Алаш айнасы. – 2013. №31. – 26 ақпан Асқар А. Астанада студенттік дүкен ашылды



жүктеу 19.13 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі19.13 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Алаш айнасы. – 2013. - №31. – 26 ақпан

Асқар А.
Астанада студенттік дүкен ашылды


Осы уақытқа дейін студент жастардың қоғамдық көлікте жүру ақысын төмендету, университет жанындағы буфет-асханалардың бағасын арзандату сияқты мәселелер талай рет көтерілді. Алайда оған қатысты жоғары оқу орындарының басшылығы, тіпті министрліктің өзі ләм-мим деген жоқ. Астанадағы Қазақ агротехникалық университеті болса «студенттік» мәселелерді өз күшімен шешуге кірісті. Бүгінде ол жерде арзан асхана жұмыс істейді. Ал күні кеше студенттер үшін әлеуметтік дүкен ашылды.

Негізі, Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оң бастамалары көп. Соның арқасында бұл жерде нағыз «студенттік өмір» барынша сезіледі. Мәселен, бұған дейін университеттің №5 жатақханасы жанынан студенттік асхана ашылған болатын. Ондағы бір түскі астың бағасы - 250 (!) теңге. Оның ішінде екі ыстық тамақ пен шай-пай бар. «Шіркін-ай, не деген молшылық!», - дейсің. Бүгінде ол жерге универси­тет студенттері ғана емес, жақын маңайда жұмыс істейтін қарапайым қызметкерлер де көптеп келеді. Ал күні кеше №4 жатақханада «Студент» атты әлеуметтік дүкен ашылды. Бұл дүкеннің ерекшелігі сол - барлық тауарлардың құны нарықтық бағадан төмен. «Ол қалай?», - дейсіз ғой. Уни­верситет басшылығы жеке кәсіпкерге жатақхананың бірінші қабатынан бір бөлмені тегін беріп отыр. Ай сайын коммуналдық шығындарды төлеп отырса болғаны. Осының арқасында студенттерге азық- түлік өнімдерін арзан бағамен сатуға мүмкіндік бар.
Айжан БӨЛЕГЕНОВА, жеке кәсіпкер:

- Бізде нанның бағасы - 45 теңге, студенттер жиі алатын «Роллтон» мен «Биг- бон» сияқты тауарлардың нарықтық баға­сы 37-65 теңге болса, біздің дүкенімізде «Роллтон» - 33, ал «Биг-бондар» 55 теңге тұрады. Бұдан басқа, тұшпарамыз – 220 - 260 теңге, бір лимонның бағасы - 45 тең­ге, сусын мен шырындардың да бағасы арзан.



Қазақ агротехникалық университеті осымен тоқтамайтын сыңайлы. Алдағы уақытта бұл жерде әлеуметтік емхана және дәріхана ашу жоспарда бар.

Бауыржан ИМАНҒАЛИЕВ, ҚазАТУ тәрбие ісі жөніндегі департаментінің директоры:

- Университет ректоры Денсаулық сақтау министрлігіне жеке өзі шығып, студенттік емхана ашу мәселесін көтерді. Қазіргі кезде министрлік тарапынан қолдау бар. Біз өз кезегімізде емханаға қажетті жағдай жасап, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Содан соң дәрігерлерді шақыртамыз. Олардың ішінде терапевт, невропатолог, уролог сияқты сегіз маман болады. Оған қоса, бізде әлеуметтік дәрі­хана ашылады. Кәсіпкерлермен келісе отырып, біз дәрі-дәрмектердің бағасын да реттемек ойдамыз. Шыны керек, студенттер қатты қуанып жүр. Өз пікірлерін ректордың блогына жазып, алғыстарын білдіріп жатыр.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет