«Қалам қуаты» атты журналистік шеберлік байқауының ТҰжырымдамасы



Дата25.04.2016
өлшемі73.51 Kb.


«Қалам қуаты» атты журналистік шеберлік байқауының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

(бұдан әрі  -  Байқау)





  1. Жалпы ережелер

1.1. "Қалам қуаты" атты журналистік шеберлік байқауы Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) өкілдері арасында өткізіледі. Байқауды ұйымдастырушылар "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ).

1.2. "Қалам қуаты" журналистік шеберлік байқауы ҚР мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін айқындауға бағытталған республика көлеміндегі іс-шара болып табылады.

1.3. Байқауға ҚР мұнай-газ саласының мәселелерін айқындайтын республикалық және аймақтық газет редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, ақпараттық агенттіктер мен штаттық немесе штаттан тыс авторлар қатысады.




  1. Байқаудың мақсаты мен міндеті




    1. "Қалам қуаты" журналистік шеберлік байқауы аталған тақырыпты БАҚ-да жариялау арқылы тұрғындар арасында қоғамдағы мұнай-газ саласында өткізілетін өзгерістерге жағымды қатынасты қалыптастыру және сектордың жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен маңызын түсіндіру мақсатында өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты:




  • ҚР мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару;

  • Қазақстанның мұнай-газ саласындағы компанияның айқындылық және ақпараттық ашықтылыққа қызығушылығын көрсету;

  • Мұнай-газ тақырыбында мамандандырылған БАҚ пен тілшілердің жұмысындағы иесіздікті жою;

  • Мұнай-газ тақырыбы саласына маманданған журналистер арасында озық үлгілі new-media (блоггинг, Интернет-журналистика) түрлерін кең тарату;

  • Мұнай-газ тақырыбын баяндауға БАҚ жас мамандарының назарын аудару.



  1. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

3.1. «Қалам қуаты» байқауына қатысуға шақырылады:



  • республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мерзімді баспасөз басылымдарының және теларадиокомпаниялардың редакциялық ұжымдары;

  • жеке ізденушілер – орталық және аймақтық БАҚ-да жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер);

  • БАҚ-да материалдары жарияланған немесе қолданылған басқа авторлар.




  1. Байқау номинациялары

4.1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- Гран-при;

- мұнай-газ тақырыбы бойынша республикалық телеарналардағы арнайы репортаж/ үздік бағдарлама;

- үздік фоторепортаж;

- үздік радио бағдарлама;

- республикалық БАҚ баспаларындағы үздік материал;

- қазақ тіліндегі аймақтық БАҚ баспаларындағы үздік материал;

- орыс тіліндегі аймақтық БАҚ баспаларындағы үздік материал;

- үздік блоггер;

- мұнай-газ саласының тарихы туралы үздік материал;

    



  1. Байқау материалдарын бағалау

5.1. Байқау бір кезеңнен тұрады. Байқауға қатысу өтінімдері мен материалдар 2013 жылғы 20 тамызға дейін Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы-19, А блогы, 0209 кабинеті мекенжайы бойынша қабылданады.

5.2. Байқауға бір автордың БАҚ тіркелген, баспа және электронды басылымдарда, сонымен қатар Интернетте жарияланған кем дегенде үш материалы ұсынылуы қажет.

5.3. Ұсынылған материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін байқаудың ұйымдастырушылары Байқаудың Қазылар алқасын жасақтайды және бекітеді. Қатысушылардың материалдарын біліктілік талаптарына сәйкес бағалау Байқаудың Қазылар алқасымен сараптық бағалау әдісі арқылы жүзеге асырылады.

 


  1. Байқау кезеңдері

6.1. Өтінімдерді қабылдау;

6.2. Келіп түскен жұмыстарды Байқауды Ұйымдастыру комитеті алдын ала қарау;

6.3. Байқаудың Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалау және үздік жұмыстар авторларын анықтау;

6.4. Ресми түрде қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында жүргізіледі.


  1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті

7.1. Байқауды өткізуді үйлестіру Ұйымдастыру комитетіне (Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

7.2. Байқауды өткізу кезінде Ұйымдастыру комитеті Байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, Байқауға қатысушылардың тізімін, Байқаудың ақтық сынына қатысушылар тізімін және Байқау жеңімпаздарының тізімі енгізілетін деректер қорын жасайды.

7.3. Ұйымдастыру комитеті болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бекітіледі.

7.4. Ұйымдастыру комитеті өзінің жұмысында Ұйымдастыру комитетінің қызметтері, құқықтары және міндеттері қарастырылған Байқау туралы ережені басшылыққа алады.

 


  1. Байқаудың Қазылар алқасы

8.1. Байқау жұмыстарын бағалау үшін Байқаудың Ұйымдастыру комитетімен Қазылар алқасының төрағасы, Қазылар алқасының хатшысы және Қазылар алқасының мүшесі құрамында Байқаудың Қазылар алқасы жасақталады.

8.2. Қазылар алқасының құрамына Байқауды ұйымдастырушылардың өкілдері - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және қоғамдық журналистік ұйымдардың өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ жетекшілері, ғылыми және қоғамдық қайраткерлер, Байқау демеушілері (серіктестері) кіреді.

8.3. Қазылар алқасының құрамы және Қазылар алқасының төрағасы Байқаудың Ұйымдастыру комитетімен бекітіледі. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.




  1. Байқаудың қорытындыларын шығару

   9.1 Байқаудың қорытындысы бойынша Байқаудың Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

9.2. Марапаттауға лайық Материалдар болмаған жағдайда, Байқаудың Қазылар алқасы Байқау ұйымдастырушыларына жүлделі орындарды бермеуді ұсынуға құқылы.

9.3. Ресми түрде қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында жүргізіледі.

9.4. Байқаудың Қазылар алқасымен анықталған Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйақымен, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.





Ұйымдастыру комитеті

1 қосымша

Республикалық,

облыстық және аймақтық БАҚ

редакциялық ұжымына

арналған өтінім үлгісі


«Қалам қуаты» атты журналистік шеберлік байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

« _________________ » газетінің редакциясы (басқа БАҚ) «_________________________» номинациясында (-ларында) "Қалам қуаты" журналистік шеберлік байқауына қатысуға өтінім білдіреді.


Қосымша 1, 2, 3.
Бас редактор – (Аты-жөні, тегі)

М.о.
Өтінімге қосымша:

1. Байқау қатысушысы - мерзiмдi баспасөз басылымы және байқауға ұсынылған материалдар туралы ақпарат.

2. 2012 жылғы 15 тамызынан бастап 2013 жылғы 15 тамызына дейін газеттерде (басқа БАҚ) жарияланған материалдардың түпнұсқасы мен көшірмесі (мәтіндер үшін – түптестіру).

3. Жарияланған материалдардың CD, (DVD) электронды нұсқалары.
БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ - МЕРЗIМДI БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМЫ және байқауға ұсынылған материал туралы ақпарат


Басылым атауы

_____________________ (ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде тіркелген.

Куәлік № ______).



Құрылтайшы




Құқықтық-ұйымдастыру үлгісі

___________________________ редакциясы құрылымдық бөлімше болып табылады. (немесе басқа)

Шығарылу мерзімі




Басылым таралымы




Таралу аумағы

(муниципалды құрылыстар)






Бас редактор

Аты-жөні, тегі

Жауапты хатшы

Аты-жөні, тегі

Пошталық мекенжайы




Редакция телефоны




Факс




Электронды пошта




Материалдар туралы ақпарат

(өтінім берілген номинация бойынша кем дегенде үш)



1. (материал тақырыбы, жарияланған күні, автордың аты-жөні, тегі, материал атауы)

2.

3.



2 қосымша

Жеке ізденушілерге арналған

өтінім үлгісі

«Қалам қуаты» атты журналистік шеберлік байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

Сіздерге «_____________________________________________» номинациясында «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауына қатысу үшін материал (-дар) жолдаймын.


Қосымша 1, 2, 3.
(Қолы) – Аты-жөні, тегі

Өтінімге қосымша:

1. Байқау қатысушысы, байқауға ұсынылған материал(-дар) және материалдар жарияланған басылым туралы ақпарат;

2. 2012 жылғы 15 тамыздан бастап 2013 жылғы 15 тамызға дейін газеттерде (БАҚ басқа) жарияланған материалдардың түпнұсқасы мен көшірмесі (мәтіндер үшін – түптестіру).

3. Жарияланған материалдардың CD, (DVD) электронды нұсқалары
БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Байқауға ұсынылған материал (-дар)



Байқау қатысушысы

Аты-жөні, әкесінің аты

Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы




Қатысушының пошталық мекен-жайы




Телефон (байланысу үшін)




Электронды пошта




Материал (-дар) туралы ақпарат


Материалдың (-дар) тақырыбы, жарияланған күні, материал (-дар) жарияланған басылым атауы






Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет