Қалалық мәслихат шешімімен бекітілген (2013 жылдың 11 наурыздағы №10/108, 2013 жылдың 12 желтоқсандағы №16/149 қалалық мәслихат сессиясы шешімлерімен өзгертілген)



жүктеу 2.09 Mb.
бет1/12
Дата02.05.2016
өлшемі2.09 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
: files -> uploads -> docfiles
docfiles -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
docfiles -> 12 шағын аудандағы жаңадан ашылған №32 балабақшаға №54, 31, 35, 36 балабақшаларда кезекте тұрған төмендегі балалар өз кезегімен жіберілді
docfiles -> П/п Наименование компании Ф. И. О. руководителя
docfiles -> Бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидаларына
docfiles -> Мадиицина қызметкерлері мерекесіне орай марапатталған қызметкерлер тізімі
docfiles -> БАҒдарламасы ақтау, 2016 жыл мазмұны 1 Бағыт. Экономика 11
docfiles -> 33 шағынаудандағы жаңадан ашылатын №33 балабақшаға №44 балабақшада кезекте тұрған төмендегі балалар өз кезегімен жіберілді
docfiles -> Жылға бойынша Ақтау қаласының супермаркеттеріндегі әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингі
docfiles -> Жылға бойынша Ақтау қаласының супермаркеттеріндегі әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингі


2011 жылдың 18 ақпандағы

40/365 қалалық мәслихат шешімімен бекітілген



(2013 жылдың 11 наурыздағы №10/108, 2013 жылдың 12 желтоқсандағы №16/149 қалалық мәслихат сессиясы шешімлерімен өзгертілген)

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтау қаласы, 2013 жыл

Мазмұны





бет

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ.........................................................................

4



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ АНАЛИЗІ

6

2.1. Өңір жағдайының оң және жағымсыз/келеңсіз жақтарын бағалау, және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық - саяси дамуына әсері

2.2. Аумақ жағдайының әлеуметтік-экономикалық анализі ……………………….



2.2.1. Қала экономикасын талдау……………………………………………........

2.2.2. Аграрлық- өнеркәсіптік кешен……………………………………………...

2.2.3. Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда...................................................

2.2.4.Қаланың әлеуметтік саласын дамыту…………………………………….

2.2.5. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау........................................

2.2.6 Селолық аумақтарды дамыту, экология.................……………………...

2.2.7. Мемлекеттік қызметті дамытуды талдау……………………………..

2.3. Негізгі мәселелердің, тәуекелдің, тосқауыл болатын факторлардың кешендік сипаттамасы, бәсекелестік артықшылық және ортамерзімдік келешекте аумақтың әлеуметтік - экономикалық тұрақты дамуының мүмкіндігі.....................................................................................................................

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қазіргі саясатының анализі.........................................................................................
3. ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ КӨРІНУІ...............................................................................



6

7

7

14

16

18

35

47

53


54
56
56



4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ......................

1 бағыт. Қала экономикасының дамыуы……………………………….. ................

2 бағыт. Әлеуметтік саланың дамуы…………………………………………….....

3 бағыт. Инфрақұрылымдық кешеннің дамыту......…….........................................

4 бағыт. Ауыл аймағын, экологиясын дамыту……………………………….......

5 бағыт. Мемлекеттік қызметтің дамуы....................................................................





58

58

68

79

85

86

5. ҚАЖЕТТІ ҚАРАЖАТ...............................................................................................



88

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ.................................................................................

89






























ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

АӨК – Агроөндірістік кешен

ЖҚҚ – Жалпы қосылған құн

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

МАӘК – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

МО – Мемлекеттік орган

ММ – Мемлекеттік мекеме

МЖС –Мемлекеттік жеке серіктестік

ТКШ – Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

АКТ – Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар

ШЖК – Шетелдік жұмыс күші

АДК – Адамның дамуының индексі

НКИ – Нақты көлемнің индексі

АЖ – Ақпараттық жүйе

КМК – Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

ІҚМ – Ірі қара мал

ЕАҰ – Емдеу–алдын алу ұйымдары

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

ШОБ – Шағын және орта бизнес

ҒЗТҚЖ – Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрылымдаулық жұмыстар

ҮҰ – Үкіметтік емес ұйымдар

АМСК – Алғашқы медициналық-санитарлық көмек

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі

ӘКБ - Әлеуметтік-кәсіпкерлік бірлестік

ХТТ – Халықтың тұтыну тауарлары

ҚАБЭЖ – Құжаттар айналымының бірыңғай электронды жүйесі

ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулықты сақтау үйымы

ҚКС – Қалалық компессорлық станция

ТП – Тарату пункті

ТҚС – Трансформаторлық қосалқы станция

ҚТС – Қалалық төмендету станциясы

ЭҚБжЕАЖ - Электр қуатын бақылау және есепке алу автоматтандырылған жүйесі

ЖСҚ - Жобалы-сметалық құжаттама

ГБП – Газды басқару пункті

АГТС – Автоматтандырылған газды тарату станциясы



КТҚС –Кеншенді трансформаторлық қосалқы станция

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ


Атауы

Ақтау қаласының 2011-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы

Мақсатты индикторлар

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2011 жылы – 105,3%, 2012 жылы – 91,5%, 2013 жылы – 104,0%, 2014 жылы – 102,5%, 2015 жылы – 103,0%.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ 2011 жылы –111,7%, 2012 жылы – 72,0%, 2013 жылы – 102,5%, 2014 жылы – 105,0%, 2015 жылы – 106,5%.

Электр энергиясын өндіріп шығаруды 2011 жылы - 5,1%, 2012 жылы – 2,0%, 2013 жылы – 0,3%, 2014 жылы – 1,0%, 2015 жылы – 1,5%-ға арттыру.

Мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндірудің НКИ 2015 жылы - өткен жылға 133%.

2015 жылы металл емес өзге де минералды өнімдер өндірісінің НКИ - өткен жылға 102,4%.

2015 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің НКИ - өткен жылға 101,5%.

2015 жылы химия өнеркәсібі өнімдерінің НКИ – өткен жылға 105,6%.

2015 жылы машина жасау саласының НКИ – өткен жылға 133,5%.

2015 жылы металлургия өнеркәсібінің НКИ – өткен жылға 100,0%.

2015 жылы машиналар мен құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісінің НКИ - өткен жылға 109,9%.

2015 жылы ауыл шаруашалығы жалпы өнімінің НКИ өткен жылға 103,5%.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің НКИ 2015 жылы – 105,5%.

Бөлшек сауданың НКИ 2015 жылы – 106,7%.

Негізгі капиталға инвестициялардың НКИ, 2015 жылы өткен жылға 101% құрайды.

Инновациялар (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейін 2015 жылы 5,4%-ға дейін арттыру.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (3 жастан 6 жасқа дейінгі) 2015 жылы 98,5 пайыз құрайды.

Үлгілік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік білім берумен қамту үлесі 2015 жылы 61,5% -ға өседі.

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылу деңгейі 2015 жылға қарай 60%-ға дейін артады.

Халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 2010 жылы 68,65 жастан 2015 жылы 70,5 жасқа дейін.

1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің төмендеуі 2015 жылға қарай 5,8 жағдайға қысқарады.

Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 5,5%-ға төмендейді (2010 жылы – 6,6%)

Халықтың жалпы санындағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2015 жылы – 0,28% құрайды.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санындағы) жыл сайын 100%.

Облыс халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі 2015 жылы 76,5%.

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2015 жылы - 80%.

Дене шынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды 2015 жылы қамту– 29,9 %.

Туристік қызмет саласы қызметтер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін ұлғайту 2015 жылы 58,5%-ға ұлғаяды.

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасында қарым-қатынасты оң бағалайтын тұрғындар үлесін ұлғайту 2015 жылы 70% -ға дейін (2010ж. – 52%).

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 2015 жылға қарай - 58% (2010 ж. – 50%).

2015 жылы халықтың байланыс және коммуникация саласында көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 88,3% (2010 жылы – 70%).

2015 жылы құрылыс жұмыстарының НКИ – 75%.

Қанағаттарлық және жақсы күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100%-ға жетеді.

Жүк айналымының көлемi 2015 жылға қарай 3584,9 млн.тонна шақырымға дейін артады.

Жолаушы айналымының көлемi 2015 жылға қарай 180,3 млн.жолаушы шақырымына дейін артады.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 2015 жылы - 58%.

Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу деңгейін арттыру 2015 жылға қарай - 100%.

Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру 2015 жылға қарай 100%.

Халықты су бөлу қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін 2015 жылға қарай 100% арттыру.

Үдемелі қорытындылармен жоғары әлуетті дамыған АЕМ саны 2015 жылы – 1 (Өмірзақ ауылында).

Зиянды заттардың жалпы шығарылымының 2015 жылы төмендеюі - 3000 мың тоннаға дейін.

Әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2015 жылы - 75%.








Қаржы

ландыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары


Қаржыландыру көлемдері:

2011 ж. – 31 018,7 млн. теңге

2012 ж. – 42 015,4 млн. теңге

2013 ж. – 10 114,3 млн. теңге

2014 ж. – 18 239,4 млн. теңге

2015 ж. – 25 837,6 млн. теңге



Барлығы: 127 261,4 млн. теңге.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсерін бағалау
Ақтау қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және бағалау қаланың және толықтай өңірдің экономика саласын дамыту және инвестициялау үшін бірінші кезекте материалдық өндіріс, сондай-ақ қызмет нарығы саласындағы перспективаларын анықтауды мақсат етеді.

Ақтау қаласы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының 1963 жылы құрылған, облыстық орталығы болып келеді. Ақтау қаласы Маңғыстау облысының батыс бөлігінде орналасқан және республика үшін Каспий теңізінің жағалауындағы Қазақстан Республикасының жалғыз порт-қаласы ретінде ерекше геосаяси мағынасы бар.

Қазіргі уақытта Ақтау қаласы (көліктік, энергетикалық, инженерлік, әлеуметтік) инфрақұрылымы дамыған, ірі өнеркәсіптік және іскер орталық ретінде республиканың экономикасында мамандығын анықтаған ұлан-байтақ мұнай-газ шығару аумағында орналасқан заманға сай қала болып келеді.

Өңір және қаланың ерекшелігі жоғарғы экономикалық өсім негізінен мұнай-газ шығарудың облыста алда тұрған бір саласына ғана сипатты және экономиканың басқа салаларына таралмайды. Нәтижесінде саланың экономикалық өсімнің нәтижесін шектеулі тұрғындар ғана көре алады. Бұдан басқа, капиталдық және қор сыйымдылық сала бола тұрып, мұнай-газ шығару көп жұмыс орындарын құрмайды, сонымен қатар шетелдік жұмыс күштерін және еліміздің басқа өңірлерінен вахташыларды белсенді тартумен айналысады, бұл жергілікті тұрғындардың жұмысқа орналасу проблемасын шешуге ықпал етпейді.

Алайда, өндірісті әртараптандыру саясатына сүйене отырып, қалалық экономика тау-кен өнеркәсібі, мұнайды өңдеу өнімдерін шығару, химия өнеркәсібі өнімдерін шығару, резеңке және пластмасса өнімдерін шығару, металлургия өнеркәсібі, дайын металл өнімдерін шығару, электр техникалық жабдықтарын шығару, азық-түлік өнімдерін шығару, тоқыма өнімдерін, киім және аяқ киім шығару, жиһаз жасау, электр жабдықтау, газ беру, бу және ауа сапалық көрсеткішіне жеткізу және т.б. салаларды дамытумен сипатталады.

Ақтау қаласының бірегейлігі өзінің негізінде еуропа жүйесіндегі тауарлық және технологиялық алмасудың маңызды жолын құру үшін барлық алғышарттары бар шекарамен шектес қала болып келетіндігінде. Қазақстан Республикасының Көліктік стратегиясымен Ақтау қ. Қазақстанның «Батыс Қақпасы» болып анықталды және ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік көліктік дәліздерінің қиылысындағы маңызды байланыстырушы звеносы болып келеді.

Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің тармақтығының, темір жол магистралында және теңіз қатынасында орналасуы арқасында Ақтау қаласы Атырау және Ақтөбе облыстарына, сондай-ақ Ресей, Әзірбайжан, Иран және Орта Азия республикаларына шығатын көліктік жолы бар.

Маңғыстау облысын 2015 жылға дейін аумақтық дамыту стратегиясына сәйкес Ақтау қаласы облыстың негізгі экономикалық факторларының және адам және кадр ресурстарын шоғырлайтын өңірдің демеуші қаласы, облыстың әкімшілік, іскерлік және қаржылық орталығы, сондай-ақ Каспий өңіріндегі Қазақстан Республикасының мәдени, экономикалық және саяси әсері бар орталық болып келеді.



Қала тұрғындарының үлес салмағы облыс тұрғындырының жалпы санының 33% құрайды. 2004-2012 жылдар кезеңіндегі қала тұрғындарының санын қалыптастыру талдауы көші-қонымен, сондай-ақ халықтың табиғи өсуі көрсеткішінің жағымды жағдайымен негізделген тұрғындар санының тұрақты көбеюі болып жатқанын көрсетеді.

Әлеуметтік салада әр түрлі категориядағы халықтың өмір деңгейін жоғары саралау байқалады. Біртіндеп жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы 9,0%-дан 2012 жылы 6,2% дейін, ал тіркелген жұмыссыздық саны 0,6%-дан 0,3% дейін төмендеуде.

Ақтау қаласының экологиялық проблемаларының арасында аумақтың қолайсыз табиғи-климаттық жағдайының проблемасы өткір тұр. Өңір аумағының ландшафты шөлді, жердің өсу қабатын қалыптастыру үшін климаттық жағдай қолайлы болмағандықтан антропогендік әсерлерге тұрақсыз шөлейтті болып келеді.

Бұдан басқа, Каспий теңізінің шельфінде теңіз кен орындарында көмірсутегі шикізатын игеру жұмыстары жүргізілуде, соның нәтижесінде болжау қиын салдармен қолайсыздыққа ұшырататын жағдай туындайды, ал Каспий теңізінің биоресурстарында нақты жоғалу қаупі төніп тұр. Бұл жағдай мұнайдың тасуымен байланысты. Ақтау қаласын сапалы ауызсымен қамтамасыз ету проблемалы болып қалып отыр.

Сонымен қатар, Ақтау қ. маңызды бәсекелестік басымдылығы - іскер туризмді дамыту болып отыр. Мұнай-газ шығару секторының ірі фирмаларының және компанияларының болуы және облыс аумағындағы көліктік-логистикалық тораптарының халықаралық жүйелерін дамытуды жоспарлауға, сондай-ақ әлеуметтік, инженерлік және көліктің инфрақұрылымның жетілуіне байланысты Ақтау қаласында қала тұрғындары және оның қонақтары тұратын, іскер қарым-қатынастары және белсенді демалысына арналған қаланың солтүстік бөлігінде 3000 га алаңды алатын жаңа әкімшілік және іскер ауданын құруды көздейтін «Aktau City» іскер орталығын салу жобасын іске асыру жоспарлануда.

Осылайша, Ақтау қ. дамытудың басты мақсаты Маңғыстау облысының облыстық әкімшілік, іскер және қаржы орталығының, сондай-ақ өңіраралық және халықаралық ғылыми-өндірістік орталығының функцияларын қамтамасыз ету болып табылады.
2.2  Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау:

2.2.1 Экономикалық даму

Өнеркәсіп.

Маңғыстау облысында шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің 35% Ақтау қаласының үлесіне келеді.

Талдауға сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша қалалар мен аудандар бөлігінде маңызды өнеркәсіп өнімдері түрлерінің негізгі саны (19 түрі) Ақтау қаласында шоғырланған.

Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің негізгі көлемін өңдеу өнеркәсібі алады, ол 2012 жылы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі 42,1% құраса, электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауаны қалыпқа келтіруде 38,8% құрады.

Кен өндіру өнеркәсібіне 10,3% тиесілі, оған кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салалары және сол саладағы техникалық қызметтер кіреді.

2005 жылдан бастап өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл сайын өсті (2005 жылы – 471,8 млрд. теңге, 2006 жылы – 645,5 млрд. теңге, 2007 жылы – 720,8 млрд. теңге, 2008 жылы – 1054,7 млрд. теңге). 2009 жылы қаланың өнеркәсіп өндірісінің алдыңғы жылмен салыстырғанда 56,6% күрт төмендеп, 457,9 млрд.теңгені құрағаны байқалады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2006 жылы 107,7%-дан 2008 жылы 105,8% және 2009 жылы 95% дейін төмендеді.

Мұнай-газ саласында 2005 жылдан 2009 жылға дейін мұнай берудің өсуі тұрақты қамтамасыз етілді. 2008 жылда мұнай шығару көлемі 11,4 млн.теңге құрады, сөйтіп алдыңғы жылға қарағанда 4 % өсу қамтамасыз етілді. 2009 жылы – мұнай шығару көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 5,9% өсіп, 12,1 млн.тоннаны құрады.

Сондай-ақ, табиғи газ шығару 2005 жылы 1347,2 млн.текше метрден 2009 жылы 2202,5 млн. текше метрге дейін тұрақты өсу динамикасымен сипатталды.

2012 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 115,3 млрд. теңге құрады. Бұл кему өнеркәсіп көлемдерін статистикалық есепке алу әдістемесінің өзгеруімен байланысты, оған сәйкес соңғы жылдары көмірсутекті шикізат өндіру көлемі кен орны орналасқан аумақ бойынша есептеледі.

Тау-кен өндірісінің басқа да салалары, бірінші кезекте, құм, қиыршық тас және ұсақталған тас, ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған тастар және т.б. өндіру сияқты кентассыз шикізатты (құрылыс материалдарын) өндірумен ұсынылған. Қазіргі уақытта бұл салалар айтарлықтай дамымаған. 2012 жылы бұл өнімнің 25 мың текше метрі өндірілді,, бұл 2011 жылға қарағанда 46,1% төмен.

Осымен қатар, соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі байқалады. Ақтау қаласының өңдеуші өнеркәсібі тамақ өнімдерін, тоқыма және тігін өнімдерін шығарумен, резеңке және прластмасса өнімдерін шығаруме, машина жасау, химия өнеркәсібімен, қатты металлды емес минералдық өнімдерін шығарумен және өнеркәсіптің басқа да салаларымен ұсынылған.

Өңдеуші өнеркәсібінде өнімнің көлемін көбейту Маңғыстау облысы Индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында іске асырылғандығы талшықты және шыны пластикалық құбырларды шығару зауыттары, және «Ақтау теңіз порты» АЭА ары қарай дамыту сияқты жаңа перспиктивалық өндірістер қызметтерінің басталуымен байланысты.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы 2003 жылы құрылып, Ақтау теңіз портының жанында Ақтау қалалсының өнеркәсіптік аумағында орналасқан. «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 2003 жылы 227,1 га-дан 2008 жылы 2000 га дейін кеңейтілді, оның әрекеттік мерзімі 2028 жылға дейін ұзартылды.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсаты жоғарғы технологиялық және экспортқа бағытталған өндірістерді ұйымдастыру, жаңа өнім түрлерін игеру, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қосымша инвестициялар, технологиялар және басқару тәжірибелерін тарту арқылы өңірдің жылдам дамуын қамтамасыз ету болып келеді.

Құрылған күнінен бастап, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына 24 млрд. жуық теңге тартылды. Бүгінде АЭА 53 жобасы бар 48 қатысушы жұмыс істейді. Олар 1 мыңға жуық адамның тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Бүгінде АЭА аумағында 6 жоба іске асырылған, оның 3 жобасы 2003 жыо мен 2007 жыл аралығындағы кезеңде жүзеге асырылса, 2 жоба – 2011 жылы, 1 жоба – 2012 жылы іске асырылған:



  1. Мұнай сұрыпталымы құбырларын шығаратын зауыт;

  2. Теңіз металл конструкциялары зауыты;

  3. Шыныталшықты құбыр шығару зауыты;

  4. Алдын-ала бөлектенген құбырлар өндірісі;

  5. Оффшорлық контейнерлер өндірісі бойынша инжинирингтік– монтаждық кешені;

  6. Планшеттік компьютерлер, теледидарлар және мониторлар шығаратын зауыт.

Іске асыру сатысында 16 жоба жатыр:

  1. «Kvaerner Caspian Fabrication» ЖШС: металл конструкциялары құрылысы;

  2. «Компания Профкомплект» ЖШС: болат өндіру;

3. «EPONUR» ЖШС: құрылыс материалдары өндірісі;

4. «Каспиопласт» ЖШС: төмен деңгейлі полиэтиленнен жасалған құбыр өндірісі;

5. «SYCO» ЖШС: каустикалық сода және хлор өндірісі;

6. «Караойкурылыс»ЖШС: ҰҚК құрылысы;

7. «Юнайтед Кемикалс Морпорт» ЖШС: минералдық тыңайтқыштар өндірісі;

8. «Компания Профпласт» ЖШС: ПВХ құбырлары өндірісі және ПХВ-дан жасалған композиция;

9. «ХаКоОйл» ЖШС: мұнайы бар қалдықтар мен мұнайды қайта өңдеу;

10. «Достык Полимер» ЖШС: полимерлік қаптама өндірісі;

11. «Aspan Storage» ЖШС: А сыныпты логистикалық-қоймалық кешен;

12. «Экотоп» ЖШС: экологиялық таза кеме отынын өндіру;

13. «КазАвтономЭнергия» ЖШС: жел қозғалтқыштарын (турбиналарын), контейнерлер шығару;

14. «Хазар Сервис» ЖШС: мұнай мен мұнай өнімдерін бөлу-өткізу кешені;

15. «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС: фармацевтикалық кешені;

16. «Актау Полимер» ЖШС: тамшылап суару жүйесі өндірісі.

Бүгінгі күнде жұмыс бағдарламаларының сақталмауынан және жер учаскелерінің игерілмеуіне байланысты 11 компаниямен келісімді бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде, қала әкімдігіне жер учаскелерін алып қою бойынша сұрау жіберілді.

АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды, 6 кіші аймақтан және жағалау жаны аймағынан тұрады. Инвестициялық жобаларды орналастыруға арналған аумақ бүгінде 687,74 га құрайды.

Ғимараттар мен имараттарды, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды орналастыратын аумақ жалпы алғанда 132,7 га құрайды. Сонымен, жалпы бос аумақ 1180,56 га (келісімдерді бұзу есебімен алғанда 1481,63 га болады), оның ішінде №3 кіші аймақтың бос аумағы – 25,66 га (келісімдерді бұзу есебімен алғанда 50,13 га), № 1 кіші аймақтың бос аумағы – 234,2 га (келісімдерді бұзу есебімен алғанда 262,6 га).

Басқарушы компаниямен АЭА аумағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

3 кіші аймағына қатысты:

2008 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғанда № 3 кіші аймақтың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге бөлінді.

1 кіші аймағына қатысты:

2012 жылы № 1 кіші аймақтың инженерлік инфрақұрылымының құрылысына республикалық бюджеттен 1032 млн. теңге бөлінді. Жұмыстарды «Каспий» ӘӨК бастады.

Сонымен қатар, инвесторлардың басқа да бастамалары бар, олар «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметінің басым түрлерін ұлғайтуды талап етеді. Бұл компаниялармен 2012 жылғы 24-26 қыркүйекте Ақтау қаласында Инвестициялық форум өткізу шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды:

1. Activ Solar компаниясымен бірлесіп, күн панельдері өндірісін құру мәселесі ойластырылуда. Бұл жоба бірлескен кәсіпорынды қаржыландыруға және құруға қызығушылық білдірген «Самрук-Казына Инвест» ЖШС бірлесіп іске асыру жоспарлануда. Австрия компаниясы сол жоба бойынша бизнес-жоспар дайындауда.

2. «Казэнергорегион» компаниясымен Pipistrel словения компаниясымен бірлесіп шағын авиация ұшақтарын шығару бойынша өндіріс құру (ұшу қызметтерін көрсету бойынша авиациялық кешенді ұйымдастырумен) жобаланып отыр.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «Ақтау теңіз порты» АЭА басым қызмет түрлері тізбесін мына бағыттар бойынша кеңейте түсу туралы ұсыныстар жіберілді: «Негізгі фармацептикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектер өндірісі», «Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі», «Өзге де көлік құралдары өндірісі», «Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауаны кондинциялау».

Сондай-ақ, 17 әлеуетті инвесторлармен жұмыстар жүргізілуде, оның 9 компаниясы «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өз ойларын растады.

Құжаттарды беру сатысында 8 жоба жатыр, келіссөздер сатысында – 8 жоба бар.

Также ведутся работы с 17 потенциальными инвесторами, из которых 9 компаний подтвердили свое намерение по реализации инвестиционных проектов на территории СЭЗ «Морпорт Актау».

На стадии подачи документов находится 8 проектов, на стадии переговоров 8 проектов.

Қала өнеркәсібінің өңдеу секторының өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 2007 жылы - 7,2%, 2008 жылы - 5,9% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі көрсеткіштердің күрт төмендеуіне байланысты 2009 жылы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 7,4% дейін көбейді. 2012 жылы өнеркәсіптің сол секторының үлесі 42,1% құрады (күрт арту статистика органдарының көмірсутекті шикізат көлемдерін оларды өндіру орны бойынша есепке алуына байланысты).

Аталған жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 48,6 млрд. теңге құрады немесе аталған өнеркәсіп секторындағы жалпы облыстық өндіріс көлемінің 70,3%. Нақты көлем индексі 72% құрады.

Мұнай емес секторында экономикалық өсімін тежейтін негізгі факторлар өз шикізат ресурстарының шектеулілігі, сондай-ақ ірі өткізу нарықтарына қолжетімділіктің жоқтығы болып отыр.

Қаланың өнеркәсіп құрылымындағы электрмен жабдықтаудағы, газ, бу беру, ауаны кондинциялаудағы өндірістің үлесі 38,8% құрайды. «МАЭК-Казатомпром» ЖШС – облыс тұтынушыларының 90% астамы үшін жалғыз энергия шығарушы және энергиямен жабдықтаушы кәсіпорын. 1999 жылдың сәуірінде БН-350 жылдам нейтрондарындағы тәжірибелік-өндірістік реакторын пайдаланудан шығарғаннан кейін «МАЭК-Казатомпром» ЖШС толықтай табиғи газбен жұмыс істейді.

Бағалаулар бойынша, қазіргі сәтте кәсіпорын облыс тұтынушыларының электроэнергиядағы барлық талаптарын толығымен қамтамасыз етуде. Алайда, негізгі энергия құрал-жабдықтары қызметінің нормативтік мерзімін өндіруге байланысты 2012-2013 жылдары 200МВт белгіленген күштің істен шығуы күтілуде, бұл өңірде энергия тапшылығын туындатуы мүмкін.

Осыны ескере отырып, қазіргі уақытта 2007-2015 жылдарға арналған «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС Инвестициялық бағдарламасы әзірленді, онда қуаттылығы 200-2050 МВт бу-газды қондырғы құрылысы мәселесі қарастырылуда. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б. Жақсалиевтің төрағалық етуімен 16.11.2012 ж. өткен мәжіліс хаттамасының негізінде «2025 жылға дейінгі кезеңге қуаттылық теңгерімдерім қалыптастыру шарттары бойынша Маңғыстау облысында жұмыс істеп тұрған туындаушы көздерді қалпына келтіру және жаңаларын салудың мақсаттылығын анықтау бойынша техникалық-экономикалық зерттеулерге (ТЭЗ)» техникалық тапсырма әзірленді. ТЭЗ әзірлеуге 21 млн. теңге қажет.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сол соманы 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлуді қарау туралы хат жолдады.

Электр энергиясын шығару 2012 жылы 4598,6 млн. сағатына кВт құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 2% жоғары, жылу энергиясын шығару - 3192,4 мың Гкал (2011 жылғы деңгейге 102,3%).

Қаланың аумағында тұтынушыға дейін электр энергияларын жеткізу және тасымалдауды («АУЭС» МКК), жылу энергиясын, шаруашылық және ауызсуларды және су қашыртқы қызметін тасымалдауды ( «ТВСиВ» МКК, «Ақтау тұрғын үй» МКК) қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыс істейді.

2005 жылдан 2007 жылға дейін төмендеу үдірісі болған өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін жұмысшылардың саны (2005 жылы 26,7 мың адамнан 2007 жылы 24,9 мың адамға дейін), 2008 жылы 2007 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 12% өсіп, 27,9 мың адамды, 2009 жылы – 30,1 мың адамды құрады. Сөйте тұра, олардың 59,1% (17,8 мың адам) тау-кен шығару өнеркәсібінде, 20% (6,0 мың адам) өңдеу өнеркәсібінде және 18,9% (5,7 мың адам) электр энергиясын, газды және суды бөлуде және өндіруде жұмыс істейді.

2012 жылдың қаңтар-қарашасында өнеркәсіптегі жұмыскерлер саны 34,3 мың адамды құрады, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 21,9 мың адам, өңдеу өнеркәсібінде – 5,8 мың адам, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауаны кондинциялауда, сумен жабдықтауда – 6,0 мың адам.

Өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмысшының орташа айлық еңбекақысының деңгейі жыл сайын орта есеппен 10% көтеріледі. Толықтай, осы саладағы орташа айлық еңбекақының деңгейі Ақтау қ. басқа салаларының жұмысшыларының жалпы айлық еңбекақыларының деңгейінен жоғары және 2009 жылы 111 188 тг. құрады.

2012 жылғы қарашада өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа айлық еңбекақысы 228621 теңге құрады, бұл 2011 жылдыі сәйкес кезеңіндегі орташа қалалық жалақы деңгейінен 35,8% жоғары және өнеркәсіптің сол сеторындағы атаулы жалақы деңгейінен 31,2% жоғары. Өнеркәсіп өндірісінің көлемдерін күшейту негізгі капиталға инвестициялардың өсімінсіз мүмкін емес. 2012 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестицияның көлемі 81,5 млрд. теңге құрады немесе 2011 жылғы деңгейден 25,6% төмен.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында инвестиция құрылымының талдауы қала негізгі капиталға барлық инвестицияның 21% жуығын тартатынын көрсетеді.

Негізгі капиталға ең көп инвестиция көлемі 2012 жылы өнеркәсіпте байқалып, 42,1 млрд.теңгенң құрады, соның ішінде тау өндіру кәсіпорнында және карьер дайындауда – 10,0 млрд.теңге 2011 жылғы деңгейге 5,7% өскен) және өңдеу өнеркәсібінде - 23,5 млрд. теңге (2011 жылға қарағанда 2 есе жоғары) .

Негізгі капиталға басқа да экономикалық қызмет түрлерінен инвестициялар 2012 жылы көлік және жинақтау саласында – 9,9 млрд.теңге, мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында – 3,9 млрд.теңге, жылжымайтын мүліктермен операциялар – 5,2 млрд.теңге, құрылыс – 2,2 млрд.теңге, көтерме-бөлшек саудада – 2,1 млрд.теңге, сумен жабдықтау және канализация жүйесінде1,2 млрд.теңге, электрмен қамту, газ, бу және ауаны кондинциялауда – 4,3 млрд, теңгені құрады.



Негізгі капиталға инвестицияның негізгі көзі қаражаттың жалпы көлемінің 55,5% кәсіпорындардың өз қаражаттары, 1,9% - шетел инвесторлары, 12,7% - жергілікті және республикалық бюджеттің қаражаты және 29,9% - қарыз қаражат болып келеді.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет