Алау Әділбаев, Шәмшат Әділбаева. «Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы»



Дата18.04.2016
өлшемі74.07 Kb.
Алау Әділбаев, Шәмшат Әділбаева. «Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы».
Қазір әлем халықтарының төрттен бірін мұсылмандар құраса, олардың 48 пайызы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады.

Мәзһаб негізінен Орталыө Азия елдері, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Кавказ, Африка елдерінде тараған.

Мәзһабтардың бір-бірінен ерекшелігі көзқарастарында.

Исламда бір мәзһабта болудың артықшылығы сол –халық біртұтас,ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады.

Мәзһаб басқаларымен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік береді, әрі жариялылығымен ерекшеленеді.

Мұхаммедтің хадисінде: «Шайтанға қарсы мың құлдан бір фақиһ (дінді терең меңгерген кісі) артық».


Әбу Ханифа Куфа қаласында дүниеге келген.

Ислам қағидасы бойынша арабтың араб еместен ешқандай да артықшылығы жоқ. Құран Кәрімде: «Аллаһтың құзырындағы ең ардақтыларың таһуа болғандарың» дейді. Барлығың Адам атадан тарадыңдар, ал Адам ата топырақтан жаралды, араб пен басқа ұлттардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ, айырмашылық тек тақуалықта ғана».


Әбу Ханифаның шын аты: ән-Нұғыман ибн Сәбит ибн Зәтуа. «Нұғыман» - тәнге қуат беретін қан немесе жан деген мағынаны береді. Араб елдерінде лақап атпен атау құрмет-сыйды білдіреді. Имамның танымал аты - Әбу Ханифа. «Ханиф» - тақуа құл дегенді білдіреді.
Әбу Ханифа 22 жасынан 18 жыл бойы Хаммадқа шәкірт болды. Ол қырыққа таяғанда ұстазы қатйыс болып, шәкірттер арасында ұстаздыққа Әбу Ханифа лайық деп табылады.

Әбу Ханифаның сабақ беру тәсілі ерекшелігі – кез-келген мәселені шәкірттерімен терең талқылап, көзқарастарын ашық айтуға мүмкіндік беретін. Ол ақылдаспай діни ижтиһад жасамаған. Оның тағы бір ерекшелігі пікірінде қатып қалмай, өзіндікінен шынайы дәлел табылса, ойынан бас тарта алатын.

Білім үйреткен шәкіртіне қаржылай көмектесіп, жанұсына көмектесіп отырған.

Әб Ханифаның 800-ге жуық шәкірті болған.


Әбу Ханифа көрікті, ұстамды, киген киімі жарасымды, әр ісіне ұқыпты болатын. Оның үстінен әтірдің хош иісі шығып тұратын. Ол сапалы матадан тігілген киім киетін. Ал аз сөйлейтін, аз күлетін, көп ойланатын. Сөйлескенде орта жолды ұстанатын. Өзіне сауал тастамайынша, тіл қатпайтын. Әрбір істі тиянақты істейтін.
Имам Ағзам Әб Ханифа түнгі намазын тігінен тік ұзақ оқитын, жұрт оны осынысына қарап «Діңгек» деп атап кеткен.
Ол жас шағында Басра қаласында бір мәжусимен пікір таластырады. Қалаға сауда жасауға келген мәжуси: -мен отқа табынамын, өйткені ол отты көремін, ал сендердің Аллаөтарың жоқ, болса маған көрсетіңдер. Ұстаздарыңды шақырыңдар, маған көрсетсін депті.

Оның ауызын жабу үшін жұрт бір жас жігітті шақырайық, оны жеңсе ұстазды шақырармыз дейді. Келесі күні мешіт жұртқа лық толады. Мәжуси күтіп отырады. Әб Ханифа кешіге береді. Мәжуси «Оұымыстыларың қорыққаннан келмейтін болды» деп одан әрі көтеріле түседі.

Біраз уақыт өткеннен кейін Әбу Ханифа ентігіп, мешітке кіріп: - айыпқа бұйырмаңыздар, кешігіп қалдым. Өзеннің арғы жағалауынан өтетін көлік іздеп тұрғанмын, ештеңе көрінбеді, сосын ұят болар деп жағалаудағы ағаштарға «Әй, ағаштар, бірің қайық, бірің ескек болыңдар, мен өзеннің арғы жағына өтейін» дедім. Айтып ауыз жинағанымша, бәрі әп-сәтте орындалып, сіздерге жеттім,- депті.

Мәжуси қарқылдап күліп, «Ғылым деп алып келгендерің мынау болса, жетіскен екенсіңдер, ағаштың қайыққа айналғанын қашан көрдіңдер» депті.

Сонда Әбу Ханифа: -Ағүлкен ғаламды ағштың өзінен-өзі қайық болмайтынына сенбейсің де, мынау үлкен ғаламды жаратушысыз болуы мүмкін дейсің бе? -депті.

Мәжуси: - олай болса, неге сендердің Аллаһтарың көрінбейді. Егер бар болса көріну керек емес пе? Ол жоқ болғандықтан көрінбейді, -дейді.

Әбу Ханифа: - осы сенің ақылың бар ма? –деп қарсы сұрақ қояды.

Мәжуси: - бар,- дейді.

Әбу Ханифа: - олай болса ақылыңды көрсет бізге,- дейді.

Мәжуси: - оны көрсету мүмкін емес,- дейді.

Әбу Ханифа: - рух, ақыл секілді кейбір нәрселер де көріне бермейді,- дейді.

Мәжуси: - басы мен соңы болмайтын біреудің болуы мүмкін бе екен? –деді.

Әбу Ханифа: - Сен санау білесің бе? –деді.

Мәжуси: - білемін,- деді.

Әбу Ханифа: - бірдің алдында неше бар?

Мәжуси: - бірден бұрын сан жоқ.

Әбу Ханифа: - дәл сол сияқты Аллаһтың алдында да жаратылыс жоқ.

Мәжуси: - жарайды, аллаһ бар дейік, онда ол қай жаққа қарай бағыт алып барады?

Әбу Ханифа: - Шамды жаққанда оның жарығы қай жаққа бағыт алады?

Мәжуси: - барлық жаққа жайылады.

Әбу Ханифа: - шамның жарығы барлық жаққа тарйды екен де, жер мен көктің нұры Аллаһ тағала барша жерді қамти алмай ма? Мұны күннің өзі дәлелдеп тұрған жоқ па? –дейді.

Мәжуси: - сендер аллаһты барлық жерде бар деп ойлайсыңдар. Осыны қалай түсіндірер едің?

Әбу Ханифа: Май сүттің қай жерінде?

Мәжуси: - май мұның барлық жерінде.

Әбу Ханифа: -аллаһтың бұл әлемнің барлық жерінде бар екенін түсіндіріп береді.

Мәжуси: - сендердің Аллаһтарың дәл қазір не істеп жатыр?

Әбу Ханифа: - мәжусиден орындығынан түсуін сұрайды да, оның орнына өзі отырады да: - Өазір Аллаһ тағала сен секілді ақымақ біреуді орнынан түсіріп, мен секілді жас баланы әлемге ғибрат болсын деп басқалардан бір саты биікке көтерді- депті.

Сөзге тоқтаған мәжуси сол жерде тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болады.

Әбу Ханифаға қазы болуды ұсынған. Ол ұсыныстан бас тартады. Сол үшін оны зынданға салып, күніне 10 дүре соғатын болған. Осылай оған 110 рет дүре соғады. Бірақ ол «мен мұндай лауазымға лайық емеспін» деп бас тартады. Қазылық лауазымға отырмайтынын білгендер оған тамағына у қосып өлтіреді.

Онымен қоштасуға Бағдат көшелеріне 50 адам жиналып, 6 рет жаназа намазы оқылған.


Имам әш-Шатыбидің «Муафақат» кітабында: «Құран кәрімнен үкім шығарарда оның түсіндірмесі мен баяндамасы болған хадисті алмай, тек Құранмен шектеліп қалуға болмайды. Өйткені Құранда намаз, зекет, қажылық, ораза секілді құлшылықтар жалпы аталып өткен. Осыларды тек сүннетпен (хадис) ғана түсіндіре алмыз» делінген.
Құранда бір ауыз сөзбен «Намаз оқыңдар» деп бұйырады. Алайда, аятта намаздың рүкіндерін, уақытын, қалай оқылатындығын баяндап, түсіндірмеген. Ал, мұны пайғамбар іс-әрекетімен көрсетіп, «Менен көргендей намаз оқыңдар» деп баяндаған.

Құран Кәрім «Зекет беріңдер» дейді, ал хадисте «Алтын мен күмістің қырықтан бірін беріңдер» деп баяндалған.


«Ғам» - жалпы, жалпылама деген мағынада. Мысалы: адамдар, барлығы, қауымдар, жындар т.б.

«Ғас» - жеке, арнайы деген мағынада. Мысалы: адам атаулары т.б.


Сүннет – Аллаһ елшісінің сөздері, істеген амалдары, құптаулары. Әбу Ханифаның қандай да бір мәселенің шешімін іздегенде Құраннан кейін сүйнетіні, ол –сүннет.

Сүннет –Құранның жалпылама айтқан үкімдерін жеке қарастырып, қысқа да, нұсқа айтқан жерлері, тіпті, Құранда айтылмаған нәрслерді де айтып, түсіндірген.


Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінің 33 аятында: «Аллаһ бұйырмаған істерді жаламен Аллаһқа таңуларың харам етіледі» делінген.

«Нахл» сүресінің 116 аятында: «Өз тілдеріңмен дұрыс-бұрыс деп сипаттаған өтірік жалаларды Аллаһқа таңып, «мынау адал, мынау харам» демеңдер. Өйткені, Аллаһтың атынан өтірік айтқандар екі дүниеде де оңбайды» делінген.
Ибн Уаһб Имам Мәлік: «Қарапайым адамдардың және алдыңғы буын ғұламалардың аузынан «мынау-харам, мынау-халал» дегенін естімедім. Олардың кесіп пішіп дәлелсіз сөйлеуге батылдары бармайтын. Ары кетсе «Мынаны жек көреміз, ал мынаны жақсы көреміз, ал мындай абай болып, аулақ жүріңіз немесе білмейміз» деп сақтанып тіл қатқан.
Хузайфа былай деген. «Көпшілікке үш түрлі адам жауап бере алады. 1. Құранның насих пен мансухын (Құран аяттары үкімдері уақытқа байланысты өзгерген бе, жоқ өзгермеген бе, соны білуі тиіс) білетін ғалым. 2. Жауап беруге міндеттелген басшы. 3. Ғалымға еліктеген ақымақ».
Имам Ахмед ибн Ханбәл: «Пәтуа беру үшін өзіңнен бұрын өмір сүрген ғалымдардың көзқарастарын білу керек. Егер білмесе, пәтуа бермесін» деген.
Ақида – түйіндеп байлау. Шын пейілмен илану, түйіндеп байлап қойғандай жармасу.

Ақиқатқа шын жүректен сенуді білдіреді.


Шииттер – «ши а» жақтас, көмекші топ. Пайғамбар дүние салғаннан кейін хазірет Али мен оның ұрпақтары халифалыққа ең лайықты деп тауып, оны діни мәтіндерге сай заңды тағайындалған халифа санайты, кейін келетін фалифалардың да Алидің ұрпақтарынан тағайындалуы қажет дейтін топтарға жалпылама берілген атау.

Бұлар мұсылман әлемі бірлігі арасына сызат түсіріп, мұсылмандардың суниттер және шииттер деп бөлінуіне әкелді. Негізінен билікке таластан туындаған.

Шииттер саяси мазһаб ретінде Алидің баласы хазірет Хұсейіннің өлтірілуінен кейін таралған. Омеядтар кезеңінде Али жақтастары қуғынға ұшырап, жапа шекті. Мемлекет тарапынан қысым көрген осы топқа жанашыр көбейіп, Али жақтастары көбейді.

8 ғ шииттер өз арасында мұғтәдилдер (жұмсақ, орташа) және мүфриттер (шектен шыққандар) деп екіге бөлінді. Али мен ұлдарын тым асыра әсірелікпен мақтағандардан басқа орташалар да болды.

Орташалар: хазірет Алиді басқа сахабалардан артық санаумен шектеледі, басқаларды кәпірге жатқызбады.

Шектен шыққандар: хазірет Алиді пайғамбар дәрежесіне дейін көтерді. Жәбірейіл періште пайғамбарлықты негізі хазірет Алиге әкелуі тиіс еді, қапелімде жаңылысып хазірет Мұхаммедке түсірген деп сендіреді. Ал енді бірі хазірет Алиді құдай дәрежесіне де шығарды. Енді бір тобы Құдай тағала Али мен басқа да имамдардың тәніне жасырынған (хулул) деген сенімде болды.

Шииттердің көпшілігі соңғы имам тірі деп сенеді. Соңғы имам күндердің күнінде зұлымдық жайлаған әлемде әділеттік орнатады.

Ал, сәбия тобы Али ибн Талибтің тірі екені, өлмегендігіне бек сенімді.

Харижиттер
«Хуруж» - шығу. Алғаш рет заңды түрде тағайындалған басшыға қарсы шыққан топтар.

Үкімдері қатал, өр мінезді. Өз идеологиясы үшін соғысудан тайынбайды. Үкім беру тек Аллаһқа тән деген сөзге қатып қалған. Қарсыластарығ осы сөзбен тойтарады.

Мұсылмандар арасындағы алғашқы адасқан топ болып саналады. Үлкен күнә жасаушыларды кәпірге санап, оларға қарсы соғысу қажет деген. Діни мәтіндерді сөзбе-сөз түсініп, мұсылмандар арасында қан төкті. Олардың көбі шөл даланы екен еткен бәдәуи арабтар.

Мүржия
«Мүржи» -үміт ету. Қандайда бір істі кейінге қалдыру, Аллаһқа тапсырып, жақсылығын ақырын Аллаһтан күтушілер.


Жәбрия
«Жәбір»- мәжбүрлеу, итермелеу. Адамда ерік жоқ, ол не істесе де тағдырдың мәжбүрлеуімен істейді.
Мұғтазила
«Мұғтазила» - дараланған, оқшауланған.

Әбдісаттар қажы Дербісәлі «Ұлық имам Ағзам Әбу Ханифа».


Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас дегенді білдіреді. Шариғатта –арнайы тәсілдер мен ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарстар жиынтығын «мәзһаб» делінген.

Имам – жетекші, басшы, ұстаз, данышпан дегенді білдіреді.



Ағзам – айбынды, ең зор, ең үлкен, ұлық, теңдесі жоқ дегенді білдіреді.
Дұшпаннан гөрі досыңнан сақтан. Өйткені, адамдар арасында бұзақылық көбейген сәтте дұшпаның досыңды пайдалануы мүмкін.
Сырыңды, дүниеңді, ұстанған жолың мен барар жеріңді құпия сақта.
Кісіге сөзімен де, ісімен де зиян тигізбейтін адам шынайы мұсылман.
Әлемде млрд-тан астам мұсылман бар. Оның 18 пайызы ғана арабтар. Мұсылмандар ең тығыз орналасқан Индонезия мен Бангладеш араб мемлекеті емес.
Каталог: sites -> default -> files -> Node 21228
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 21228 -> Қазақстан – біздің ортақ Үйіміз
Node 21228 -> Ислам діні бейбітшілік пен бірлік діні. Бүгінде қандай ақпарат құралын қарасаң да


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет