Қала әкімі аппараты



жүктеу 257.25 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі257.25 Kb.
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі орындаушылық тәртіптің жағдайын тексеру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысының 25.06.2012ж №56 бұйрығы негізінде қала, кент ауылдық округтерге жүргізілген тексерудің қорытындысы жайлы АНЫҚТАМА

«25» шілде Арал қаласы 2012 жыл



Қала әкімі аппараты – ҚР Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы №109 бұйрығы негізінде 9 бағаннан тұратын арыз-шағымдарды тіркеу журналына (шапкасы) арналған. Арыздарға ЖТ, ЗТ белгісі қойылған. Тіркеу талондары бар.

Журналдары шнурланған, мөрленген бірақ қала әкімімен рәсімделген қол қойылған. Негізінен сол салаға жауапты мемлекеттік қызметшімен жүргізілуі керек. Журналдың соңына елтаңбалы мөртаңба басылған. Пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек.

Істер номенклатурасы, іс жүргізу қағидасы (сараптау тексеру комиссиясы) СТК-ке жолданбаған. Өз іштерінде сарапшы комиссиясы құрылған. ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысының талабына сәйкес істер номенклатурасын, іс жүргізу қағидасын (сараптау тексеру комиссиясы) СТК-ге ұсыну үшін әзірлік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аудандық мұрағатпен жұмыс жүргізілген.

Сексеуіл кенті әкімі аппараты бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары ҚР Бас Прокурорының №109 бұйрығының талабы бойынша журналдары арналған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болек тіркелген. Журналдары шнурланған мөрленген. Бұнда да журналдың соңғы бетіне елтаңбалы мөртаңба басылған.

Істер номенклатурасы, іс жүргізу нұсқаулығы №128 бұйрықпен жасалып бекітілген.

ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңарту қажет. Мұрағатпен жұмыс жүргізілмеген. Мұрағатпен жұмыс жасау керек.

Пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңбамен кіріс мөртаңбасын іс қағаздар өндірісіне енгізу қажет. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Кент әкімінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 57, 2012 жылғы 21 маусымдағы № 56, 15 маусымдағы № 55, 14 маусымдағы № 54, 4 маусымдағы № 53, 1 маусымдағы № 52, 31 мамырдағы № 51, 28 мамырдағы № 50 кент әкімінің қолы қойылмаған, мөр басылмаған. 2012 жылдың І жартыжылдығында қабылданған өкім шешімдерінде көптеген грамматикалық, стилистикалық, техникалық қателер орын алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күні бүгінге дейін бекітілмеген. Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Сондай-ақ, құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде және құқықтық оқыту бағытындағы іс-шаралар бекітілмей, мүлдем жұмыс атқарылмаған.

Кент әкімі аппаратының барлық қызметкерлерінің жеке істері уақытыл жаңартпай, дұрыс тігілмеген.

ҚР Президентінің 21.01.2000 жылғы №327 Жарлығымен бекітілген «ҚР Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу» Ережесінің 12 тармағында «Кадр қызметі қызметшіні аттестация комисиясының отырысна дейін үш апта мерзімінен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті» деген талабына қайшы әкім аппаратының бас маманы Қ.Ашықбаев аттестациядан өткізу барысында қызметтік мінездемемен әңгімелесу сатысынан өткен күні қойылған.

Аманөткел ауылдық округі бойынша- ҚР Бас Прокурорының соңғы №209 бұйрығы бойынша арыз-шағымдарға арналған журналдары талапқа сай арналған. Шығыс мөртаңбасын кіріс мөртаңсы етіп, келген құжаттарға басқан. Кіріс мөртаңбасы жоқ. Арыз иелеріне берілген заңды тұлғалардың жауабы жоқ яғни шешім шыққан арыз иесіне хабарланбаған шешім көшірмесі жолданбаған. Талондары бар. Қағида талаптары бойынша арыз иесіне берілген жауапта №ЖТ-тіркеу номері койылмаған. Жалпы кіріс номері койылған арыз-шағымдар өз кезегінде жалпыдан бөлек жүргізетіндігі каперге алынбаған.

Құжаттар номенклатуралық папкаларға орналастырылмаған яғни тақырыбы ашылмаған. Барлық келген құжаттарды кіріс папкасына салып қойған. Шығысында да сондай барлық шыққан шығыс құжаттар бір папкада орналастырылған. Бөлек тақырыпқа сай арналмаған. Кіріс құжаттарды тіркеу журналында «құжаттың қысқаша мазмұнына» хат қысқа әрі нұсқа жазылмаған. Келген ұзақ тақырыпты жазып қойған. Кіріс мөртаңбасы басылмаған. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

Ауыл әкімінің шешім және өкімдерінде техникалық қателер орын алған. Мұнымен бірге, ақылы қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесіне және де штаттан тыс қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жөніндегі өкімдер қызметкерлерге таныстырылмаған.

Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А.Оразалиеваның жеке іс құжаттары дұрыс тігілмеген.



Аралкұм ауылдық округі бойынша- ҚР Бас Прокурорының соңғы №209 бұйрығы бойынша арыз-шағымдарға арналған журналдары талапқа сай арналған. Жеке және заңды тұлғалардың тіркеу журналы бірге тіркелген негізінде оларды ЖТ, ЗТ индекстерімен ажыратылуы керек. Шығыс номері жалпы шығыспен шығысталып рәсімделген.

Сондай-ақ, журналды шнурлап мөрлегенде ауыл әкімімен рәсімделген және мекеменің елтаңбасы бар мөртаңбасымен белгі қойылған. Арыз-шағымдарға жауапты маманмен рәсімделуі керек еді. Жеке тұлғамен заңды тұлға әр қайсысы болек жүргізілу керек.

Журналдардың сыртында номенклатуралық номері койылмаған тіркеу номері жоқ. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Дегенмен, Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Құқықтық оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, отырыстар өткізілген.

Ауыл әкімімен 2012 жылдың 6 айында қабылданған өкім, шешімдерінде төмендегідей кемшіліктер орын алған:

1) Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және басқа да Заңдарымен көзделген заң техникасы сақталмаған;

2) 2012 жылғы 5 шілдедегі «Азамат Орынбаев айғабыл Тулемисовичтің тұрғын үй құрылысы жөніндегі өтінішін қарау туралы» шешімінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы мақсатсыз басшылыққа алынған.

Ауылдық округінің бас маманы Н.Қаныбетовтың жеке іс құжаттары рет-ретімен тігілмеген, қызметтік тізімі жаңа үлгімен бекітілмеген.

Ауылдық округінің бас маманы Е.Алдамжаровтың қызметтік тізімі жаңа үлгімен бекітілмеген.ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облыс бойынша басқармасынан 2012 жылыдың маусым айындағы жыл сайынғы тексеруінде атлаған бас маман Е.Алдамжаров ант қабылдау кезінде кемшіліктер жіберілген болатын, алайда бұл аталған кемшіліктер осы күнге дейін қалпына келтірілмеген. Бұл ауыл әкімінің қарамағындағы қызметкерлеріне мән берілмегендігінен деп есептеймін. Алдағы уақытта бұл кемшіліктерді болдырмауды ұсынамын.



Ақирек ауылдық округі бойынша- ҚР Бас Прокурорының соңғы №209 бұйрығы бойынша арыз-шағымдарға арналған журналдары талапқа сай арналған. Журналдары шнурланған, әкіммен шнурланған мөрленген елтаңбалы мөртаңба басылған. Арыздарға ЖТ белгісі қойылмаған.

Заңды тұлғаға отініштер келіп түспеген. Журналдың сыртына номенклатуралық номер койылмаған.

Пакеттер үшін деген мөртаңба жасату керек. Іс құжаттар «кіріс қатынас, шығыс қатынастар» деп папкаларға орналастырылған. Номенклатуралық тақырып ашылмаған. Құжаттар істерге топтастырылмаған. Кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу журналы шнурланбаған мөрленбеген. Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналдары номенклатуралық номері қойылмаған. Жеке тұлғалардың өтініштеріне ауыл әкімінің визасы жазылмаған.

ЖТ, ЗТ белгісі сақталмаған. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған. Мұрағатпен жұмыстар жасалмаған.

Ауыл әкімінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 2 шешімінде, 2012 жылғы 5 шілдедегі № 28 және 2012 жылғы 2 шілдедегі № 27 өкімдерінде басшылыққа алынған заңнамалық актілердің қабылданған күндері тек цифрлық түрде көрсету арқылы қысқартылған. Бұл Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының талаптарына қайшы келеді.

Сондай-ақ, 2012 жылғы 28 маусымдағы № 26, 2012 жылғы 23 маусымдағы № 24, 2012 жылғы 15 маусымдағы № 23, 2012 жылғы 11 маусымдағы № 22, 2012 жылғы 25 мамырдағы № 20 өкімдерінде қол қоюға лауазымды тұлғаның қолтаңбалары мөрмен расталмаған болса, 2012 жылғы 1 наурыздағы № 9 өкіміне ауыл әкімі қол қоймай, тіркеу журналында тіркелген.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Дегенмен, ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығымен қорытынды ақпар аудан әкімі аппаратына ұсынылмаған.

ҚР Президентінің 21.01.2000 жылғы №327 Жарлығымен бекітілген «ҚР Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу» Ережесінің 12 тармағында «Кадр қызметі қызметшіні аттестация комисиясының отырысна дейін үш апта мерзімінен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті» деген талабына қайшы әкім аппаратының бас маманы Қ.Аманжолов аттестациядан өткізу барысында қызметтік мінездемемен таныстырған күні көрсетілмеген.

Ауылдық округ бас маманы М.Мейрмановтың арнайы тексеруден хаты 17 маусым 2011 жылы келгенімен, ауылдық округ тарапынан 2011 жылдың 6 қыркүйегінде тұрақты жұмысқа қабылдаған. (екі ай мерзім өткеннен кейін). Қызмет тізімдері жаңа үлгіде жаңартылмаған.

Сапақ ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарды тіркеу журналдары шнурлаған, морленген дегенмен жоғарыда қайталанған жағдай бойынша ауыл әкімімен журналдар морленген елтаңбалы мортаңбасы койылған. №209 бұйрықпен журналдың шапкасы жасалынбаған. ЖТ белгісі қойылмаған. Шығысында да жалпы шығыспен шығысталған. Кіріс мөртаңбасы бар жасалынған пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек. Тіркеу талондары бар. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған. Мұрағатпен жұмыстар жасалмаған.

Бекбауыл ауылдық округі бойынша–Арыз-шағымдарға арналған журнал №209 бұйрықпен жасалған. ЗТ-мен ЖТ бірге тіркелген. Орта мектептен (мемлекеттік мекемені) келген қатынастарды ЗТ-деп тіркеген. Барлығы бір журналда тұр. Дегенмен жоғарыда қайталанған жағдай бойынша ауыл әкімімен шнурлаған, морленген елтаңбалы мөртаңбасы койылған. Арыздарға ЖТ белгісі қойылмаған. Шығысында да жалпы шығыспен шығысталған. Кіріс печаты жасалынбаған пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек. Журнал соңына дейін тесіліп рәсімделмеген беттелмеген.

Индекстері сақталмаған. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Дегенмен, Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

Ауыл әкімі аппаратының бас маманы М. Сұлтановқа тәртіпке жаза көру жөніндегі 2012 жылғы 27 маусымдағы № 40 өкімі қызметкерге таныстырылмаған. Ауыл әкімімен 2012 жылдың 6 айында қабылданған басқа өкім, шешімдерінде заңға қайшы келетін актілер жоқ.

Мергенсай ауылдық округі бойынша-Арыз-шағымдарға арналған журналдары №209 бұйрықпен жасалған. Журналдары мөрленген шнурланған ауыл әкімімен жүргізілген. Іс қағаз өндірісін жүргізіп отырған маманмен рәсімделмеген. Елтаңбалы мөртаңба қойылған ол ерекше жағдайдарда басылу керек екендігі қаперге алынбаған, арыздарға берілген жауаптарға жалпы шығыспен шығысталған ЖТ мен ЗТ-ы белгілері сақталмаған. Кіріс мөртаңбасын және пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңбаларды жасату керек. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

2012 жылдың І жартыжылдығында қабылданған өкім және шешімдері заң талаптарына қайшы келетін фактілер анықталған жоқ.

Ауылдық округ әкімі аппаратында аттестациялық, тәртіптік комиссия құрамы жаңартылмаған.

Қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссияларының жинақ мұқабаларында комиссия құрамы қате құрылып, хаттамалары дұрыс толтырылмаған

Құланды ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықпен жасалған. Арыз-шағым өтініштер келіп түспеген. Журналдары шнурланған мөрлеген. Журналдардың соңғы беттеріне елтаңбалы мөртаңба басылған. Журналдың рәсімделуі іс қағаздар өндірісін жүргізуші маманмен дайылдалуы керек екендігі ескерілмеген. Пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 №1570 жылғы қаулысымен жаңартылмаған. Мұрағатпен жұмыс 1983-2006 жылдар аралығындағы іс-құжаттары аудандық мұрағатқа өткізілген. Бірақ өз кезегінде өткізу туралы ауыл әкімінің нормативтік актісі өкімі қабылданбаған алыс-беріс актісі жасалып қойған. Өз іштерінде СК (сараптау комиссиясы) құрылмаған. Кіріс, шығыс мөртаңбасы бар.

Ауыл әкімінің аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза көру жөніндегі, ақылы қоғамдық жұмысқа немесе жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа қабылдау туралы өкімдері таныстырылмаған.

2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4 және осы күнгі № 3 ауыл тұрғындарына жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын табыстау туралы шешімдеріне қорытынды тіркелмей, комиссия отырысының хаттамасы жалғанбаған. Сол себпті осы актілердің заңдылығына сараптама жүргізу мүмкін болмады.

Құқық бұзушылығы профилактикасы бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітілмеген.

Аудандық Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Ақназарова 2012 жылы аттестациялау комиссиясы тарапынан атқаратын қызметіне сәйкес деп танылған.

ҚР Президентінің 21.01.2000 жылғы №327 Жарлығымен бекітілген «ҚР Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу» Ережесінің 12 тармағында «Кадр қызметі қызметшіні аттестация комисиясының отырысна дейін үш апта мерзімінен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті» деген талабына қайшы әкім аппаратының бас маманы Д.Ақназарова аттестациядан өткізу барысында қызметтік мінездемемен таныстырған күні көрсетілмеген. Аттестациялық парағына комиссия мүшелерінің қолы қойылмаған. Қызметтік тізімі жаңа үлгіде жаңартылмаған.

Жаңақұрылыс ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықпен жасалған.Журналдары шнурланған мөрлеген бірақ ауыл әкімімен белгі соғылып қол қойылған. Іс қағаздар өндірісін жүргізуші маманмен дайындалмаған. Алдағы уақытта ескере отырып, пакеттер үшін деген белгіс бар мөртаңба жасату керек.

Аудан әкімі аппаратынан және басқа мекемелерден келген кіріс құжаттары номенклатуралық тақырыппен папкаларға орналастырылмаған. Барлық құжаттар бір жерде жинақталған. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 21 желтоқсан 2011 жылғы №1570 санды қаулысымен жаңартылмаған. Өз іштерінде СК-сы құрылмаған.

Шығыс құжаттары да келген кіріс құжатпен бірге тігілмеген.Әрбір шығыс құжаты логикалық дәйектілікпен келген құжаттың тапсырманың артына тігілуі шарт. Бұл талап орындалмаған. Шығыстары бір реттік журналдың номерімен шығысталған. Аудан әкімі аппаратында үстіміздегі жылдың наурыз айының 29-да өткізілген семинар-кеңесте айтылғандай үш немесе төрт санды шығысқа көшу талабы орындалмаған.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

Өкім шешімдерді әзірлеу барысында бірқатар кемшіліктер орын алған.атап айтқанда, нормативтік актіге басшылыққа алынған заңнаңмалық актілердің қабылданған күндері қысқарту арқылы көрсетілген; Аппарат қызметкерлерінің қызметіне қатысты өкімдер таныстырылмаған; 2012 жылғы 2 маусымдағы№ 53 және 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 42 өкімдері аптаның сенбі күндерінде тіркелген.

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы С.Толегеновтың қызметтік тізімі жаңа үлгіде жаңартылмаған. Тәртіптік комиссия құрамы өкіммен дұрыс құрылмаған.



Қарақұм ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықпен шапкалары арналған. ЖТ-ЗТ белгілері қойылмаған, Журналдары ауыл әкімімен қол қойылған шнурланған мөрленген. Заңды тұлғаларды тіркеу журналына ЗТ-ға мемлекеттік мекемені тіркеп, қойған аты аталып тұрғандай заңды тұлғалардан басқа өтініштер келіп түспеген. Елтаңбалы түрлі түсті бланкалары 2010 жылдан бері аудандық мұрағатпен келістірілмеген Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күні бүгінге дейін бекітілмеген. Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Сондай-ақ, құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде және құқықтық оқыту бағытындағы іс-шаралар бекітілмей, мүлдем жұмыс атқарылмаған.

Кент әкімі аппаратының бас маманы А.Шарапатов уақытша жұмысқа қалданғаннан кейін 1 ай мерзімде шектеу қабылдау керек болса, аталған бас маман Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хатынан кейін барып шектеу қабылдаған.



Жіңішкеқұм ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықпен шапкалары арналған. ЖТ-ЗТ белгілері қойылмаған. Журналдары ауыл әкімімен белгі соғылып, қол қойылып, мөрленген шнурланған.

Іс қағаздар өндірісін жүргізуші маманмен дайылдалуы керек екендігі ескерілмеген. Алдағы уақытта ескере отырып, пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек. Кіріс мөртаңбасы жоқ. Арыз-шағымдарға және басқа кіріс құжаттарға әкімнің бұрыштама визасы жазылмаған. Келген кіріс құжаттарға кіріс мөртаңбасы басылмаған.

Істер номенклатурасы 2009 жылғы мәдениет және ақпарат министрінің м.а. №128 бұйрығымен дайындалған ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Шығыс құжаттарға істер номенклатурасының тақырыптарымен байланыстыра отырып шығысталған. Мұрағатпен жұмыс жүргізілген. 2009 жылы 56 іс құжатын аудандық мұрағатқа қабылдау-тапсыру актісімен өткізген.

Өкім және шешімдерді әзірлеу барысында көптеген грамматикалық, сонымен қатар стилистикалық қателер орын алған. Сондай ақ, 2012 жылғы 2 шілдеде қабылданған өкімге № 30 реттік саны берілгенімен, бұл акті ауыл әкімінің өкімдерін тіркеу журналына енгізілмеген.

Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданған азаматтар жұмысқа қабылданғаны жөніндегі өкімдермен таныстырылмаған.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Дегенмен, ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығымен қорытынды ақпар аудан әкімі аппаратына ұсынылмаған.

Бөген ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықтың талаптарына сай емес. Бағандардың сөздері өзгертіліп жасалған. Журналдары ауыл әкімімен шнурланған мөрленген. Сондай-ақ заңды тұлғаларды ЗТ тіркеу журналында ешқандай белі арыз-шағымдар тіркелмеген.

Пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңбаны жасату керек.

Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Мұрағатпен жұмыс 2011 жылдың мамыр айында 2005 жылға дейінгі іс құжаттары аудандық мұрағатқа өткізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

Ауыл әкімімен 2012 жылдың 6 айында қабылданған өкім, шешімдерінде төмендегідей кемшіліктер орын алған:

1) ауыл әкімі аппаратының бас маманы А. Әлішевке тәртіпке жаза көру жөніндегі 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 өкімі Ә. Әлішевке таныстырылмаған;

2) өкім және шешімдердің негіздері қосы тіркелмеген;

3) Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және басқа да Заңдарымен көзделген заң техникасы сақталмаған;

4) ауыл әкімінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 20 өкіміне басшылыққа алынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысының атауы бұрмаланып жазылған. Осы өкім өзгеріс енгізу арқылы заң талаптарына сәйкестендірілуге жатады.

Бөген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Алишев ҚР Президентінің 21.01.2000 жылғы №327 Жарлығымен бекітілген «ҚР Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу» Ережесінің 12 тармағында «Кадр қызметі қызметшіні аттестация комисиясының отырысна дейін үш апта мерзімінен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті» деген талабына қайшы әкім аппаратының бас маманы А.Алишевті аттестациядан өткізу барысында қызметтік мінездемемен таныстырған күні және мөрі көрсетілмеген. Қызметтік тізімі жаңа үлгімен бекітілмеген.

Ауылдық округінің бас маманы Т.Ділжановтың жеке іс құжаттары рет-ретімен тігілмеген, қызметтік тізімі жаңа үлгімен бекітілмеген.



Жақсықылыш кенті бойынша-да журналдары талапқа сай арналған шнурлаған мөрленген журналдардың артқы бетіне елтаңбасы бар мөртаңба басылған кент әкімімен рәсімделген. ЖТ белгісі қойылған Пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек. Кіріс, шығыс журналдары номенклатуралық номер қойылған сақталуы бабы көрсетілген. Журналдары жақсы қағида талаптарына сәйкес жасалған. Істер номенклатурасы, іс жүргізу нұсқаулығы №128 бұйрықпен жасалып, 2011 жылы СТК-мен бекітілген. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңарту қажет. Мұрағатпен жұмыс жүргізілмеген. Мұрағатпен жұмыс жасау керек.

Кент әкімімен 2012 жылдың 6 айында қабылданған өкім және шешімдерді әзірлеу барысында бірқатар кемшіліктер орын алған. Атап айтқанда, нормативтік актілерге негізге алынған құжаттар кесімге қоса тіркелмеген; басшылыққа, негізге алынған Қазақстан Республикасының Заңдарына, Үкімет қаулыларына, Президент жарлықтарына белгіленген тәртіп бойынша сілтеме келтірілмеген; Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және басқа да Заңдарымен көзделген заң техникасы мүлдем сақталмаған; ақылы қоғамдық негізде және жастар практикасы бойынша уақытша жұмысқа қабылданған азаматтар өкіммен таныстырылмаған.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілмей, кент көлемінде бұл бағытта тиісті шаралар атқарылмаған.

Құқықтық оқыту туралы іс-шаралар жоспары тек үстіміздегі жылдың 13 наурызында бекітілген. ІІ тоқсанда құқықтық оқыту отырыстары өткізілмеген.

Құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған. Дегенмен, кент тұрғындарының санын, мекемелердің көптігін ескере отырып, осы бағытта әлі де қосымша шараларды қарастыру ұсынылады.

Кент әкімі аппаратының бас маманы М.Жалғасбаеваның жеке іс құжатында арнайы қызмет істері агенттігінің бекіткен қызмет тізімінде бірқатар кемшіліктер орын алған. Атап айтқанда, ант қабылдау кестесінде мемлекеттік қызметкер 20.05.2001 жылы ант қабылдаған. Бірақ қызметтік тізімде 19.02.2000 жыл деп қате кеткен.

Кент әкімі аппаратының бас маманы Н.Серікбаев уақытша жұмысқа қалданғаннан кейін 1 ай мерзімде шектеу қабылдау керек болса, аталған бас маман Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хатынан кейін 1 жыл мерзім өткеннен кейін барып шектеу қабылдаған.

Жоғарыда талаған кемшіліктерді ескере отырып, осы шараларды жоюды қарастыру ұсынылады.



Қосжар ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған №109 бұйрықпен жасалған шапкалары арналған. Журналдары шнурланған мөрленген елтаңбасы бар мөртаңба қойылған, пакеттер үшін деген белгісі бар және кіріс белгісі бар мөртаңбалары жасату керек.

Арызды тіркегенде сол жақ бөлігіне мөртаңба қойылған негізінде оң жақ бұрыштамада орналасу керек. ЖТ белгісі қойылған арыздарға шығыспен шығысталған, мысалыға №38 бір реттік нөмері қойыған. Аудан әкімі аппаратынан және басқа мекемелерден келген кіріс құжаттары номенклатуралық тақырыппен папкаларға орналастырылмаған. Барлық құжаттар бір жерде жинақталған. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 21 желтоқсан 2011 жылғы №1570 санды қаулысымен жаңартылмаған. Өз іштерінде СК-сы құрылған. Хаттамасы жасалмаған. Өкім шықпаған құжаттарды СТК-ге дайындау келісу үшін хаттама дайындалмаған. Шығыс құжаттары да келген кіріс құжатпен бірге тігілмеген.

Әрбір шығыс құжаты логикалық дәйектілікпен келген құжаттың тапсырманың артына тігілуі шарт. Бұл талап орындалмаған. Шығыстары бір реттік журналдың номерімен шығысталған. Аудан әкімі аппаратында үстіміздегі жылдың наурыз айының 29-да өткізілген семинар-кеңесте айтылғандай үш немесе төрт санды шығысқа көшу талабы орындалмаған. Аудан әкімі аппаратынан немесе басқа да мекемелерден келген кіріс құжаттарға кіріс мөртаңбасы басылмаған. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы қаулысымен жаңартылмаған.

Ауылдық округі әкімі аппаратында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағына және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы №02-01-02/164 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағидасына» қайшы жағдайда әкім аппаратының қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары өкіммен бекітілмеген.

Қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау, аттестациялық комиссияларының жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ.

Беларан ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрық бойынша жасалған. Заңды тұлғаларға бөлек журналдар арналған. ЖТ белгісі сақталмаған шығыс нөмеріне арыз иелеріне берілген жауапта жалпы шығыспен шығысталған.

Журналдары шнурланған, мөрленген елтаңбасы бар мөртаңба басылған, ауыл әкіммен рәсімделген. Талондары талапқа сәйкес жасалған. Пакеттер үшін белгісі бар мөртаңба жасату керек. Кіріс мөртаңбасы жоқ. Шығыс құжаты бір реттік журналдың реттік санымен тұр. Номенклатуралық тақырып ашылмаған. Папкаларды кіріс, шығыс деп қойылған.Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағына және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы №02-01-02/164 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағидасына» қайшы жағдайда ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А.Дүйшембиев лауазымдық нұсқаулықпен мүлдем таныспаған.

Қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау, аттестациялық комиссияларының жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ.



Қосаман ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрық бойынша журналдың шапкасы жасалған. Тіркеу талондары Журналдары шнурланған мөрленген, елтаңбасы бар мөртаңба журналдың артқы жағына басылған ауыл әкіммен рәсімделген. Заңды тұлғаға журнал арналмаған. Негізінен заңды тұлғаның өтініштері тіркелмеген. Пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек. Кіріс, шығыс мөртаңбалары бар. Папкалар шығыс, кіріс деп құжаттарда орналасқан істер номенклатурасындағы тақырыптарға орналастырылмаған. Мұрағатпен жұмыс жасалмаған. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

Ауыл әкімінің 2012 жылдың І жартыжылдығында қабылдаған шешімдері мөрмен расталмаған. 2012 жылғы 27 маусымдағы № 23 «Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы М. Кәрібаевқа тәртіптік шара көру туралы» өкімі қызметкерге таныстырылмаған. 2012 жылғы 15 мамырдағы № 18 өкімінде де дәл осындай кемшілік орын алған. Сондай-ақ, актілерді әзірлеу барысында бірқатар грамматикалық қателер кездеседі.

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы М.Кәрібаевтың жеке ісінде қыземттік тізім жаңа үлгіде жаңартылмаған.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағына және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы №02-01-02/164 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағидасына» қайшы жағдайда ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А.Кеншімбаев лауазымдық нұсқаулықпен мүлдем таныспаған. Шектеумен танысқанымен күні көрсетілмеген.Қызмет тізімі жаңа үлгіде жаңартылмаған.

Аттестациялық комиссия құрамы дұрыс құрылмаған, келісім парағына қол қоймаған. Қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссиясын ауыл әкімі бекітпеген, комиссия мүшелірінің қолы қойылмаған.



Сазды ауылдық округі бойынша –Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрыққа негізделмеген. Ескі журналдың шапкасымен әзірленіп өзгертілмеген. Журналдары шнурланған, мөрленген. Аудандық мұрағатпен жұмыстар жүргізілмеген.

Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2012 жылғы ауыл әкімі аппаратының іс-шаралар жоспары бекітілмеген. Аудандық Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Осымен бірге, құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Ауыл әкімінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 19, 2012 жылғы 5 шілдедегі № 17, 2012 жылғы 15 маусымдағы № 16, 2012 жылғы 17 мамырдағы № 15 өкімдерінде қол қоюға құқығы бар лауазымды тұлғаның қолтаңбасы жоқ. Ауыл әкімі аппаратының 149 бюджеттік ерекшелігі бойынша келісім шарт негізінде қызмет атқаратын қызметкерлерге еңбек демалысын беру жөніндегі өкімдерінде «Еңбек кодексінің» 101-бабының орнына 239-бабы қате басшылыққа алынған.

Сонымен қатар, ауыл әкімі аппаратына штаттан тыс қызметкерлер жұмысқа қабылданғаны жөніндегі2012 жылғы 4 қаңтардағы № 1, № 2 және № 3 өкімдері таныстырылмаған және де демалыс күні тіркелген.

Сазды ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істері толтырылмаған. Орындаушылық тәртіптке байланысты аттестация, Тәртіптік комиссия, қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссияларының жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ.

Райым ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналары №109 бұйрықпен жасалған. ЖТ белілері сақталмаған.

Шығыстары жалпы шығыспен шығысталған. жрналдары мөрленген тізімдеме жасалмаған. Ауыл әкімімен рәсімделіп, қол қойылған. Елтаңба белгіленген мөртаңба басылған. Заңды тұлғаға бөлек журнал арналған. ЗТ белгісі сақталмаған. Номенклатуралық номер қойылмаған. Арыз шағымдарға ауыл әкімінің бұрыштамасы (виза) басылмаған. Арызға тіркеу талоны қосылмаған. Келген құжаттарға шығыс бұрыштамасы бар мөртаңба басылған. Кіріс мөртаңбасын, пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңбаларды жасату қажет. Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Ауыл әкімінің өкімдерін жинақтау мұқабасында 29 акті тігілген, ал тіркеу журналында тек 22 тіркеліп, қалған 7 өкім тіркелмеген.

Ауыл әкімінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 28 өкімінің атауында «К.Нұрпейісовтің кезекті еңбек демалысын беру туралы» - деп көрсетілгенімен, акті мәтінінде «К. Актановқа берілсін» - деп қате жазылған. Сонымен қатар, өкім. Шешімдерді әзірлеу барысында көптеген грамматикалық қателер орын алған. Ауыл әкімі аппаратының салықшы маманы Б. Берекетовке еңбек демалысын беру жөніндегі 2012 жылғы 1 маусымдағы № 25 өкімінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің орнына «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы басшылыққа алынған.

Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылығы профилактикасының және құқықтық оқыту туралы жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ (бірнеше рет ескертілгенімен)

Райым ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істері толтырылған. Орындаушылық тәртіптке байланысты аттестация, Тәртіптік комиссия, қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссияларының жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ.



Октябрь ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналары №109 бұйрыққа негізделіп журналдары арналған. Кіріс мөртаңбалары жоқ. ЖТ, ЗТ белгілері сақталған. Шығыс мөртаңбасын кірістік мөртаңба етіп мөрлеген. Журналдың соңына елтаңбалы мөртаңба белгісін басқан. Пакеттер үшін деген белгісі бар мөртаңба жасату керек. Заңды тұлғаға бөлек журнал арналған. Жеке қабылдау журналдары карточкалары арналған. Папкалар кіріс, шығыс болып номенклатуралық тақырып ашылмай сақталған. Істер номенклатурасы №128 бұйрықпен 2010 жылы бекітілген ҚР Үкіметінің қаулысымен 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Дегенмен, Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

Ауыл әкімімен қабылданған өкім шешімдері заң талаптарына сай әзірленген.



Қамыстыбас ауылдық округі бойынша- арыз-шағымдарға арналған журналдары талапқа сәйкес емес яғни ҚР Бас Прокурордың №109 бұйрығымен жасалмаған. Журналдың сырты бетіне номенклатуралық номер қойылмаған. ЖТ,ЗТ белгілері сақталған. Шнурланған мөрленген ауыл әкімімен елтаңбалы мөртаңба арқылы белгі соғылған. Журналдары беттелген. Кірс мөртаңбалары жоқ, пакеттер үшін белгісі бар мөртаңба екеуін жасату қажет. Мұрағатпен жұмыс жүргізілген. 2012 жылдың 16 наурызында қабылдау тапсыру актісімен барлығы 41 іс құжаттарын тапсырған. Істер номенклатурасы 2010 жылы №128 бұйрықпен бекітілген ҚР Үкіметінің қаулысымен 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған. Іс құжаттары тақырыптарға бөлек-бөлек ораласқан тақырып ашылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тоқсан сайын тиісті отырыстар ұйымдастырылған. Құқықтық оқыту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жыл басында бекітіліп, тиісті шаралар қабылданған.

Ауыл әкімінің жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық негізде жұмысқа қабылдау жөніндегі 2012 жылғы 10 шілдедегі № 24 және 2012 жылғы 5 шілдедегі № 23 өкімдері таныстырылмаған.

2012 жылғы 4 қаңтардағы № 1, № 2, № 3 және № 4 өкімдері демалысы күндері тіркелген.

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Иманбаев шектеумен танысқанымен күні көрсетілмеген.

Аппараттың жетекші маманы Г.Нұралиеваның жеке іс құжаттары дұрыс тігілмеген. Қызметтік тізімі жаңа үлгіде жаңартылмаған.

Қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссияларының жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ.
Жетес би ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықпен журналдардың шапкасы арналмаған. Журналдың сырты бетіне номенклатуралық номер қойылған. ЖТ,ЗТ белгілері сақталмаған. Шнурланған мөрленген ауыл әкімімен елтаңбалы мөртаңба арқылы белгі соғылған. Журналдары беттелген.

Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Кіріс мөртаңбалары бар пакеттер үшін белгісі бар мөртаңба жасату қажет.Құқықтық оқыту бағытындағы іс-шаралар жоспары тек 2012 жылдың І жартыжылдығына арналып бекітілген. Аудандық іс-шаралар жоспары іске асырылмай, ақпар ұсынылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында ауыл әкімі аппаратында бір ақ рет отырыс ұйымдастырылып, Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 66 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгеленген тармақтары іске асырылмай, орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпар ұсынылмаған.

Ауыл әкімінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 35 «Ж. Сарсеновты өз еркімен жұмыстан босату туралы» өкімі қызметкерге таныстырылмаған. Бұған қоса Ж. Сарсеновтың арызы тіркелмеген.

2012 жылғы 4 қаңтардағы № 1 және № 2 өкімдері демалыс күні тіркелген.

Ауылдық округ әкімі аппаратында Тәртіптік комиссия құрамында бұрынғы басқа жұмысқа ауысқан С.Садықбаев осы уақытқа дейін комиссия мүшелігенен алынбай өкімге өзгеріс енгізбеген.Бас маман С.матаевтың жеке іс құжаттары дұрыс тігілмеген.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағына және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы №02-01-02/164 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағидасына» қайшы жағдайда әкім аппаратының қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары өкіммен бекітілмеген.

Қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау, аттестациялық комиссияларының жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ.
Қаратерең ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықпен жасалған. Журналдың сыртқы бетіне номенклатуралық номер қойылған. ЖТ,ЗТ белгілері сақталмаған. Шнурланған мөрленген ауыл әкімімен елтаңбалы мөртаңба арқылы белгі соғылған. Журналдары беттелген. Мұрағатпен жұмыс жүргізілген.

Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Кіріс мөртаңбасын пакеттер үшін белгісі бар мөртаңбаларды жасату қажет.
Атанши ауылдық округі бойынша- Арыз-шағымдарға арналған журналдары №109 бұйрықпен жасалған. Журналдың сырты бетіне номенклатуралық номер қойылған. ЖТ,ЗТ белгілері сақталмаған. Журналдары шнурланған мөрленген ауыл әкімімен елтаңбалы мөртаңба арқылы белгі соғылған. Журналдары беттелген. Мұрағатпен жұмыс жүргізілмеген.

Істер номенклатурасы ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы №1570 қаулысымен жаңартылмаған.

Кіріс мөртаңбасын пакеттер үшін белгісі бар мөртаңбаларды жасату қажет.

Ауылдық округі әкімі аппаратында қызметкерлердің жеке іс құжаттары дұрыс тігілмеген. Бас маман Е.Демесінов лауазымдық нұсқаулықпен таныспаған, шектеумен танысқанымен күні көрсетілмеген



Қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау, аттестациялық комиссияларының жинақ мұқабалары тексеруге мүлдем ұсынылған жоқ.

Тексеру жүргізген

Аудан әкімі аппараты

құжаттамалық қамтамасыз ету

және бақылау бөлімшесінің жетекшісі,

топ жетекшісі Р. Жанаев

Тексеру жүргізген

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру,

инспекторлық және кадр жұмыс

бөлімшесінің бас инспекторы, топ жетекшісі М. Әнесов

Тексеру жүргізген

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру,

инспекторлық және кадр жұмыстары

бөлімшесінің бас маманы Ә.Әзбергенов


Тексеру жүргізген

Аудан әкімі аппараты мемлекеттік –

құқықтық жұмыстары бөлімшеснің

жетекші маманы Е.Сарымбетов

Тексеру жүргізген

Аудан әкімі аппараты құжаттамалық

қамтамасыз ету және бақылау

бөлімінің жетекші маманы Г. Сейтжан




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет