«алаш» баспасы



жүктеу 5.01 Mb.
бет10/25
Дата02.04.2016
өлшемі5.01 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
: repository -> history -> %D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Арман да, арман, шын арман
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Аудармалары

АБАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ

Әңгімеге арқау болып отырған осынау ақын, оны едәуір дәрежеде ойшыл десек те болады, 1845 жылы текті де құрметті рубасының үйелменіңде туған, өмірінің алғашқы кезеңінде, рубасынын мұрагері ретінде, Абайдың өзі де рубасы болды, жүре келе Ресей қазақ өлкесін жаулап аяғаннан кейін қазақ халқының қоғамдық өмірінің біртіндеп дамуына байланысты, рулық құрылыс негіздері кәдімгідей шайқала бастайды. Ру ішінде жіктелу — бөліну әрекеті туады да, ол Абайдың рубасылық жағдайына әсер етеді.

Өзінің қоғамдық-әдеби қызметінің алғашқы кезінде Абай, атқамінерлікке, болыстарға, алдау-арбауға, әділетсіздікке қарсы, қазақтың рулық қауымының ескілікті өмір тіршілігін күйретуді қолдайтын сол кездегі режимге қарсы күрес ұранымен қазақтың рулық қауымына еніп жатқан жаңа тұрмыс пен жаңа қоғамдық қарым-қатынасқа қарсы рақымсыз да қатал күрес жүргізеді. Сөйтіп қазақ халқы өміріндегі бұрынғы тәртіпті қалпына келтіріп, рулық қауымды сақтап қалуды жақтайды. Абайдың және Абай тектес рубасыларының белсене жасаған қарсылығы қоғамдық өмірдің тарихи дамуына төтеп бере алмады. Абай және басқалары, қанша безінгенімен, тарихи қажеттіліктік құрбандығына шалынып, өздерінің жағдайынан айрылуына тура келді.

Ақиқат өмір шындығынан қатты таяқ жегеннен кейін Абай өрлеп келе жатқан қоғамдық қатынасқа лажының жоқтығынан бейімделеді де, кейін жүре келе ақын содан шабыт алып, оны сақтап, дамыта тусуді (жаңа тауарлы-капиталистік қатынасты) жанын сала жақтайды. Біздің қолымыздағы мәліметтер осының айқын куәсі.

Қоғамдық-әдеби қызметінің екінші жартысында Абай өз өлеңдерінде қазақ руларын бас қосып, бірігіп, өзара жағынушылықты қоюға шақырады, мәдениетке ұмтылып, халықтың алға басуының бірден-бір жолы — білім алуға үндейді. Міне, осының бәрі өмірінің соңғы кезеңіңде, 1904 жылға дейін, Абайдың жаңа туып келе жатқан жас қазақ буржуазиясының идеологі болғанын дәлелдейді. Сол себепті де қазақтың ұлтшыл зиялыларының оны тіпті материалист болды деп көтермелеуі тегін емес.

Егер біз Абай дәуірінде болып өткен тарихи процесті талдауға көшсек, мынадай ахуалды көреміз. Қазақ өлкесін Ресей жаулап алғанға дейін өлкенің халқы түгелдей мал шаруашылығымен шұғылданатын, шаруашылықтың бастапқы түрі натуралды шаруашылық болатын. Ресей жаулап алғаннан кейін қазақ халқы арасында болған бұрынғы өндірістік қатынастар қарсылығының бәрін без-бүйрек қаталдықпен жайпап тастап, соған дейін табаны тимеген Қазақ өлкесіне тауарлы-капиталистік қатынас қабағат қайсарлықпен біржолата баса-көктеп кіріп алады. Бұл процесс әсіресе 19 ғасырдың екінші жартысынан (Абай дәуірі) бастап күшейе береді. Рулық қауым ішінде қозғалмалы мүлікке деген жеке меншік бірте-бірте күшейіп, беки түседі, алыс-беріс көбейіп, ақша пайда болады, натура тауарға айналып, тауар айналымы дамиды; жалпы алғанда, Маркстің бейнелі сөзімен айтсақ, «бір жағыңда байлық қорланып жиналса, екінші жағында қайыршылық көбейеді», қоғамдық күштер қайта топтасып, байлар мен саудагерлер, айырбас делдалы (жалдаптар), жаңа қоғамдық қайраткерлер, атқамінерлер, болыстар, қоғами қарым-қатынастың жаңа жүйесінің күзетшілері пайда болады.

Алайда рубасылары мігірсіз өсіп келе жатқан өмірдің жаңа қоғамдық укладына қарсы жаулық ниетін жасырмай, әртүрлі амал-айланың бәрін қолданып, қатыгездікпен қасарыса күреседі. Бұл процесс Абайдың әдеби-қоғамдық қызметінің бірінші жартысында жазылған өлеңдерінен айрықша айқын көрінеді. Абай осы кезеңде яғни 1886 ж. өз өлеңдерінде қазақ халқының өткен өмірін марапаттап, жаңа қарым-қатынасты күстәналап, оны былайша сипаттайды:

Бай алады кезінде көп берем деп,

Жетпей тұрған жерінде тек берем,- деп.

Би мен болыс алады күшін сатып,

Мен қазақтан кегіңді ап берем, - деп

Жарлы алады қызметпен өткерем, - деп.

Абай туындысынан келтірген осы бір сипаттың бір қасиеті — ол қазақ өлкесінде 1881 жылдың өзінде тауарлы-капиталистік қатынас болғанын, қазақ ауылдарында рулық-патриархалдық тірлік түрінің азып-тозғанын, қазақ өлкесінің жалпы тауар айналымы ауқымына тартылғанын айдан-анық дәлелденді.

Мұрагер рубасы — патриарх ретінде Абайдың қазақ халқы қоғамдық өмірінің жаңа жағдайына бірден бейімделіп, көне салмағанына, әлбетте, шүбә болмауға тиіс. Әуелгі кезде Абайдың жаңа қоғамдық қатынасқа теріс қарағаны, міне, осыдан. Бірақ ақынның өз дәуіріне берген сипаттамасына қарап, біз көп қиналмай-ақ Абай дәуірінің — рулық құрылыстың іріп-шіріген дәуірі екенін, қазақ ауылына тауарлы-капиталистік қатынастың кірген дәуірі, тұтас алғанда, Қазақ өлкесін жалпы тауарлы-капиталистік әлемге жетелеп енгізу дәуірі, ұлттық экономиканың туу дәуірі, өзгеше бір ұлттық буржуазияның (байлардың) пайда болған дәуірі екенін бірден білеміз. Сайып келгенде Абай дәуіріндегі қазақ тұрмысы негізінен ақынның күллі туындыларында толық бейнеленген, бірақ, әрине, әлемде материалистік тұрғыдан түсінумен емес, идеалистік тұрғыдан түсіну арқылы бейнеленген.


АБАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
Абай дәуірін қысқаша шолып шыққаннан кейін біз көп қиналмастан-ақ Абай философиясының әлеуметтік-экономикалық мәнін еркін талдай аламыз.

Алға қойылған міндетті шешу ісіне кіріспей тұрып, қаралып отырған мәселені анықтай түсу үшін, біз әуелі философия деген түсініктен не білгіміз келетініне жауап беруіміз керек. Философия — ғылым атаулының ең бір жалпы заңын зерттейін ғылым немесе әлемдік процестің ең бір жалпы заңын зерттейтін ғылым, ал әлемнің өзі процестердің жиынтығы. Басқаша айтсақ: объективті шындықтың нағыз жалпы заңын зерттеу арқылы адамның ой-санасында әлем туралы азды-көпті бір жалпы түсінік пайда болады. Демек, философия дүниені түсініп білудің жақсылы-жаманды сындарлы жүйесі болып табылады, осыдан келіп: қазіргі қоғамда күллі адамзатқа ортақ бірегей дүниетаным бола ала ма? — деген сұрақ туады. Әрине, болмайды. Жеке бір адамның тұрмыс-тірлігіне орай, оның дүниені түсінуі де әртүрлі болады, өйткені ұйымдастырылмаған қоғамда (капитализмде) қоғамдық адам өмірінде теңдік болмағандықтан да жеке кісінің, жеке таптар мен таптық жіктердің дүниені түсінуі әрқилы болып келеді. Жеке адам тұрмыс-тіршілігінің теңдігі тек болашақ коммунистік қоғамда ғана болады деп ойлаймыз. Ал Абай философиясының негізгі қағидаларын анықтау үшін біз Абайды тыңдауымыз керек, Абай әлемді міне қалай түсінген, оқыңызшы:

Адам ғайыл дүние бар менікі,

Менікі деп жүргеннің бәрі онікі

(Абай, таңдам. өлең. 30 б.)

Басқа бір өлеңінде Абай бұл ойын былай деп анықтай түседі: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» (Абай, таңдам. өлең. 128 б.).

Алынған сипаттарда Абай дүниенің біреу екенін, оның бөлшектерінің бірлікте екенін айтады. Өзінің осынау шын мәніндегі материалистік қағидасын ақын мынадай бір нақылымен бүлдіре салады: — Дүниеде құдыреті күшті құдайдан басқа нәрсенің бәрі құбылып, өзгеріп, ағып кетіп жатады, — деп. Бұл арада Абайдың барлы-жоқты шынайы философиясы сенімсіз теологияға айналады (Абайшылдар Абайды құдайсыз деп есептесе де, бірақ олардың ақынды түсінуі ақиқат шындыққа сай келмейтің болып шықты). Бәлкім, Абай діннің түр-пішінін жоққа шығарған болар, бірақ ақтық демі үзілгенше ол діннің мазмұнын ешқашан да, ешбір жерде жоққа шығарған емес, бұған оның қолтума шығармалары куә.

Хош, сонымен бұл дүниеде құдіретті құдайдан басқа нәрсенің бәрі де өзгереді... Мұны қалай түсіндіру керек? Алланың мәнін мына өзіміздің зерттеуімізге, тәжірибемізге салып көруге бола ма? Абай: жоқ, болмайды, құдай сезілмейді, көрінбейді, оны зерттеуге ақыл-ойымыз жетпейді, оны біле алмайсың, тек санаңмен ғана ұғасың, өйткені алла – менде, менің жүрегімде, санамда, сенде — сенің жүрегіңде, санаңда, мені мен сен жүрген жердің бәрінде... Енді бұл арада Абай ойын талдап, оны қисынды рет-ретіне келтіру керек. Абайға сенсек — менің кеудемде Алла бар. Мұның мәнісі неде? Ол менің қасиетім болғаны ма? Сонда менің кім болғаным? Бұл арада Абайдың өзі ұсынған бөлшектердің бірлігі жайлы философиялық қағидасына сәйкес ойлану қажет. Ендеше мен тұтас дүниенің бөлшегімін, яғни Абай айтқандай, «дүнненің бір кірпішімін». Ол неден тұрады? Материядан тұрады, ендеше, мен де материяның бір бөлігімін ғой. Олай болса, құдай материяның қасиеті болып шыққаны ма? Ал бірақ бұл қасиет адамнан қалай көрінеді?

Егер объективті дүние өзара әрекеттес субъектілерден құралатынын, адам, субъект ретінде, объектіге әсер ететінін, ал объект өз ретімен адамға әсер ететінін түсінсек, онда бұл мәселе ешбір қиындық тудырмайды. Осы бір өзара үздіксіз әрекеттесу процесінде потенция қимылға айналады. Бұл әртүрлі жануарларда әр алуан түрде көрінеді, ал қоғамдық адамда оның ми құралының ойшылдық қабылетін арттыру түрінде, оның өндіріс құралдарын жетілдіруі түрінде көрінеді. Бұл жөнінде «ойлайтын ми болмаса, ой да болмайды» - деп Фейербах әбден дұрыс айтқан. Сонымен, ой-материалды адам миының қасиеті болып шығады. Енді: егер алла менің санамда болса, онда сананың өзі не болғаны? Сана — білу процесінің нәтижесі, ал білу процесі, біздің жоғарыда айтқанымыздаи, өзара әрекеттесу процесі. Егер сананы тұрмыс билейтін болса және ол білу процесінде құралатын болса, онда менің алламнан не шығады? Бір-ақ нәрсе шығады — алла менде, менің санамда, демек — мені жаратқан алла емес, оны жаратқан менмін, дүниені жаратқан ол емес, оны жаратқан дүние.

Жалпы алғанда, бұл арада Абайдың алласынан бір түсінбестік жәйт, Абай философиясынан бітпейтін қайшылық келіп шығады. Абайдың алласы — табиғат пен қоғамдық құбылыстар заңдылығын түсіндіруге келгенде ақынның дәрменсіздік жасауы. Олай болса, философия мәселелерінде жас қазақ жұртшылығы дәрменсіз философ Абайдан ештеңені де үйрене алмайды — деген қорытынды өзінен-өзі келіп туады.





1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет