Қаласы: Астана қаласы Мектебі: №24 орта мектеп Пәні : Информатика



жүктеу 54.34 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі54.34 Kb.
: files -> sites -> 1383501249717933 -> files
sites -> Абайдың көркем мәтіні
sites -> Шалгымбаева Самал Тойшанқызы Астана қаласы №58 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
sites -> Музыка 2 вариант
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
files -> Сабақтың тақырыбы: Кеңейтілген алмастыру буфері Мақсаты: ms office алмасу буферінің жұмысын меңгеру. Міндеті
Қаласы: Астана қаласы

Мектебі: №24 орта мектеп

Пәні : Информатика

Мұғалімі: Таюпова Айнұр Қайыпбайқызы
Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр
Мақсаты: оқушыларды білімді, жан - жақты болуға үйрету, математика, информатика физика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, логикалық ойларын дамыту.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Компьютерлер,проектор, сызба қағаздар

Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздермен бірге сайсымызды бастаймыз.


Сайысымызды Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік деген сөзімен бастағалы отырмыз.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа


Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,


Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік. Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған.

І топ : «Болашақ» тобы.
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

ІІ топ: «Тапқырлар тобы».

Ұраны:

Тапқырмыз деп ұрандап,



Өмірде біз келеміз жарқылдап.

Сайыстың кезеңдері:
І. «Ой ашар»
ІІ. «Полиглот»
ІІІ. «Жүз бір жұмбақ, мың бір мақал»

ІҮ.Адасқан әріптер


Ү. «Қиял әлемі»
ҮІ. «Жорға»

І айналым «Ой ашар». Бұл кезеңде оқушылардың математика, физика және информатика пәндерінен білім деңгейлерін тексеру мақсатынды сұрақтар қойылады.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
Математика
1. Математика королі (неміс математигі К. Гауус)
2. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең? (0)
3. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
4. Ең кіші жай сан (2)
5. π - дің жуық мәні (3. 14 )
Физика
1. Ағаш зат па, нәрсе ме? (Зат )
2. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
3. Бірінші космостық жылдамдық (8км∕с)
4. Еркін түсу үдеуінің мәні (9, 8м∕с²)
5. Элементар электр зарядының абсолют мәні (1, 6 * 10 - 19 Кл)
Информатика
1. Қоршаған орта туралы мәлімет. (ақпарат)
2. Сегіз биттен тұратын топ (байт)
3. Белгілі бір атпен дискіде сақтап қойған құжат (файл)
4. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (интерфейс)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
Келесі айналым: «Полиглот» бөлімі.
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жоғары ұпай, шәкірт саған несібе.

1. Қабат - қабат қаттама,


Ақылың болса аттама.
(кітап - книга - book)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш - линейка - ruler)
3. Жиырма төрт батыр,
Бірін - бірі жеп жатыр.
(дойбы - шашки - драгс)
4. Білекті... жығады,
Білімді мыңды жығады.
(бір - один - one)
5. Бізді қоршаған ортадағы мәліметтер тобы
(ақпарат - информация - information)
6. Компьютердің басқару құрылғысы
(тышқан - мышка - mouse)
7.... жылда ел жаңа.
(елу - пятдесять - fifty)

1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді. (дыбыс, звук, sound)


2. Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
3. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)
5. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы ... (тоқ, ток, currnt)
6. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, landuade)
7. Батырмалы енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, )
8. Жойылған құжаттар сақталатын қап (себет, корзина, )
Жүйелі блок; Системный блок; System unit.
Келесі айналым: «Жүз бір жұмбақ, мың бір мақал»
«Ғажайып алаң».
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Ал жұмбақтардың жауабын табу керек.

Мақалдар:
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні - жау алмайды)

Жұмбақтар:

1. Ақпаратты компьютерден аламын


Бірақ өзім қағазға басып беремін (принтер)
2. Компьютерге көмекпін
Жануарға ұқсаймын
Кілемше үстінде тұрамын
Мен қосымша құралмын (тышқан)
3. Еселе десең еселеймін
Қи десең қиып аламын
Қой десең қоямын (алмасу буфері)
4. Компьютердің миымын
Ақпаратты сақтаймын (процессор)
5. Бір бассаң әріптерді бас әріппен жазамын
Тағы бассаң кіші әріппен жазамын (Caps Lock батырмасы)
6. Ақпаратты қағаздан мен аламын
Бірақ оны компьютерге енгізем (сканер)
7. Компьютерде тұрамын
Ауырса оны емдеймін (вирусты емдейтін бағдарлама)
ІҮ. «Адасқан әріптер» .Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек.
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
сөздер ----------жауаптары
Ретьюмопк ---- Компьютер
Демом ---------- Модем
Лайф ----------- Файл
Ротином -------- Монитор
Нирперт -------- Принтер
Красен --------- Сканер
Шытқан -------- Тышқан
Тиврсутиан ---- Антивирус
иакматорфни – информатика
аламрдағба – бағдарлама
ратапқа – ақпарат
чнестреив – винчестер
зертее – терезе
рсутивнаи – антивирус
Келесі айналым: «Қиял әлемі». Ойыншыларға тақырып беріледі.. 1 желтоқсан алғашқы Призидент күніне орай тақырыпқа сәйкес тақтада призинтацияны қорғау керек. «Егер мен призидент болсам».

ҮІ. «Жорға». Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс


Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен
1 - топтың сұрақтары:
1. Div қандай амал? (бүтін бөлу)
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)
3. Вирустарды жоятын программа (антивирус)
4. Қиылыспайтын түзулер (параллель)
5. шартты соңынан тексеретін цикл операторы (REPEAT)
6. Программа орындалғанда мәндері өзгеріссіз қалатын шамалар (тұрақты)
7. Паскальда түбір астындағы х - тің жазылуы (sqrt(x))
8. Таңдау операторы (case)
9. сипаттау бөлімі қандай түйінді сөзбен басталады?(var)
10. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 400 болса, екіншісі нешеге тең? (1400)
2 - топтың сұрақтары:
1. Mod қандай амал? (бүтін қалдықты табу)
2. Алгоритмнің қайталанып орындалуы (циклдік алгоритм)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Компьютердің «миы» (процессор)
5. Алгоритмнің тізбектеле орындалуы (сызықтық алгоритм)
6. Операторлар бөлімі қандай түйінді сөздердің арасына орналасады? (begin, end)
7. 2 санының алты дәрежесі (64)
8. Принтер қандай құрылғы (ақпаратта қағазға басып шығаратын құрылғы)
9. Қазіргі компьютерлер нешінші буынға жатады? (4 - буынға)
10. «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жер өлшеу)
3 топтың сұрақтар
1. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
2. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр? (4 мысық)
3. Компьютердің «миы» (процессор)
4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (біреуі дорбасымен алды)
5. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас (интерфейс)
6. Компьютер жадының қандай түрлері бар?(ішкі жад, сыртқы жад)
7. Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
8. Тышқан құрылғысының неше түрі бар?(3 түрі бар, сымсыз, лазерлік, механикалық)
9. «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жер өлшеу)
10. Қандай екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең? (5 пен3)
Жүргізуші:
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н. Д. Зилинскийдің сөзімен бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет