Алаш айнасы. – 2011. №28. – 17 ақпан Күдеров Т. Үздіктердің біразы жеңіліп жатыр



жүктеу 38.87 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі38.87 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Алаш айнасы. – 2011. - № 28. – 17 ақпан

Күдеров Т.


Үздіктердің біразы жеңіліп жатыр

Бокстан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ел чемпионаты ширек финалдық тұсына жетті.

49 келі салмақтың шымылдығын Азия ойындарының күміс жүлдегері Біржан Жақыпов пен жас буын өкілі, павлодарлық Жандос Дүйсеков ашты. Бірінші раундта есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін Біржан ширақ қимылдай бастады. Үш ұпай еншілеп, екінші раунд аяқталды. Шешуші кезеңде тағы екі соққысы қарсыласына дарыған Біржан 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бір қызығы, осы екі боксшы былтыр Астанада өткен ел чемпионатының алғашқы айналымында да кездескен болатын.

Дәл осы салмақта тағы бір тартысты жекпе-жек өтті. Атырау облысының намысын қорғаған Әділет Қапезов Ақмола облысынан келген Теміртас Жүсіповтен 1:5 есебімен ұтылып қалды. Екеуі де халықаралық сындарға қатысып, жүлдеге ілініп жүрген тәжірибелі боксшылар болатын. Сонымен қатар өткен жылы 56 келі салмақта ел чемпионы атанып, Гуанжоудағы Азия ойындарында бақ сынаған өскемендік Мирас Жақыпов бокс Қолғабын қолына енді киіп жүрген қызылордалық Алмат Сқақовтан ойсырай ұтылды. Шаршы алаңда екі қолын құр босқа сермеген Мирас бір жыл бойы осы салмақта еліміздің бірінші нөмірлі боксшысы атанып келгендігін дәлелдей алмады. Кездесу 8:4 есебімен Сыр бойынан келген спортшының жеңісімен аяқталды.

Жиналған жанкүйер қауым 64 келі салмақтағы бірінші кездесуді асыға күтті. Өйткені шаршы аланда Азия ойындарының чемпионы, астаналық С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың 2 курс студенті Данияр Елеусінов қарағандылық Думан Сүлейменов айқасты. Азулы қарсыласынан қаймық-паған Думан бірден дүрсе қоя берді. Жылдам қимылдап, соққыларын оңды-солды жаудыртты. Алғашқы раундта Думан есеп ашып, бір ұпай еншіледі. Үзілістен кейін Данияр таразы басын теңестірді. Бірақ Думан шаршы алаңда еркін жүрді. Соққыларын жиі-жиі жұмсағанымен, діттеген жеріне тимей жатты. Өйткені астаналық тәжірибелі боксшы сауатты қорғана білді. Шешуші кезеңде екеуі андысып біраз жүрді. Есеп 2:2 болып тұрған сәтте Данияр мол тәжірибесінің арқасында бір ұпай еншілеп, келесі айналымға шықты. Есеп - 3:2. Негізі, Думан да осал қарсылас емес еді. Былтыр Орал қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып, турнир жеңімпазы атанған бо­латын. Жекпе-жектен кейін Даниярмен тілдескенімізде:

- Мен бұл боксшымен бұрын-сонды кездеспеген едім. Басында жеңістің кілтін таба алмай, дал болдым. Бапкерлерім арақашықтықты сақта деген. Бірақ мен ол ақылға құлақасқан жоқпын. Жақын келіп, ашық айқасқа шыққым келді. Өйткені бұл менің биылғы маусымдағы алғашқы жек-пе-жегім ғой.Аздап терлеуді жөн санадым, - деді.

Былтыр осы салмақта Астанада өткен финалдық айқаста Данияр Елеусіновке жол берген шығысқазақстандық Әділет Егізеков биыл бірінші кездесуінде атыраулық Азамат Досмағамбетовтен 1:3 есебімен ұтылып, чемпионаттан шығып қалды.

91 келі салмақта Василий Левит бірінші кездесуінде павлодарлық Сергей Ганчеровты 6:0 есебімен женді. Ал биыл, ел чемпионатына қатысуға бел байлаған Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев шаршы алаңға бір-ак, мәрте шықты. 91 келіде Маңғыстау облысының намысын қорғаған Әділбек Балғожамен қолғап түйістірген Шынәлиев бірінші раундта жеңіп жатқан еді. Бірақ, екінші және үшінші раундтарда соққылар дәл тиген ақтаулық боксшы есепті теңестірді. Кездесу 5:5 нәтижесімен тең аяқталыды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс Маңғыстау облысының боксшысына берілді. Осыдан соң «Шынәлиевтің дәурені өткен секілді» деген ойға баттық. Ол ҚР бокс федерациясының кубогы жолындағы Жамбыл мен Шымкент боксшылар арасындағы кездесуінде де жеңілістің кермек дәмін татқан болатын. Осы салмақта ел чемпионатының бас жүлдесінен үмітті Данияр Үстембаев алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Кеше алғашқы ширек финалды жекпе-жектер өтіп, жартылай финалды додаға жолдама алғандардың есімдері анықтап берді (жеңіске жеткендері бірін жазылды):



52 келі:

Нұрсүлтан Көшеғулов (Ақмола обл) Хабибулла Исмаил-Ахунов (Алматы) 5:1

Бекболат Жүсіпов (Қызылорда обл) Олжас Сәттібаев (Жамбыл обл) - 9:8

60 келі:

Айдар Әмірзақов (БҚО) - Азама Албосынов (ШҚО) - 6:2

Елдос Сайдалин (Қарағанды облысы - Берік Әбдірахманов (Ақтөбе обл) - 4:3

69 келі:

Рустам Сбаев (Қызылорда обл) Қанағат Маралов (ШҚО) - 7:2

Сулейман Бердукаев (Маңғыаау обл- Шыңғыс Бердібеков (Алматы) -11:1

81 келі:

Алмат Серімов (Қарағанды обл) Максим Погорелов (Павлодар обл) 7 -раундта айқын басымдықпен

Асқар Абдуллаев (ШҚО) - Асқа Дүрішев (Қызылорда обл) - 2 айқын басымдықпен

+91 келі:

Иван Дычко (Қостанай обл) - Арту Елубаев (Ақтебе обл) - 7 -раундта айқын басымдықпен



Рүстем Іргебаев (Алматы) - Ерме Үсенов (Астана) - 2-раундта айқын басымдықпен



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет