не жазықсыз екендігін тек алқа билер ғана шешеді. Алайда, алқа билердің арнайы заңгерлік білімі, тәжірибесі жоқ екендігін ескерсек олардың адам тағдырын шешер тұста қателік жіберіп алулары әбден ықтимал. Алқа билер құрамы заңнан шалғай, қарапайым қоғам мүшелерінен жасақталатыны баршаңызға белгілі. Ендеше, қарапайым адамның сот процесінде айыптаушы мен қорғаушы сөздеріне ұйып, сезім жетегіне еріп, нәтижесінде әділ шешім қабылдамауына дәл қазір кім кепілдік бере алады. Сол себепті алқа билердің істі кәсіби судьялармен бірлесіп қарағаны абзал, бұдан ұтпаса, тараптар да, мемлекет те ұтылмайды деп білеміз. Бұл жерде алқа билердің сот ісіне өзінің жүрек қалауымен, ынтасымен келетіндей жағдай жасау керек. Сол сияқты оларға қолданылатын қауіпсіздік шараларын да ойластыру қажет. Алқа би үміткерлерін жасы 35-тен жоғары, өмірлік тәжірибесі бар, ары мен жаны таза азаматтар ортасынан іріктеген дұрыс. Олардың тізімін жасауды облыстық мәслихаттар құзырына берген қисынды деп ойлаймыз.



Алқа билер сотын қолдану аясын алғашқыда аса ауыр қылмыстар жасағандардың істерімен шектеген дұрыс, басқасын алдағы уақыт көрсетер. Аталған заң қабылданған күнде оны қолданысқа барлық жерде жаппай енгізген дұрыс деп санаймыз, сонда ғана ол Конституцияның, қылмыстық заңның принциптеріне сай келмек.

Қорыта айтқанда, алқа билер соты өзге елдердің тәжірибесінен өткен, өзін-өзі ақтаған өміршең үлгі. Сондықтан оның бізде де қолданысқа енгізілуі керек. Және оны нақты іске асыру үшін жергілікті жерлерде ұйымдастыру шараларын қазірден бастап қолға алған жөн.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет