Алаштың арда туған Әлімханы Халқымызда «Жақсы адам – қазына»



жүктеу 71.04 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі71.04 Kb.
: irbis64r 01 -> Kraeved
Kraeved -> Тоқырауды тудырған толқу
Kraeved -> Шәйір атындағы шаһардың тойы
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Балажан ақын
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Қасым поэзиясындағы балладалар
Kraeved -> Қарқаралы арқадағы Гүлстан Облысымыздың атаулары
Kraeved -> Зобалаң жылдарында Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Орталық Қазақстан. 1991. 29 қазан Әдеби мұРА
Алаштың арда туған Әлімханы
Халқымызда «Жақсы адам – қазына» деген ұлағатты сөз бар. Бұл теңеу алаштың асыл азаматы, елінің мұң-мұқтажын, мүддесін қара басының қамынан биік қойған Әлімхан Әбеуұлы Ермековке қатысты айтылғандай. Талай ғасырлар бойы аңсап, қол жеткізген Тәуелсіздіктің 20 жы­­лында еңсемізді тіктеп, та­рихта кеткен ұпайымызды тү­гендеп, ұлт үшін жүз ойланып, мың толғанған ұлыларымызды ұлықтаудың болашақ ұрпақ үшін маңызы зор. Осынау азат­тықтың алғышарты болатын кең-байтақ жерімізді құжатпен нақ­тылауға өлшеусіз үлес қосқан, «Алаш» партиясының негізін са­лушылардың бірі, қазақ тіліндегі жоғары математика оқулығының авторы, математиканың ғылыми терминологиясын қалыптастыру мен дамытуда алғаш бастама көтерген, қазақтан шыққан тұң­ғыш математика профессоры Әлімхан Ермековтің туғанына биыл 120 жыл. Қоғамдық ой-санасы биік, тұтас елдің жоғын жоқтап, алға бастаушы локоматив іспетті болған Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің өмір жолы, азаматтық болмысы, кім-кімге болмасын, үлгі тұтарлықтай.

Революцияға дейінгі кезеңде жоғары оқу орнында білім алған санаулы ғана қазақтың бірі Әлім­хан Ермеков соңына 50-ден аса ғылыми еңбек қалдырды. Ға­лымның бірқатар еңбектері ел өміріндегі қоғамдық-саяси та­қы­­рыптарды қозғаса, «Ұлы ма­те­­матика курсы» ғылым-бі­лім­ге ден қойған мамандардың кә­де­сіне жарап, әлі күнге дейін өз құн­ды­лығын жоғалтпай келеді.

Әлімхан Әбеуұлы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уе­зін­дегі Темірші болысында (қа­зіргі Қарағанды облысының Ақ­тоғай ауданында) 1891 жылы дүниеге келген. Сегіз жасында Қар­қа­ралыдағы үш жылдық қа­лалық училищеге оқуға барып, 1905 жылы үздік бітіріп шығады. Дәл сол жылы ол Семейдегі ер­лер гимназиясына оқуға қабыл­данып, оны 1912 жылы алтын медальмен аяқтайды. Сөйтіп, аттестат байқауы бойынша Томск технология институтына оқу­ға аттанады. Томскіде оқып жүріп орыстың озық ойлы ой­шыл­дарымен, ғалымдарымен та­ны­сады. Шоқан Уәлихановтың досы, қазақ даласында жүріп, оның мәдениеті жөнінде мол мұ­ра жинаған орыстың географ, этнограф ғалымы, белгілі фольк­лортанушы Г.Потанинмен етене араласады. Бұл жөніндегі қы­зықты деректерді өлкетанушы Ю.Поповтың шағын кітапшасынан кездестіруге болады: «Бірде ға­лымның үйіне жаңа қонақ, 22 жастағы ұзын бойлы, сымбатты қазақ келеді. Егде тартқан үй иесі бұл жаспен беріліп әңгімелеседі». Бар-жоғы 22 жастағы Әлімханның бойындағы білімге деген құш­тарлықты көріп, тәнті болған қарт Потанин ағалық ақыл беріп, оған: «Әлімхан, сенің білімің – қазақтың білімі. Сол себепті, жақсы оқы және өзгелерді оқыт, осыны мәңгі есіңде сақта» – деп, үлкен үміт артқан.

Орыстың саяхатшылары мен зерттеушілері, географтары, гео­логтары, этнографтары қазақ сахарасында қанат жайған ха­лықтың тұрмыс-тіршілігін танып-білуге әрқашан ықылас танытты. Бұл ретте Томск қаласының ға­лымдары да көп үлес қосқанын білеміз. Әсіресе, Г.Потаниннің алар орны айрықша. Оның соңғы эт­­но­графиялық экспедициясы 1913 жылдың жазында Семей облысының Қарқаралы уезінде өтті. Экспедиция кезінде ғалым­ның қасында апалы-сіңілілі Ворони­налар мен Томск технология инс­титутының студенті, жерлесіміз Әлім­хан Ермеков бірге жүреді. Г.Потанин экспедицияға келгенде Ә.Ермековтің үйіне түсуінің өзін­дік себептері бар. Алғашқыда Тоқы­рауыннан оңтүстікке қарай 90 ша­қырым жерде тұратын Смахан дей­тін қазақтың үйіне баруға ұсы­ныс хат алғанымен, соңғы сәтте Ермековтің аулына тоқтауды жөн көреді. Ондағы себеп, жас та болса тоқығаны мол Ә.Әбеуұлы қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін Г.Потанинге табан астында орыс тіліне аударып беріп, көп көмек көрсеткен болса керек.


Экспедиция нәтижелерін Г.По­­танин 1914 жылдың 10 ақпа­нында Омбы қаласында Орыс гео­графиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімшесі мүшелерінің жи­­на­­лысында баяндап, қазақ ер­те­­гілеріне, өлең мәдениетіне, қа­­зақ­тың тұрмыстық әдет-ғұрып­тарына кеңінен тоқталады. 1914 жылдың сәуірінде «Сибирская жизнь» журналында жарияланған, Г.По­­таниннің «Тоқырауын өзенінің сағасында» атты этнографиялық экс­педиция нәтижелері Томскінің Сібірді танып-білу қоғамы отыры­сында да сөз болды. Ә.Ермеков қатысқан осы экспедиция нәти­желері жөніндегі ғажайып құжаттар көшірмелері қазіргі уақытта Қара­ғанды облысының мемлекеттік мұрағатында, белгілі өлкетанушы Ю.Поповтың қорында сақтаулы.

Әлімханның Томскіде оқуы ол үшін білім мен ғылымның қай­нар көзі ғана болып қоймай, аза­маттық тұлғасының қалыптасуына, дүниетанымы кеңеюіне жол аш­ты. Зиялылар ортасынан ойып орын тапқан Әлімхан Ермеков Томск қаласында көптеген орыс ға­лым­дарымен, жазушыларымен және революционерлерімен таны­сады. Жазушылар В.Шишков, В.Бах­метьев, философ Е.Дволейский, революционер Н.Бауэр сияқты белсенділер тобында болады. Сол кездегі құпия ұйымдарға қатысады. Ә.Ермековтің танымдық көзқарасы қалыптасуына, әсіресе, тарихшы, археолог, публицист, этнограф Н.Яд­ринцевтің ықпалы зор болды. Сондай-ақ, Томскіде оқығанда ол 1917-1918 жылдары Сібірдегі РСДЖП (б) ОК тұрақты төрағасы, ал 1918 жылдың наурызынан, құра­мына Семей губерниясы енген Батыс-Сібір ревкомының төрағасы болған революционер В.Косаревпен жақынырақ танысады. В.Косаревтің ұсынысымен Әлімхан Ермеков 1919 жылы Семей губревкомының құрамына кіреді.

Алашорда жетекшілерінің бірі болған Ә.Ермеков жақтастарымен бірге тікелей келіссөздер арқылы Кеңестік билік басындағыларға жалғыз талап қояды – Қазақ авто­номиясын мойындауға шақырады. Осылайша, тиісті жерлерді қай­таруда «Алаш» қозғалысымен қа­тар, Ә.Ермековтің де ықпалы зор болды.

Ә.Ермеков 1920 жылы Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі ретінде Мәскеу қаласында іссапарда болып, В.Лениннің бас­шылығымен өткен отырыста Қазақстанның жағдайы, қазақ елі­нің шекарасы туралы баяндама жасаған тұңғыш қазақ. Еліміздің шекарасы туралы өткір пікірталаста Ермеков жан-жақты ғылыми, та­рихи деректерге негізделген айқын мысалдар келтіріп, қарсылық біл­діргендерді лажсыз қалдырады. Бұрынырақта Ресейге өтіп кеткен аса маңызды аумақты, Семей, Ақ­мола облысының жерлерін, Кас­пийдің сол жақ жағалауын, Корос­тылев даласын қазаққа қайта қа­уыштыруы бүгінгі тәуелсіздіктің алғышарты десек қателеспейміз. Осылайша, азаттық жолындағы мұндай бастамалар өз жемісін беріп, 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынборда өткен бірінші жалпы қазақ съезінде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы деген мәртебеге ие болдық. 1920 жылы Әлімхан Ермеков БОАК жанындағы өлкелерді басқару жө­нін­дегі алқаның төрағасы бола жүріп алаш жұртының мүддесін алға тартады.

Аздаған үзілістен соң Томск технология институтын бітіріп, гео­лог-барлаушы мамандығы бойынша тау-кен инженері деген диплом алып шығады. Ә.Әбеуұлының еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды өзге­рістерге басшылық жасағанын зерделей отырып, халық ағарту ісіне де бір кісідей ат салысқанына көз жеткіземіз. Ол өз бойындағы дара білімі мен біліктілігін, парасаты мен пайымын өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеу ісіне жұмсаған азамат еді. Бұған оның бар күш-жігерін салып жүріп, Қарқаралыда 1921 жылы екі сатылы мектеп пен педагогика техникумын ашқызуы дәлел болады. Бұл оқу орындарына танымал мұғалімдер шақыртылып, онда Ұлытаудың, Баянауылдың, Балқаштың түкпір-түкпірінен келген балалар білім алды.

1921 жылы Ә.Ермеков жұба­йы, Томск университеті медици­на факультетінің түлегі Р.Шагабот­диновамен бірге өзінің ұстазы, геология ғылымдарының магистрі, профессор М.Усовты Баян­ауылға шақырады. Ондағы ой­лары, өкпе ауруына шалдыққан Усовты даланың таза ауасымен тыныстатып, жайлауда қымыз ішкі­зіп, дертіне шипа қонса деген ниет еді.

Бірде Ә.Ермеков пен М.Усов ел ішін аралай жүріп, Абайдың баласы Тұрағұлдың аулына тү­седі, одан соң Баянауылда Қаныш Сәтбаевпен кездеседі. Болашақ ғалым, академик, ұлтымыздың іргелі геологының ұстазымен таныстығы осылай басталған еді. Ә.Әбеуұлы мен ағайыны Әбікей Сәтбаевтың ықпалымен батыл қадамға барған Қаныш Сәтбаев профессор М.Ус­овтың кеңесі бойынша Томск тех­нология институтының тау-кен факультетіне оқуға түседі. Өз дәуірінің қайталанбас феномендері болған кешегі ұлт зиялыларының ұлағатты өмірінен сыр шертетін тың деректер Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатында, Е.Бө­ке­товтің жеке қорында сақтау­лы. Е.Бөкетов тапсырған құжат­тардың ішінен Усовтың саяхат күнделігі табылып, одан танымал тұлғаларымызға қатысты мәлі­мет­терді кездестіруге болады.

1925 жылы Ә.Ермеков Семейге шақырылады, Орынборда Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Сонымен қатар, оған өнеркәсіп секциясын басқару міндеті де жүктеледі. 1926 жылы санаулы ғана жоғары деңгейдегі білікті мамандардың бірі ретінде Ташкенттегі жоғары педагогика институтына, одан соң Алматыдағы жоғары оқу орындарына қызметке шақырылады. Қазақ педагогика институты мен мемлекеттік уни­вер­ситетте, сондай-ақ, зоовет­тех­никумда математика кафе­дра­ларының меңгерушісі қызметін ат­қарады.

Ә.Ермеков 1935 жылдың кү­зінде жоғары аттестациялық ко­миссияның бекітуімен про­фессор атағын ал­ған тұңғыш қазақ математигі. 1935-1937 жылдар ара­лы­ғында Қа­зақстанның алғаш­қы тех­никалық оқу орыны – Қазақ тау-кен-металлургия инс­ти­ту­тында ма­­­­тематика және теория­лық ме­ханика кафедрасын басқа­рып, жалпытехникалық фа­куль­тет деканы қызметін қоса ат­қарды. Оның техника, мате­ма­тика саласындағы толағай ең­бектері осы кезеңмен тұспа-тұс келді. Жоғарғы математика пәні бойынша қазақ тілінде оқу­лық­тар мен оқу құралдарын жаз­ды, математиканың ғылыми терминологиясын қалыптасты­румен айналысты.

1937 жылы ұлт зиялыларының соңынан қасақана шам алып түс­кен қуғын-сүргін басталып, дүр­белең толқыны Алматыны да шарпиды. Алдымен 1937 жылдың тамыз айында Әлімхан Ермековтің достары профессор Санжар Асфендияров, композитор Құдай­берген Жұбанов, Ә.Әбеуұлының күйеубаласы, оқу-ағарту халық комиссары Темірбек Жүргенов, сол дәуірдің, т.б. көптеген оқы­мыстылары тұтқындалады.

Сол жылы Әлімхан Әбеу­ұлы Мәскеуге барып бой таса­лап, Куйбышев жоспарлау инс­титутының математика кафе­драсына меңгерушілік қызметке жолдама алады. Онда 1938 жылдың наурызына дейін қызмет атқарып, толассыз жабылған жа­ланың кесірінен қамауға алынады. 10 жылға сотталған Ә.Әбеу­ұлының мерзімі 6 жылға қысқартылғанымен, Ұлы Отан соғысы басталып кетуіне байла­нысты лагерьде 9 жыл қамауда болады. 1948 жылы Ә.Ермеков тұтқындаудың үшінші толқынына тап болып, қайтадан 10 жылға қамауға алынады. Алайда, ұлт зиялыларын құртуға бағытталған әрекеттер Ә.Ермековтің азамат­тық жігерін жасыта алмады. Бо­йындағы өжеттік пен рух, халқына деген зор сүйіспеншілік оны үнемі жеңіске, жарқын күнге жетеледі.

Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан қазақтың біртуар азаматы Әлімхан Әбеуұлы 1957 жылдың қарашасында толық ақталады.

1955 жылы Қарағандыға орал­ғаннан кейін Ә.Ермеков өмірі­нің соңына дейін Қарағанды по­литехникалық институтының жоғары математика кафедра­сында аға оқытушы болып қыз­мет атқарды. Ұстаздық жолда еңбек ете жүріп, көптеген саң­лақ ғалымдардың шоғырын қа­тарға қосты. Ғибратқа толы са­налы ғұмырын ұлтына арнаған алаштың ардақты ұлы 1970 жылдың жазында мәңгілік сапар­ға аттанды. Жүрегі мәңгіге тоқ­тағанымен, оның ұрпаққа қалдырған мол мұрасы, үлгілі ісі ұмытылмақ емес. Ендеше, бүгінгі азат күннің шырақшысы болып өткен ардақтыларымызды ұлықтай жүрейік, ағайын!

Айбек СҮЛЕЙМЕНОВ,



Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы,
филология магистрі.
Орталық Қазақстан. - 2011. - 26 қараша (№ 196/197). - 2 б.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет