Алдашев С. М. азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафед- расының доценті,заң ғылымдарының кандидаты



Дата28.04.2016
өлшемі57.13 Kb.
Алдашев С.М.

азаматтық құқық және

азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафед-

расының доценті,заң ғылымдарының

кандидаты


Кәсіпкерлік құқық пәнін экономика мамандықтары бойынша оқытуды әдістемелік талдау
Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бекуіне себеп болған шешуші шарттар мен факторлардың бірнеше түрін қарастыруға болады.Олардың қатарына:

- Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;

- Жеке тұлғалық идеялардың қалыптасуы;

- Ерікті түрде экономикалық таңдау мен бостандықпен байланысты меншіктік қызметпен шұғылдануға құқықтың қалыптасуы;

- Меншіктің мемлекеттік биліктен сәйкесінше экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;

- Өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси аспектілерінің бір-бірінен бөлінуі;

- Нарықтық экономиканың қалыптасуы және т.б.

Экономика мамандықтарында кәсіпкерлік құқық пәнін оқыту таңдаулы пәндердің қатарынан орын алады.Дәріс және семинар сабақтарын өткізу барысында сабақтың әдістемелік кешеніне байланысты заңи және экономикалық терминдердің ара-қатынасы және өз ара байланысы кеңінен қаралады,олардың қатарында, меншіктің экономикалық және заңи анықтамалары,кәсіпкерлік құқықтың нарықтық қатынастағы ролі,кәсіпкерлік қызметті экономикалық тұрғыдан қолдау және қорғау,кәсіпкерлік қызметті экономикалық тұрғыдан талдау,лизинг шартының анықтамасы,кешенді кәсіпкерлік қызметі,инвестициялық шарттың ролі,мемлекеттің кәсіпкерлік қызмет саласындағы саясаты және т.б.,

Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған. Сол кездегі тұжырымдама кеңес одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекара жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.

П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді. Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екісекторлық құқық теориясын» шығарған болатын; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.

Кәсіпкерлік» терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясының даму кезеңдері.

Ғалымның аты-жөні, жаряланған жылы

Теорияда зертелген негізгі ережелер

1

2

Ричард Кантиллион

(1725)

Николас Бауде

(1767)

Жан Батист Сэй

(1810)
Карл Менджер

(1871)
Альфред Маршалл

(1890)
Джозеф Шумппетер

(1910)

Франк Найт (1921)



Давид Макклеланд(1967)

Питер Друкер(1964)Харви Либенстейн



- Кәсіпкер өзіне -өзі жұмыс орнын жасайтын адам

-Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жұмыс істейді.

-Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс-әрекет жасауы керек.

- Кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері.

-меншіктенуші мен кәсіпкер расында айырмашылықтар бар.

-Кәсіпкерлерді қолдап және арнайы оқытып оьыру қажет

-Кәсіпкерлік еңбек те- еңбек, жер, капитал сияқты негізгі өндіріс факторы.

- Кәсіпкерлер - белгілі бір моральдық және кәсіби қасиеттерге ие болулар қажет.

- Кәсіпкерлер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр.

- Кәсіпкер шешім қабылдауда 4 сатыны қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар таңдау және өндіріс жоспарының орындалуын басқару.

- Кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде айырмашылықтар бар, демек оларға әртүрлі талап қойылады.

- Кәсіпкердің міндеті- капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар құру және оның орындалуын ұйымдастыру.

-кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерні жаңадан ұйымдастырудан тұрады.

- Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары:

1. жаңа өнімдер немесе қызмет өрсетулер;

2. жаңа өндіріс әдістері;

3. жаңа өткізу нарықтары;

4. жаңа жабдықтау көздері;

5. жаңа ұйым түрлері.

- Кәсіпкер- әлеуметтік-экономикалық жаңартпашы.

Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды- кәсіпкерлік табыс.

- Кәсіпкер бір мезгілде капитал меншіктенушісі де болуы керек.

- Кәсіпкердің негізгі міндеттері- ұйымдастыру және бақылау.

- Кәспкер өз көзқарасын қорғай білуі және қиыншылықтарды жеңе білуі қажет.

- Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жігрлік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.

- Бірінші рет пайда табуға мүмкіндік категориясын енгізеді.

- Кәсіпкердің міндеті- ресурстарды тиімділігі төмен саладан, тиімділігі жоғары салаға ауыстыру

- Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс істей білуі қажет: тұрқты нарық жағдайында сондай-ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында


Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет қабылданды. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды.

Манистикалық тұжырымдаманы ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов, И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтевтің көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік және шаруашылық құқық- өз бетінше құқықтық саланың бірыңғайлық пәні деген. Осы салалар өз күшіне мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын бір - бірімен тығыз байланыстырады. Заманға сай жағдайларда мемлекет пен нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін емес. Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің «Дуалистік тұжырымдамасын» шығарды. «Дуализм» сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу.

Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып анықталады. Кәсіпкерлік құқық кең мағынада әр түрлі құқықтық нормаларды қосады, ол бизнеспен тығыз байланысты болады..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы:ЮРИСТ,2014.

2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі(Жалпы және Ерекше бөлімдері)-Алматы:ЮРИСТ,2012.-340б.

3.Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы- Алматы:ЮРИСТ,2012



4.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.

5.Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет